Йғыр­лар мен дүнген­дердің қоныс ауда­руы

Жетісу­да егіншіліктің да­му­ына XIX ғасыр­дың 70–90 жыл­да­рын­да Шығыс Түркістан­нан қоныс аударған ұйғыр­лар мен дүнген­дер ықпал етті. Қоныс­танды­ру екі ке­зеңде бол­ды. Бірінші ке­зеңде 1877 жы­лы Тоқмақ ауда­нына (Солтүстік Қырғызс­тан) шэнь­си дүнген­дерінің бір то­бы келді, 1881–1883 жыл­да­ры, Санкт-Пе­тер­бург шар­ты­на сәй­кес, Іле өлкесінен ұйғыр­лар мен дүнген­дердің негізгі көпшілігі қоныс аудар­ды.

Қоныс­та­нушы­лар­дың жаңадан 5 бо­лыс: Жар­кент және Кет­пен (қазіргі Пан­фи­лов ауда­нының аумағын­да), Ақсу-Ша­рын (Ұйғыр ауда­нын­да), Ма­лыбай (Ше­лек ауда­нын­да), Қара­су (Еңбекшіқазақ ауда­нын­да) бо­лыс­та­ры құрыл­ды.

Жетісу­да ең жақсы жер­лер ка­зак­тардың пай­да­сына тар­тып алы­нып қойған­дықтан, ұйғыр­лар мен дүнген­дер қол­дан су­лан­ды­рыл­майын­ша егіншілікке он­ша жа­рам­ды бол­маған учас­ке­лер ал­ды. Об­лыстың се­ло халқын жер­ге ор­на­лас­ты­ру жөнінде 1882 жы­лы Жетісу об­лыстық басқар­ма­сы белгіле­ген ере­желер негізінде дүнген­дер мен ұйғыр­лар әрбір ер­кек адамға 10 де­сяти­надан жер алуға тиісті еді. Алай­да 1885 жы­лы қоныс­та­нушы­ларға үлесті жер бөліп бе­ру қолға алынған кез­де, әрбір ер­кек адамға 4–5 де­сяти­надан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жыл­дың 1 қаңта­рынан бас­тап об­роктық алым – са­лық са­лына­тын бол­ды.

Се­лодағы және қала­дағы ұйғыр мен дүнген ха­лықта­ры өздерінің әкімшілігі, мешіті және оны басқара­тын дінба­сы бар қауым­дарға бөлінді.

Қоныс­та­нушы­лар­дың ке­дей­лен­ген бөлігі алғашқы кез­дерде өздеріне берілген үлесті жердің шағын учас­ке­лерін ғана иге­ре ал­ды. Со­ның нәти­жесінде қауым­дар ішінде өзінше бір арен­да­лық қаты­нас­тар қалып­та­сып, қауым­ның ке­дей мүше­лері өздерінің үлесті жер­лерін не­месе олар­дың едәуір бөлігін қауым­ның әлді мүше­леріне беріп отыр­ды, ал өздері «арен­да­тор­ларға» күнделікті жұмыс­шы­лар (мердігер­лер) ретінде өнімнің бір бөлігін ала­тын бо­лып жал­данды. Бұл үлесті жер­лер фор­маль­ды жағынан әлі де бұрынғы иелерінің атын­да бо­лып қалғаны­мен, іс жүзінде олар жаңа қожайын­дардың то­лық иелігіне көшетін.

Сөйтіп, қауым­дардың жоғары бай топ­та­ры, дінба­сылар және дүнген, ұйғыр қауым­да­рының се­лолық әкімшілігінің өкілдері қауым­ның көпте­ген мүше­лерінің үлесті жер­лерін өз қол­да­рына шоғыр­ланды­рып, ірі жер иелеріне ай­нал­ды.

Қауым­дық жер­лердің се­ло бай­ла­рының қолы­на шоғыр­ла­ну­ына дүнген­дер мен ұйғыр­лардың шет кәсіпке ке­туі де се­бепші бол­ды. Алған жер­лері құнар­сыз бо­лып, жұмыс көлігі мен ауыл ша­ру­ашы­лық құрал­да­ры бол­маған ке­дей­лер алым-са­лықтар төлеу жөніндегі жеңілдік берілген мерзім біткен­нен кейін мүлдем күй­зелді, өздерінің үлесті жер­лерін жап­пай тас­тап, қала­ларға жал­да­ма жұмыс­шы және ауыл ша­ру­ашы­лық ба­тырақта­ры бо­лып та­быс іздеп кетті.

Дүнген­дер мен ұйғыр­лар өздерімен бірге Жетісуға жа­сан­ды жол­мен су­лан­ды­рыла­тын егіншіліктің қалып­тасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақыл­дар ішінде би­дай ба­сым бо­лып, жердің жар­ты­сынан ас­та­мына би­дай егілді.

Ұйғыр­лар сон­дай-ақ мақта өсіру­мен және ішіна­ра жібек құртын өсіру­мен де ай­на­лыс­ты. Дүнген­дер мен ұйғыр­лар май дайын­дау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен те­мекі өсіріп, оны жергілікті ры­нок­та тиімді етіп өткізе бас­та­ды.

Жетісу­да қоныс ауда­ру қоныс­танды­рушы­ларға да әсер ет­пей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғыр­лар мен дүнген­дер ша­ру­ашы­лығын­да ағаш са­бан­дар мен басқа да до­бал құрал-сай­ман­дар қол­да­нылып кел­се, енді олар темір соқалар­ды, тыр­ма­лар­ды, се­ял­ка­лар­ды, т. б. пай­да­лана­тын бол­ды, жаңа ауыл ша­ру­ашы­лық дақыл­да­рын: сұлы, те­мекі, кар­топ, по­мидор және басқала­рын егуді игерді. Байырғы ха­лықтар – қазақтар мен қырғыз­дардың әсерімен дүнген­дер мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыса бас­та­ды.

Ұйғыр­лар мен дүнген­дердің та­рихи тағдыр­ла­ры Ре­сейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі ха­лықта­рының тағды­рымен тығыз ас­та­сып кетті.

45 )1905–1907 жыл­дардағы орыс ре­волю­ци­ясы­на Қазақстан халқының қаты­суы.Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жыл­дардағы ереуілдері орыс халқының ре­волю­ци­ялық күресімен тығыз бай­ла­ныс­ты еді.1905 жы­лы ақпан­да Орал, Пе­ровск, Түркістан, Шалқар теміржол­шы­лары өздерінің эко­номи­калық жағдай­ла­рын жақсар­ту та­лабын қойған ереуіл жа­сады. 1904 жы­лы пай­да болған Сібір со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық одағы, оның Ом­бы, Орын­бор, Са­ратов ко­митет­тері Қазақстан жерінде ре­волю­ци­ялық жұмыс­ты күшей­те түсті.1905 жыл Қазан айын­дағы Бүкілре­сейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан­ның бар­лық қала­ларын­да ше­рулер, ми­тингілер мен жи­налыс­тар бо­лып өтті. Пе­ровскідегі, Орал­дағы, Қарқара­лыдағы, Пав­ло­дар­дағы ма­нифес­та­ци­ялар неғұрлым ірі бол­ды. Олар­ды орыс­тар ара­сынан және қазақтар­дан шыққан жергілікті зи­ялы­лар ұйым­дастыр­ды. Қарқара­лыдағы 1905 жылғы 15 қара­шадағы үлкен са­яси ми­тинг­ке қазақтар­дан, та­тар­лардан, орыс­тардан және басқала­рынан тұра­тын 400-дей адам қатыс­ты. Олар пат­ша өкіметіне қар­сы бірқатар та­лап­тар қой­ды, отар­шы­лық әкімшілікке қар­сы күре­суге шақыр­ды. Кейіннен Қарқара­лы оқиғасы­ның бас­шы­лары қуғынға ұшы­рады. А. Байтұрсы­нов Орын­борға, Ж. Ақба­ев Яку­тияға жер ауда­рыл­ды. Пат­ша өкіметі 1905 жы­лы 17 қазан­да ел­дегі ре­волю­ци­ялық қозғалыс­ты ба­су мақса­тын­да ар­найы ма­нифест қабыл­да­ды. Бірақ бұл жоғары мәрте­белі ма­нифест жұмыс­шы қозғалы­сын бәсеңдет­кен жоқ, қай­та кейбір жер­лерде күшей­те түсті. Қазақ жұмыс­шы­лары мен ша­ру­ала­ры пат­ша өкіметіне орыс жұмыс­шы­лары­мен және қоныс­танған ша­ру­алар­мен қол ұста­са оты­рып қар­сы шықты. Қазақ ша­ру­ала­ры ең ал­ды­мен жер, су үшін, теңдік, бос­тандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жы­лы жаз­да Се­мей, Торғай және Орал об­лыста­рын­да жер үшін толқулар бол­ды. 1906 жы­лы 6 қаңтар­да пат­ша­ның ар­на­улы жар­лығымен Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Мел­лер-За­комель­скийдің жа­залау экс­пе­дици­ясы әкелінді. 1905–1907 жж. болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тармен бай­ла­ныс­ты Қазақстан жұмыс­шы­лары­ның кәсіпо­дақ ұйым­да­ры бой көтерді. Алғашқылар­дың бірі бо­лып Орал­дағы теміржол­шы­лар­дың кәсіпо­дағы (1905 ж. қара­ша) құрыл­ды, оған Н. Сму­ров, Н. А. По­кати­лов және Н. И. Ульянов бас­шы­лық жа­сады. 1905–1906 жж. Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның кәсіпо­дағы ең ірі ұйым бо­лып са­нал­ды. Оның 6 мың мүшесі болған. 1905 жы­лы жел­тоқсан айын­да I Мем­ле­кеттік Ду­маны шақыру ту­ралы пат­ша үкіметінің жар­лығы шығып, оған Қазақстан­нан 9 де­путат, оның ішінде 4 қазақ сай­лан­ды.

46) Қоныс ауда­ру са­яса­ты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)

XIX ғасыр­дың 70-жыл­да­ры орыс және ук­ра­ин ша­ру­ала­рын қоныс­танды­ру бас­талса, 80-жыл­да­ры қарқын­ды жалғас­ты. Алғашқы қара­шек­пен қоныс­та­ры 1879 жы­лы Көкше­тау уезінде пай­да бол­ды.

Жетісу об­лы­сының әске­ри гу­бер­на­торы Кол­па­ковс­кийдің ұсы­нысы бойын­ша 1868 жылғы «Ша­ру­алар­дың Жетісуға көшуі ту­ралы Уақыт­ша ере­желер» қабыл­да­нып, ол 1883 жылға дейін қол­да­ныл­ды.

1886 жы­лы Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығының көші-қон­ды басқару ере­жесі қабыл­данды. Бұл құжат бойын­ша әрбір ер адамға 10 де­сяти­на жер берілді, қоныс­та­нушы­лар 5 жылға дейін са­лықтан бо­сатыл­ды, кейін 5 жыл­да са­лықтың жар­ты­сын ғана төледі.

«Ауыл тұрғын­да­рын өз еріктерімен жаңа жер­ге көшіру және бұрынғы көшірілген топ­тар ту­ралы ар­найы ере­жесі» 1889 жыл­дың 13 шілдесінде қабыл­да­нып, қоныс­танды­ру тек ал­дын ала Ішкі істер ми­нистрлігінің және мем­ле­кеттік жер иеліктері ми­нистрлігінің рұқса­ты арқылы іске асы­рыл­ды. Бірақ пат­ша жап­пай қоныс­танды­ру үрдісін бақылай ал­ма­ды. Ша­ру­алар­дың өздігінен көшуі жалғаса берді. 1891–1892 жыл­да­ры егіннің шықпа­уынан орыс ша­ру­ала­ры еуро­палық Ре­сей­ден шығысқа қашып, қазақ жер­леріне қоныс­та­нып ал­ды.

Ере­жеде қоныс­та­нушы­лар­дың аудан­да­ры нақты Томск және То­был гу­бер­ни­яла­ры, Жетісу, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры деп көрсетілді. 1891–1892 жыл­да­ры заң Торғай және Орал об­лыста­рына да та­рады. Ша­ру­алар­дың қоныс ауда­руы қазақ көшпелілерінің жер­лерін тар­тып алу есебінен жүрді. Қоныс ауда­рушы ша­ру­алар арқылы отар­лау Сыр­да­рия об­лы­сына да та­рады.

Қазақ жерінің Сібірмен және При­волжьемен темір жол арқылы жалғас­ты­рылуы, Қазақстанға орыс қоныс ауда­рушы­лары­на қолай­лы жол аш­ты. Нәти­жесінде орыс ша­ру­ала­ры құнар­лы жер­лерге қоныс­танса, қазақтар су­сыз, на­шар жер­лерге көшірілді. Қазақ өлкесінің де­мог­ра­фи­ялық жағдайы да өзгерді. 1897 жылғы жал­пы са­нақ бойын­ша өз жерінде қазақтар­дың жал­пы мөлшері 87,1%-ға кеміді. Қоныс ауда­рушы­лар көбіне­се стра­теги­ялық маңыз­ды аудан­дарға көшіріліп, мыл­тықпен қару­лан­ды­рыл­ды.

Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған əкімшілік реформалары қазақ елінің саяситəуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақпатшалық əкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдепеніп, оны игеріп алып кетуге əлі де болса əлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық əкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың «ең сенімді» жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.І кезең ХІХ ғасырдың 70—80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақытаралығын қамтиды.ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстанға орыс жəне украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат — қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мəселен, Жетісу облысы əскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы «Уақытша ереже» əзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. «Уақытша ереже» бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық жəне түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру жəне басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: «Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже» бойынша 10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық жəне міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды.Сонымен, қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне қоныстандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарамды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы əкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан əрі жетіліп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алғандығын байқаймыз.

Наши рекомендации