Инфляция: себептері, типтері.

ҚР-дағы инфляция.Инфляция – экономикадағы жалпы баға деңгейінің тұрақты көтерілуінен ақшаның құнсыздану процесі.Инфляцияның себептері:

Тауардан ақша жиынының асып түсуі

Ақша эмиссиясы

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы

Экономиканың милитарландырылуы

Халықтың болжамы

Экономиканың сәйкеспеушілігі

Экономиканың жұмсалса сипаттамасы

Жалақы – баға бұрылымы

Кәсіпорындардың монополизмі

Инфляция типтері: 1) ашық – бағаның тұрақты көтерілуі; басыңқы – тауардың жоғалуы. Басыңқы ифл-да бағаны мемлекет реттейді.Ашық ифл-я 3 белгі б/ша жіктеледі:

бағаның өсу қарқыны;

әр түрлі тауар топтары б/ша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы;

Инфляцияның күтілуі және алдын – ала болжануы.

1 белгі тұрғысынан 3ке бөлінеді:

Баяу: баға баяу жылына 10 % өзгереді.

Галопирленген: бағаның өсуі жылына 100%.

Гиперинфляция: бағаның өсуі 1000 %-тен жоғары.

2 белгі тұрғысынан 2 түрге ажыратылады:

Тең инф-да әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.

Тең емес инф-я.

3 белгі тұрғысынан:

Күтілетін: күтілу факторы инф-я салдарынан білінеді.Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінің білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді ж/е ешкім зардап шекпейді.

Күтілмейтін инф-я: бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.

Сұраныс инф-я:сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі сұраныс жағынан бұзылады.Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады.Бұдан жинақталған сұраныс артық болады. Бұл бағаның өсуіне итермелейді.Ұсыныс инф-я: өндіріс шығынының өсуіне б/ты бағаның өсуі. Бұның салдары: жалақының өсуіне ж/е энергия мен шикізатқа бағаны көтереді. 2006 жылғы қаңтар – шілдеде ҚР-да инфляция деңгейі 5,1% болды.

Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары. Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы ерекшеліктері.

Инфляцияның зардаптары:Жағымды:

Экономикаға біркелкі инфляция пайдалы: ақша жиынының өсуі –іскерлік белсенділік-инвестициялардың өсуі-экономикалық өсу

Жағымсыз:

Халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуі: жеке жинақ ақшаның нақты құндылығының төмендеуі, ағымдағы табыстардың құлдырауы

Кәсіпкерлік қызмет деңгейінің төмендеуі

Капиталды өндірістің нақты саласынан айналым саласына шығару

Экономикадағы үйлесімсіздікті күшейтеді

Зақ мерзімді инвестцияларға ынталандыру жойылады

Ақша – несие жүйесінің жұмыс істеуін бұзады, оның қорларын азайтады

Экспорт азайып, импорт өседі

Мемлекет қарызы көбейеді

Валюталық дағдарыс күшейеді

Халықтың рухани жағдайы нашарлайды

Мемлекеттің инфл-ямен күресу әдістері тікелей ж/е жанама болады.Ақша бірлігінің төлем қабілеттілігін тікелей реттеу Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады ж/е келесі құралдарды қамтиды:

1. Немиелерді бөлу ж/е оларды реттеу;

2. Тарифтер мен бағаларды реттеу;

3. Жалақы шегін реттеу;

4. Сыртқы сауда мен валюта курсын реттеу;

Жанама әдістерді елдің Орталық банкі келесі құралдардың көмегімен жалпы ақша массасын реттеу арқылы жүргізеді:

Ақша эмиссиясын реттеу;

Пайыздық есептік мөлшерлемені реттеу;

Міндетті резервтеу талаптарын реттеу;

Ашық бағалы қағаздар н.арығындағы операцияларды реттеу.

Нарыктык экономикадагы мемлекеттін экономикадагы кызметтері.

Мемлекет пен нарыктын озара катынасы нарыктык когамда манызды мәселелердің бірі,Себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады.Шаруашылық байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің экономиканы реттеуіндегі рөлін кушейтуде объективті жағдайлар жасайды.экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның жемісі,бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды.Кез келген экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің рөлі оның қызметтері арқылы байқалады.Экономикалық қызметтің түрлері өте көп,сондықтан оны топтап,негізгі блоктарға біріктіру қажет;Біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады; стратегиялық, экономиклық, құрылымдық, техникалық,әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды.Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады.Осы аталған нәрселердің барлығының қызметін тек қана мемлекет өткеруі мүмкін;Екіншіден,мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәспорын (когамдык пен шаруашылык есептегі) мен ондірістік және әлеуметтік инфракурылымды жасайды. Ушіншіден, нарыктык жуйе калыпты кызметін камтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мудделерін коргау, стандарт кызметін куру, онім сапасы мен салмагын олшеу, бәсекені колдай отырып, нарыктык экономикада монопализмнін болуына барынша курес жургізу, ол ушін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жагдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн. Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатынын көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады.

Наши рекомендации