Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

Білімді бақылау түрлері

Пәнді оқып үйрену алдындағы білім алушылардың білім мен біліктілігіне пәналды бақылау – 1 апта;

Ағымдық бақылау – 2-7, 9-14 апталар;

Межелік бақылау -8 және 15 апталар;

Аралық аттестаттау – 16-17 апталар.

Білімді бағалау және тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі

Тапсырмаларды бағалау ақпараты:

№ 1, 2, 3........ семестрлік жұмыстар 40%
Межелік бақылаулар 20%
Аралық аттестаттау (емтихан) 40%
Барлығы 100%

Жұмыс орындау және тапсыру графигінің формасы

Бақылау түрі Апталар Қорытын ды баллдар
   
Сабаққа қатысу және белсенділік * * * * * * * * * * * * * * *    
Қысқаша тестілер   * * * * * *   * * * * * * *  
СӨЖ: Үй тапсырмалары     *     *     *     *     *  
Топтық жоба және презентация *     *     *     *     *     *
Межелік бақылау               *             *  
Қорытынды емтихан                               *
  Барлығы                                
                                       

Келтірілген білім бағалау туралы ақпарат кестесі және жұмыс орындау мен тапсыру графигі тек қана мысал болып табылады. Әр оқытушы өз пәні ерекшілігіне байланысты дербес түрде жұмыс түрлерін және білім бағалау мәндерін анықтайды.

Баға қою саясаты

Семестрлік жұмысты бағалау өлшемдері: өз бетінше есеп шығару машықтары, мазмұнның толықтығы, баяндау логикасы, уақытында тапсыру.

Межелік жазбаша жұмыстарын бағалау өлшемдері: өткен материалдарды меңгеру және қайталау, есеп шығару қабілеті.

Емтихан бағасын қою өлшемдері: жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы, баяндама стилі және логикасы.

Қорытынды баға қою өлшемдері: семестрдің соңында жалпы қорытынды баға қойылады, ол семестр бойы білім алушының жиынтықты көрсеткіші болып табылады.

Қорытынды бағағашағымдану (апелляциялау) ережесі:

Емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы апелляциялық комиссияға емтихан өткеннен кейін келесі күннің сағат 13.00-ге дейін өтініш беруге құқығы бар. Өтінішті (Ф 8.2.4-2016-06-02-01-06) апелляцияға қатысты пәннің (ауызша, жазбаша, матрицалық және шығармашылық нысанда) апелляциялық комиссия төрағасының атына жазып, өз факультет деканының/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы бастығының қолын қойғызады. Апелляцияға берген өтініштер деканатта/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасында арнайы журналға тіркеледі.

Компьютерлік тестілеу нәтижелері жарияланған кейін апелляция «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (ААЖ) қарастырылады, егер:

- тест тапсырмаларының тұжырымдамасы жаңылыс түрінде берілген;

- тест тапсырмаларында дұрыс жауабы жоқ;

- тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауаптары бар;

- тест тапсырмалары пәннің оқу-әдістемелік кешенінде келтірілген оқу бағдарламасынан тыс жағдайларда.

«Platonus» ААЖ-де білім алушы тест сұрақтарының кемінде 3-іне ғана апелляция беруге құқығы бар. Компьютерлік тестілеу нәтижесімен келіспеген білім алушы нақты сұрақтар мен жауаптарды белгілеп, ауызша түрде апелляцияға өтініш беруге құқылы. Апелляция кезінде емтихан өту рейтинг бағасын көтеруге рұқсат берілмейді.

Этика, академиялық тәртіп және курс саясаты

Курс саясаты

Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау; оқытушы ұсынған оқу тәртібіне белсенді түрде қатысып, мұқият болу; аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қою; дәлелді себептермен келмей қалған сабақтарды өтеу (деканаттың рұқсатымен); өз бетінше кітапханада, үйде жұмыс жасау.

Этика және академиялық тәртіп саясаты

Бөгде пікірді сыйлау, қарсылығыңызды сыпайы түрде жеткізу. Барлық семестрлік тапсырмаларды өз бетінше орындау. Плагиат және адалсыз орындалған жұмыс жарамсыз. Қолданған электрондық және баспа материалдарға, басқа авторлардың пікірлеріне, дәйексөздеріне сілтемелер болмаса, жұмыс плагиат деп есептеледі. Емтихан барысында көшіруге және бір-біріне көмектесуге болмайды. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаған білім алушы «F» деген қорытынды баға алады.

Дәлелсіз себептермен қатыспаған сабақтардың көлемі 20% дан асып кеткен жағдайда, білім алушыға«F» деген баға қойылады.

Экономика және менеджмент кафедрасы мәжілісінде бекітілген

«___» __________ 2016 ж., № __ хаттама

Алматы технологиялық университеті

Экономика және бизнес факультеті

Экономика және менеджмент кафедрасы

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Инвестициялық жобаларды талдау» пәнінен

Алматы, 2016

Дәрістік сабақтар

Тақырып 1. Инвестициялық және жобалық талдаудың мәні

Инвестицияның заты мен классификациясы

Наши рекомендации