Ысқа мерзімді активтердің теориялық негіздері
КІРІСПЕ
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына тұжырымдамалық негізіне сәйкес активтерге жатады, бұлар мүлік, субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің рөльі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес – субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық –шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру – құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелелері механизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Бухгалтерлік есеп –экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашылып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектінің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі – клиент есебінен шартты комерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында кәсіпорындардағы қысқа мерзімді активтер үлкен рөль атқарады. Ақша қаражаттары, тауарлы-материалдық құндылықтар, дебиторлық қарыздар шаруашылық субъектідегі айналымдағы активтердің құрамына кіреді. Қысқа мерзімді активтерді бақылау, дұрыс пайдалану және көбейту – бұл субъектілердің және бухгалтерлік есептің алдындағы міндеті болып табылады.
Отандық тәжірибеде қысқа мерзімді активтерге: тауарлы-матералдық босалқылар (өндірісте немесе жұмыстарды атқару мен қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, шикізаттар, сатып алынған шала фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылысы материалдары және басқадай материалдар), аяқталмаған өндіріс, субъектінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізуге арналған дайын өнімдер, тауарлар; ақша қаражаттары, қаржылық инвестициялар; өтелу мерзімі бір жылға дейінгі дебиторлық борыштар жатады.
Қысқа мерзімді активтер объектінің бухгалтерлік балансында мынадай топтарға жіктеліп көрсетіледі:
· Өңделу немесе сатып-өткізу мерзіміне қарамастан тауарлы- материалдық босалқылардың барлық түрлері.
· Есеп берілген мерзімнен бастап бір жыл ішінде есептен шығарылады деп күтілетін алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар;
· Ақша қаражаттары. Пайдалануына шектеу қойылған ақша қаражаттары, егер ол шектеулер бір жылдың ішінде алынып тасталынатын болса, ағымдағы активтердің құрамына кіргізіледі;
· Ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, егер ол құнның олардың баланстық құнынан айырмашылығы болса;
· Есеп берілген мерзімнен бастап бір жыл ішінде қайтарылып алынатын дебиторлық борыштар:
Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардағы қысқа мерзімді активтердің есебін қарастыру, аудиті жүргізу және кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жүргізу.
Дипломдық жұмыстың объектісі - . «iNVEST City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
ысқа мерзімді активтердің теориялық негіздері
Кәсіпорынның қысқа мерзімді активтеріне ақша қаражаттары, тауарлы-материалдық қорлары, дебиторлық қарыздары жатады.
Ақша қаражаттар шаруашылық субъектілердің айналым активтеріне кіреді. Ақша қаражаттарының нақтығын бақылау, оларды көбейтуді дұрыс пайдалану - бухгалтерлік есептің өте күрделі міндеті.
Ақша қаражаттары субъектінің кассадағы нақта ақашаларынан, банктегі есеп айырысу несесе басқа шоттарындағы ақша қаражаттарынан, шетелдік валюталардан, ақшалай құжаттардан құралады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау үшін әр субъектіде кассасы болуы тиіс. Ақша қаражаттарының қозғалысының міндеттеріне келесі сұрақтардың шешімі кіреді:
- кассалық операциялардың есебін ұйымдастыру;
- есеп айырысу бойынша операциялардың есебі;
- жолдағы ақшалардың есебі;
- кәсіпорынның ақша қаражаттарын қаржылық есеп беруде көрсету.
«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса –бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Кәсіпорындар өз есеп шоттарынан қолма қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайындалуын көрсетуге міндетті. Қолма –қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап теілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассалық операцияларды құжаттақ рәсімдеу мен есептеу. Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылданған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен рәсімдейді.
Ұйым кассасына қолма –қол ақшаның түсуін рәсімдеу үшін қолмен өңдеген де де, ақпаратты компютерде өңдегенде де қолданады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырылады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушысының қолына беріледі, ал ордер кассады қалады.
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе коррреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымы орындалуды жіне басқада қызмет түрлерін көрсетүді өэ міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім – шартты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметтің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басөада жағдайлар қарастыруы мүмкін.
Банкпен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғамен оның жекелеген құрымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері мөр таңбасы (оттискісі) бар құжаты (мұның үлгісі төменднгідей келтіріп отыр):
Клиенттің салық есебіне қойылғанның растайтын, салық қызметі органдары берген, белгілінген үлгідегі құжаты (жеке тұлғаның үлгісі де төменде келтірілген); аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртбіне бекітіліп, күәләндырылған құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілерімен келісім шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға әз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кетткен ақша қаражатының фактісі анықталса, онда ол сол ө-қаражаттарды шот иесіне хабарламайақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім шартта қарастырылғаны жөн. Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім шарттқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізү) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақш қаражаттарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банктегі есеп шоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Тауарлы –материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процессінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін ғылыми негізделген жіктемені, бірлігін таңдау мен бағалау өте маңызды.
Материалдар былайша жіктеледі:
· негізгі материалдар –шығарылатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық ненізін құрайды;
· көмекші материалдар- өндіоілетін өнімге белгілі бір қасиеттер дарытады.
Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша мынандай топтарға жіктелді:
· «Шикізаттар мен материалдар» -субъектіге тиесілі, өндіріс өнімінің негізін қүрайтын немесе оны өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарына, өндірістік процесстерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысын есептейді.
· «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен іріктеп жинақталатын бұйымдар, тетіктер мен конструкциялары шотында – сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді іріктеп жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды.
· «Отын» шоты – көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің екінші рет пайдаланылатын қайталама материалдарының нақты бары сонымен бірге қозғалысын есепке алуға арналған.
· «Ыдыс және ыдыстық материалдар» шотында – ыдыстардың барлық түрінің , сондай –ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге арналған материалдар мен тетіктер есептеледі. Вагондарды, бтржаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек жарақтар.
· « Қосақы бөлшектер» шоты – жөндеу жұмыстарын жүргізуге, машиналар мен құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай–ақ запастағы және айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған.
· «Басқа да материалдар» шотында өндіріс қалжықтары түзетілмейтін ақау, негізгі құралдарды есеппен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.
· «Басқа жаққа өңделуге берілген материалдар» шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдарының қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін шотардың дебетіне тікелей жатқызылады.
· «Құрылыс материалдары» шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарына қолданылатын материалдарының құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары, сондай –ақ қорлардың бар –жоғы мен қозғалысы ескеріледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –дебиторлық борыштар деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. өтелетін уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:
· Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық төлем;
· Тапсырылған шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
· Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
· Негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
· Ұйымның лауазымды адамдардың дебиторлық борышы;
· Басқадай дебиторлық борыштар;
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымдарға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептеледі. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл - иелікету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Дебиторлық каоыздар - ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнын алап тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Дебиторлық қарыздардың пайда болған уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздереінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы стаылатын тауарлардың көлемін арттыру болып тбылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымның күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері терминімен бірге сауда жеңілдігі термині қатар қолданылады.өз экономикасын нарықтық жолмен жүгізіп келе жатқан елдегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланылады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануындағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
«iNVEST City» ЖШС-нің қысқа мерзімді активтер есебінің ұйымдастырылуы | |
2.1 | Кәсіпорынның қаржылық экономикалық сипаттамасы |
«iNVEST City» ЖШС 02.06.2006жылы Астана қаласының әділет басқармасында тіркелген.
Жарғыға сәйкес қызметінің негізгі түрлері мыналар болып тбылады:
· Құрылыс-монтаждық жұмыс;
· Тұрғын үй ғимараттарының құрылыс жұмысымен айналысады.
ЖШС-ның мақсаты негізгі қызметінен пайда табу және оны ЖШС құрылтайшыларының тиімді қолдануы.
ЖШС өзінің балансы, есеп-айырысу және валюталық шоты, мемелекеттік және орыс тілінде өз атауы көрсетілген мөрі бар.
ЖШС жұмысшыларының орташа саны 96 адамды құрайды.
Басқару функцияларын жүзеге асыратын өкілетті тұлғалар:
- ЖШС директоры;
- өндіріс бойынша директор көмекшісі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу, есеп саясатын қалыптастыру, уақтылы қаржылық есепті журшізу үшін бас бухгалтер жауапты.
Мүліктердің, шаруашылық операция міндеттемлерінің бухгалтерлік есебі «1С» бухгалтерия бағдарламасын пайдалана отырып теңге және тиын бойынша жүргізіледі.
ЖШС –де болатын барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік есеп жүргізілетін бастапқы құжаттармен рәсімделеді.
Бухгалтерлік есеп регистрлері «1С» бағдарламасының формалары бойынша жүргізіледі.
Қаржы жөнінде есеп беру Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауына сәйкес арнайы үлгілер мен формалар белгіленген. Олар:
Форма №1 Бухгалтерлік баланс
Форма № 2 Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру
Форма № 3 Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп беру
Форма № 4 Капиталдардың өзгеруі туралы есеп беру
Нарықтық экономика тұсындағы қаржы жөнінде есеп беру тұлғалар мыналар болып табылады:
· Меншікті иелер мен акционерлер
· Басшылар мен қаржы менеджерлері
· Жабдықтаушылар
· Сатып алушылар
· Мемлекет және оның органдары
· Инвесторлар
· Инвестициялық қорлар
· Сақтандыру компаниялары
· Банк
· Қор биржалары
· Кеден комитеттері
· Консалтинг фирмалары мен аудиторлық қызметкерлер
· Қоғамдар
· Ақпараттар
Шаруашлық операциялар мен олар жөніндегі есептер валютамен жүргізіледі.
Жылдық қаржылық есеп беру үшін есептік кезең 1-ші қаңтарынан бастап 31-ші желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады.
Кез –келген шаруашылық субъектінің басты мақсаты табыс алу болып табылады. Яғни «iNVEST City» ЖШС – ң де басты мақсаты табыс алу болып табылады.
Табыс- нарықтық жағдайда шарашылық экономиканың ең маңызды рольін атқарады. Сонымен қатар табыс еңбеккерлердің материалдық және әлеуметтік қанағаттануы болып табылады. Қаржылық нәтиже табыс немесе зиян түрінде болады.
Қазақстан Республикасында халықаралық есепке көшуге байланысты табыс есебі бухгалтерлік есеп стандартының 5-ші «Табыс» деп аталатын стандартында жүргізіледі.
«iNVEST City» ЖШС-де қаржылық нәтиже субъектіде мыналардан тұрады:
· Негізгі қызметтің қаржылық нәтижесі (табыс немесе зиян)
· Негізгі емес қызметтің қаржылық нәтижесі (табыс немесе зиян)
Әрбір шаруашылық субъектінің жарлығына байланысты оның негзгі қызметі анықталады. Мысалы, өнім өндіру, қызмет көрсету, жұмыс атқару, сауда саттықпен шұғылдану, жүк және жолаушыларды тасымалдау. Негізгі қызметтің қаржылық нәтижесін былай анықтаймыз:
Дайын өнімді ( жұмыстар мен қызметтерді) сатудан түскен табыс – сатылған өнімнің өзіндік құны
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалауда бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша бірнеше көрсеткіштер қолданылады.
Кесте 1- «iNVEST City»ЖШС-ның
қаржы – шаруашылық қызметін талдау
№ | Көрсеткіштер | 2015 ж. | 2016ж. | Ауытқу (+, -) |
Қызмет көрсетуден түскен табыс | 198797884,80 | |||
Сатылған өнімнің өзіндік құны | 111007324,13 | 158365243,46 | ||
Жалпы табыс | 53680656,73 | 40432641,34 | -13248015 | |
Мерзімдік шығындар | -31265855 | |||
Негізгі қызметтен түскен кіріс | ||||
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс | ||||
Кіріс (барлығы) | ||||
Жұмысшылардың орташа саны | -2 | |||
Еңбек ақы қоры | ||||
1 жұмысшының орташа жылдық еңбек ақысы |
*«iNVEST City»ЖШС-ның қаржылық есеп беру формалары
Берілген кестенің мәліметтері бойынша «iNVEST City» ЖШС-ның қызмет көрсетуден түскен табысы 2016 жылы 2015жылмен салыстырғанда 34109904 теңгеге өсті. қызмет көрсетіден түскен табыстың өсуіне байланысты өнімнің өзіндік құны да 47357919 теңгеге өсті. кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнының өсуі кәсіпорынға жағымсыз жағынан әсер етті, себебі, жылпы табысы -13248015 теңгеге кеміді.кәсіпорын негізгі емес қызметтен кіріс алуына байланысты оның кірісі 2016жылы 2015 жылмен салыстырғанда 18483208 теңгеге өсті. жұмысшылардың орташа саны 2 адамға қысқарған. Ал еңбек ақы қоры 72074000 теңгеге өскен.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алу болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.