Шығыс Еуропадағы және ТМД-ғы метрология

Көптеген мемлекеттерде метрология туралы құқықтық негіздері бекітілген, ал заңдылық метрологиясы мемлекеттің басқару құралы ретінде қолданылады. Мемлекеттің басқару объектісі - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады. Мемлекеттердің парламенттерімен қабылданған заңдылық актілері Заңдылық метрологияның халықаралық ұйымының (ЗМХҰ) әдістемелік құжаттарымен және өнеркәсіптері дамыған мемлекет-тердің метрологиялық заңдарымен үйлестірілген.

Осы аймақтағы мемлекеттердің мемлекеттік және жекешелен-дірілген метрологиясының қатынасы экономиканың өзгеру дәрежесіне байланысты. Мемлекеттік шығындарды азайту мақсатында, мемлекет кейбір метрологиялық жұмыстарды әр түрлі жеке меншік формалы өндірістерге беруге мұқтаж болды. Сонымен қатар метрологиядағы талаптар мен ережелердің үйлестірілуі – маңызды фактор болып табылатындығын барлық мемлекеттер түсініп қабыл алды.

Венгрияда метрологиялық жұмыстарын – метрология жөніндегі Мемлекеттік басқару деген ұлттық орган басқарады. Негізгі құқықтық актілері 1991-92 жылдары қабылданған, оның ішінде Мемлекеттік Декреті N127/91 және Метрология туралы заң (1992ж). Батыс еуропалық мемлекет заңдылықтарымен үйлестірілген.

Болгариядағы метрологиялық жұмыстар 1952ж. қабылданған және МОМЗ ұсыныстарының қолдауымен 1995ж қайта қарастырылған “Мөлшер мен өлшеу аспаптары туралы” заң бойынша жүргізіледі. Стандарттау және метрология Комитеті - Ұлттық орган болып есептеледі. Мемлекеттік метрологиялық құрылымға Метрология туралы Ұлттық орталық және 15 аймақтық орталықтар кіреді.

Польшада метрологияның жаңа тарихы 1993ж “ Мөлшер туралы” заң қабылданған кезінен басталды. Осы заңның негізінде Мөлшер басқару басшылығы құрылған, оның негізгі міндеті – метрологиядағы ұлттық талаптарды ЕС ережелеріне және нормаларына үйлестіру. Өлшеу құралдарының түрін бекіту және салыстырып тексеру туралы жұмыстарын тек қана Мемлекеттік метрология қызметінің өткізу құқығы бар, бұл Калибровкаға жеткізу үшін негізгі талап болып табылады. Мөлшер басқару басшылығы МОМВ, МОЗМ және метрология жөніндегі еуропалық ұйымдармен тығыз байланысты жұмыс істеуде.

Чехияда Метрология туралы заң 1990ж қабылданды. Сонымен қатар метрологиялық жұмыстар стандарттау және өлшеу туралы Басшылығы үкілімен реттеледі. Метрология саласындағы Ұлттық орган – Экономика министрлігіне бағынатын стандарттау, метрология және сынау жөніндегі Чештік басқармасы болып табылады.

Словенияда метрологиялық жұмыстар 1991ж. “Метрология және салыстырып тексеру туралы” заң қабылдану және ғылым мен метрология министрлігіне бағынатын стандарттау және метрология жөніндегі басқармасы құрылуы кезінен бастап жүргізіледі. Заңның ішінде негізгі қағидалар, бірлік пен өлшеу құралдары, эталон, метрологиялық ережелер және т.б. мәселелер қарастырылған.

Румынияда 1992ж. Үкіметтің бүйрығымен заңдылық метрология-сының Румын Бюросы құрылған, ал 1994ж. – “Өлшеу туралы” заң қабылданған. Бюроның негізгі функциялары: заңдылық метрология-ның негізін әзірлеу; ұлттық эталондар жүйесін сақтау; мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізу, тәртіп бұзуды анықтау және айып пул санкцияларын қолдану; өлшеу құралдарының түрін бекіту; салыстырып тексеру және калибрлеу лабораторияларын аккредиттеу. Метрология жөніндегі территориялық басқармаларды өлшеу құрал-дарының сынау лабораториялары және Ұлттық метрологиялық институты осы Бюроға бағынады.

Заңдылық метрологиясы мына салаларда басты түрде таралады: сауда, денсаулық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жолаушы және зат тасымалдау транспортының қауіпсіздігі, еңбек қорғау және т.б.

ТМД-ғы мемлекеттердің метрологиялық жұмыстарын дамыту үшін жүйелік жұмыстар жүргізіледі.

Белоруссияда заңдылық метрология аймағында мемлекеттік саясатын “Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы” заңына негізделген Белстандарт жүргізеді, заңдылық метрологиясында терминмен анықтамалар, эталондар, өлшем бірлігін эталондардан өлшеу құралдарға беру, стандарттық үлгі және стандарттық анықтама мәліметтер, мемлекеттік сынау және түрін бекіту, метрологиялық қадағалау және бақылау, халықаралық достылық және мамандарды дайындау мәселелері қарастырылады.

1993ж. Украина мемлекетінің министрлік кабинеті қабылдаған “Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы” декрет метрологиялық жұмыстардың құқықтық негізі болып табылады. Бұл декрет мемлекеттік метрология қызметінің ұйымдастыру құрылымын, мақсаты мен міндеттерін, өлшеу құралдарына қойылатын негізгі талаптарын, эталондар жүйесінің құрылуын және жұмыс істеуін анықтап құрады, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен бақылау объектілерін анықтайды.

Жалпы айтқанда қазіргі кезде метрология саласында ең маңызды проблема – метрологиялық ережелер мен нормаларды халықаралық және еуропалық деңгейге жеткізу.

Наши рекомендации