Тақырып. 3. Саяси ғылымдардың негізгі кезендері мен қалыптасуы

1) Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар

2) К. Маркс пен Ф. Энгельстін саяси идеялары. В.И. Лениннің саяси теориялық көзқарастары

3) Ресей ойшылары Батысшылар және славянофилдер.

1. Бұл дәуірдің қөрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луй Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарына айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне т.б.) байланыстырды. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддессін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.

Немістің ойшылы Иммануил Канттың (1724-1804) «Космополиттік көзкарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», «Өмірлік бейбітшілікке» деген еңбектері бар. Канттың ойынша, адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік занаң басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкереледі. Мемлекеттер арасындағы халықаралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.

2 сұрақ. XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік ендіріс әдісінің қарқыңды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшы-лықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.

Карл Маркс(1818— 1883), Фридрих Энгельс философия мен саяси экономия сала-сында екі жаңалык жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен ендірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материаддық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және руха-ни процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құры-лыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс кұрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен еңдірістік қатынастар арасыңдағы тереңдеп келе жат-қан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының екіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосым-ша құн туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міңдетті орындайтын қоғамдық күш — жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат—буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы. Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетариаттың өзінің меншікті саяси партиясы — Коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.В. И. Ленин, Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870—1924). Ол капитализм дамуының империалистік сатысының занды-лыктарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды. Ленин, Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялык-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).

Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің релін айкындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті. Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болдмайды деп ұқты.

4 сұрақ. Тарих мәселесі, Ресейді жарқын болашаққа апаратын тарихи жолды анықтау, таңдаумен "батысшылдар" мен славянофилдер айналысты.

Батысшылдарсол заманға батыс философиясының дәстүрлерін (материализм, әмпиризм) жақсы игеріп, оларды орыс философиясына ендіруге тырысты. Батысшылдар өкілдері:А.Г. Герцен, Н.П. Огарев, К.Д.Кавелин, В.Г.Белинский. Батысшылдар пікірінше, жалпы еркениет жолынан бөлек, тек Ресейге ғана тән "бірегей" жол деген жоқ. Бірігейлік туралы әңгімелердің мәні - Россияның әлемдік өркениеттен артта қалып, өз ішінде, өзімен тұйықталуында. Ресей үшін басты игілік -батыстық құндылықтарды игеріп, өркениетті елге айналу.

Батысшылдардың қарсыластары славянофилдерболды. Өкілдері: А.С.Хомяков,

И.В. Киреевский, Ю.В.Самарин, А.Н.Островский, ағайынды К.С. және И.С. Аксаковтар. Славянофилдер пікірінше, Ресейдің тарихи болмысының негізінде православие және қауымдастық өмір салты жатыр. Сондықтан орыс халқының менталитеті батыстан түбегейлі өзгеше. Мысалы, Батыстың бәсекелістік, индивидуализм, рухсыздық, т.б. қасиеттерімен салыстырғанда Ресей халкына құдайшылдық, өзара қолдау, көмек, коллектившілдік, соборлылық тән. Славянофильдердін пікірінше, орыстың тілздениетіне батыстық дәстүрді ендіру, реформалау - бәрі де Ресей ушін ерте ме, кеш пе, қайғымен аяқталған.

Тақырып.

Наши рекомендации