Тақырып № 14. Кәсіпкерліктің ұймдастыру кағидалары

Кәсіби кәсіпкерлік қағидалары деп кәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді көздейтін барлық адамдар басшылыққа алуңа міндетті, кәсіпкерлік бизнестің негізін құраушы элементтерін атайды. Аталған қағидалар объективті сипатқа ие және экономиканың тархи және ұлттық ерекшеліктеріне тәуелсіз, адамдар қызметінің ерекше типі ретінде сипатталады.

Кәсіби кәсіпкерлік бизнес қағидалардың 5 тобы негізінде ұйымдастырылады және дамиды. Оларға мыналар жатады:

1. кәсіпкерлік бағыттаушы қағидалары;

2. кәсіпкерліктің ынтыландырушы қағидалары;

3. кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез құлықтық қағидалары;

4. кәсіпкерліктің эволюциялық қағидалары;

5. кәсіпкерліктің жүйелік қағидалары.

1. Кәсіпкерліклік бағыттаушы қағидаларына бизнестің кәсіпкерлік бейімділігіне сәйкестігі қағидасын және бизнестің бәсекеге қабілеттілік қағидасын жатқызады.

Кәсіпкерлердің өмірде өзіне лайықты орынды іздеуі олардың кәсіпкерлік миссия деп аталатын арнаулы бағытына байланысты. Кәсіпкерлердің өз мисиясын орындацы олардың кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттілігің әлеуетіне тікелей байланысты.

Кәсіпкерлік бәсекеге қабілеттіліктің әлеуеті деп кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасын айтады.

Кәсіпкерліктің кез келген субъектісінің құрамына мыналар кіреді:

· кәсіпкерлердің жеке бәсекеге қабілеттілік әлеуеті;

· кәсіпкерлік фирмалардың институционалдық бәсекеге қабілеттілігін әлеуеті.

Кәсіпкерлік фирмалардың институционалдық бәсекеге қабілеттілігің әлеуеті кәсіпорындардың материалдық және адами ресурстарының жиынтығымен анықталады. Бұл әлеуеттің типтік құрылымы әдетте келесідей міндетті элементтерден тұрады:

· кәсіпорындардың іскерлік қызметі құралдарының, еңбек заттары мен технологияларының жиынтыңы;

· құрылған және өткізілуге тиісті тауарлардың, сонымен қатар кәсіпкерлік фирманың қаржы активтерінің жиынтығы;

· ұйымдастырушылық әлеуеті, оның ішінде фирманың ұйымдастырушылық құрылымы, фирмаішілік менеджменттің деңгейі, аталған фирманың сыртқы коммуникацияларының болуы мен олардың жағдайы;

· кәсіпкерлік бизнес субъектісінің іскерлік жағымды беделі;

· кәсіпорын фирма қызметкерлерінің кәсіби қабілеттері;

· кәсіпорын иелерінің, оның қызметкерлері мен менеджерлерінің іскерлік әлеуетінің болуы;кәсіпкерлік бизнесті күшейтуге және кәсіпорынның іскерлік қызметінің тиімділігін арттыруға деген алғышарттардың болуы.

2. Кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидаларына мыналар жатады:

· бизнестегі табыстылық пен кәсіпкерлер қызметінің нәтижелілігін іскерлік ортада мойындаудың сәйкестілік қағидасы;

· сәттілікті ұстауға дайындалу қағидасы;

· мотивтердің алуан түрлілік қағидасы;

· бизнестегі эгоистік және қоғамдық мүдделерді сәйкестендіру қағидасы.

Кәсіпкерлік бизнестегі ең маңызды түсініктердің бірі кәсіпкерлік жетістік болып табылады. Әр түрлі жағдайларға байланысты жетістіктер төмендегі түрлерге бөлінеді:

· ағымдық және соңғы;

· қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді;

· іскерлікке лайықты және лайықсыз жетістіктер.

Жетістікке жету үшін кәсіпкерге екі бірдей міндетті шешуге тура келеді. Бір жағвнан, ол өз қызметінің қоғами тұрғыдан кең танылуына ұмтылады. Екінші жағынан-ол бәсекелік ортада алға шығуға бар мүмкіндігін жұмсайды.

3. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-мінез-құлықтық қағидалары бизнесті ұйымдастыруды және кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің сипаттамасын анықтайды. Оларға мыналар жатады:

· кәсіпкерлік бизнестің үйлесімді логикасының қағидасы;

· бизнесте бәсеке мен ынтымақтастықты сәйкестендіру қағидасы;

· мінез-құлықтың стратегиялық, тактикалық және жағдайлық деңгейлерін сәйкестендіру қағидасы.

4. Кәсіпкерліктің эволюциялық қағидаларына мыналар жатады:

· бизнестің қарапайым нысандарынан күрделі нысандарына қарай сатылы даму қағидасы;

· нарыққа бағытталңан экономикадағы бизнестің тарихи ерекшелік қағидасы;

· капиталдың бастапқы қорлану қағидасы.

5. Кәсіпкерліктің жүйелік қағидаларына мыналар жатады:

· кәсіпкерлік бизнестің жүйелілік қағидасы;

· интегративті қағидалары негізінде бизнесті тұрақты дамыту қағидасы;

· бизнестегі орталыққа жинақтау және орталыққа ұмтылу қағидасы;

· бизнестің ұлттық модельдерінің алуан түрлілік қағидасы;

· мемлекеттік шекараларды білмейтін, әлемдік жүйе ретіндегі бизнесті қалыптастыру қағидасы.

Наши рекомендации