Дәріс бойынша әдістемелік нұсқаулар
Дәріс материалдарын ұғыну үшін дәріс тақырыбын қарастырғанда ондағы негізгі түсініктерге көңіл бөліп, олардың мәнін түсінуге тырысу қажет.
Тақырып Денсаудық сақтауға арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Мақсаты:денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалай қалыптастының түсіну, Халықтың денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру көздерін көрсету.
Негізгі түсініктер: Денсаулық сақтауға арналған шығыстар, медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау .
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру коздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және каржыландыру.
2. Халықтыц денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жәрдем корсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері.
3. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері.
Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру коздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және каржыландыру.
Халықтың денсаулығын сақтау мен бекінісі өз алды мемлекеттік пен қоғамдық, әлеуметті-экономикалық пен медициналық мекемелердің көп жақтык іс-әрекеттерін көрсетеді. Халықтың денсаулық сақтау сұрақтары арнайы заңнамалық және нормативтік актілермеи реттеледі. Олар ҚР Конституциясымен кепілденген азаматтардың денсаулық пен оны сақтау жөніндегі құқықтарын камтамасыз етуін, халык денсаулығынын бекінісі мен дамыту шарттарын жасау үшін билік пен басқарудың мемлекеттік органдарының, жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін аныктайды.
Халыктың денсаулығын сақтау профилактикалық бағыттылығы- мемлекет пен жұмыс берушілердің әлеуметті-экономикалық шаралар жүйесін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жүйе азаматтар денсаулығына зиянды әсер ететін факторлар мен шарттарды жою жәж ауруға шалдығуды алдын ала сақтандыруға, өмірге және еңбекке қабілеттілікті жоғары деңгейде сүйемелдеуге бағытталады.
Республикалық бюджеттің денсаулык сақтауға арналған құралдарды жұмсау Бюджеттік кодексте келесі бағыттар бойынша анықталған:
• жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету;
• республикалық деңгей бойынша табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою маңында жедел медициналық жәрдем қызметін үйымдастыру;
• республикалық мәндегі денсаулық сақтау мемлекетгік ұйымдардағы медициналык сауықіырын шығару;
• психиатриялық аурулары бар және қатаң байқау талап ететін адамдарға медициналық жәрдем көрсету;
• сотты-медициналық және сотты-психиатриялық сарап жүргізу;
• ауруларды шетелдерде емдеуді ұйымдастыру;
• айрықша кауіпті індетгерге қарсы іс-әрекет;
• республикалық денсаулык сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру;
• ресііубликалық деңгей бойынша халықтың, мемлекеттік шекара мен көлікте санитарлы пидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету;
• әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олардың жанұя мүшелерін, сондай-ақ әскери қызметкерлер, құқық корғау органдары мен басқа да категория азаматтар құрамынан шыққын зейнеткерлерге заңнамалық актілерге сәйкес медициналық қызмет көрсету;
• жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатыи шығындардан басқа азаматтар денсаулық сақтау саласындағы іс-әрекет.
Аймақтық бюджетгер шығындарында денсаулық сактауға бөлінген құралдар келесі бағыттар бойы қарастырылған:
• республикалық бюджеттен қаржылындырылатын бағыттардан басқа медициналық жәрдем жасаудың кепілдемеленген көлемін қамтамасыз ету;
• халықтың санитарлы-эпидемиологиялың саулығын қамтамасыз ету;
• заңнамаларға сәйкестік вакциналар, иммунобиологиялык және басқа да медициналың препараттармен мүліктену;
• жергілікті денсаулық сактау үйымдар үшін қан және оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру;
• республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттардан басқа денсаулық сақтау аумағындағы басқа шаралар.
Осы мақсаттарға арналған шығындар құрамы бюджеттер бойы бюджеттік жіктелуге сәйкес аныкталған. Мысалы, республикалык бюджет шығындар құрамына 05 «Денсаулық сактау» атты функ-ционалдық топ және оның ішіндегі 01 «Кең профилді аурухана-лар», 02 «Халық денсаулығын сақтау», 03 «Мамандандырылған медициналық жәрдем», 09 «Денсаулың сақтау аумағындағы басқа да қызметтер» атты кіші функциялар кіреді.
Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері ретінде келесілер табылады:
• республикалық және жергілікті бюджеттер құралдары;
• халықаралық үйымдар құралдары (денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық бағдарламалар);
• нормативтер үстінде ақылы медициналык кызмет көрсету мен шаруашылық іс-әрекеттің басқа түрлері арқылы алын-ған медициналық мекемелердің құралдары;
• азаматтардың өздік құралдары;
• заңды және жеке түлғалардың, сонымен қатар басқа мемлекеттердің ақысыз және игі қайырымдылық жарналары;
• заңнамалармен тыйым салынбаған басқа да көздер.
Бюджеттік қаржыландыру жүйесімен қатар маңызды бір көз болып медициналық қамсыздандыру табылады. Ол косымша қаржы ресурстарды пайдалануға мүмкіншілік береді және халык денсаулығын сақтау жүмысындағы экономикалық мүдделілігінің механизмін құрайды.
Денсаулык сақтау саласының әлеуметгі-экономикалық маңыздылығы және осы салаға белінетін бюджет құралдарының едәуір үлкен көлемі шығындарды сапалы жоспарлау мен құралдарды тиімді талап етеді.
Денсаулық сақтау мекемелердің іс-әрекетін жоспарлау жәш қаржыландыру мекемелердің категориясы мен оның іс-әрекетінің көрсеткіштеріне байланысты. Бюджеттік жіктелуге сәйкес денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бюджетгік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бойынша іске асырылады. Мысалы, республикалық бюджетге 02 «Халыңтың денсаулығын сактау» атты ішкі функция бойынша 006 «Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық саулығы» атты, 007 «Қан және оның құрамдас бөліктері мен препаратгарын өрдіру» атты және тағы басқа бағдарламалар бойынша шығындар қаржыландырылады.
Денсаулық сақтауға арналған шығындарды қаржыландыру жоспары ел мен аймактардың әлеуметті-экономикалық даму жоспарлары негізінде калыптастырылады. Денсаулык сақтауға арналған шығындарды жоспарлау есептемелерінің негізін құрайтын оперативті-тізбекті көрсеткіштер ретінде келесілер пайдаланады:
• орташа жылдық орындар саны;
• жыл бойы бір кереуетті пайдалану күн саны;
• барлық орын-күн саны;
• дәрігерлік қызметтердің орташажылдык саны;
• дәрігерлік қатысу саны.
Оперативті-тізбекті және өндірістік көрсеткіштер негізінде және бюджеттік жіктелудің экономикалық ерекшеліктеріне сәйкес денсаулық сақтау мекемелерінің бекітілген форма бойынша шығындарды қаржыландыру жоспары есептеледі. Уәкілетті басқару органынен бекітілген және тиісті қаржылық жылға құрылған бұл қаржыландыру жоспарда денсаулық сақтау мекеменін құралдарының жалпы көлемі, мақсатты бағыты және токсан боиынша бөлінісі көрсетіледі
Халықтыц денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жәрдем корсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері.
Денсаулық сақтауға арналған шығындардың жалпы көлемінің ішінде ең үлкен үлес салмақты емдік-профилактикалық мекеме-лерді үстауға арналған шығындар алады. Мүндай шығындарға ке-лесілер жатады:
• барлық ауруханалық мекемелер түрлері;
• амбулаториялы-емханалықмекемелер;
• ана мен баланы қорғау мекемелері;
• диспансерлер;
• айрықша типтегі денсаулық сақтау мекемелері;
• шипажайлық мекемелер.
Емдік-профилактикалық мекемелер шығындарын жоспарлау мен қаржыландыру бюджеттік жіктелудің экономикалық ерекшеліктері бойынша арнайы формалар толтыру арқылы іске асырылады. Денсаулық сақтау мемлекетгік мекемелердегі мемлекеттік қызметкерлер емес жүмыскерлерге негізгі еңбекақы төлеуге арналған шығындар есептемелерін жасау үшін 04-111 форма толтырылады. Мұнда қызметтер атаулары мен категориялары бойынша жұмыскерлердің ай сайынғы жалақысының сомасы анықталады.
Денсаулық сақтау мекемелерінде тамаққа арналған шығындарды есептеу үшін 02-131 форма пайдаланады. Мүнда бөлімдер атаулары, орташажылдық орын күн саны, бір орын-күнге есептегендегі тамаққа арналған шығындардың нормасы, шығындардың жалпы сомасы көрсетіледі.
Тұрақты (стационарлық) денсаулық сақтау мекемелерінде дәрі-дәрмектерге арналған шығындарды есептеу үшін 02-132 форма құрастырылады. Бұл құжатта бөлімдер атаулары, емделетін аурулардың жоспарлық саны, бір күнге шаққандағы бір ауруды емдеу құны, бір аурудың ауруханада болған орташа күн саны, дәрі-дәрмекке арналған шығындар сомасы көрсетіледі. Ал амбулаториялы-емханалық мекемелерде дәрі-дәрмек шығындарын есептеу үшін 03-132 форма құрастырылады. Мұнда жоспарлап отырған дәрігерлік катысу саны, бір қатысуға қажетгі дәрі-дәрмек құны және барлық шығындар сомасы көрсетіледі.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемелерінде басқа да шығындар есептеу үшін тиісті формалар пайдаланады. Мысалы, 01-139 форма жиһаздар мен инвентарлар сатып алуға арналған шығындарды есептеу үшін толтырылады, 01-141 - ыстық және суық су, канализация мен газға қажетті шығындарды есептеуге, 01-144 - электроқуатты төлеуге қажетті шығындарды есептеу-ге, 01-145 - ғимаратгарды жылумен қамтамасыз етуге қажетті шығындарды есептеуге, 01-146 - ғимараттар, құрал-жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды ұстауға, жөндеуге жүмсалатын шығындарды есептеуге қолданылады.
Республикалық бюджеттің «Денсаулық сақтау» функцио-налдық топ құрамында айрықша ішкі функция қарастырылған. Осы ішкі функция аркылы мамандандырылған медициналық жәрдем жасауға арналған шығындарды өтеу үшін бюджетгік құралдар беріледі. Қаржыландыру ел аумағында ете маңызды багыттар, мысалы, аурулардың жеке бір түрлерін дәрі-дәрмектермен қам-тамасыз ету немесе халықтың денсаулығын қорғау қажетгілік сияқты арнайы бағдарламалар арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері.
Еңбекақы бекітілген бірыңғай тарифтік кесте негізінде тағайындалады және арнайы нормативтік актімен реттеледі. Осы нормативтік актілерге сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде уақытша еңбекақы жүйесі пайдаланады, ал бұл мекемелердің барлық жүмыскерлері мемлекеттік мекемелер қызметтері тізілімінін О категория тобына жатады. Бұл қызметтер тізіліміне сәйкес жүмыскерлердің еңбекақы дәрежелері анықтау медициналық және фармацевтілік жұмыскерлерді аттестация-лау тәртібі жөніндегі әрекеттегі ережелер негізінде өткізілетін тарификациялау мен аттестациялау нәтижелері бойынша іске асырылады.
Медициналық жүмыскердің қызметтік мөлшерлемесі тиісті қызмет категориясы мен әрекеттегі нормативтік актілермен карастырылған қосымша төлемдер қосындысы ретінде есептелген негіздік молшерлеме арқылы қалыптасады. Бір медициналық және басқа да категория жүмыскерлерінің орташа айлық мөлшерлемесі мен олардың саны арқылы денсаулық сактау мекемесінің еңбекақы қоры есептеледі.
Денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бекітілген бюджеттік қаржы бөлу мөлшерінде, ал осы құралдарды жүмсау бекітілген қаржыландыру жоспары көрсеткіштеріне қатаңдық сәйкестікте іске асырылады.
Тұжырымдама
Халықтың денсаулығын сақтау мен бекінісі өз алды мемлекеттік пен қоғамдық, әлеуметті-экономикалық пен медициналық мекемелердің көп жақтык іс-әрекеттерін көрсетеді. Халықтың денсаулық сақтау сұрақтары арнайы заңнамалық және нормативтік актілермеи реттеледі. Олар ҚР Конституциясымен кепілденген азаматтардың денсаулық пен оны сақтау жөніндегі құқықтарын камтамасыз етуін, халык денсаулығынын бекінісі мен дамыту шарттарын жасау үшін билік пен басқарудың мемлекеттік органдарының, жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін аныктайды.
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Республикалық бюджеттің денсаулык сақтауға арналған құралдарды жұмсау бюджеттік кодексте қандай і бағыттар бойынша анықталады?
2. Аймақтық бюджеттер шығындарында денсаулық сактауға бөлінген құралдар қандай бағыттар бойы қарастырылады?
3. Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері ретінде нелер болып табылады?
4. Денсаулык сақтауға арналған шығындарды жоспарлау есептемелерінің негізін құрайтын оперативті-тізбекті көрсеткіштерді атап көрсетініз?
5. Емдік-профилактикалық мекемелерді ұстауға арналған шығындар қандай?
6. Тұрақты (стационарлық) денсаулық сақтау мекемелерінде дәрі-дәрмектерге арналған шығындарды есептеу үшін қандай форма толтырылады?
Әдебиеттер тізімі:
7. Қазақстан Республикасының Конституциясы
8. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
9. Законы Республики Казахстан: О налогах и других обязательных платежах в бюджет от 24.04.2014 г. № 2235 с изм. и доп. от 23.01.01 г. № 147-II; О государственном контроле при применении тансфертных цен от 05.01.01 г. № 136-II; Краткие комментарии к ЗРК.- Алматы: Lem, 2013.- 207 с.