Ырып 14. денсаулыҚ саҚтаудаҒы менеджмент.
Мақсаты: Студенттер заманауи жағдайдағы денсаулық сақтауды басқарудағы менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздерін білулері тиіс
Менеджмент- халықтың бірлескен еңбегі нәтижесінде пайдалы әрі тиімді болатын еңбекті басқарудың табиғатын, себебі мен салдарын, факторы мен жағдайын зерттейтін ғылым. Менеджмент тәжірибелік шығармашылықта қолдануға болатын көптеген ғылыми әдістері бар және халықтың басқару үрдісінде мақсатты түрде бағыталған шығармашылықтың заңы мен заңдылықтарына, теорияларына сүйенетін басқару ғылымы. Оның құрамына: сандық есептеулер, коммуникациялық жүйелер, әртүрлі технологиялық мәселелердің шешімі, талдау әдісі және тағы басқалары кіреді.
Жүйе – бұл әрқайсысы бір бүтінді сипаттауға өз үлесін қосатын, бір-бірімен үнемі байланыста болатын бөлімдерден тұратын тұтастық. Жүйенің басқаша анықтамасы - өзіне тән емес жаңа сапа түрлерінің (интегралдық, жүйелік) пайда болуына алып келетін әрекеттесулердің жиынтығы. Денсаулық сақтау жүйесін функциялау - басқару және ұйымдастыру үрдістерінде өзіндік көріністерін айқындайтын, екі жаққа да маңыздырақ болып келетін өзіндік динамикалық үрдіс: 1) элементтердің өзара әрекеттестігіне де байланысты болатын жүйені құру; 2) жүйенің мақсаттық функциясын орындауда жоғары нәтижеге жетуге көмектесетін тәсілдермен осы элементтерге әсер ету.
«Жүйе» деген ұғыммен қатар басқару тәжірибесінде «ұйымдастыру» деген ұғым да кеңінен таралған, мысалы, жүйені ұйымдастыру немесе ұйымдастырылған жүйе. Ұйымдастыруға қоғамның және әрбір адамның өзінің денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын, жоғары тиімді нақты бір жүйемен қамтамасыз ететін, медициналық және ұйымдастырушылық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шараларының жоспарлы, ғылыми-дәлелденген кешені деп анықтама беруге болады.
Ұйымдастыру үрдісі олардың өзара байланыстылығын, жүйелілігін және қажетті іс-әрекеттерін көрсететін жеті бөлімнен тұрады:
1. Ұйымдастыру жүйесінің мақсатын қалыптастыру.
2. Ұйымдастыру жүйесінің құрамын анықтау және мақсатқа жету үрдісін талдау.
3. Жүйенің құрылымын және қызметін жасау.
4. Басқару іс-әрекетін және басқару технологиясын жасау.
5. Құжат айналымының ретін, мәліметтердің өту жолдарын және көлемін, байланысын анықтау.
6. Техникалық заттарды қолдануды ұйымдастыру және таңдау.
7. Басқару қызметкерін және жетекшісін оқыту және іріктеу.
Менеджменттің элементтері:
1. Мақсаты – денсаулық сақтау жүйесінің немесе медициналық мекемелердің тактикалық және стратегиялық міндеттерінің кепілді орындалуынан, ұжымдар мен жетекшілердің іс-әрекетінен күтілетін нәтижелер.
2. Адам қорлары – жетекшілер мен орындаушылар және олардың қойылған мақсатқа жетуді жүзеге асырудағы дайындығы мен жетістігінің, инттелектуалды потенциялының, дағдыларының, игеруінің, білімінің жиынтығы.
3. Материалдық қорлар – қаржылық мүмкіндіктер.
4. Медициналық-технологиялық қорлар – медициналық мекемелердегі мамандардың инновациялық, клиникалық, басқарушылық мүмкіндіктері.
5. Тиімді пайдалану – денсаулық сақтау жүйесіне немесе медициналық мекемелерге максималды пайдалы медициналық-технологиялық және материалдық, адами қорларды пайдалану.
Менеджмент – денсаулық сақтауда өзара байланыстылықты, оның жеке элементтерін анықтауды игеру және оны бірегей бүтін деп түсіну өнері болып табылады.. Ол, медициналық қызмет нарығы жоғары деңгейде қажеттілікті сезінетін бағытпен айналысатын медициналық мекемелердің қозғалысына алып келетін механизмдерді құруды игерумен қорытындыланады. Менеджмент – медициналық мекемелердің мақсатын жүзеге асыруға және олардың кәсіпкерлік қабілеттіліктерін жеке өмірлерінде толығымен қолдануына жағдай жасайтын адамдарға бағытталады. Өте қарапайым түрде, денсаулық сақтаудағы менеджмент дегеніміз - денсаулық сақтау үрдісін басқаруда мақсатқа жету үшін адамдық, материалдық және медициналық-технологиялық қорларды тиімді пайдалану.
Файоль бойынша 14 басқару ұстанымы: 1) еңбекті дұрыс бөле білу; 2) жауапкершілік пен атақтың бөлшектенбеуі; 3) еңбек дисциплинасының қажеттілігі; 4) бағынудың бірыңғайлығы; 5) топтардың тұтастығы; 6) әрбір тұлғаға жалпы қызығушылықтың басымдылығы; 7) еңбекте марапаттаудың әділдігі; 8) орталықтындырудың және орталықтандырмаудың теңдігі; 9) басқарудағы субординация; 10) басқаруды құрылымдық реттеу; 11) мекемелердегі жұмыскерлердің тең құқықтылық жағдайы; 12) мамандардың тұрақсыздығы; 13) ынтаның еркіндігі; 14) мекемедегі үндестік және біртұтастық.
Жүйелік қатынас сыртқы ортаға шығатын элементтер(тауарлар және қызметтер) немесе нәтижеге әсер ететін құрылымдық тасымалданатын кіретін элементтері (қорлардың барлық түрлері) бар мекемелер басқаруда қарастырылады. Мекемелер қызмет пен тауарлардың орнына сыртқы ортадан айналымның қайталануына қажетті қорларды алады. Бұл айналым үздіксіз және тұрақты болады. Барлық мекемелер функцияланып және бірдей ережемен басқарылады
Жағдаяттық қатынас жүйелік қатынасқа қарама-қайшы болады. Әрбір мекеме шағын және өзінің басқару стилін жасап шығару керек. Бұл қатынас салыстырамлы түрде жаңа емес, бірақ қазіргі менеджерлердің арасында мойындалған, сонымен қатар онда басқарудың әмбебеп әдістері болмайды.
Сапалық қатынас мекемелердің іс-әрекеттерінің барлық жағынан сапалы ойлап шығарылуымен негізделеді. Бұл олардың нарықтағы бәсекелестікте басымдырақ болуына мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи қорлардың азаюына байланысты нарықты аз шығындануды қалыптастыратын сапалық қатынас өзекті болып келеді
Қазіргі менеджменттің айырықша сипаттамасы, оның икемділігі, инновациялар мен өзгерулерге ұшырағыштығы және өзінің әдеті мен білімін жетілдіріп, болған жағдайларды жүйелі бақылауға талаптанатын менеджердің болуымен сипатталынады. Қазіргі таңда, 21 ғасырда нарықта озат (лидер) мекемелердің бейнесі нақты басым немесе аздау болып айқын көрініп тұрады:
- олар адамдардан хабардар;
- мұндай мекемелердің лидері және оның басқару стилі нақты көрініп тұрады;
- мұндай мекемелердің даму бағытындағы тұрақтылығы жоғары болады;
- мұндай мекемелер «Тұтынушы қашанда дұрыс» деген ұранмен жұмыс жасайды;
- мұндай мекемелер өзінің жетістігінде қашанда оптимист.
Медициналық мекемелерде менеджер әр түрлі жұмыстарға жауапты болатын басқарудың әртүрлі деңгейімен жұмыс жасайды.
Өзінің қызметін орындау барысында менеджер әртүрлі рөлдермен алға шығады. Көбінесе әртүрлі рөлдерге жоғарғы деңгейдегі басқару буынының өкілдері жататындықтан, осы деңгей өте күрделі болып табылады.
Осы кезде басқару рөлдерінің көпшілігі орташа және жоғары менеджерлердің жұмысына қатысты болады. Кішірек көрсеткішпен есептегенде типтік менеджердің жоғары буынының жұмысына әртүрлі оншақты рөл қатысты деп есептеуге болады. Көптеген басқарушылар адамда белгілі деңгейде дағды мен білім болмаса, жақсы менеджер бола алмайды деп түсінеді. Бұл минимум менеджменттің кілттік дағдылары деп аталып, білім мен дағдының үш категориясына бөлінеді. 1) техникалық білім/дағды; 2) адамдармен жұмыс істей алу дағдысы, 3) басқарудың концептуалдық дағдысы.
Менеджменттің функциялары:
1. Жоспарлау – алдыға мақсат қою және оған жетудің іс-әрекеттерін таңдау үрдісі. Жоспарлау келесі элементтерден тұрады: мақсат қою; қорлар мен мүмкіндіктерді талдау; шараларды жасау және тарату; нәтижесін бақылау және баға беру.
2. Ұйымдастыру – орындаушылар мен бөлімшелердің арасында ұсынылатын іс-әрекеттердің көлемін бөлу үрдісі; мақсатқа жетудегі іс-әрекеттердің үйлесімділігі және басқарудың иерархиялық инфрақұрылымын қалыптастыру.
3. Қызметкерлерді басқару – қойылған мақсатқа жету үшін орындаушыны анықтау, оқыту, іріктеу үрдісі.
4. Көшбасшылық – қойылған мақсатқа жету үшін бөлімшелерді және орындаушыларды қызықтыру және талаптандыру.
5. Бақылау – өзгерістерді тұрақты бақылау, іс-әрекеттерді өз уақытында коррекциялау, нәтижелерін бағалау арқылы және де мақсатқа жетуді көздеуде жұмыскерлердің сәйкесінше өз үлестерін қосуды ескере отырып орындаушылар мен мекемелердің мақсатын қамтамасыз ету үрдісі.
Шешімді қабылдау үрдісі жоғарыда келтірілген 5 қызмет түрімен жүзеге асырылатын басқарудың тұрақты құралы болып табылады.
Денсаулық сақтау жүйесінің тәжірибесінде барлық қызмет түрлері бір-бірімен байланысты болып және медициналық мекеме немесе жүйені басқарудың үздіксіз айналымы түрінде болады.
Ұйымдастырудың құрылымы – ұйымдастыру бөлімдерін құратын иерархиялық тәртіп: ұйымдастыру бөлімдерін құратындар: оның бөлімшелері, бөлімдері, адам топтары және сонымен қатар олардың өзара әрекеттесу түрі. Басқаша сөзбен айтқанда ұйымдастыру құрылымы дегеніміз - ұйымдастыру алдындағы міндеттерді орындауда адамдарды өзара байланыстыратын басқару мен бағынушылықтың коммуникациялық жүйесі. Құрылым ұйымдастыру жөніндегі келесідей мәліметтерді қамтитын, схема түрінде болады: 1) еңбекті бөлу, 2) орындалатын жұмыстың түрлері, 3) бөлімшелер арасындағы әрекеттестік және субординация; 4) коммуникациялық каналдардың айқындығы; 5) бөлімшелер; 6) басқару деңгейі. Ұйымдастырудың қарапайым және нәтижелі құрылымы ұйымдастырудағы кілттік артықшылығы болып табылады.
Ұйымдастыру ресми түрде емес ұйымдастырушылық құрылымының анықтағанындағыдай бейресми көшбасшылардың немесе адам топтарының бастапқы жоспарлаған іс-ірекеттерінің салдары ретінде жұмыс жасайды. Бейресми көшбасшылар мен адам топтары, әсіресе, адамдарға жаңа, ерекше міндеттер мен мәселелер кездесіп отыратын ішкі ұйымдастырушылық өзгерістер кезеңінде өте пайдалы болып келеді. Ресми емес құрылымдардың артықшылықтарымен қатар бірқатар кемшіліктері де болады. Сонымен қатар олар ресми түрде жұмыс жасамағандықтан, тіпті олардың іс-әрекеттері ұйымдастыру жұмысына зиянды және кедергі де болуы мүмкін. Олардың қызығушылығы ұйымдастырудың қызығушылығына қарама-қайшы келуі де мүмкін. Ресми емес құрылымдар жиі әртүрлі шиеліністер мен алып кашпа сөздердің көздері болады.
Реструктуризация немесе қайта құрастыру – бұл ұйымдастыру жұмысының тиімділігін жоғарлату мақсатында ұйымдастыру құрылымын өзгерту немесе қайта құру үрдісі. Ұйымдастыру құрылымының оны қайта құру туралы шешім қабылдау кезінде білуі қажет бірнеше түрлері бар: функционалдық, көп профильдік, гибридтік және қалыптық құрылымдар.
Жетекшінің тапсырманы табысты орындаудағы бақылау деңгейін қамтамасыз ететін қажетті бірнеше ұстанымдары бар: 1) еңбекті дұрыс бөле білу; 2) өкілдікті тасымалдау; 3) құқық; 4) жауапкершілік; 5) есептік; 6) бірегей басқару.
Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд