Тапқырлықты және ұтқырлықты ұйымдастыру

Техникалық шығармашылыққа – ашылым, жасалым және тапқырлық ұсыныстар жатады.

· Ашылым – материалдық әлемнiң объективтiк заңдылықтарын, қасиеттерiн және құбылыстарын ашу.

· Жасалым – тәжiрибеде iске асатың, айтарлықтай жаңа тиiмдi техникалық есептердiң шешiмi.

· Тапқырлық ұсыныстар – еңбектi, өндiрiс құралдарың тиiмдi пайдалануға бағытталған ұсыныстар.

Ашылым жасаған авторына (иесiне) арнаулы диплом берiледi. Жасалымға авторлық күәлiк немесе патент, ал тапқырлық ұсыныстар иесiне күәлiк берiледi. Жасалым иесiне сұрауы бойынша патентте беруге болады. Бұл жағдайда автор патентiн сатуға немесе басқа оған қызыққан кәсiп-орындарының пайдалануы үшiн белгiлi сыйақыға ұлықсат (лицензия) бере алады. Патент арыз бергеннен бастап 15 жылға берiледi.

Тапқырға халық шаруашылығындағы экономиканың тиiмдiлiгiне байланысты сыйақы төленедi. Ашылымға оң техникалық шешiм және экономикалық тиiмдiлiк алғаннан кейiн дұрыс сұраным (мәлiмдеме) жасау керек.

Дайындалған сұранымдарды тапқырлық және табылым iстерi жөнiндегi мемлекеттiк комитетке жiбередi. Патенттiк ақпарат жұмыстарың үйлестiруiң және салалық патент қорының есебiн патенттiк ақпарат және техника-эко-номикалық зерттеу-ғылыми институтының орталықтары жүргiзедi.

Өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруда ұтқырлық жұмысты ұйымдастырудың маңызы зор. Ұтқырлықты мойындау үшiн автор жазбалы түрде оның мәнiң, қажеттi түсiнiктемелердi, сұлбаларды, эскиздердi көрсетiп арыз бередi. Оны мойындағаны және пайдаланғаны, немесе қабылдамағаны жөнiнде 15 күн iшiнде шешiм алынады. Бұл жұмыстары мен кәсiпорындарында тапқырлықтар және ұтқырлықтар бюросы айналысады.

Кәсiпорындары кәсiпшiлiк ұйымдары мен бiрге перспективалық және күнделiк тематикалық жоспарлар жасайды. Бұдан басқа тапқырлық және ұтқырлық ұсыныстарды еңгiзудiң жоспарлары, олардаң алынатың үнемнiң жоспарлары және осы жұмыстарды қаржыландырудың жоспарлары жасалады.

Дәріс 3. Еңбекті техникалық нормалаудың негіздері

Еңбекті нормалаудың әдістері

Еңбекті нормалаудың сараптамалық зерттеу әдістерінің маңызы

Бақылау әдістері арқылы жұмыс уақытын фотографиялау, сәттак бақылау әдісі, хронометраж, фотохронометраж жұмыс уақытының шығындарын зерттеу

1. Еңбекті техникалық нормалау – кәсіпорынның экономикалық жұмысының бір бағытты факторлары. ЕТН – бұл өндіріс процесі ерекшеліктерін терең зертттеу, еңбектің тиімді жағдайы мен озат әдістерін зерттеу көмегімен еңбекті рационалды ұйымдастыру негіздерін қалау, іске енгізу.

Еңбекті нормалау кез-келген кәсіпорындарда оның қалыптастырушы және ұйымдастырушы күші болып саналады.

Техникалық нормалаудың негізгі мақсаты - өндіріс процесін еңбек және материалдық ресурстарын оптималды шығындау арқылы жүргізу.

Кәсіпорында еңбекті нормалау уақыт нормасын, өнімділік, қызмет ету, адам санын нормалау және нормалау тапсырмаларын шығару бағытында өткізіледі.

Уақыт нормасы бұл белгілі бір техникалық ұйымдастырушылық жағдайда керекті квалификациядағы бір немесе бірнеше топ жұмысшыларымен өткізілетін өнімнің немесе жұмыстың уақыт шығындары.

Өнімділік нормасы – бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір уақыт бірлігі ішінде өндірілген өнімнің немесе операциялар саны.

Уақыт нормасы мен өнімділік нормасы бір-бірімен кері байланыста болады.

Қызмет ету нормасы – бір жұмысшыға немесе жұмысшылар тобына келетін жабдық, жұмыс орны, агрегаттың немесе жұмыс ауданының саны.

Адам саны нормасы – жалпы жұмыс көлемін атқаруға керекті жұмысшылардың категориялары бойынша максималды саны.

2. Еңбекті нормалауда жалпы нормалар келесі топтарға бөлінеді:

1.Бірыңғай нормалар бірдей ұйымдастырушылық техникалық жағдайда тақарылатын технологиялық біртектес еңбек операциялары мен процестеріне тағайындалады.

2.Жергілікті нормалар – тек өзінің ұйымдастырушылық техникалық жағдайына сәйкес келетін операциялар мен жұмыстарға кәсіпорын өзі тағайындайтын нормалар.

3. Ірілендіріп нормалау деңгейіне байланысты нормалардың дифференциалдық, іріленген және кешенді нормалар болып бөлінеді:

· Дифференциалдық нормалау – операциялардың жеке элементтеріне тағайындалады. Қолдану жері – потокты және ірі сериялы өндірісте нормалаудың жоғарғы дәлдігі керек.

· Іріленген нормалау – процесс кезегінде оны толығымен бөліктерге бөлмей, тұтас бір бөлік ретінде қарастырған жағдайға тағайындалады.

· Кешенді номалау - өнім немесе жұмыс көлемінің бірлігін өндіруге бағытталған белгілі бір жұмыстар кешенінен таратылған еңбек шығындарын білдіреді. Мысалы, оларды 1 т мұнайға, 1000 м3 газға, 1 ұңғыға қолданады.

Наши рекомендации