Бұл нұсқау психология курсының негізгі тақырыптары бойынша және

практикалық сабақтарды өткізуге арналып құрастырылды.

Негізгі мақсат – студенттердің оқу материалдарын ғылыми білім ретінде қолданып, біліктілік пен дағдыны қалыптастырып, оны ұзақ уақыт бойы естерінде ұстауға мүмкіндік туғызу.

Студенттердің семинарлық сабақтарды орындау үшін әдістемелік нүсқауда мына құрылымдарға сүйенеді,олар:

- Семинарлық сабақ тақырыбы.

- Мақсаты.

- Негізгі сұрақтар.

- Тапсырманы орындауға қажетті әдебиеттер.

Жалпы мақсаты- зерттелетін тақырыпты ашық талықылауды, қиындық туған мәселелер бойынша дауласуды жәе дискуссияға түсуді, текст бойынша жұмыс істеуге үйрену қажет.

Әдістемелік ұсыныс.

1. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» курсының статусы бойынша өзіндік жұмыс шеңберінде оқытушымен ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, таңдалған тақырыпты терең оқу.

2. Таңдалған тақырып барлық пәндер жүйесінде маңыздылығын анықтау.

3. Қаралатын сұрақтардың өзектілігін, олардың теориялық және тәрбиелік мәнін, қоғам өміріндегі ролін анықтау.

4. Аталған курстың тиісті тақырыптарын оқи отырып, қолданыстағы заңдармен танысу және зерттеу. Қолданыстағы заңдардың өзгерістеріне , ресми қабылданған және жарық көрген нормативтік құқықтық актілерге көңіл бөлу.

5. Қолданыстағы заң бойынша автоматтандырылған базадан деректер алу, сондай-ақ норматвтік құқықтық актілердің жинағын пайдалану.

6. Тілі қиын заңдар, терминдер және ұғымдар бойынша оны ұғыну үшін заңдық, қаржылық, экономикалық сөздіктерді пайдалану, сондай-ақ оқытушыдан кеңес алу қажет.

7. Аталған курстың оқуға Заң газеттері мен журналындағы ғылыми жариялымдар көмек береді.

8. Жұмыс жоспарын жеке жасап, жұмысты жазу кезінде пайдалану және оқу үшін әдебиеттер тізімін жұмысқа тіркеу.

9. Барлық тізбектелген құжаттарды қажеттілігіне қарай пайдалану, онда барлық статистикалық деректерді, жұмыста қолданылған бсқа хабарламаны көрсету арқылы диаграмма, графиктер, кекіндер, схема салу.

10. Жұмыс текстін ғылыми жұмыстарды хаттастыру бойынша менеджмент сапа жүйесінің талабына сәйкес жасау.

СӨЖ сабақтарында реферат бойынша сөзт сөйлеп, оның негізгі қағидаларын қорғау.

Әр тақырып оның негізгі сұрақтарын ашқанда және негізгі зерттелетін ережелерін қорғаған жағдайда 5 баллға дейін бағаланады.

СӨЖ-дің күнтізбелік – тақырыптық жоспар

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
1. Лауазымдық қылмыс ұғымы, субьектілері, функциялары. 1.«Лауазымдық қылмыстар» пәнінін ұғымы, мақсаты. 2.Субьектілері және негізгі прин-циптері 3.Лауазым иесінің функциялары пікірталас
2. Лауазымдық қылмыстардағы қылмыс құрамы, қылмыс түрлері. 1.Қылмыс құрамы ұғымы 2.Қылмыстың обьектісі, обьективтік жағы, субьектісі, субьективтік жағы 3. Лауазымдық қылмыстардың түрлері баяндама
3. Ұйымдасқан қылмыстар 1.Ұйымдасқан қылмыстар түсінігі белгілері, түрлері 2.Ұйымдасқан қылмыстардағы қылмыс құрамы 3.Ұйымдасқандық белгілері,топқа бөлінуі конспект
4. Ұйымдасқандықтың алдын-алу 1.Мемлекеттік міндетті атқаруға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар 2.Қаржы бақылауы,туысқандыққа байланысты мән-жайлар 3.Игіліктер мен артықшылықтар және құқық бұзушылыққа жағ-дай туғызатын жағдайлар. реферат
  Барлығы:    

Глоссарий

Парақорлық - қолданыстағы қылмыстың құқықта: қылмыстың үш түрін: пара алуды, пара беруді, парақорлыққа делдан болуды қамтитын ұғым.

Есі дұрыстық - қылмыстық құқықта: психикасы сау адамның қалыпты ахуалы.

Сот құзыреті - істерді қарау жөніндегі соттың заңмен белгіленген өкілеттілігі.

Заңи акт -(латыннын "Actus" құжат) -белгілі бір құқықтық ереже нәтиже туындататың, заңи ахуал жасайтын және бүкіл халықтық мүддесіне сай өндіріс тәсілдерін қалыптастыру, нығайту және дамыту мақсатымен қоғамдың қарым -қатынастарды жетілдіруге арналған ресми жазбаша құжат.

Актив -азаматқа немесе заңи тұлғаға тиесілі мүліктік құқылардың, мүліктердің жиынтығы.

Сот қорғауы — ҚР-ы азаматының конституциялың құқы; ҚР-ң конституциясына сәйкес әрбір азаматтың сот арқылы өз құқыларымен бостандықтарын қорғауға, жеке өміріне қол ұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясына болуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқы бар.

Алимент -әлдекімді асырауға жұмсалатын қаржы.

Алкоголизм -(арабтын "ал -құхұлу - ұсақ ұнтақ") -спиртті ішімдіктерді өлшемсіз ішіп, психикалық және тәни кеселге душар болу, ақырында жеке басының әлеуметтік тоқырауына ұшырауы.

Амнистия - (гректін "amnestia" -"ұмыту, кешіру") - қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінәра босату, не әлгі адамға сот тағайындаған жазаны, жеңілірек жазаға ауыстыру.

Аннексия - басқа мемлекеттің немесе ұлыстың жерін мемлекеттің зорлықпен қосып (басып) алуы, сондай-ақ бөгде мемлекеттің шекарасында ұлысты зорлықпен ұстап тұрды.

Апортейд - (африканың apartheid - "бөлектеніп өмір сүру") - нәсілдік кемсітушілік пен сегригацияның шектен шыққан пішімі.

Апотрид, бейазамет - (гректің apatris, apolis - "атамекенінен, отанынан айырылган ") - қандай да бір мемлекеттің азаматы саналмайтын адам.

Апелляция - (латынның - "жолдау", "шағын") — сот үкімін шағымдау пішімдерінің бірі.

Әкімшілік тұтқындау - әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне кей реттерде қолданылатын әкімшілік жаза.

Тәртіптік тұтқындау - қызмет тәртібінің немесе қоғамдық тәртіптің бұзылуына кінәлі адамға қолданылатын тәртіптік жауапкершіліктің бір түрі.

Мүлікті тұтқындау - құқықта: мүліктерді тізбелеу және оларға билік етуге тиым салу.

Аутопсия -(гректің - auto - "өзі "+ opsis - "көру") - өлімнің себебін (яки, адамның неден өлгенін) айқындау үшін мәйтті сойып қарау

Аффект - (латынын -"жан күйзелігі") - адамның қатты да терең уайымдауымен өңі өзгеріп, апшып ұстандылығының төмендеуімен сипатталатын шалтта шапшаң тегеуірімен өрбитін ахуалы.

Багаж - тасымалдау үшін транспорт ұйымының жауапкершілігіне тапсыратын жолаушының заттары.

Сот баллистикасы - ( "pallo" гректің "лақтырамын") - ататын қарумен оның оқтарын қолдануға қатысты қылмыстарды тексеру барысында пайда болатын техникалық мәселелерді зерттейтін кримминалистиканың бір атауы.

Қарақшылық - отандық қылмыстық құқықта: мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындарға мекемелерге ұйымдарга не жекелген адамдарға шабуыл жасау мақсатында қаруланған банда ұйымдастыру, ал мұндай бандаларга қатысу олар жасаған шабуылга қатысумен бара -бар болып саналады.

Хабарсыз кету - тұрақты тұратын жерінде азаматтық ұзақ уақыт бойы болмауын сот тәртібімен айқындау.

Қылмысты әрекеттсіздік - қылмыстық қылықтың бір түрі. Қасақылық - жан -жануарларды қорғау туралы заңдар мен ережелерді бұзып, аң -құс, балық аулау, өсімдіктерді, тал - бұталарды рұқсатсыз кесіп, жұлып, бүлдіру.

Валюта - Мемлекеттін ақшалық жүйесінің негізінде жататын ақша бірлігі.

Ведомство - Нақты бір мемлекетте қоғамдық өмірдін белгілі саласын немесе аясын басқаратын және мемлекетті басқару органдары жүйесіне кіретін орталық мекеме.

Вердикт - (латынның vere dictum - "дұрыс айтылған") төреші қызылар алқасының алдына қойылған мәселелер бойынша, әсіресе сотталушының кінәлілігін анықтау жөнінде шығарған шешімі.

Версия -(Version "түрін өзгерту") - тергеу мен сот қызметінде нақты қылмыстық істін дәлелдемелері мен басқа да деректі материялдарына негізделген және соған ұқсас істерді тексеру тәжірибесін ескере отырып құрылған, істі дұрыс шешу үшін маңызды оқиғалар мен деректердің қосылысының мәні бары немесе жағы туралы тергеушінің, не соттың болжамы, сонымен қатар оның туындауымен сипатын мүмкіндігінше түсіндіруі.

Парақорлық - қолданыстағы қылмыстың құқықта: қылмыстың үш түрін: пара алуды, пара беруді, парақорлыққа делдан болуды қамтитын ұғым.

Виктимология -(латынның Victrima - "құрбандық" деген) -криминологияның бір тарауы қылмыстық әрекеттің құрбаны туралы ілім.

Кінә-құқықта: өзінің құқыққа қайшы мінез-құлқы мен оның зардабына, құқық бұзу құбылысының субьектиетік жағына адамның психикалық тұрғыдан қарым-қатынасы.

Есі дұрыстық - қылмыстық құқықта: психикасы сау адамның қалыпты ахуалы.

Қылмыстық іс қозғау - қылмыстық істің бастапқы сатысы, мұнда жасалған немесе әзірленген қылмыстар туралы алынған мәліметтерді қарап шығып, прокурор, тергеуші, анықтау органы, сот, судья қылмыстық істі қозғау туралы немесе одан бас тарту т.б - жөнінде шешім қабылдайды.

Зиянды өтеу - зиян келтірудің нәтижесінде пайда болатын мүліктік залалдың өтемі.

Қылмыскерді ұстап беру - халықаралық құқықта: жасаған қылмысы үшін құдаланып жүрген адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе оған шығарылған үкімді орындау үшін бір мемлекеттің оны басқа мемлекетке ұстап беруі.

Бопсалаушылық - қылмыстық құқықта: елігінде мүлкі бар адамға, немесе оның туыстарына зорлық көрсету арқылы сондай-ақ, оны немесе оның жақын туыстарын масқаралайтын мәліметтерді жария ету қауіпін төндіру арқылы оған қысым жасап, қыспаққа алу амалын қолданып, мүлкін беруді талап ету.

Кепілдік - азаматтық құқықта: тен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынаста ғана қолданылатын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі.

Геноцид — халықаралық қылмыс түрлерінің бірі; нәсілдік, ұлттық этникалық немесе діни белгілер бойынша тұрғындардың дүлік тобын қырып - жою.

Мемлекеттік құпия — аса маңызды мемлекеттік мәні бар, әрі мемлекет тарапынан арнайы қорғалатын әскери, экономиялың және саяси сипаттагы мәліметтер.

Тонау - қылмыстық құқықта: мемлекеттік, қогамдың және жеке мүлікті адамның өмірі мен денсаулығына қатар төндірмей, зорлықсыз немесе зорлықпен ашықтап - ашық жымқырып кету.

Азаматтық - нақты бір мемлекетке адамның саяси және құқықтың жағынан телінуі.

Айыптау үкімін орындау мерзімі - қылмыстық заңмен белгіленген мерзімі ол өтіп кеткеннен кейін айыптау үкімі, егер ол бұған дейін орындалмаған болса, енді орындалуы мүмкін емес.

Әрекетке қабілеттілік - іс әрекеттермен құңылар иеленуге және өзіне заңи міндеттер алуға, сондай-ақ құқық бұзушылың әрекет жасаганы үшін жауапкершілік арқалауға тұлғаның қабілеттілігі.

Қашқындық - қылмыстық құқықта: Әскери қызыметшінің әскери қызыметтен жалтару бөлімшені немесе қызмет орның өз бетімен тастап кету сонымен қатар тап сондай пиғылмен тағайындау, орнын ауыстыру кезінде қызметке келуі, іс сапардан еңбек демалысынан немесе емдеу орнынан оралуы.

Қылмыстық қылық — қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық —қарым қатынастардың шырқын бұзған, адам мінез-құлық нормаларынан ауытқыған, әлеуметке қарсы бағытталған акт.

Диспаша - жалпы авария бойынша шығынды есептеп шығару дәне олардың құнына өлшей отырып, оларды нешенің, фрахтының және жүктің арасында бөлу.

Масқаралау -(латынның diffamare -"жария ету") -әлдекімді масқаралайтын мәліметтерді жұрттылыққа жария ету.

Анықтау -(құқықта: тергеп -тексеру пішімдерінің бірі; іске қатысушылардың құқықларының субьектісі, арқауы және ауқымы жөнінен анықталудың алдын —ала тергеуден айырмашылығы бар.

Дәлелдемелер — қылмыстық және азаматтық іле: заңда белгіленген тәртіппен алыңған және істің материялдарында бекітілген қылмыстық немесе азаматтық істің дұрыс шешімін табу үшін маңызы бар мәнжайлар туралы нақты деректер (мәліметтер).

Жауаптау - қылмыстық және азаматтық істе, нақты іс үшін елулі мәні бар мән -жайлар туралы ауызша мәліметтерді - алуға және беркіндірге бағытталған тергеу мен сот әрекеті.

жергілікті өзін -өзі басқару органына, лауазымды басшыға өз құқықылары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы жөнінде ауызша не жазбаша түрде арыздануы.

Құрбандық - заңи жауаптылыққа тартылатын іс-әрекеттердің кесірінен тікелей немесе жаңама түрде материялдық емес зиян шегіп, зардап тартатын азамат, не болмаса заңи тұлга.

Шатасу - азаматтық құқықта: әлдебір адамның өзі кіріскен мәміле жөнінде жансақ ұғынғандығын білдіру үшін қолданылатын аталым.

Ұстау - қылмыстың істе: қамуға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу, ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында қылмыс жасады деп сезіктілген адамға қолданатын қысқа мерзімді мәжбүрлеу шарасы.

Қамауда ұстау - қылмыстық істе: бұлтартпау шараларының бір түрі. Қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеу және соттың таңылау кезеңінде бостандығын еріксіз шектеуден тұрады.

Қамалушы - бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау қолданылған қадам (әдетте, бір жылдан асамерзімге басбостандығынан айыру түрінде жазалау заңмен көзделген қылмыстар жөніндегі істер бойынша қолданылады).

Заң - кен мағынада алғанда: бүкіл норматиетік - құқықтық актілер, мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелер.

Заңды өкіл - құқықта: әркетке қабілеті жоқ, әркетке қабілеті шектеулі, немесе әрекетке қабілеті бола түра, тәни жағдайының салдарынан өзінің құқықларын және өзінің міндеттерін жекелей жүзеге асыра алмайтын адамдардың жеке басының, мүліктік құқықлары мен заңды мүдделерін, заңның күшімен барлық мекемелерде, соның ішінде сот мекемесінде қорғауға қатысатын азамат.

Істі сырттай қарау — қылмыстық істе: соттаушы адамның қатысуынсыз соттың іс-қарауы.

Өтініш - мекемеге немесе лауазымды басшыға жасалатын бір адамның ресми өтініші.

Идентификация - (латынның identificare "ұқсастыру") -соттық дәэлелдемелер алу мақсатында жалпы және жеке нышандарының жиынтыгын салыстыру тәсілімен зерттеу арқылы нақты объектінің немесе тұлғаның ұқсастығын айқындайтын кременалистикадағы процесс.

Зорлау - қылмыстық құқықта: күш қолдана, қауіп төндіре отырып, немесе жәбірленушінің дәрменіз жағдайын пайдаланып, жыныстық қатынас жасауы.

Жазаңы даралау жекелеу - жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін, кінәлінің немесе жеке басын, сондай-ақ жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын тестік ретінде заңмен көзделген мән-жазайларды ескере отырып, заң белгіленген шекте жазаны тағайындау.

Сот инстанциясы - белгілі бір құдіретпен сотта іс тараудың сатылары.

Жазаны атқару - жазаны қолдану туралы соттың айыптау үкімінің нұсқаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттің өкілетті органдарының қызметі.

Кассациялық шағым - заңдық күшіне еңбеген соттың үкіміне немесе шешіміне жасалатын шағым.

Қылмысты саралау - қылмыстық қылық нышандарының арнаулы заңда көзделген қылмыс құрамы нышандарына сәйкестігін айқындап, қылмыстық - құқықтық тұрғыдан баға беру.

Сараланған қылмыс — Қылмыстық Кодекстің айрықша бөлімінің тиісті баптарында тікелей көзделген бір немесе бірнете нышандары бар қылмыс.

Конституция - нақты бір елдің қоғамдық экономикалық басқару және мемлекеттік құрылым пішімдерінің, жеке адамдардың құқықтық ахуалын, жоғарғы және жергілікті өкіметпен басқару органдарының ұйымдың тәртібі мен құзыретін, сот билігін жүзеге асыруды, сайлау жүйесін ұйымдастыруды айқындаушы негізгі заң.

Контрабанда - (contra - "қарсы" + bando - "үкімет өнімі " деген сөзден шыққан) экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

Мүлікті кәнфескелеу - құқық бұзғандық үшін қолданылатын санкция ретінде мүліктерді мемлекет меншігіне еріксіз, қайтарымсыз алып қою.

Ұрлық - мүлікті жасырын түрде жымқыру; қоғамдық немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың сапасына жатады.

Криминалистика - (латынның crimitalis - "қылмысқа қатысты" деген сөзінен шыққан бұл термин) - соттың дәлелдемелерді жинақтаудың, тиянақтаудың, зерттеудің және пайдаланудың арнаулы тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының жүйесін жасақтайтын ғылым.

Наши рекомендации