Азақстанның салық жүйесі

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланыс-ты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оларды құрудың жә-не алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органда-рының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін белгілейтін, яғни салықтар-дың нақтылы элементтерін анықтайтын тиісті заңнамаларға не-гізделеді.

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда мен көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

Рыноктық жаңғыртудың басталуымен салықтардың жаңа түрлері – қосылған құн салығы, акциздер,сатудан алынатын салық жұмыс істей бастағаны белгілі.

1991 жылғы желтоқсанның 24-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы кұжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен 1995 жылғы мамырға дейін салықтар мен алымдардың 43 түрі жұмыс істеді: 16 жалпымемлекеттік салық, 10 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар, 17 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Пре-зидентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 43салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды, ал 1999-2001 жылдар аралығындағы өзгертулер мен толықтыруларды есепке алғанда олардың саны 18-ге дейін көбейді.

1999 жылы салық салу объектінен 26 % мөлшерлеме бойынша заңи тұлғаларлардың еңбекке ақы төлеу қорының 30 % мөлшеріндегі сақтық жарналарының орнына (Зейнетақы қорына – 23,5 %; міндетті медициналық са қтандыру қорына – 1,5%; Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қорына−2%) әлеуметтік салық енгізілді ( 2001 жылдың шілдесінен мөлшерлеме 21%−ға дейін төмендеді, ал 2004 жылдан регрессивті мөлшерлемелер – 20%-дан 7%−ға дейін жұмыс істеді). Егер 1998 жылы мемлекеттік бюджеттегі бюджеттен тыс қорлардың үлесі 18,4 %-ды құраса, әлеуметтік салықтың үлесі 1999 жылы 17,9% − ды құрады.

Қосылған құн салығы (ҚҚС) айналым салығы мен сатудан алынатын салықтың орнына 1992 жылы 28% мөлшерлемеде, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін – 13 %, көпшілік қолды өнімдер (негізінен тамақтар) бойынша – 10% мөлшерде енгізілді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан мөлшерлемелер 20 % және 16,67% болып белгіленді (ҚҚС-ты кіріктіретін мемлекеттік реттелетін бағалар мен тарифтер бойынша сатылатын тауарлар, қызметтер бойынша). 2002 жылы. ҚҚС-тың мөлшерлемесі 16%, 2004 жылы.–15, 2007 жылы.–14, 2008 жылы.–13%, 2009 жылы.−12% болып белгіленді.

Пайдаға салынатын салық пайдадан төленетін төлемдер мен пайдадан аударылатын аударымдардың (қорлар үшін төлем, пайданың бос қалдығының аударымдары) орнына 1991 жылы енгізілді. Оның мөлшерлемелері 10 % - дан 70 % - ға дейін белгіленді.

Бұл жүйе меншіктің барлық нысандары мен қызметтің түр-лерінің теңдігін қамтамасыз етпеді, жеңілдіктер көп болды, бұл бақылауды қиындатты. «Кәсіпорындардың пайдасы мен табыстарына салық салу туралы» 1994 жылғы қаңтардың 1-індегі Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес салық салу объекті баланстық пайда – барлық шығындардың сомасына азайтылған барлық табыстардың сомасы болып белгіленді.Салық мөлшерлемесі – 30 %, ал банктік және сақтық қызметтен алынатын пайда – 45 %, дивидендтер мен пайыздардан алынатын табыс – 15 % болды.

1995 жылдың 1 шілдесінен қабылданған Салықтық кодекс салықтардың 11 түрін қарастырды, соның ішінде негізгі салықтардың бірі – корпоративтік табыс салығының заңи тұлғалар үшін 30% негізгі мөлшерлемесі және төлеушілердің жекелеген санаттары және табыстардың түрлері үшін сараланған мөлшерлемелері (10 нан 20 %- ға дейін) енгізілді.

2001 жылғы 12 маусымда «Салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер туралы» заңның жаңа нұсқасы қабылданды, онда елдегі өзгеріп отырған экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты салық салудың қағидалары мен нормалары толықтырылып, өзгертілді.

2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салықтық кодекс) қолданысқа енгізілді. Кодексте салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі биліктік қатынастар, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы салықтық міндеттемелерді атқаруға байланысты қатынастар реттелінген. Сонымен бірге Кодексте кен өндіруші сектордың қайтарымын арттыру есебінен экономиканың шикізаттық емес секторларына салық ауыртпалығы төмендетілген, жеңілдіктер жүйесі оңтайландырылған, салықтық әкімшілік ету оңайлатылған, Кодекс нормаларын қолдану экономиканы жаң-ғыртуға және саралауға, елдегі инвестициялық климатты жақсартуға, отандық, сондай-ақ шетелдік өндірушілер үшін де бизнес жүргізуді неғұрлым пайдалы етуге шақырады.

Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдіс-терінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі модельдері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар мен белгілер бойынша жіктеледі:

салық салу объекті және салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынастары бойынша;

салықты алатын органға қарай;

пайдалану тәртібі бойынша;

объектінің экономикалық белгісі бойынша.

Бірінші белгі бойынша салықтар тура және жанама болып бө-лінеді.

Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен ті-келей төленетін салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салына-тын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкінде, оның қаржылық жағдайында ескеріледі.

Жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сырт-қы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кедендік кірістер, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін біл-діреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің үдерісіне жа-ғымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.

Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығында, кіріктірілетін-дігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұ-тынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті дең-гейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемле-кеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Арнаулы салықтардың қатаң белгілі бір арналымы болады (мысалы, бұрын Жол қорын қалыптастыруға пайдалынылатын көлік құралдары салығы,көлік құралдырын сатып алу салығы).

Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салына-тын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажы-ратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық са-лынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтерді тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау амалдарынақарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданыла-ды: кадастрлық[‡‡‡], салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, та-бысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

Кадастрлық әдіске сәйкес салықты есептеу мен оны алу, са-лық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай та-быстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете оты-рып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

Мағлұмдамада салық төлеуші табыстың мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есеп-теп, төлейді.

Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін заңи тұл-ғаның бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есеп-теп, ұстайды (төлейді).

Анықтау мен олардың көлемдерін есепке алу қиын қызметтің саналуан түрлерінен алған табыстары үшін салық патенттік негізде төленеді.

Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланыс-ты объектілер туралы ақпаратты қорытындылау және жүйелеу, сонымен бірге салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеу және салықтық есептемені жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) есептік құжаттаманы жүргізу үдерісі салықтық есеп деп аталады.

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепті жүргізуді са-лық заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда есепте-мелер әдісі бойынша жүзеге асырады.

Есептемелер әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы тө-леудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және мүлікті кіріске алу мақсатымен тиеп жі-беру мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық служба-лары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеуші-лері қолдануға кабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі

– салықтық төлемдер жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағ-дайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшаулан-дыруға ұрындырады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салықтық қатынастарды реттейтін кұқықтық нормаларды және салық службасының ор-гандарын (Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен оның жер-гілікті органдарын) кіріктіреді.

Салық салудың әр түрлі шарттары қарастырылған қызмет түр-лерін жүзеге асыратын салық төлеуші қызметтің мұндай түрлері бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсаттарында са-лық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің есебін бөлек-бөлек жүргізуі тиіс.

Қазақстан Республикасында салық салу практикасында әр түрлі салықтар, алымдар және салық сипатындағы төлемдер қол-данылады, олардың тізбесі мыналарды кіріктіреді:

1) салықтар:

корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

қосылған құн салығы;

акциздер;

экспортқа рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері

мен салықтары

әлеуметтік салық Азақстанның салық жүйесі - student2.ru

көлік құралдары салығы;

жер салығы;

мүлік салығы;

құмар ойын бизнесі салығы

тіркелген салық;

бірыңғай жер салығы;

Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшін қосылған құн салығы, акциздер жанама салықтар деп танылады.

2) бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер:

мемлекеттік баж;

алымдар:

тіркеу алымдары:

заңи тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тір-кегені үшін алым;

жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

жылжымалы мүлікке кепілдікті және кеменің немесе жа-салып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;

радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркеуді мемле-кеттік тіркегені үшін алым;

дәрілік заттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркеуді мемле-кеттік тіркегені үшін алым;

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық келісімшарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.;

бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік тіркегені (есеп-ке алғаны) үшін алым;

алымдар:

автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;

аукциондардан алынатын алым;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

төлемақылар:

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;

жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

радиожиілік спектрді пайдаланғаны үшін төлемақы;

қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланы-сын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;

кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы;

кедендік төлемдер:

кеден бажы;

кеден алымдары;

алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы;

алымдар.

Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің со-масы Бюджеттік кодекс пен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі. Салықтық катынастарды реттеуші құықтық нормалар Салықтық кодексте сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген.

Салық службасының органдары уәкілетті мемлекеттік органнан және салық органдарынан тұрады. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша,аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері,сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнаулы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.

Салық органдарына, тиісті жоғарғы салық службасы органына тікелей сатылас бойынша бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.

Уәкілетті орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады.

Мыналар Салық службасы органдарының міндеттері болып табылады: салықтың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің толық және дер кезінде түсуін қамтамасыз ету; жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету; салық төлеушілердің салықтық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндетін атқаруына салықтық бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының салықтық саясатын іске асыруға қатысу; өз құзыры шектерінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету.

«Салық» және «салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржылық категория, екіншісінде – экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салықтық төлемдерді өндіріп алу (есептеу және алу) үдерісі.

Наши рекомендации