Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары

а) Өндіріс шығындары

б) Бухгалтерлік шығындар

в) Өзіндік құн

г) Тұрақты шығындар

д) Жалпы шығындар

е) Өзгермелі шығындар

ж) Орташа шығындар

з) Шекті шығындар

и) Трансакциялық шығындар

к) Номиналды жалақы

л) Нақты жалақы

м) Мерзімді жалақы

н) Кесімді жалақы

о) Номиналды проценттік ставка

п) Нақты проценттік ставка

р) Жер рентасы

с) Бухгалтерлік пайда

1. Жұмысшының өзінің еңбегі үшін алатын ақшалай табысы.

2. Бағаның белгілі бір дәрежесі кезінде номиналды жалақыдан салықтар мен басқа да төлемдер алынады тасталғаннан кейін, жұмысшының сатып ала алатын тұтыну құндарының (тауарлармен корсетілетін қызметтің ) мөлшері

3. Ағымдағы құн бойынша процент ставкасы

4. Инфляция деңгейін есепке алғандағы номиналды проценттік ставка.

5. Істелген жұмыс уақытының мөлшеріне және қызметкерлер мен жұмысшылардың мамандығына байланысты төленетін жалақы.

6. Өндірілген өнімнің санына және қызметкерлер мен жұмысшылардың мамандығына байланысты төленетін жалақы.

7. Арендатордың жер иесіне төлейтін аренда төлемі.

8. Жалпы табыс пен өндірістегі бухгалтерлік шығындар (өзіндік құн) арасындағы айырым нәтижесінде пайда болатын табыстың түрі.

9. Өнімді өткізу және өндірісті ұйымдастырумен байланысты фирманың материалдық және ақшалай шығындары.

10. Кәсіборынның өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындарының ақшадай көрінісі.

11. Өнімнің белгілі мөлшерін өндіру үшін жұмсалған өндіріс факторларының шығындары.

Тест сұрақтары:

1) Фирманың тұрақты шығындарына:

А) ресурстарды сатып алған сәттегі ақшалай шығын.

В) өнімнің кез-келген мөлшерін өндірудегі минималды шығыны

С) фирманың өнім өндірмеген жағдайдағы шығындары

Д) нақты емес шығындар

Е) өнімді өндірумен байланысты шығындары

2) Төменде берілген шығындардың қайсысын трансакциялық шығындарға жатқызуға болады:

А) сауда фирмасының ай сайын “жоғарғы жаққа” төлейтін төлемдері

В) келісім-шартқа қатысушылардың қаржылық жағдайы туралы мәліметтер алуға кеткен шығындар

С) келісімді куәландырған нотариусқа төленген төлемдер

Д) келіссөз процесінде қатысушыларға қызмет көрсетіге байланысты шығындар

Е) барлық жауаптар дұрыс

3) Ұзақ мерзімді:

А) барлық шығындар өзгермелі болып табылады

В) барлық шығындар тұрақты болып табылады

С) тұрақты шығынға қарағанда өзгермелі шығындар тез өседі

Д) өзгермелі шығынға қарағанда тұрақты шығындар тез өседі

Е) барлық шығындар тұрақты және өзгермелі болып табылады

4) Қысқа мерзімдегі фирманың жалпы шығындары бұл:

А) тұрақты және шекті шығындар сомасы

В) тұрақты және өзгермелі орташа шығындардың сомасы

С) тұрақты және өзгермелі шығындар сомасы

Д) орташа және шекті шығындар сомасы

Е) тұрақты және шекті шығындар сомасы

5) Қысқа мерзімді фирма 500 дана өнім өндіреді. Орташа өзгермелі шығын 2 долл. құрайды , орташа тұрақты шығын 0,5 долл., сонда жалпы шығын қанша болады?

А) 2,5 долл

В) 1250 долл

С) 750 долл

Д) 1100 долл

Е) 1000 долл

6) Нақты жалақы:

А) тағайындалған жалақы

В) номиналды жалақы

С) номиналды жалақыға сатып алған заттар мен қызметтер құндарының мөлшері

Д) төлеген жалақы

Е) мерзімді және кесімді жалақы

7) Қазіргі кезеңдегі экономика ғылымы пайданың мәнін былай түсіндіреді:

А) қосымша құнның өзгерген формасы

В) өзгермелі капиталдың өнімі

С) кәсіпкердің қызметіне төленетін төлем

Е) дұрыс жауап жоқ

8) Номиналды пайыз мөлшері, бұл:

А) ағымдағы курс бойынша проценттік мөлшер

В) инфляция деңгейін есепке алғандағы пайыздық мөлшер

С) пайыздық мөлшер минус инфляция деңгейі

Д) өндіріс деңгейін есепке алғандағы пайыздық мөлшер

Е) жоғарыда аталғандардың барлығы дұрыс

9) Жер рентасы мынадай жағдайларда өседі, егер:

А) жердің бағасы төмендесе

В) жерге деген сұраныс артса

С) жерге деген сұраныс азайса

Д) жерге деген ұсыныс артса

Е) жерге деген ұсыныс сұранысты арттырса

Ұлттық экономика-жүйе ретінде

1. Макроталдаудың екрекшеліктері. Ұлттық экономика-жүйе ретінде.

2. Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көрсеткішіндегі көрінісі.

3. Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.

Наши рекомендации