Экономикалық теорияның пайда болуы және оның қалыптасуы. 2 страница
14. Ақшаның мәні және оның пайда болуы. Ақшаның пайда болуын әр мектеп өкілдері айырбастың пайда болуымен байланыстырады. Демек ақшаның пайда болуын зерттеу, айырбастың дамуын зерттеуге әкеледі. Айырбастың ең қарапайым түрі-бартер, тауарды басқа тауарға тікелей айырбастау. Бірақ бартер тек тауарлармен нарық қатысушылары саны шектеулі болған жағдайда ғана тиімді. Олардың санының артуы айырбасты қиындата бастады, сондықтан айырбастың дамуына қарай әр аймақтарда өткізуге ыңғайлы тауар пайда бола бастады, былайшы айтқанда өтімділігі жоғары тауарлар. Өтімділігі жоғары тауар ақшаға айналды. Ақша- өтімділігі жоғары абсолютті айырбас құралы. Ақшаны талдаумен байланысты баға категориясының анықтамасын береміз: баға- тауар құнының ақшалай көрінісі. Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады); Пайдалануға өте ыңғайлы; Мүлтіксіз сақталынуы;Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.
15. Ақшаның функциясы. Ақша айналымының заңы. Ақшаның атқаратын қызметтері:Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді; Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды; Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады; Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды; Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады. Ақша айналысы дегеніміз - айналыс құралы мен төлем құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы болып табылады. И.Фишер: «Ақшаның құны олардың санына тура пропорционалды» дейді, ол айналымдағы ақша массасын анықтайтын формуланы ұсынады:MV=PQM-ақша массасы, V- ақша айналымының жылдамдығы, P- тауарлар бағасының деңгейі, Q-айналымдағы тауарлар саны.
16. Меншік – экономикалық категория ретінде. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік ќатынастарын д±рыс т‰сіну ‰шін, оны иемдену ќатынастарымен салыстыру ќажет. Иемдену – затты мењгеріп алудыњ наќты ќоѓамдыќ єдісі. Иемдену осы берілген меншіктіњ жєне оныњ наќты т‰рлерініњ негізі, тамырлы белгісін ќ±райды. «Меншік» жєне «иемдену» деген т‰сініктерді ажыратып, єрќайсы жеке танып білу ќажет: б±лардыњ жеке ±ѓымдар жєне экономикалыќ ќатынастар ж‰йесінде µздерініњ жеке орындары болады. Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы. М/ң э/қ мағынасы келесі қатынастармен сипатталады: Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану; Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару; Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді; Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы; Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі; Табысты бөлу әдістері. М., заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша): Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы; Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы; Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы; Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы; Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы; Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы; Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығ; Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құны; Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құны; Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқ;Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
17. Меншік иесінің түрлері. Меншіктің екі түрін бөліп көрсетеді: жеке және мемлекеттік, бұлардың әр қайсысы бірнеше түрлерден тұрады. Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Жеке меншікте бір адам немесе жанұя мүлік қор иесі болып табылады. Қор жинау негізінде жеке меншік еңбекші және еңбекші емес болып бөлінеді. Еңбекші меншік еңбек ақы негізінде қалыптасады, яғни кәсіпкерлік қызметтен келетін табыс. Еңбекші емес меншік мұрагерлікпен қалған мүлік, бағалы қағаздардан, депозиттерден және т.б. қалыптасады. Жеке меншік формасы болып ұжымдық меншік табылады. Ұжымдық меншік мысалы ретінде кооперативтік қызмет атқарады, яғни құралдарды және кооператив еңбек мүшелерінің біріккен қызметі негізінде құрылады және акционерлік, акцияларды сату негізінде пайда болады. Ме/к меншік негізінде меншік субъектісі мемлекет өзі болады. Басқару жіне бұйрық беруді мемлекеттік үкімет органдары атқарады. Мемлекеттік меншіктің ерекшелігі оның бөлінбеушілігі. Мемл иелігінен алу түсінігі астарынан кәсіпкерлікті басқарудағы мемлекеттік орган қызметтерінің қысқартылуы, кәсіпкерлік құқықтың шешім қабылдаудағы кеңейтілуін түсінгеніміз жөн. Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің басқа бір мемлекеттік емес меншік формасына ауысу процесі. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру келесі формаларда жүзеге асады: мемлекеттік мүлікті арендаға алу, артынша толығымен сатып алу; мемлекеттік кәсіпкерліктің акционерлік қоғамға өзгеруі; мемлекеттік кәсіпкерліктерді аукционда немесе конкурс бойынша сату; жеке азаматтарға немесе еңбекші ұжымға мүлікті тегін тапсыру. Қазіргі кезде ТМД елдерінде мемлекеттік меншіктің монополизмі қопарылған, шаруашылық типтерінің орналасуы мен меншіктің көптеген формасына негізделген экономиканың қайта құрылу процесі басталды. ТМД – ның жекелеген елдерінде жекешелендіру әр түрлі масштабта және бірдей емес екпәнде жүргізіледі.
18. ҚР-дағы меншік түрлері.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформа меншік реформасынан басталды. Өйткені, меншік экономикалық қатынастардың ішіндегі ең басты элементі, жалпы экономикалық қатынастардың ішіндегі негізі болып табылады. Меншік реформасы екі жолмен жүзеге асты:
1)меншікті мемлекеттен алу (акционерлік қоғамдарға айналдыру),
2) жекешелендіру - мемлекеттік мүлікті жеке түлғаларға, мемлекеттік емес және шетелдік заңды түлғаларға сату.
Қазақстан көп ұлтты мемлекеттік құрылым болып табылады. Ал, экономиканың құрылымы меншік құрылымына әсер етеді, меншіктің түрлерінің көп болуы да осыдан. Бұған қоса шаруашылық әрекеттерінің формалары, меншік объектілерін пайдалану туралы қатынастармен және өндірістің техникалық, даму дәрежесімен белгіленеді. Меншіктің бір формасының, немесе, бір түрінің негізінде, бәсекелестің шарты болып табылатын, шаруашылық жүргізудің бірнеше формалары қалыптасуы мүмкін.
19. Экономикалық жүйенің негізгі түрлері. Экономикалық жүйе - ұйымдық нысандар мен қалыптасқан мүліктік қатынастар негізінде қоғамда іске асатын, экономикалық үдерістердің жиынтығы. Экономикалық жүйені қоғамның нақты базисін құрайтын, саяси қондырма жоғары тұратын, экономикалық қатынастардың жиынтығы құрайды. Экономикалық жүйе ашық және жабық сипатта бола алады: ашық экономика - бұл әлемдік шаруашылық байланыстарына жоғары дәрежеде қосылатын елдің экономикасы; Жабық экономика - бұл сыртқы әлеммен экономикалық байланысы жоқ немесе әлсіз байланысы бар елдің экономикасы. Меншік қатынастарының формалары бойынша: Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады (Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді,өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде, техникалық прогресс шектеулі ) ; Әкімшілік - әміршілік жүйе орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі (Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы. Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.); Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді (Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады. Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.); Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады (Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі: Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады; Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.).
20. Меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру: мақсаты, жүзеге асыру тәсілдері, түрлері және ҚР-дағы кезеңдері. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы. Қ. Р/нда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада: шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру; бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесты дамыту. Жекешелендірудің тәсілдері: Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу; . Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды); Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу. Қ. Р/да жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі: Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін; Жаппай жекешелендіру– орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді; Жеке жобалық жекешелендіру– ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары. Қ.Р/ғы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады: 1) 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. 2) 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. 3)1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру. 4)1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.
21. Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, формалары. ҚР-дағы шағын, орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. Кәсіпкер иелігіндегі мүлікті т.б. заңды негізде пайдалану жөнінде, өз бастамасы мен шешімін қабылдауға және кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға құқылы, заңды ұйым немесе жеке азамат. Лицензиялауға тиіс қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін, кәсіпкер белгіленген тәртіппен және мемлекеттің қолданылып жүрген заңды талаптары негізінде лицензия алуға міндетті. Экономикалық теорияда, кәсіпкерлік термин экономистердің еңбегінде ХҮШ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында қолданыла бастайды. Бірінші болып ағылшын экономисі Р.Кантильнон қолданды. Оның анықтауынша «Кәсіпкерлік» - бұл табыс табу, (жеке шаруашылығы, қолөнершіремесленник, сатушы т.с.с.). Ол табыс табу үшін, басқаның тауарын белгілі бағамен сатып алып, оны белгісіз бағамен сатады, осы үшін тәуекелге барады. Оның негізгі экономикалық қызметі тауар нарығында әрбір тауарларға сұранысты сәйкестендіру. Тауар нарығында классикалық, экономикалық мектептің негізін салушы – А.Смит. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - істің өркендеуіне жағдай жасау деп анықтама берді Зомберт. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді. Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі өндіріс функциясының негізі. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді. Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады. Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды. «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қ. Р/ң кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша Қ. Р/ң кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдар дайындалып, қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерліктердің даму кепілдігіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген. Осы заңдар бойынша шағын кәсіпорынды дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.
22. Нарықтың мәні және нарық субъектілері. Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық– бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді. Рынок (нарық)– бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі. Нарық экономикасының субъектісі үй шаруашылыгы, фирмалар, мемлекет болып табылады: Үй шаруашылыгы - бұл қүрамында бір нсмесе бірнеше түлғасы бар экономикалық бірлік: өз бетімен шешім қабылдайды; қандай да бір ондіріс факторының меншігі болып табылады; бар ресурстар шегінде пайдалылықтың жогарылығы жэне өз тұтынушыларын жогары қанағаттандыруға ұмтылуы. Фирма - бүл экономикалық бірлік: өз бетімен шешім қабылдайды; жогары пайда табуға ұмтылады; мемлекетке, үй шаруашылыгына жәие басқа фирмаларга өиімдерді дайындауға және сатуга ондіріс факторларын пайдаланады. Мемлекет деп, қоғамдық мақсаттарға жету үшін, нарық пен шаруашылық субъектілеріне қажет жагдайда бақылау жүргізу ушін занды жэие саяси басшылық жүргізетін үкІмеггік мекемелерді түсінеді.
23. Нарықтың атқаратын қызметі және нарық құрылымы. Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады: Ақпараттық қызмет; Делдалдық қызмет; Баға белгілеу қызметі ; Реттеушілік қызметі; Санациялық қызмет. Рынок түтастай алғанда, бай ж/е күрделі құрылым ретінде сипатгалады. Оны әр түрлі белгілері мен критерийлері бойынша жіктейді: 1.Объектілердің нарықтық қатьнастарының экономикалық багыты бойынша: тұтыну тауарлары мен қызметтерінің рыногы; өндірістік бағыттагы тауар рыногы; ноу-хау рыногы; шикізаг рыногы; еңбек рыногы; Бағалы қағаздар рыногы жэне т.б.; 2.Географиялық орналасуы бойынша: жергілІкті рынок; ұлттық рынок; әлемдік рынок. 3. Салалык бағьптары бойынша - автомашиналар, мүиай, компьютерлік және т.б. рыноктары. 4. Сату сипаттамасы бойынша - бөлшек жэне көтерме сауда рыноктары. 5. Бәсекелестікті шектеу дәрежесі бойынша - жетілдірілген бәсекелестік рыногы жэне жетілмеген бәсекелестік рыногы (монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық).
24. Нарық инфрақұрылымы. Барлық жүйелер сияқты, рыноктың инфрақұрылымы болады. «Инфрақұрылым» термині XX гасырдың басында әскери күштердіц қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, кұрылыстар меи объектілерді белгілеу үшін бірінші рет қолданылған. Батыста 40-жылдары инфрақүрылым дегенді материалдық өндірістің қалыпты қызмет етуіне мумкіндік беретін салалардың жиынтыгы ретінде түсіне бастады. Сондай-ақ, инфрақұрылым - бұл кез келген тұтастай экономикалық жүйеиің міндетті құрамы. «Инфрақұрылым» сөзі осы жүйеиің ішкі құрылысындағы негізі, іргетасы. Рынокқа қолданылатын инфрақүрылым осы қатыиасгарды бір түтастыққа ұластыратын жэне рынок жуйесінің субъектісінің арасындағы тауарлық-ақшалық қатынастарды түзейтін ұйымдастыру нысанының жиынтьпы. Рынок инфрақүрылымы - әр түрлі рыноктың қызметін қамтамасыз ететін қызмет және мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар, үйымдар мен мекемелердің жиынтыгы. Ол рынок құрылымына сәйкес жіктелінеді. Тұтастай рынок инфрақұрылымын жиынтық ретінде көруге болады: тұтыну рыногының инфрақұрылымы (сауда жүйесі, қойма шаруашьшыгы, өнімдерді сақтаудың әр түрлі жүйесі, көлікпен тасымал, жеткізу, тауарлық биржа, көтерме сауда рыногы, тұрғындарга тұрмыстық қызмет көрсету); өндіріс рыногының инфрақүрылымы (тауарлық-шикізаттық биржа, брокер кеңсесі, лизингтік жэне факторингтік операңиялар, гылыми-зерттеу орталыкгары); еңбек рыногының инфракұрылымы (еңбек биржасы, мемлекетгік еңбекпен қамтамасыз ету қызметі, дайындық, қайта дайындау және кадрлардың мамандығын котеру жэне көшу үдерістерін басқару құрылымы); қаржылық-кредиттік рыноктың инфрақұрылымы (коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, қор биржалары); ақпараттық инфрақұрылымдар (халық шаруашылығы бойынша жинақты деректер, рынок инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық желі, маркетингтік қызмет, жарнамалық-ақпараттық қызмет).