Бағалы қағаздарға инвестициялардың сипаты мен жіктелуі
Инвестиция деп – экономикалық әр саласына кәсіпкерлік кіріс, пайыз немесе капиталдың өсіру мақсатымен капитал түрінде салынған жиынтық шығысты айтамыз (шаруашылық субъектінің құнының және соған сәйкес оның меншіктеушісінің әл ауқатының өсуі). Инвестиция былай жіктеледі:
1. үлескерлік – жай және артықшылықты акциялар;
2. қарыздық – облигация, қазынашаң векселдері, депозиттік сертификаттар және т.б.
Инвестицияның қайнар көзі:
а) Қайта құралған құн (таза кірістің жинақ бөлімі);
б) Қорланатын амортизация;
в) Кредиттік ресурстар.
Инвестициялар келесі белгілері бойынша сыныпталуы мүмкін:
3.Салым уақытына байланысты:
қысқа мерзімді – иелік ету мерзімі 1 жылға дейінгі. Бұл уақытша ақша қаражаттарын орналастыру мақсатымен оңай өткізілетін нарықтық құнды қағаздар компанияларының инвестициялары.
ұзақ мерзімді – иелік ету мерзімі 1 жылдан жоғары.
мерзімсіз инвестиция.
Ұзақ мерзімдік және мерзімдік инвестициялар – бұл қосымша пайда немес компанияға әсер ету мақсатымен ақша қаражаттарын орналастыру, мұндай салым түрі осы саладағы мекемелердің жеке операцияларына қарағанда мейлінше тиімді болу себебінен құнды қағаздар сатып алынады.
4.Тағайындалуына байланысты:
қаржылық – құнды қағаздарға салым.
нақты (мүлікке салым) – материалдық өндірістік босалқы қордың өсуіне субъектінің негізгі капиталына салым.
5.Қалыптасуына байланысты – алғашқы, екінші ретік.
6.Өмір сүру формасына байланысты – құжат жүзінде жүретін, құжатсыз жүретін.
7.Ұлттық керек жарағына байланысты – отандық, шетелдік.
8.Қолдану типіне байланысты – инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.
9.Иелік ету тәртібіне қарай – жеке, қоғамдық.
10. Шығару формасына қарай – эмиссиялық, эмиссиялық емес.
11. Меншік формасына қарай – мемлекеттік, коорпаративтік.
12. Айналым сипатына қарай – нарықтық, нарықтық емес.
13. Тәуелдік деңгейіне қарай – аз тәуекелділікпен, тәуекелділігі жоғары.
14. Кіріске байланысты – кірістік, кірістік емес.
15. Қаржы салымының формасына байланысты.
16. қарыздық – құнды қағаздар мен міндеттемелерге инвестициялар.
17. үлескерлік иемденуші – белгілі бір субъектінің капиталдағы немесе мүліктегі үлесі, бірақ уақыттың шектеулігімен байланысты (тәуекелді немесе еншілес компаниялардың инвестициялары)
18. жеке дара жобалар.
19. Экономикалық мәніне байланысты (құқық түріне) – мүліктік, міндеттемелік.
20. Халықаралық және отандық стандарттарға сай бухгалтерлік есепте инвестициялар былай бөлінеді:
а) Қаржылық БЕС 8 «Қаржы инвестицияларының есебі және оған әдістемелік нұсқаулар».
б) Еншілес, тәуелді және бірге бақыланатын шаруашылық субъектінің инвестициялық БЕС 13 «Консалидирленген қаржылық есеп беру мен еншілес серіктестіктердің инвестицияларының есебі» және оған әдістемелік нұсқаулар; БЕС 15 «Біріккен қызметке қатысу үлесінің қаржылық есеп берулерде көрінеді» және оларға әдістемелік нұсқаулар.
2. Қаржылық инвестицияларды иемдену кезінде сатып алу құнымен есептелінеді, сонымен қоса брокерлік сыйақы мен банкттық қызмет үшін сыйақылар сияқты иемденумен байланысты шығындарды да ескеру қажет.
Иемденуге дейінгі есептелген пайыз, дивидент құрамына кіретін құн бойынша қаржы инвестициясын иемдену есепте сатып алушының сатушыға төлеген пайызын алып тастағаннан кейінгі сатып алу құнымен көрсетіледі.
Құнды қағаздар инвестициясындағы сатып алу құны мен өтеу құнының айырмашылығы оларды иемдену кезеңінде инвестормен амортизацияланады.
Бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді қаржы инвестициялары былай көрсетілелі: ағымдық құн; сатып алу және ағымдық құнның ең аз бағасымен. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция сатып алу және ағымдық құнның ең аз бағасымен ескерілетін болса, баланстық құн не жиынтық портфель негізінде, не инвестиция түрімен, не жеке инвестиция негізінде анықталуы мүмкін.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларының ағымдық құны өзгеруінің салдарынан алынған кіріс немесе зиян олардың пайда болған есеп беру кезеңінде көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді қаржылық инветициялар бухгалтерлік баланста төмендегідей болып көрсетіледі:
1. сатып алу құны бойынша;
2. қайта бағалау есебінең құнымен;
3. портель негізінде анықталатын ағымдық және сатып алатын құнының ең аз бағасымен;