Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».

20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жұмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.

81. Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.

Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды

XX ғасырдың 70-ші және 80 жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы қайшылықтар.

80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.

Наши рекомендации