Урстық жұмыстың міндеттері. 2 страница

Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.

Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.

Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тің 44-бабының 4-тармағы). Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.

Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарына құрыла алады.

Қазастан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы және Азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді. Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі егтес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді. Азаматтық кодекстің 42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды құрған заңды тұлғаның жарғысында көрсетілуге тиіс[10].

Филиалдар мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын не бөлігін, оның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.

Сондай-ақ, заңды тұлғаларды екі түрге жіктеуінің ең баянды критерийі қатысушылар арасында табыстың бөлінуінде екендігін атай отырады. Егер де заңды тұлға заң немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушылар арасында табысты бөлуге құқылы болса, кезекті дивидендтердің төленетіндігіне немесе төленбейтіндігіне қарамастан коммерциялық болып танылуы тиіс. Заңды тұлға құрылтай құжаттарына немесе заңнама күшіне сәйкес дивидендтер төлеуіне құқылы болмаған жағдайда коммерциялық емес болып танылуы керек. Сондай-ақ оның барлық табысы, егер ол болған ретте, жарғылық мақсаттардың жетілдірілуіне бағытталуы тиіс [11]

Заңды түлға мүлкі негізделетін меншік нысанына байланысты заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып ажыратылады. Мемлекеттік заңды тұлға ретінде мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбейтін және меншік құқығы бойынша біртұтас мемлекетке тиесілі ұйым танылады. Заңды тұлғалардың басқа түрлері мемлекеттік емес болып есептеледі.

Заңнамада сондай-ақ, шетел заңды тұлғасы деген түсінік кездеседі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетелдік мемлекеттердің заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғаларды (компанияларды, фирмаларды, кәсіпорындарды және т.б.) шетелдік ұйымдар деп түсінген жөн.

Заңды тұлғалардың келесі түрлеріне еншілес және тәуелді ұйымдар жатады.

Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (АК-тің 94-6. 1-т).

Еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып өз мүлкі есебінен басқа мемлекеттік кәсіпорынмен құрылған заңды тұлға болып танылады.

Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғамдеп танылады (АК-тің 95-б. 1-т).

Заңды тұлғалар және оның мүлкіне қатысты құрылтайшылардың (қатысушылардың) құқықтарына байланысты заңды тұлғаларды келесі топтарға бөліп ажыратуға болады:

а) құрылтайшыларының (қатысушыларының) мүлікке міндеттемелік құқығы бар (салым ретінде енгізілген мүлікті алуына құқық, тарату квотасына құқық, дивиденд алуға құқық) заңды тұлғалар. Оларға: шаруашылық серіктестіктер, өндірістік және тұтыну кооперативтері жатады.

ә) құрылтайшыларының (қатысушыларының) мүлікке меншік құқығы және өзге заттық құқығы бар, сондай-ақ мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы және жедел басқару құқығы арқылы ие заңды тұлғалар.

б) мүлікке қүрылтайшылары мүліктік құқығы жоқ заңдытұлғалар: қоғамдық ұйымдар, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер[12].

урстық жұмыстың міндеттері. 2 страница - student2.ru

Кесте 1. Заңды тұлғалар түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары

1.3 Заңды тұлғалардың қайта құру, тарату және тіркеу мәселелері

Қайта құру дегеніміз заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болыл табылады. Қайта кұрудың бес түрі бар (АК-тің 45-бабы): қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта құрудын басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті кайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетгі органның) немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе құрылтай құжатымен немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру жөніндегі шешім әдетте оның жоғары органымен қабылданады. Мысалы, Ресейдің Азаматтық кодексінде заңда қаралған ретте, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті мемлекеттік органның келісімімен жүргізіледі. Аталған норма бәрінен бұрын монополияға қарсы заңның ережелерін басшылыққа алады.

Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында кезделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АК-тің 45-бабының 3-тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсыз таратуды сот тәртібімен ғана реттейді.

Атқаратын қызметінің мақсатына байланысты заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып екі түрге бөлінеді. Коммерциялық заңды тұлғалар деп басты мақсаты пайда табу болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды айтамыз. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес заңды тұлға болып негізгі мақсаты пайда табу болып саналмайтын және өздерінің табысын қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым танылады. Кәсіпкерлік қызметті олар ұйымның құрылған мақсатына байланысты жүзеге асыра алады. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" ҚР-ның Заңы бойынша коммерциялық емес ұйым ретінде акционерлік қоғамның құрылатындығын байқаймыз: мысалы, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында зейнеткерлік қор, қор биржасы құрылуы мүмкін.

Тәжірибе жүзінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды жіктеу қиынырақ болып келеді. Ю.Г. Басин өзініңғылыми еңбегінде бұған себеп болып, біріншіден, коммерциялық заңды тұлғалардың құрылғаннан кейін әсіресе бірінші жылдары өздерінің табыстарын материалдық базаны дамытуға, технологияны жетілдіруге және т.б. мақсаттарға жұмсауы; екіншіден, кейбір коммерциялық емес заңды тұлғалардың белсенді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып, пайда табуы саналады деп жазған.

Сондай-ақ, заңды тұлғаларды екі түрге жіктеуінің ең баянды критерийі қатысушылар арасында табыстың бөлінуінде екендігін атай отырады. Егер де заңды тұлға заң немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушылар арасында табысты бөлуге құқылы болса, кезекті дивидендтердің төленетіндігіне немесе төленбейтіндігіне қарамастан коммерциялық болып танылуы тиіс. Заңды тұлға құрылтай құжаттарына немесе заңнама күшіне сәйкес дивидендтер төлеуіне құқылы болмаған жағдайда коммерциялық емес болып танылуы керек. Сондай-ақ оның барлық табысы, егер ол болған ретте, жарғылық мақсаттардың жетілдірілуіне бағытталуы тиіс.

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:

1) ұйымдасқандық бірлігі;

2) мүліктік оқшаулығы;

3) дербес мүліктік жауапкершілігі;

4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Қайта құру дегеніміз заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құрудың бес түрі бар (АК-тің 45-бабы): қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органның) немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе құрылтай құжатымен немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру жөніндегі шешім әдетте оның жоғары органымен қабылданады. Мысалы, Ресейдің Азаматтық кодексінде заңда қаралған ретте, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті мемлекеттік органның келісімімен жүргізіледі. Аталған норма бәрінен бұрын монополияға қарсы заңның ережелерін басшылыққа алады[13].

Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АК-тің 45-бабының 3-тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсыз таратуды сот тәртібімен ғана реттейді.

Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағында айқындалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетелік: «Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуі үшін негіз болады».

Заңды тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.

Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі қайта құрылған деп есептеледі.

Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.

Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.

Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.

Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.

Өткізу актісі мен бөлу балансына (олардың мазмұны, бекіту) қойылатын талаптар АК-тің 47-бабында қаралған. Оның 1-тармағындағы ереженің маңызы зор, яғни өткізу актісі мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен борышқорларына қатысты, барлық міндеттемелері бойынша соның ішінде талаптар дауласқан міндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиіс[14].

Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлкі (құқықтары мен міндеттері) жаңадан құрылған заңды тұлға тіркелген немесе құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген тұста, егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, мирасқорына өтеді. АК-тің 47-бабында заңды тұлғаларды қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуден бас тартуда екі негіз қаралады: олар, атап айтқанда:

1) құрылтай құжаттарымен бірге тиісті өткізу актісінің немесе бөлу балансының тапсырылмауы;

2) оларда қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы.

Осы айтылғандардан басқа, тіркеуден бас тарту АК-тің 42-бабының 5-тармағы бойынша жүзеге асуы мүмкін.

АК-тің 48-бабында заңды тұлғаны қайта құру кезінде оның несие берушілері құқықтарының кепілдігі туралы айтылған:

1) қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне жазбаша түрде хабарлауға міндетті;

2) бөлінген және бөліп шығарылған кезде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңды тұлға борышқоры болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқталуын және келтірілген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы;

3) егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ жауапты болады.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазастан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығымен[15] және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.

Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабының 6-тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:

1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда;

2) атауы өзгергенде;

3)шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.

Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы не бiр айлық есептiк көрсеткiштен артық салық берешегiнiң болуы, сондай-ақ егер iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.
Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартудың қосымша негiздерi «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға филиалды (өкiлдiктi) құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбi бұзылған, есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жол берiледi.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмде оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгiне сiлтеме жасалған дәлелдi жазбаша бас тарту құжатын бередi.
Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден немесе қайта тiркеуден өткiзу үшiн төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген реттерде жүргiзiледi.

Наши рекомендации