Азақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері

Қазақстан қоғамының саяси мәдениеті адамдардың санасы мен мінез-құлқында қоғамдық болмыстың мейлінше ала-құла, елесті көрінісі болып табылады.

Осы заманғы Қазақстанның саяси мәдениетін саяси мәдениетін қандай түріне жатқызуға болады? Қазақстанның саяси мәдениетінің өткендегі үлгісі тоталитарлық мәдениет түрінде болды, онда халықтың негізгі бұқарасы билік пен билік жүргізуші институттар жететіне көр-соқырлықпен ерген бодандар рөлін атқарды және осы рөлін өзгертуге ұмтылмады. Қазақстан демократиялық өзгерістер процесіне енгеннен кейін, яғни өтпелі кезеңде, нарықтық экономиканы, қоғамдық өмірді барлық жағынан, демократияландыруды жариялаған кезде саяси мәдениеттің тоталитарлық үлгісінен демократиялық үлгісіне таралуын күтуге тура келді. Бірақ бұл күту сәтті болмады, мұның өзін нағыз саяси шындық дәлелдеп берді. Қазақстан саясаткерлері әділ атап көрсеткеніндей, Қазақстан демократия мұраттарына өзінің бейіл екенін мәлімдей тұрса да, шынайы демократия біздің мемлекетіміздің өтпелі кезеңінің алыстағы мақсаты болып табылады. Егемендік алып, құрылымдық өзгерістерді жүргізе отырып, Қазақстан қоғамы жуықтағы өткен кеңестік кезең дәстүрлерінің ауыртпалығынан қазірге дейін құтыла қойған жоқ. Мәселен, саяси сана-сезім саласында дәстүршілдік күшті болып қалып отыр, ол саясат мәселелеріне бейілсіздіктен, билікке табынушылықтан, әсіре төзімділігінен және ырықшылдығынан, әлеуметтік даму мешеулігінен көрінеді.

Қазақстан қоғамының саяси мәдениетіне мынадай белгілер тән болады:

а) ұжымдық немесе қауымдық ақлиқаттың нормаларына бағдарлану;

б) саяси және өзге мәселелерде идеологияланушылық (бәрінен де бұл еткеннің салдары болса керек);

в) билікке саяси адалдық пен бостандық көзқарас;

г) құқықтық көрсоқырлық пен құқықтық сана-сезім деңгейінің жоғары болмауы;

д) саяси ырықшылдыққа бейімділігі (нақты саяси режимнің ыңғайына көну);

е) саяси білімдер мен тәжірибенің жетіспеуі.

Сонымен, Қазақстанның саяси мәдениеті тоталитарлық саяси мәдениет пен авторитарлық мәдениет арасындағы аралық тұр болып табылады.

11-ші тақырыпқа бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік тіл саясатының обьектісі ретінде.

2. Қазіргі замандағы саяси мәдениеттің өзгешіліктері.

3. Менталитет: әлеуметтік – саясат өмірде пайда болуының ерекшеліктері мен маңызы.

Саяси идеология

1. Саяси идеология.

2. Идеологияның қызметтері.

3. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері.

Саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің «идея» бейне және «логос» - білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми әдебиетке француз ғалымы, философы А.Дестют де Траси кіргізді. Идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс - әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат - мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзкарастар жүйесін айтады.

Идеология - саяси, құқықтық, этникалық, діни, эстетикалық, философиялық болып келеді. Сонымен бірге қандай идеология болсын, саясатпен тығыз байланыста болады.

2 сұрақ. Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол мынадай қызметтерден білінеді: -идеологияның танымдық рөлі;бардарламалық қызметі;жұмулдыру, іске тарту;бағалау қызметі.

Саясаттың қандай субъектісі болсын идеология кажет. Ол адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың басшылықтың құралы.!! Қазіргі Қазақстан идеологиясы жаңадан қалыптасуда. Ол бұрынғы коммунистік идеологиядан және қазіргі либералдық батыстық идеологиядан бөлек. Қазақстан идеологиясының мақсаты - Республика тәуелсіздігін ныгайтып, көп этникалық қазақстандықтарды ел муддесі идеясына топтастыру, адамдардың ұлттық және жалпы қазақстандық патриоттық санасын қалыптастыру. Идеология философиялык сөздікте қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде анықталады. Бұл терминді ғылыми лексикаға алғаш енгізген XVIII ғасырдагы француз - ғалымы А. Дестют де Терси. Саяси идеология белгілі бір топтың мүддесін көрсететін және оны саяси билік арқылы немесе саяси билікке ықпал ету арқылы қорғайтын қоғам азаматтарының белгілі бір бөлек көзқарастарының, идеяларының жүйелі жиынтығы. Саяси идеология бұхаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Олар қоғамдық сананы қалыптастырудың негізгі құралы. Бұхаралық ақпарат құралдарының рөлі президент, парламент сайлаулары кезінде артады. Олар жарнама арқылы үгіт - насихат жұмыстарын жүргізеді.

3. Қазіргі заманда саяси идеологияның мынадай түрлері бар:

либераддық; консервативтік; коммунистік; социал – демократиялық; фашистік.

1) Либерализм (латынның либералис - еркін деген сөзінен шыққан). Либералдық идеологияның негізгі принциптері адамның еркіндігі, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының қоғам немесе мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.

2) Консервативтік (латынның консервативус - қорғаушы деген сөзінен шыққан).

3) Коммунистік (латынның комунис -жалпы деген сөзінен шыққан). Негізін салушылар Маркс пен Энгельс. Олардың ойы - жүмысшы тобының күшімен революция орнату.

4)Социал – демократия идеологиясы «демократиялық социализм» идеясын алға тартты. Негізгі құндылықтары -еркіндік, теңдік, әділеттілік, ынтымақтастық.

5) Фашизм (италияның фашизмо - бірлестік деген сөзінен шыққан), 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф.Ницше, О.Шпенглер. Фашистік идеологияның негізгі қағидалары А. Гитлердің «Менің күресім» (1925) деген кітабында баяндалады. Оңда соғыс тазартушылық процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан «артықшылығы» дәріптеледі.

Тапсырма:

1. Қоғам мен жеке адамның өмірінде идеологияның маңызы.

2. Қазақстандағы идеологиялық жағдай қандай.

Наши рекомендации