Емлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының (Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы) бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

кімшілік басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Департаменттің қаржылық жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Бюджет қаражатының дұрыс және тиімді жұмсалуына және ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджет саясатын іске асыру. Департаменттің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі. Департамент қызметкерлерінің ақшалай үлесін, жұмысшылардың жалақыларын есептеу және төлеу, бюджеттік тапсырыстары мен қаржыландыру жоспарларын жасау. Департаменттің стратегиялық жоспарының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлігін әзірлеуге қатысу. Департаменттің қажетті көлік құралдары мен басқа да керек-жарақтарын қамтамасыз ету. Департаменттің балансында есепте тұрған материалдық қорлар мен негізгі құралдарды есепке алу. Орта мерзімді кезеңге арналған белгіленген стратериялық бағыттар мен әлеуметтік-экономикалық дамытуды ескере отырып, бюджет қаражатын шығындау бойынша ұсыныстар әзірлеу. Департаменттің теңгеріміне бекітілген мүліктерді күтіп ұстау, қызмет көрсету, жөндеу және тиісті түрде сақтау. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге тапсырыстар және жеке жоспарларына өзгерістер енгізуге анықтамалар беру. Мемлекеттік сатып алулар бойынша мониторинг жүргізу, есеп қалыптастыру. Алғашқы құжаттарды, бухгалтерлік есепке алу, бюджеттік, қаржылық тіркемелерді және өзге есептерді мұрағатқа тапсыру үшін оларды қамтамасыз ету және сақтау. Бюджеттік бағдарлмаларды іске асыру тиімділігін мониторингілеу, экономикалық талдау және бағалау. Департаменттің мемлекеттік сатып алу жоспарларын құру. Департаменттің мемлекеттік сатып алулары жүргізілуін үйлестіру. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Уақытылы тоқсандық, жартыжылдық және жылдық барлық қаржылық, статистикалық және салық есептіліктерді дайындау және тапсыру. Департамент басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Экономикалық (экономика, қаржылық, бухгалтерлік).

кімшілік басқармасының бас маманы (уақытша, 2019 жылғы 27 қыркүйегіне дейін негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Департаменттің құпия және құпия емес іс қағаздарын жүргізілуін ұйымдастыру. Департаменттің бақылау құжаттарының уақытылы орындалуына, сондай-ақ өтініштердің қаралуына мониторинг жасалуын қамтамасыз ету. Департаменттегі құжат айналымына талдау жасау және оны оңтайландыру мен қысқарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Құпия іс-қағаздар жұмысын Қазақстан Республикасының құпияларды қорғау саласындағы заңнамаларына сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру. Департаменттің істер номенклатурасы әзірленуін, Департаменттің қызметінде сақтау мерзімі көрсетіле отырып қалыптастырылатын құжаттардың тізбесін жасауды қамтамасыз ету. Департаментте мемлекеттік тілді дамытуды ұйымдастыру. Департаменттің қызметінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Департаменте мемлекеттік тілді дамыту бойынша іс-шаралар өткізілуін қамтамасыз ету. Департаментте әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың және басқа да құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі жобалары мәтіндерінің сәйкестігін қамтамасыз ету. Өтініштерді, кіріс және шығыс құжаттарын қабылдау, тіркеу, Департаменттің негізгі қызметі жөніндегі бұйрықтарды есепке алу және сақтау, жоғары тұрған мемлекеттік органдардан (Агенттік және т.б), оның ішінде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша келіп түсетін кіріс құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді және белгілеуді жүзеге асыру, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Департамент басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Педагогикалық (қазақ тілі және әдебиеті), құқықтық, экономикалық немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету.

емлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының (Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы) бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Әдеп жөніндегі кеңес туралы Ережесінде қарастырылған қызметтердің іске асырылуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік тәртіпті нығайту бойынша әкімдер мен мемлекеттік орган басшыларына ұсыныс пен пікірлер әзірлейді; Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың, қызметтік әдеп нормалары талаптарының облыстағы мемлекеттік органдарда сақталуына тексеру жүргізеді; Келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес тіркеліп, тексеріліп қаралуын қамтамасыз етеді, Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасымен қозғалған тәртіптік іс бойынша қызметтік тексерістер жүргізеді, материалдарды зерделейді, әдеп жөніндегі кеңес отырысының өткізілуін ұйымдастырады, орындалуына жауапты болады; Департамент басшысының тапсырмасы бойынша және лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған басқа да міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқықтық.

Наши рекомендации