Озғалыс мүмкіндіктері
Ызығушылық облыстарын анықтау.
Жаяужол санын анықтау.
Қалалық пейзаж – бұл қалалық жаяужүргіншілердің ағын жүйесі. Адамдардың қозғалыс диаграммалары күн мен апта бойы қалалық өмірдің мінезін айта алады. Біз Алматы қаласының таңдалған көшелеріндегі жаяужүргіндердің санын есептедік.
Көшелердің сыртқы қызмет түрлері.
Әрбір адам уақытын қоғамдық арақашықтықта өткізсе, сонша қалалық өмірге үйренеді. Біз таңдалған скверлерге, саябақтарға,көшелерге барып адамдардың немен айналысатынын көрдік. Картада көрсетілген қызмет түрлері сол уақыттағы суреттің деңгейін және қызметтің түрлерін көрсетеді.
Адамдар барлық сезім мүшелері арқылы қаланың жағдайын сезіне алады.
Есту. Белсенді және тыныш дыбысты орта – өзін жақсы сезіну мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты элементі.
Сезу. Жағымды иіске толы орта біздің оң эмоциямызға әсер етеді.
Жаяу жүру. Біз шамамен сағатына 5 км жаяу жүреміз, осы қашықтықта біраз әсер аламыз.
Жайлы өмір
Жайлы қалалық өмір – адамдардың қызығушылықтарын оятады. Қаладағы жайлы жерлер – қаланың орталығы болып саналады.Себебі, адамдарға және тұрмыстық затқа қажетті мекемелер дәл орталықтарда орналасқан.
Қала үшін жайлы өмір:
1. Қоғамдық көліктердің қол жетімділігі
2. Қала тұрғындары толықтай өмір сүреді
3. Адамдар жаяу жүреді
4. Халыққа арналған көшелер
5. Қала халыққа толы
6. Тартымды қоғамдық орындар
Көп жылдардан бері жаңа қалаларды жоспарлау, адамдардың орталық көшелердің жасыл аймағына көлік құралдарын қамтамасыз етуге назар аудара отырып, жүзеге асырылды. Бұл жағдай адамдардың орталық көшелерден кетуіне және көліктердің қоғамдық орындарында көбеюіне әкеліп соқтырды. Көліктер кептелісті және шаңды құрап, қалалық өмірді, ортаны жағымсыз етіп көрсетті. Бұл көрсетілген элементтердің барлығы Алматы қаласында кездеседі.
Қаладағы ыңғайсыз өмір:
1. Қаланың өсуі. Қаланың өркендеуі және таза болуы қаланың өсіп үлкеюіне әкеледі,бірақ тығыздығы одан әрі кішірейеді.
2. Көлікке деген тәуелділік. Қала тұрғындарында көлікке деген тәуелділік болғандықтан, олар жаяу және велосипедте аз жүреді.
3. Көшелердің көбеюі. Көліктерге арналған жаңа инфрақұрылымдар салынуда. Мақсаты: қиын, тығыз көшелер мен жолдардың мәселелерін шешу
4. Көліктер қоғамдық орындарды жаулап алды. Көшелерде және қоғамдық орындарда көлік қозғалысы мен көлік тұрағы көбейіп кетті.
5. Адамдар қаладан кетуде. Адамдар қалада жұмыс істеп, мұндай кептеліске ұшыраған жерде тұрғысы келмейді.
Демілік пен тартымдылық мүмкіндіктері шектеулі.
1. Ағаштар мен оның бұталары көшелер мен жаяужолдарды тар етіп көрсетеді.
2. Ағаштар мен оның бұталары жаяужургіншілерге кедергі келтіреді.
3. Арықтар қоқысқа толы.
4. Бұлақтар бойында жаяужолдар үшін қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған.
Қайырымды мүмкіндіктерді жұмыс істету.
Жасыл желі құру:
- Қарттардың және жастардың жаяужолдармен жүру үшін, ең бірінші олардың қызығушылықтарын ояту керек. Ол үшін жаяужолдар таза және барлық заманауи талаптарға сай болуы қажет;
- Таулы аймақтардағы демалысқа арналған жасыл аймақтарды қалаға қосу ;
- Жасыл аймақтарды саябақтарға қосу;
- Осындай жасыл аймақтар, жаяужүргіншілерге және велосипед айдаушыларға берілу тиіс;
Суару (арық) жүйелерін жақсарту:
- Жаз мезгілінде арық жүйелері және суы таза болуы қажет;
- Арық маңдарын тартымды жаяужолдарына айналдыру қажет;
- Су құбырын қала тұрғындарына, әсіресе кіші топтағы жасөспірімдерге қол жетімді етіп орналастыру.
Алматыдағы арық жүйесі арқылы қар және жаңбыр сулары ағады, ол көшелердің таза болуына және ыстық күнде салқын леб беруіне әсер етеді. Арық жүйелері тұрақты күтімді қажет етеді. Құрылысы жақсы арықтар адамдарға деген қауіпті азайтады.
Ең жақсы тәжірибе
Жасыл қаланы құрудағы қайталанбас жақсы тәжірибе Елисейлік өрістер, Париж, Франция
Елисейлік өрістер өзінің шулы және қозғалысы көп көшелік өмірімен бар әлемге танымал болды.
Көшелерді таза ұстау, ағаштарға дұрыс күтім жасау, қаланы жағымды және ыңғайлы етіп көрсетуге септігін тигізеді. Кең көшелерде ағаштардың көп болуы, көшені жағымды етіп көрсетеді. Барлық ағаштардың уақытында кесіліп, күтілуі жол мен жаяужолға ешқандай кедергісін келтірмейді.
Ең жақсы гидрологиялық тұрақты тәжірибе Тэннер Спрингс Парк, Портланд, США
Тэннер Спрингс Прак – бұл Портланд қаласындағы көпфункционалды саябақ. Аумағы 60х60 метр. Бұл жерде ойын – сауық және әртүрлі қызмет түрлері көрсетіледі. Саябақта музыкалық аспаптары бар солтүстік бөлігі әртүрлі өрнектермен салынған. Саябақтың барлық шет жақтарында ашық, кең, тартымды жаяужолдар салынған .
Жасыл қаланы құрудағы қайталанбас тәжірибе. Севилья, Испания.
Севилья қаласындағы көп көшелерде апельсин ағаштары отырғызылған. Бұл қаланың символы болып табылады. Көктем мезгілінде бұл апельсин ағаштары керемет хош иісті шығарып тұрады. Әр мезгіл сайын өзінің сәнін келтіріп, өзгеріп тұрады.
озғалыс мүмкіндіктері
1.Мәселе
Көше бойындағы автокөліктердің басым болуы
- Орталық көшелерде автокөліктерге көп орындар мен жолақтар берілген, бұл қозғалыстың қиындауына әкеліп соғады
- Қиылыстарда жаяужолдар аз
- Жаяужолдар көшедегі жылдамдығы жоғары қозғалыстар бойында орналасқан
2. Мәселе
Келу пунктінің қиындығы
- Қоғамдық көліктерді күту орындары және аялдамалардың төмен сапалылығы
- Қоғамдық көліктер туралы ақпараттың аздығы
3. Мәселе
Қоғамдық орындардағы жаяужолдардың төмен сапалылығы
- Жаяужолдағы кедергілер: өсіп кеткен ағаш бұталары, баспалдақтар, жаяужолдың сынған бөліктері
- Жаяужол аймағындағы жарықтар сапасының төмендігі, адамның діттеген жеріне бағытын көруге кедергі болады
- Көшелерде жаяужолдарға арналған демалыс орындары қарастырылмаған