Бақылау сұрақтары. 1. Банкаралық несиелік ресурстар
1. Банкаралық несиелік ресурстар
2. Овернайт түсінігі
3. Күндізгі займ мазмұны
4. Банктік депозиттік емем ресурстары
Қолданылатын әдебиеттер:Н.Ә-4,5,6.
Тақырып. Активтер және коммерциялық банктің активтік операциялары мен активтер портфелі
Дәрістің мақсаты: Банк активтерінің жіктелуін және экономикадағы рөлін анықтау, активтер қоржының қалыптасуы мен басқарылуының теориялық, тәжірибелік жағдайын қалыптастыру.
Дәріс жоспары
1. Банк активтерінің сипаты мен сапасы
1. Банк активтернің жіктелуі
Тақырып бойынша түсініктер:бағалы қағаз, инвестициялар, актив сапасы, актив өтімділігі, банк резервтері.
1.Банк активтері – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендіруіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін мындадай төрт топқа бөлуге болады:
· Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
· Несиелер;
· Бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
· Банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне , табыс әкелуіне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс.Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктелейді. Өтімділігіне қарай банк активтері мынадай топтарға бөлінеді:
1) Жоғары өтімді активтер,
2) өтімді активтер,
3) ұзақ мерзімді өтімді активтер.
Жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
· кассадағы қолма-қол ақшалар;
· орталық банктегі корршоттардағы қаражаттар;
· мемлекеттің қарыздық міндеттемелері;
· ЭЫДҰ-на (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мүше елдер, яғни бейрезиденттердің банктеріндегі тұрақты валюта салынған корршоттағы қаражаттар;
· Ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар.
Банктің бұл қаражаттары банктің айналымын қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.
Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күндәі құрайтын , шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.
Ұзақ мерзімді активтерге бір жылдан уақытқа берілген несиелердің бәрі , сондай-ақ 50 кепілхат және кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Өкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген несиелерді шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке қойылатын талаптарды орындауға тиіс, демек, олардың жоғары өтімді , өтімді және ұзақ мерзімді өтімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомаларына және типтеріне сәйкес келуі керек.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:
1-топ. Алғашқы резевтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең тиімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
· Касса:
· Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар;
· Инкассациялау процесіндегі чектер мен өзге төлем құжаттары;\
· Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резевтер - бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыру болады. Оларға мыналар жатады:
· Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар;
· Талап етілетін несиелер (онкольдық);
· Бірінші класты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы резевтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.
3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі – банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топтың пайдасының басты көзін құрайды.
4- топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.
2. ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға өқарсы провизиялар құру туралы» ережесіне сәйкес, банктер Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық банктің Банктерді қадағалау депатаментіне активтері мен шартты міндеттемелердің жіктелуі және олар бойынша провизиялар құру туралы мәліметтер береді.
Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктере байланысты банктің талаптары жатады.
Аталаған ережеге сәйкес активтер мен шартта міндеттемелеор стандартты және жіктелінген болып бөлінеді.
Жіктелген активтер қатарына жатпайтын актитвре стандартты болып бөлінеді.
Жіктелінген актитвер мен шартты міндеттемелер күмәнді және үмітсіз болып бөлінеді.
Жіктелінген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.
Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу санаттарына байланысты жүзеге асады.
Жалпы жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизия құру тәртібі және резевтеу барысы 10-кестеде берілген