Р туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасынан күтілетін нәтижелер.
Мемлекеттік бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлу жағдайында, инвестициялар тарту жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді сәтті іске асыру Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы көрсеткіштерінің мынадай өсіміне алып келеді:
Ø туристерді орналастыру орындары: 2011 жылғы 81 015 төсек-орыннан 2020 жылғы 199,0 мың төсек-орынға дейін (2,5 есе өсу, жиынтық жылдық өсу қарқыны 10,5 %);
Ø туристік келу саны (түнеумен келетін ішкі, сол сияқты шетелдік келушілер): 2011 жылы 2 845 832-ден 2020 жылғы 8,19 млн. туристік келуге дейін (2,9 есеге өсу, жиынтық жылдық өсу қарқыны 12,5 %);
Ø туристер түнеулері саны (ішкі, сол сияқты шетелдік): 2011 жылғы 7 085 020 туристік түнеуден, 2020 жылғы 32,74 млн. туристік түнеуге дейін (4,6 есеге, өсу жылдық жиынтық өсу қарқыны 18,5 %);
Ø туристің орташа болу ұзақтығы: 2011 жылғы бір реттік келуге 2,5 түнеуден, 2020 жылғы (1,6 есеге өсу) бір реттік 4,0 түнеуге дейін;
Ø орналастыру орындарының толықтырылуы: нөмірлік қорды толтыру жүктемесінің коэффиценті 2011 жылғы 24,0 %-дан, 2020 жылы 45,0 %-ға дейін (1,9 есеге өсу);
Ø туризм саласындағы жұмыспен қамту: 2011 жылғы 158,7 мың қызметкерлерден 2020 жылғы 269,9 мыңға дейін, оның ішінде 111, 2 мың жаңа құрылған жұмыс орындары (1,7 есеге өсу).
Ø Туристік сұраныстың күтілетін өсімі негізінен жаңа туристік ұсыныстарды дамыту (төсек-орындар саны) және оларды кәсіби коммерциялау есебінен болады. Жалпы туристік келу санының құрылымы 2020 жылы;
Ø қолданыстағы орналастыру орындарының сыйымдылығына сәйкес 3,77 млн. туристік келу (46,1 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда туристік сапармен келушілер санының 924 мыңға немесе 32,5 %-ға өскенін көрсетеді;
Ø алдағы сегіз жылда 4,42 млн туристік келулер үшін жаңа орналастыру орындары салынады (53,9 %), бұл ретте, туристердің жартысына жуығы Алматы (25,2 %) және Батыс Қазақстан (23,3 %) кластерлеріне келетін болады, бұл уақытта қалған жартысы Астана (13,4 %), Шығыс Қазақстан (12,6 %), Оңтүстік Қазақстан (9,1 %) және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарының (16,4 %) кластерлеріне шоғырланатын болады.
Р туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша Алматы және Астана кластерлерін қарастыру.
Астана кластері – бұл Астана қаласын, Ақмола облысын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін, Павлодар облысының батыс бөлігін және Қарағанды облысының солтүстік-шығыс бөлігін қамтитын кластер. Астана қаласы кластердің орталығы болады, мұнда мынадай басты туристік қызығушылық орындары орналасқан:
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-мен қорғалатын Сарыарқа деп аталатын Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, аумақ бөлігі);
«Бурабай» МҰТП;
«Көкшетау» МҰТП;
«Бұйратау» МҰТП;
Қарағанды қаласы;
Қарқаралы МҰТП;
Баянауыл МҰТП.
Болашақта кластер ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарымен толықтырылуы мүмкін: мегалит дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қорымдары, Тасмола мәдениетінің жарқыншақ тастар қорғаны секілді туристер қызығушылығын тудыратын жаңа орындарымен, сондай-ақ «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Бозоқ қалашығы).Астана маңындағы жерлермен және Бурабай курорттық аймағымен көшпелі мәдениет пен дала әртүрлілігінің орталығы болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер: MICE-туризм, мәдени туризм, турне, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс.
Алматы кластері - бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтитын кластер. Алматы қаласы кластердің орталығы болады және онда мынадай басты туристік қызығушылық орындары айқындалған:
петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ландшафты (ЮНЕСКО нысаны).
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген «Алтынемел» МҰТП.
Шарын шатқалы.
Қапшағай су қоймасы.
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле-Алатау МҰТП-мен Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймақтары.
«Жаңа Іле» туристік орталығы.
Болашақта кластер Алматы облысының басқа бөліктерін қосуы, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарын – Балқаш көлі, Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдері, Ыстықкөл қорғандары мен «Жібек жолы» Сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) секілді жаңа орындарды ұсынуы мүмкін. Алматы халықаралық тау шаңғысы туризмі және іскерлік туризмнің орталығы болады және «Қаладағы және таудағы ойын-сауық» кластері ретінде сипаталады. Аталған кластер ұсынатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени туризм және турне, таулардағы және көлдердегі демалыс және қысқа мерзімді демалыс жатады.
Р туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан кластерін қарастыру.
Шығыс Қазақстан кластері Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Өскемен қаласы кластердің орталығы болады, мұнда 6 маңызды туристік қызығушылық орындары айқындалған:
«Бұқтырма» су қоймасы;
Ертіс өзені – Зайсан көлі;
Қатонқарағай МҰТП;
Марқакөл көлі мен Қалжыр шатқалы;
Риддер – Анатау мен Иванов таулары;
Семей қаласы.
Болашақта бұл кластер Шығыс Қазақстанның қалған бөліктерін, оның ішінде Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын қамти отырып кеңеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан кластері «Табиғаттың ғажайып әлемі» ретінде сипатталып, экологиялық туризмді дамыту орталығы болады.
Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге белсенді және қызық оқиғалы туризм, таулар мен көлдердегі демалыс жатады.
Оңтүстік Қазақстан Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Шымкент қаласы кластердің орталығы болады, мынадай туристік қызығушылықтың орындары ұсынылған:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар Түркістан қаласы (ЮНЕСКО объектісі);
ортағасырлық Отырар қалашығының және ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген отырарлық алқаптың археологиялық объектілері;
Сауран археологиялық кешені;
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген палеолиттік бөліктері мен геоморфологиясы және Арпаөзен петроглифтері бар «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы;
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы;
Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық паркі;
«Байқоңыр» ғарыш айлағы;
Қызылорда қаласы;
Сарыағаш қаласы;
Тараз қаласы.
Болашақта кластер үш облыстың қалған бөліктерін қамти отырып, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген түркіге қасиетті Мерке, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы, сондай-ақ «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Жеті асар алқабы, Сығанақ қалашығы) секілді жаңа туристік қызығушылық орындарын ұсынуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан кластері «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге мәдени туризм мен турне жатады.
Р туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша Батыс Қазақстан кластерлерін қарастыру.
Бүкіл Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан облысының бір бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Ақтау қаласы аталған кластердің орталығы болып табылады, мұнда мынадай туристік қызығушылық орындары орналасқан:
Бекет ата, Шопан ата және Қараман-Ата жер асты мешіттері мен Омар мен Тұр кесенесі;
Маңғыстау түбегіндегі қорымдар;
Шерқала тауы.
Қарақия-Қаракөл табиғат қорғау аймағы;
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
«Бөкей Ордасы» ескерткіштер кешені.«Кендірлі» шипажайы.
Батыс Қазақстан кластері «Каспий Ривьерасы» ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге жағажай туризмі, мәдени туризм және турне жатады.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін іске асыру аясында өңірлердің бірегей объектілері мен республиканың батыс және шығыс «шекара қақпаларындағы» тиісті жағдайлармен туристердің орналасуы, демалысы мен қажетті сервистік қызметтер алуы үшін қазіргі заманғы туристік инфрақұрылым құру көзделеді.
Р туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша клатерлік даму барысындағы дайындалатын туристік өнімдерге сипаттама.
Әрбір туристік кластер бірнеше туристік өнімдерді әзірлеуді ұйымдастыруы қажет, бірақ туристік өнімдерді таңдау және басымдықтар беру әр кластердегі әрбір өнімнің даму әлеуеттеріне байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасында туризмнің басты алты өнімін дамыту қажет:
«MICE-туризм», «Мәдени туризм және турне», «Белсенді және қызық оқиғалы демалыс», «Таулар мен көлдердегі демалыс», «Жағажай туризмі» және «Қысқа мерзімді демалыс».
MICE-туризм - бизнес-уәждерге байланысты ұйымдастырылатын сапарлар, іскерлік кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар, көрмелер, іс-шаралар, жұмыс топтарының отырыстары, семинарлар және іскерлік сапарлар кезіндегі бос уақытты ұйымдастыру секілді түріне жатады: Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Еуропа, Қазақстан, Қытай мен Ресей Федерациясы жатады.
Мәдени туризм және турне – мәдени ескерткіштер және тарихи мұра орындары бойынша ұйымдастырылған турлар және гид алып жүрмейтін турлар. Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Еуропа, Қазақстан, Қытай, Ресей Федерациясы, Таяу Шығыс, Үндістан және өңір елдері жатады.
Белсенді және қызық оқиғалы туризм – қызметтің «жұмсақ» (кемпинг, жаяу жүру, велосипед тебу, толық жетектегі автомобильмен жүру, табиғатты зерттеу, салт атты серуендеу, құстарды бақылау, балық және аң аулау) және «қатты» түрлерін (каноэда есу, каякпен жүзу, спелеология, тау велосипедін тебу, қиылысқан жермен шаңғы тебу, альпинизм, парапланеризм, плоттармен түсу (рафтинг), тауға өрмелеу және джип-сафарилер) қоса алғандағы қызмет түрлері. Аталған өнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа жатады.
Таулар мен көлдердегі демалыс – жұптар, отбасылар мен балалар, үшін жазғы және қысқы демалысты өткізу, ресми демалыс күндері уақытындағы демалыс, таудағы белсенді қызмет түрлері және спортшылар дайындығы секілді демалыс пен рекреация саласындағы түрлі қызметтер бағдарламалар, сондай-ақ экологиялық туризм. Аталған өнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей, Қытай жатады.
Жағажай туризмі – жағажай аймақтарында сауығу және демалу мақсатарында келу, сондай-ақ судағы спорт түрлері, қайықпен және яхтамен жүзу (теңіздегі демалыс). Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуіді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей және өңір елдері жатады.
Қысқа мерзімді демалыс – демалыс күнгі турлар, қала және қала маңындағы, көрнекті орындарға бару, табиғатта демалу, мәдени ескерткіштер мен тарихи мұра орындарында болу, сондай-ақ ерекше жағдайлар үшін қысқа мерзімді үзілістер (мысалы, бал айы, Жаңа жыл демалыстары, жыл сайынғы жиындар т.б.) секілді әдетте бір күннен төрт күнге дейін созылатын қысқа мерзімді сапарлар. Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа және Таяу Шығыс жатады.
Қалған үш туристік өнім (таудағы және көлдердегі демалыс, жағажай туризмі және қысқа мерзімді демалыс) «стратегиялық өнімдер» болып табылады, өйткені оларды әзірлеу туризм саласындағы стратегиялық маңызы зор (ұлттық) жобалар арқылы едәуір инвестициялар талап етеді, бұл олардың жеті жылдан он екі жылға дейінгі аралықтағы маңыздылығын жобалайды.
Айтылған топтарға енгізбеген басқа туристік өнімдер - мәдени-танымдық туризм, қасиетті орындар бойынша сапарлар, әлеуметтік, балалар-жасөспірім, агроэкотуризм, геопарктерді дамыту, сондай-ақ ерекше қызығушылықтар бойынша бірқатар өнімдер.
Астана қаласында технологиялық жарақтандырылу деңгейі жоғары және кейбір медициналық қызметтер құны салыстырмалы түрде төмен болатын жоғары сапалы медициналық емханалар паркін құруды ескере отырып, Астана қаласының қазақстандықтарды ғана емес, сондай-ақ шетелдік азаматтарды да тарта отырып медициналық туризмді дамыту мүмкіндігі зор. Осы өнімдер Қазақстан үшін туризмнің бастапқы өнімдері ретінде қарастырылмайды, бірақ өте ерекше салаларда дамытудың нақты мүмкіндіктерін ұсына отырып, осы туристік бағыттарды дамытуға назар аудару қажет.
Р туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша клатерлік даму барысындағы дайындалатын туристік жобаларға сипаттама. Бурабай курорттық аймағы мен Қаскелен Оңтүстік аймағы.
Бурабай курорттық аймағы – бұл аумағында бірнеше көлдер, бос уақыт, қабылдау мен кездесулер, сауықтыру іс-шараларын, спа, спорттық сайыстарды, гольф, атпен серуендеу және қызметтің басқа да түрлерін өткізу объектілері орналасқан жоғары сапалы курорттарды дамыту. Бұл жоба жалпы саны 5020 төсек-орындық, 4552 резиденциялы 11 қонақ үйі (Rixos Hotel қоса алғанда) бар бес аймақты дамытуды көздейді.
Жобаның жалпы құны шамамен 1624 млн АҚШ долларына бағаланған, бұл қаржы 2014 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі аралықта кезең-кезеңімен инвестицияланады. «Бурабай» курорттық аймағының жобасы Ақмола облысының Бурабай курортты аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған.
Қаскелең Оңтүстік – бұл әртүрлі қызмет түрлерін және қысқы және жазғы демалыс үшін үлкен халықаралық тау шаңғысы курортын әзірлеу және дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 28 600 төсек-орындық кенттер қонақ үйлер, апартаменттер, таунхаус пен шаледен тұратын 3 аймақты қамтитын туристік инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Сондай-ақ туристерге қызмет көрсетуге арналған 31 600 шаңғышы үшін 148 шақырымдық шаңғы жолы, 27 тау-шаңғы көтергіштерді және 4985 тұрақ орын объектілері.
Жобаның жалпы құны шамамен 3,18 млрд. АҚШ долларына бағаланған, ол келесі 20 жылда кезеңдер бойынша инвестицияланады. «Қаскелең Оңтүстік» жобасы Алматы қаласы тау шаңғысы аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған.
Р туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша клатерлік даму барысындағы дайындалатын туристік жобаларға сипаттама. Көк Жайлау, Бұқтырма Катон Қарағай.
Көк Жайлау – бұл халықаралық стандарттарға сай жыл бойы жұмыс істейтін тау-шаңғы курортын әзірлеу және дамыту. Аталған жоба Алматы қаласының маңындағы халықаралық тау-шаңғы курортың құрылуын оның ішінде жолаушылық қанат жолдарын және курорттың негізгі объектілеріне инженерлік желілерді өткізуді қарастырады. Жеке инвестициялау шеңберінде халықаралық санаттағы қонақ үйлердің, шале, гольфқа арналған алаңдар және т.б. коммерциялық мүлік объектілерінің құрылысы жоспарланған. «Көк Жайлау» жобасы Алматы қаласында тау-шаңғы аймағын дамыту бойынша жүйелік жоспарында сипатталған.
Бұқтырма - Қатонқарағай:
«Песчанка» курорты – Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы демалыс үшін жоғары сапалы қызмет көрсететін курортты дестинацияны дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 8476 орындық 9 қонақ үйлер, виллалар, коттедждер мен таунхаустар, сондай-ақ яхталарға арналған айлақ, су паркі және спорттық құрылыстары бар бірнеше аймақты дамытуды көздейді.
Жобаның жалпы құны - шамамен 365 млн. АҚШ доллары (көлік инфрақұрылымы мен коммуналдық шаруашылықты есептемегенде), оның ішінде 2020 жылға дейінгі инвестициялар көлемі 274 млн. АҚШ долларын құрайды (2152 төсек-орынды және аралас тұрақ аймақтары, жолдар мен ландшафтылық дизайн үшін). «Песчанка» жобасы Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер жоспарында сипатталған.
Р туризм индустриясын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері. ҚР туризм индустриясын 2020 ж. дейін дамыту тұжырымдамасы бойынша клатерлік даму барысындағы дайындалатын туристік жобаларға сипаттама. Кендірлі аймағы мен ЭКСПО-2017 жобасы.
Кендірлі– жағажай демалысын, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін қамтитын жаңа дестинацияны дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 60 000 төсек-орындық 22 қонақ үй мен (оның 40 000-ы туристер үшін, 20 000-ы қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін) 16 400 резиденция және келушілерге қызмет көрсететін қалалық бөлшек сауда орталықтары, жабық үй-жайлардағы және ашық аспандағы спорттық сайыстарға арналған құрылыстар, гольфке арналған 3 алаң, яхталарға арналған айлақ және жергілікті тұрғындарға арналған қоғамдық мақсаттағы түрлі құрылыстар әзірлеуді көздейді. Жобаның жалпы құны шамамен 3,3 млрд. АҚШ долларына бағаланады, оның ішінде 2020 жылға дейін инвестициялар көлемі 1,96 млрд. АҚШ долларын (36 382 төсек-орын үшін) құрайды. «Кендірлі» жобасы Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған.
ЭКСПО – 2017
ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесі – бұл индустрияландырудың символы және техникалық, технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық алаң болып табылатын ірі халықаралық іс-шара.
ЭКСПО – 2017 өткізу Қазақстан Республикасы мен оның елордасының халықаралық деңгейде айтарлықтай ілгерілеуіне ықпал етеді. Алайда аталған көрмені ұйымдастырушы елдердің тәжірибесіне салыстырма талдау аталған оқиғаның іскерлік табысы көбінесе ішкі нарыққа байланысты екенін көрсетеді.
Астана қаласында толымдылық деңгейі орташа көрсеткіштен төмен 5 000-ға жуық қонақ үй нөмірлері бар екенін ескерсек, жаңа қонақ үй нөмірлерін енгізу жоба дамуына қарай қосымша айқындалатын болады.
ЭКСПО-2017 ұйымдастыруға байланысты күш-жігер жеткіліксіз туристік инфрақұрылым құруға, өзгерістер енгізуге және Қазақстанның туристік өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты негізгі міндеттерді шешуге: елге келу шарттылықтарын жеңілдету, туристік көліктік инфрақұрылымды құру, тартымды бағалармен қамтамасыз ету мүмкіндігі және дестинацияны басқару және т.б. бағытталуы тиіс.
Жүйелі жоспарлар мен мастер-жоспарда айқындалған жоғарыдағы төрт туристік жобалардан басқа, ойластырылған туристік өнімдерді болжамды дамыту ұлттық маңызы бар өзге туристік жобаларды дамыту қажеттілігін тұспалдайды.
Бұл Астана және Алматы қалаларына, Оңтүстік Қазақстан кластеріне қатысты, бұл өз кезегінде барлық үш аймақ үшін жүйелі жоспарлар әзірленуі тиіс екендігін білдіреді.