Дістемелік нұсқау. АҚШ президенті Ф. Рузвельттің «жаңа бағыты» қазіргі капитализм дәуіріндегі үлкен бетбұрыс болған

АҚШ президенті Ф. Рузвельттің «жаңа бағыты» қазіргі капитализм дәуіріндегі үлкен бетбұрыс болған оқиға: шексіз бәсекелестік пен жекешелік, индивидуализмнің мызғымас қамалы болып саналған АҚШ экономикасы бұрын-соңды болмаған дағдарысқа 1929-33 жж. ұшырағанда, сонымен байланысты әлеуметтік революция қатері төнгенде, Ф. Рузвельттің көп мағыналы, бүкіл қоғамдық қатынастарды қамтыған әлеуметтік-либералдық реформалары мен реттеулері капитализмнің негізін сақтай отырып, үлкен бетбұрысқа апарды. «Жаңа бағыттың» принциптері ХХ ғасырдың екінші жартысында бүкіл Батыс өркениетіндегі елдердің ішкі саясатының «барша игілігі» мемлекетінің негізіне айналғаны белгілі.

Мәселені түсіну үшін 1929-1933 жж. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктеріне, оның неге апаттық сипат алғанын түсіну керек. Ол үшін бұл елдің ішкі өнеркәсіптік дамуындағы үздіксіз өндіріс пен бұқаралық сұраныс арасында үлкен алшақтық болғанын, әлемдік қаржы орталығына айналған АҚШ қаржы жүйесінде алыпсатарлық үрдіс орын алғанын, сыртқы саудада өзімшілдік байқалғанын саралау керек.

1932 жылғы президенттік сайлау науқаны кезіндегі сайыста ірі капиталдың өкілі, бұрынғы президент Г.Гувер көбінесе, мұқтажға ұшыраған халықтың Ф. Рузвельтті қолдағандығынан ұтылып қалған болатын. Байдың баласы болса да Рузвельт еңбекші бұқараның мұң-мұқтажын жақсы түсінетін адам болған болса, жеке өз басына түскен қиыншылықтарды (мүгедектік) жеңген асқан жігер мен қайраттың адамы болғанын жан-жақты суреттеуге болады. Оның аса шешілуі мінезі, мәселенің түп нұсқасын түсіне алатындығы, қажырлылығы оның президенттік қызметінің алғашқы «жүз күн» аталған дағдарыстың тереңдегені байқалды. Ол өндірістік қоғамның кіндіктік тұтқасы болып табылатын қаржы жүйесін тұйықтықтан шығарудан бастайды. Сонымен қатар, студент тап сол 100 күнде 11 ірі реттеу заңдары мен халықты мұқтаждықтан шығару істерін деректер негізінде, әдебиетті қолданып талдауы керек.

Жаңа бағыттың әлеуметтік реформаларының басты заңдары 1935 ж. шыққанын белгілі (зейнетақы тағайындау және әлеуметтік қызметесу-Вагнер заңы ) 1937 ж. Солшыл бетбұрыс, яғни, халықтың еңбек құқығын қорғау шараларын да саралаған мағыналы мәселелер.

Бұл мәселелер аясында өндіріс пен ауылшаруашылықтық басқарудағы, дағдарыстан шығар заңдары (НРА және ААА программалары) қарауға тиісті.

Осылармен байланысты қоғамдық жұмыстар ұйымдастырудың үлкен шаралары да айтылуға тиісті (көгалдандыру алқаптарын құру, Теннеси өзеніннің алқабын жаңарту, үлкен мемлекеттік объектілер салу т.б.)

1936 ж. сайлау асқан бәсекелестік пен талас, президенттің жауларының шабуылы, Рузвельттің халықпен кеңес жүргізіп ақылдасуы, халықтың демографиялық не болмаса, жартылай фашистік ұйымдар президентіне қарсы күрес жүргізген күрделі жағдай да айтылуға тиісті.

Осымен байланысты Рузвельттің жаңа бағытының идеологиялық астарын, оның буржуазиялық реформизмнен асып кеткенін, прогрессизмнің шарықтаған түрі екендігіне ерекше тоқталу керек.

Ші тақырып. Екінші дүниежүзілік соғыс

Сұрақтар:

1. 30 жж. екі соғыс ошағының құрылуы.

2. Батыс Еуропа елдерінің келісімпаз саясаты. Мюнхен.

3. Риббентроп-Молотов келісімі және оның құпия хаттамасы.

4. Фашистік Германияның Польшаға шабуылы. «Таңқаларлық соғыс».

5. Солтүстік және Батыс Европада фашистік агрессияның кеңеюі, күшеюі.

6. Европада фашистік блоктың құрылуы. Балқан жарты аралындағы соғыс қимылдары.

7. 1939-1940 жж. Кеңес-герман қарым-қатынастары. Германияның КСРО-ға шабуылы.

8. Антигитлерлік коалицияның қалыптасуы және қызметінің негізгі кезеңдері

6. Оңтүстік-Шығыс Азияда жєне Тынық мұхитындағы (1937-1944жж.) соғыс қимыдары.

7. ІІ ДЖС жылдарындағы Атлантика және Арктиканың теңіз коммуникациясы.

9. Африкандық және Жерорта теңіздік соғыс қимылдарының сахынасы (1939-1943).

10. ІІ ДЖС-ң күрт бетбұрысының мәселесі.

11. Европадағы «жаңа тәртіп» Қарсылық көрсету қозғалыстары.

12. Италияда одақтастардың түсуі және италияндық фашизмнің күйреуі.

13. Екінші майданның ашылуы және Батыс Европада 1944-1945 жж. соғыс қимылдары.

14. Фашистік Германияның тізе бүгуі. Потсдам конференциясы.

15. Императорлық Жапонияны талқандау (1944- ж. аяғы- 1945 ж.)

16. ІІ ДЖС-тың сипаты мен кезеңдері. Оның нәтижесі мен маңызы.

Тапсырма

1. Соғыстын алғашқы кезеңіндегі қалыптасқан жағдайды анықтау.

2. Герман-КСРО соғыс майданындағы шешуші шайқастарды талқылау және Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуына көніл бөлу.

3. Екінші майданды ашу жолындағы проблемалармен келіс-сөздер.

Негізгі әдебиет: [1-2,19,20,23,32,53,73,76,86,93,96-97,132-134]

Қосымша әдебиет: [16,17,18,19,29,28,44,46,59,60,61-62,76,77,

79,82,100,105,108,110-111]

Наши рекомендации