Тақырып. Тоталитарлық жүйе тұсындағы мәдени үрдістер

1. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.

2. Мәдениет пен мәдени революция мәселесінің лениндік-сталиндік тұғырнамасы .

3. Социалистік түрдегі ұлттық мәденитті қалыптастыру: тарихы мен сабақтары.

4. Дінге байланысты мемлекеттік саясат және оның жүзеге асырылуы.

5. Мәдениет саласындағы саяси қуғындаулар мен цензура.

ХХ ғасыр басында дүние жүзін шарпыған техникалық және демократиялық даму үрдісі Ресей отарына айналған елдерге де жете бастады. Отаршыл үкімет қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан материалдық және рухани мәдение мұраларын жоққа шығару, халық жадынан өшіру мақсатында жанталаса жұмыс жүргізді. Қазақ халқының ұлттық ойлау жүйесінің өзегі болып табылатын оқыған зиялы азаматтар мүлгіген сананы оятуға өз үлестерін қосты. А.Байтұрсыновтың «масасы», М.Дулатовтың «Оян қазағы», Ә.Бөкейхановтың «жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары – қазақтарға» үндеуі қазақ халқының ұлттық санасын оятудағы маңызды қадам болды. Алаш зиялылары таратқан ұлттық идея азаттық күреске ұласты. Қоғамдық қатынастар өзгеріп, елде аласапыран оқиғалар орын алған кезде де, алаш зиялылары қоғамдық-саяси мәселелермен қатар ағартушылық қызметті өз мойындарына алды. Оқыған қазақ зиялылары қоғамның барлық салаларына араласып өз ой-пікірлерін , көзқарастарын батыл баяндады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Дулатов бастаған қазақ зиялыларының «Қазақ» газетін шығарудағы басты мақсаты да білісм тарату, ұлттық тарихи-мәдени мұраны тірілту, халықтың рухани болмысын ояту болатын

Алаш зиялылары өздерінің «Қазақ» газетінде жарық көрген арнайы зерттеулерінде, тарихи мақаларында, тәңірге сену, шамандық, ислам діні, эпостық-лирикалық жырлар, шешендік сөз өнері, даналық сөздер, фольклор, салт-дәстүр, ұлттық философия жайында жазды.

Алаш зиялылары ұлттық тарихи-мәдени мұраны игеру жөніндегі еңбекетірінің құндылығы уақыт өткен сайын арта түсуде. Алаш зиялылары қазақ ел болып, мемлекет болып тұру үшін өз бет-бейнемізді сақтап, қазақы ділімізді таза ұстауға ерекше мән берді. Қазақ зиялылары ұлттың болашағы үшін бастарын қатерге тіге отырып та, ел ертеңіне деген сенім мен үмітті орнықтырып, халықтың халық болып қалуы үшін шексіз қызмет жасады. Саяси билікті қолдарына алған большевиктер партиясы мен оның көшбасшысы аса маңызды міндеттердің бірі - мәдени революция де санады. Мәдени революция социалистік қоғам орнатудың, кооперациялаудың, шаруаларды жаңа құрылысқа тартудың басты шарттарының бірі ретінде қарастырылды. ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс «ақтаңдақтарын» идеяның іске асырылу жолдарын шартты түрде үш кезеңмен қарастыруға болады.

Бірінші кезең: Қазан төңкерісінен 1918 жылдың ортасына дейін. Бұл кезеңде кеңес өкіметі мәдениетке байланысты негізгі декреттерін шығарып, мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. 1917 жылдың 26 қазанында Кеңестердің ІІ съезінде алғашқы декреттер қабылданды. Ең басты мақсат – халықтың сауатсыздығын жоюмен қатар, оның психологиясын, санасын жаңа арнаға түсіру, социализм идеясына берілгендік рухында тәрбиелеу болды.

Екінші кезең:Азамат соғысы жылдары – 1918 жылдың ортасынан 1920 жылдың аяғына дейін. Бұл кезеңде мәдени жұмыстардың сипаты да өзгерді. Елдегі «соғыс коммунизм» саясатына орай мәдени құрылыстағы жұмыстар да әскери ағарту жұмысын жүргізу, соғыс және шаруашылық істерінен кейінгі үшінші майдан ретінде жарияланды. Мәдени революцияның большевиктік тұжырымламасын одан әрі дамытатын бірқатар құжаттар қабылданды. Олар «Пролетарлық мәдениет туралы» қарардың жобасы және юасқа да мәдениетке қатысты құжаттар.

Үшінші кезең:1921-1923 жылдар. Бұл кезде мәдени саланы ұйымдастыру, басқару ісіне партияның ықпалы арта түсті. В.И.Ленин «Күделік дәптердің беттері» мақаласына сауатсыздыққа қарсы шаралардың бағдарламасын жасап берді. Онда негізінен үш мәселеге көңіл бөлінген: 1) ағарату саласын қаржымен қаматамасыз ету; 2) мұғалімнің материалдық және мәдени-идеялық деңгейін көтеру; 3) қаланың селоға көмегін ұйымдастыру.

1918 ж. 31 қазан РСФСР ХАК-нің «Аз ұлттардың мектептері туралы» қаулысы. 1919 ж. 26 желтоқсан «РСФСР халықтары арасындағы сауатсыздықты жою туралы» Декреті. 1919 ж. 3 желтоқсан «Ересек тұрғындар арасына міндетті оқуды енгізу туралы» Декреті.

20- жылдардың ортасынан бастап мәдениетке саяси ахуалдың ықпалы өзгере бастады. 1925 ж. 18 маусым «Партияның көркем әдебиет саясаты туралы» қаулысы шықты. Мәдениетке партиялық бақылау күшейтілді. Дінге қатысты мемлекеттік ерекше саясат ұстанды. 1926 ж. қыркүйек БКП(б)П Өлкелік партия комитетінің дінге қарсы насихат комиссиясының құрылуы да осыны көрсетеді. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің 1928 жылғы маусымдағы қаулысында басты бағыттар белгіленді. Кеңес өкіметі 20-30 жылдары қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларына осы кезеңде саяси қуғындаулар мен цензурадан тыс қалмады. Цензура мекемесі – 1918 жылы Революциялық әскери цензура мекемесі болып құрылып, азамат соғысы аяқталғаннан кейін Бүкілресейлік Төтенше комиссияның (ВЧК) құрамына берілді. Қазақстанда цензцра мекемесінің 1922 жылы 1 желтоқсанда құрылғандығы туралы дерек бар.

Қалыптасып келе жатқан тоталитарлық жүйе мәденит саласында «түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет» жасау жолындағы бірыңғай интернационалдық мәдени кеңістікке бет алды.

Негізгі әдебиет: [2, 5, 7, 9, 10].

Қосымша әдебиет: [13, 17, 20, 22, 24, 30, 31, 32].

Наши рекомендации