Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық жобасы

Еуразиялық жоба - 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент «халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМД елдеріндегі жағдайды жете талдап» «ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек» деген қорытынды жасады. Алғаш рет Еуразиялық бастама елбасының 1994 жылы 22 наурызда Ұлыбританияға ресми түрде барған сапары кезінде тезистік түрде айтылды. Президент Н.Ә. Назарбаев «Chatһam House» аталатын Королеваның халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеп бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуында екі баста бой көрсетіп отырғанын көрсетті: бір жағынан – ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан – ықпалдасудың қажеттілігі. Мемлекет мүддесін, аймақтың тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болды. Лондонда бірінші рет мемлекетаралық бірлестік – «Еуро-Азиаттық одақтың» аты ұсынылды.

1994 жылы наурызда Н.Ә. Назарбаевтың еуропалық аудиторияға өз елінің өркениеттік және геосаяси ерекшелігін түсіндіргенінің ерекше мәні болды: «Қазақстан – еуропалық және азиаттық тамырлар қабысқан Азиядағы бірегей мемлекет. Әр түрлі халықтардың өкілдері әр алуан бірлікті құрайды. Әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің үйлесімділігі бізге еуропалық және азиаттық мәдениеттердің, Шығыс пен Батыстың ең үздік жетістіктерін сіңіруге мүмкіншілік береді. Қазақстанның орны ерекше – ел, «еуро-азиаттық құрылықтың жүрегінде» орналасқан, тағдыр еркімен Ресей мен Қытайдың арасында «аралық орынды» алады. «Біздің республикамыздың феномені сонда, біз бір уақытта еуропалықта және азиаттықта аймақтық халықаралық ұйымдардың мүшесіміз, біз өзіміздің геосаяси жағдайымыздың мәнін түсінеміз және оған қоса қауіпсіздікті нығайту бойынша орталық болуға да дайынбыз». Бұл тезистерде Қазақстанның еуразиялық жағдайының ерекшелігін түсінудің болашағы мен жетістігі мазмұндалды және қазіргі қазақстандық еуразиялықтың үш деңгейі көрсетілген: біріншіден, ұлттық-мемлекеттік деңгей, мұнда Қазақстан азиаттық та, еуропалық та ел ретінде түсініледі; екіншіден, аймақтық деңгей, мұнда өзара тиімді еуразиялық бірігуге көңіл бөлінеді; үшіншіден, ғаламдық деңгей, мұнда Қазақстан Батыс пен Шығыстың қатынасында «ортадағы» жағдайды алатын ел ретінде қарастырылады. Н.Ә. Назарбаев Лондондағы сөйлеген сөзінде 1994 жылы Еуразиялық жобаға көзқарастың қалай қалыптасқанын көрсетеді. 22 наурызда Ұлыбританиядағы сөйлеген сөзі жобаны Мәскеуде ашық ұсынуға негізгі дайындық болды.

Бір аптадан кейін, 1994 жылдың 29 наурызында, Ресей Федерациясына ресми сапары шеңберінде Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де сөз сөйлеп, онда Қазақстан басшысы жаңа аймақтық бірлестік – «Еуразиялық Одақ» құру жөніндегі идеяны дамытты. Аймақтық бағыттарды талдау негізінде бірігудің қажеттілігі жөнінде қорытынды жасады. Өйткені тіпті «көп ғасырлық мемлекеттілігі бар Еуропа елдері бірігуге келе жатыр», себебі «әлемдік нарықтың қатаң қарама-қарсылығын» түсінуде Президенттің реализмі «Еуразия Одағын» құру «Қазақстан мен Ресей» ядросынан басталуы мүмкін екендігін түсіндірумен айқындалды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы ғылыми ортаның үлкен қызығушылығын тудырды. 1994 жылы 22 және 29 наурызда Мәскеу және Лондон қалаларындағы сөйлеген сөзінің тарихи мәні аймақтық үдерістердің болашағын, әсіресе Қазақстан мен Ресейдің құрлықтағы «аралық жағдайын» түсіндірумен де маңызды. Әлем елдері еуразиялық жобаны талқылауда Қазақстанды посткеңестік республика ретінде емес, қазіргі халықаралық дамуда өзіндік жеке орны бар мемлекет ретінде қарастырады. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның Еуразиялық мемлекет ретінде ұстанған бағыты Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жасалған негізгі тұжырымдарының дұрыс екендігін дәлелдеді.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін –жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының «Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі» жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда (наурыз айындағы сөйлеген сөзінде де) көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, «ұлттық мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуымен», сондай-ақ, екінші жағынан – «ықпалдасумен». ТМД елдерінің басты мәселесі – қабылданған шешімдердің орындалмауында деп Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті. Осыдан келіп, «барлық қатысушы мемлекеттер тарапынан бірлесіп қабылданған міндеттемелердің сақталуына кепілдік беретін, ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу» қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.

Наши рекомендации