Тұндырғылардың кейбір элементтерінің ерекшеліктері.

1.Жоғарғы және төменгі қиылыстырғыш учаскелер. Тұндырғыға су әкелетін және су әкететін каналдардың тұндырғымен ені бірдей емес. Каналдың тар енінен тұндырғының үлкен еніне ауысу үшін қиылыстыру учаскелері салынады.20.6. сурет. Қиылыстыру учаскелерін негізгіүшсхема бойыншабойынша орналастырады: 1) канал мен тұндырғының осі дәл келсе, оларды кеңейтілген қоныш түрде қиылыстырады, ал бүйір қабырғаларына тік сұлба беріледі (20.6а сурет); 2)егер каналдың осі тұндырғы осімен бұрыш арқылы қиылысатын болса, онда ауыспалы учаскенің бүйір қабырғаларына қисық сұлба береді (20.6б сурет), 3)егер каналдың осі тұндырғы осімен бұрыш арқылы қиылысатын болса, онда ауыспалы учаскенің бүйір қабырғаларына тік сұлба беріп, реттегіш шлюздың қабырғаларымен қиылысатын жеріне қисық үстеме қояды (20.6в сурет). Қиылыстыру учаске -сінде судың үлесті ағымының бірқалыпты таралуын қамтамасыз ету үшін тік не қисық бағыттаушы қабырғалар қояды. Бұл бағыттағыш қабырғалар реттегіш шлюздың тіректеріне барып тіреледі, ал олардың биіктігін су тереңдігінен аздау қылып қабылдайды, қиылысу учаскесінің бүкіл енінде су деңгейінің бірқалыптылығын қамтамасыз ету үшін. Бағыттағыш қабырғалардың биіктігін су деңгейінен биік қылып та қабылдауға болады, бұл кезде қабырғаның табанынды тесіктер қарастырылады.

а) б) в)

Тұндырғылардың кейбір элементтерінің ерекшеліктері. - student2.ru

20.6. сурет. Тұндырғыны каналмен қиылыстыру схемасы.

а) канал мен тұндырғының осі дәл келген жағдай; б) және в)каналдың осі тұндырғы осімен бұрыш арқылы қиылысатын жағдай, осыған байланысты қиылысу қабырғасы қисық және түзу сызықты. 1) канал; 2) қиылысу учаскесі; 3) бағыттағыш қабырғалар; 4) реттегіш шлюздың қақпақтары; 5) тұндырғының камералары; 6) камераларды бөліп тұратын қабырғалар.

2. Кіре берістегі және шыға берістегі реттегіш шлюздар. Тұндырғыларды пайдалану жағдайы оларды жөндеуді, тасындылардан жуу үшін оқтын-оқтын камераны жауып-ашуды, тұтынушыға су беру үшін ағымды реттеуді қарастырады. Осы жұмыстардың бәрі тұндырғының бас және аяқ жағында орналасқан реттегіш шлюз арқылы орындалады. Бұл реттегіш шлюздардың конструкциялары бірдей болып келеді және шыға берістегі шлюздың табалдырығының астында тасынды жуғыш құрылғы орналастырады. Тірек пен тіректің арасын қамтитын (тірек қалыңдығын да қоса есептегенде) реттегіш шлюздың енін Вкір, тұндырғының бүкіл камераларының еніне тең қылып қабылдаған жөн Втұн, камераларды бөліп тұратын қабырғалардың қалыңдығын қоса есептегенде 20.7. сурет. Егер бұлардың ені бірдей болмаса, тасындылардың шөгу және тасындыларды сумен жуу режимі нашарлайды. Себебі камераға кіре берісте су ағымының турбулентті режимі пайда болып, тасындылардың шөгу қашықтығы ұзарады.

а) б) в)

Тұндырғылардың кейбір элементтерінің ерекшеліктері. - student2.ru

20.7. сурет. Тұндырғының камераларын реттегіш шлюзбен қиылыстыру схемасы. а) тұндырғы камералары мен реттегіш шлюздың ені бірдей (ұсынылған схема); б) тұндырғы камераларының ені реттегіш шлюз енінен аз; в) тұндырғы камералары ені реттегіш шлюздың енінен көп. 1) қиылыстырғыш учаске, 2) кіре (шыға) берістегі реттегіш шлюз, 3) тұндырғы камерасы.

Реттегіш шлюздың ұзындығын қақпақтарды, қызметкерлер және көлік жүретін көпірді, қақпақтарды ашып-жабатын конструкцияларды орналастыру мүмкіндігіне байланысты қабылдайды. Кіре берістегі реттегіш шлюздың ұзындығына канал мен тұндырғының табанын қиыстыратын еңкіш табалдырық (пандус) ұзындығы да кіреді. Бұл еңкіш табалдырықтың еңістігін 3 тен кем қабылдамайды, бұл жағдай ағыстың табалдырықтан ажырамай, камераға енуін қамтамасыз етеді.

Кіре және шыға берістегі реттегіш шлюздың енін тұндырғы камераларының енімен бірдей етіп қабылдайды. Тұндырғының камераларының қабырғалары мен тіректері ұзына бойына деформациялық саңылаулармен бөлінген, су өткізбейтін конструкция. Егер камера ені өте кең болса, реттегіш шлюзға қосымша тірек қойып, тесік арасын бөледі. Тірек арасындағы тесік ені азайса, қақпақты ашып-жабу мүмкіндігі жеңілдейді. Шлюз конструкциясы қарапайымдалып, қызметкерлер жүретін көпір жеңілдейді. Кіре берістегі және шыға берістегі реттегіш шлюздың табалдырығының биіктігін канал табанымен бірдей қылып қабылдайды.

Тұндырғылардың камераларының тасындыларды тұндыратын режимі, камераның бас жағында судың жылдамдық эпюрасы жазықтық (горизонталдық) және тік (вертикалдық) бағытта бірдей болып теңеледі деген болжамға негізделеді. Ал шындығында су жылдамдығының эпюрасы дәл ондай бола бермейді. Сондықтан жылдамдықты теңестіру үшін, еңкіш табалдырық бойына жылдамдықты теңестіру торын құрады. Бұл торды тігінен, немесе сәл қисайтып орналастырады, тордың аяқ жағы флютбетке, ал бас жағы қызметкерлер көпіріне сүйеніп тұрады.

2.Тұндырғылар камерасы. Оқтын-оқтын жуылатын тұндырғы камерасында өлі (пайдаланбайтын көлем) көлем болады, бұл көлем ішіне қалқыма тасындылар шөгеді. Бұл көлем деңгейі камераның жазықтықтағы ауданын- тұндырғы табаны мен шыға берістегі реттегіш шлюздың табалдырығы арасындағы орташа биіктікке көбейту арқылы анықтайды. Камераның ұзына бойына тереңдігі өзгеріп отырады, осыған байланысты тасындылар шөгу кезеңінде қалыптаспаған су қозғалысы орын алады.

Көп камералы тұндырғылардың камералары бір-бірінен ұзына бойына тік қабырғалармен бөліненді, бұл қабырғалардың төбесі камерадағы есепті су деңгейінен 0,3-0,5 м жоғары орналасады. Қабырғалардың кесе көлденең қимасы төртбұрышты, не трапеция тәріздес болуы мүмкін (20.8. сурет). Камераның орталық және жағалық қабырғалары камера табанынан деформациялық саңылау арқылы бөлініп, су өтпейтіндей етіп нығыздалады, немесе, док конструкциясына ұқсатып қабырғалар табанымен бірге құйылады. Көп камералы тұндырғыларда камералардың ені бірдей, немесе, әртүрлі де болып келеді. Камера еніне байланысты реттегіш шлюздың тесіктерінің енін қабылдайды. Ені кең камераларда, тасындыларды жуу кезеңінде, судың тұрақты тереңдікпен ағуын қамтамасыз ету үшін камераның ұзына бойына аласа қабырғалар орнатады, биіктігі жуу кезіндегі су тереңдігіне тең- hжуу. Осындай қабырғалар арқылы камераның енін науаларға бөліп, су ағысының енінің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Ал науаларда, олардың ені бойынша, тасындылар толығымен жуылып отырады.

Тұндырғылардың кейбір элементтерінің ерекшеліктері. - student2.ru

20.8. сурет. Оқтын-оқтын жуылатын тұндырғы камераларының кесе көлденең қимасы. а) док конструкциясы тәріздес, тік бұрышты; б) тік бұрышты, қабырғалары жанында саңылауы бар және ұзына бойына аласа ағыс бағыттағыш қабырғалары бар; в) трапеция тәріздес, қабырғалары жанында саңылауы бар; г) тік бұрышты, камераның ортасынан бөлінген.

4. Тасындыларды жуу құрылғылары. Тасынды жуатын құрылғылардың құранда бөлігі болып: жуғыш реттегіш шлюз және жуғыш галерея, оның жалғасы болып табылатын жуғыш құбыр кіреді. Жуғыш реттегіш шлюз, тұндырғы камерасын сумен жуу кезеңінде су ағысын реттеуге арналған. Әр камераның бөлек тасынды жуатын тесігі болады, оның енін камера енінен аздау етіп қабылдайды. Камера ені үлкен болған жағдайда, тасынды жуатын тесік бірнешеу болады. Бұл тасынды жуатын тесіктерді шыға берістегі реттегіш шлюздың табалдырығының астына орналастырады. Тасынды жуатын тесіктің биіктігін және оның үстіндегі бетон тақтаның қалыңдығын бірдей қылып қабылдаған жөн, бұл тасынды жуатын тесікті жабатын қақпақты көтергенде, ол реттегіш шлюз табалырығынан асып тұрмауын қамтамасыз етеді, бұл құрылымды пайдалану кезінде ыңғайлы болады. Тасындылар жуатын тесіктің биіктігін жуу кезіндегі су тереңдігінен көп қылып қабылдайды, бұл сумен ағып келген қоқыстарды, анжыржы кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді. Тасыдыларды жуатын тесіктің табалдырығын камера табанымен бірдей биіктікте орналастырады.

Тасындыларды жуған суларды жинайтын галереяны шыға берістегі реттегіш шлюздің галереясының табалдырығы астына, оның ұзына бойына орналастырады. Бұл галереяның табанын, тасынды жуатын тесіктің табалдырығынан төмен орналасады. Галереядағы су жылдамдығы -камерадан жуылған тасындыларды ағыспен тасымалдауға жеткілікті болуы шарт. Тасындыларды жуғыш тракт немесе қойыртпақ тасымалдағыш - ашық канал түрінде, немесе құбыр түрінде де салынады. Пайдалану талабына сәйкес, құ- бырдың биікті 1,5 м кем болмауға тиісті, егер тасындыларды жуу ағымын өткізу үшін бұдан әлде қайда аз биіктік керек болса да. Егер тұндырғы су торабы құрамында болса, тасынды жуғыш трактің шығатын тесігін су ұрма құдықтан не рисберма тұсынан шығарған жөн. Ал егер тұндырғы канал бойына, су торабынан біраз қашықтыққа салынса, онда тасынды жуғыш трактің аяқ жағын өзен жағасынан шығарады. Бұл кезде трактің жағаға шығатын жерін темірбетон тақталармен бекітіп, ал өзен табанын сумен жуылудан қорғау үшін бетон тіспен бекітіп, не темірбетон қадалар қағады.

Наши рекомендации