Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің жобалардың əзірлеу үшін негізгі көрсеткіштер мен басымдылықтарды анықтау

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орғандар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып жыл сайын жылжымалы негізде әлеуметтік экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлейді, ол жергілікті атқарушы орғанның шешімімен мақұлданады. Бұл болжам мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде өңірдің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістері мен басымдықтарын бюджеттік параметрлердің үш жылга арналған болжамын қамтитын құжат болып табылады. Бюджеттік параметрлердің болжамы өңірдің салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, тиісті жергілікті бюджеттердің болжамын, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін қамтуы тиіс. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері түсімдерінің болжамды көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орған бекітетін бюджеттік түсімдерді болжамдау әдістемесіне сәйкес айқындалады.
Жергілікті бюджет бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау мынадай кезеңдерді қамтиды:

1.жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамды көлемін айқындау;

2.жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін айқындау.

Жергілікті бюджеттер шығыстарының болжамды көлемі:
жергілікті атқарушы орғанның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге;
жергілікті атқарушы орғанның резервін трансферттермен қарыздарды есептемегенде,облыстық бюджет, республикапық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері түсімдері көлемінің 2%-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамыный жобасын ағымдағы қаржы жылының 20 сәуірінен, ал аудан болжамынын жобасын - 25 сэуірінен кешіктірмей тиісті жергілікті атқарушы орған мақұлдайды. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстықмаңызы бар қала) бюджетінің шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардын әкімшілері стратегиялық жобалардын жобалары мен бюджеттік өтінімдерді әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орғанға ұсынады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орғанның стратегияпық жоспарын жергілікті атқарушы орған бекітеді, оны іске асыру үшін мемлекеттік орған операциялық жоспар әзірлейді. Бюджеттік түсімдерді болжауды әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орған жүзеге асырады.
Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орғанга:

1.стратегиялық жоспарлаудың жобаларын;

2.өткен қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептерді;

3.бюджеттік өтінімдерді ұсынады

Республикалық деңгейге ұқсас, жергілікті бюджеттің шығыстары базапық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орғандар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобалары мен бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік- экономикапық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамына, бюджеттік және өзге заңнамага, мемлекеттік қызметтін қолданылып жүрген натуралдық нормаларына және стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Стратегиялық жоспарлар және бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті ұсыныстарды жергілікті бюджеттік комиссия қабылдағаннан кейін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері оларды қабылданған шешімдермен сәйкестендіреді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орғандарға стратегиялық жоспарлардың түпкілікті жобалары мен бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

Наши рекомендации