Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдары

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоспарлық органдарыолардың өндірістік-шаруашылық қызметінің стратегиясын анықтайды, жоспарларын әзірлейді. Қазіргі жағдайда кәсіпорындар нарықты зерттеу және өнім мен қызметке сұранысты болжауға ерекше мән берілуі тиіс. Кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасы өнімге деген сұранысты және мемлекеттік мұқтаждықтар үшін оларды жеткізуге тапсырысты ескере отырып құрылады. Жоспарлаудың басты міндеттері кәсіпорын қызметінің барынша тиімді бағыттарын анықтау, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жоғары түпкі нәтижеге жету болып табылады.

Жоспар-болжамдарды әзірлеу күрделі үдеріс болып табылады. Онда қандай да бір экономикалық құбылыстар мен жоспарлық шешімдерді қабылдаудың ғылыми көріпкелдік элементтері өзара байланысқан. Экономикалық және әлеуметтік даму жоспар-болжамдарын әзірлеудің тәртібі мен мерзімдері үкіметпен анықталады.

Жоспар-болжамдарды құру жөніндегі жұмыс үдерісінде төрт кезеңді атап өтуге болады.

Бірінші кезеңде экономикалық және әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарға кешенді талдау жүргізуді, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалауды, экономиканы реформалаудың даму деңгейі мен нәтижелерін анықтауды ұйғаратын талдау жұмысы жүзеге асырылады.Болжаудың прогрессивті әдістерін іздеу, макроэкономикалық болжамның зерттеу нұсқаларын әзірлеу, ұлттық экономиканың маңызды көрсеткіштері менқатынастарын болжау жөніндегі әдіснамалық көзқарас пен әдістемелік ұсыныстарды қалыптастыру, нысандардыңнормативтері мен макеттерін әзірлеуден тұратын ғылыми зерттеу және ұйымдық-әдістемелік жұмыс жүргізіледі.

Екінші кезеңде Экономика және бюджеттік жоспарлар министрлігібасқарудың өзге органдарымен әрекеттесе отырып әлеуметтік-экономикалық даму болжамының Тұжырымдамасын әзірлейді. Онда әлеуметтік-экономикалық жағдайда баға беріледі, негізгі мақсаттар анықталады, экономика дамуының сценарийі және экономикалық саясат пен мемлекеттік реттегіштер жүйесін түзету бойынша ұсыныстар беріледі. Болжам Тұжырымдамасының есептері бағдарлағыш сипатта болады және маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің тар аясы бойынша бірнеше нұсқада жүзеге асырылады. Есептер жүргізгенде бірнеше өзара байланысқан көрсеткіштер блоктары ажыратылады: баға мен айырбас бағамдары; жиынтық сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштері; төлем балансы; қаржы және ақша-несиелік көрсеткіштер.

Үшінші кезең сәйкес жылға жоспар-болжам жобасын әзірлеуімен байланысты. Жоспар-болжам болжам Тұжырымдамасының негізгі ережелерін, нормативтерді, жөн сілтеуші және бағыттаушы көрсеткіштерді, сондай-ақ министрліктер мен аймақтық басқару органдарының ұсыныстары негізінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен әзірленеді. Осы кезеңде көрсеткіштердің теңдестігіне ерекше назар аударылады. Жоспар-болжам бөлімдері мен пысықталушы көрсеткіштердің саны әжептеуір арттырылады. Ең басында болжамдық баға индекстерінің (жиынтық және негізгі тауар топтары бойынша), айырбас бағамының, макроэкономикалық көрсеткіштер мен маңызды қатынастардың есебі жүзеге асырылады, әлеуметтік және экологиялық нормативтер нақтыланады.

Бақылауға арналған сұрақтар

1..Экономикалық даму және сауда министірлігінің құрылымы және негізгі функциялары

2..Жоспарлаудың объектісі мен субъектісі

3..ҚР-да әлеметтік-экономикалық жоспарлау жүйесі

4. Жоспар-болжамдарды құру жөніндегі жұмыс үдерісінде неше кезеңді атап өтуге болады.

Тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау

Дәріс мақсаты:Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлауды меңгеру

Негізгі сұрақтары:

7.1 Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау

7.2 Халықаралық валюта-экономикалық қатынастардың дамуын мемлекеттік реттеудегі жоспарлаудың рөлі

Халықаралық сауданың өсуі,өндірістің интернационалдануы мен экономиканың жаһандануы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды жоспарлау

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі(СЭҚ) оның теңгермешілігі мен тиіиділігін айтарлықтай қамтамасыз ете отырып,ұлттық ұдайы өндіріс үдерісі фазаларының,экономиканың барлық секторлары мен салаларының әрекеттестігін ұйғарады және сонымен бірге дүниежүзлік шаруашылықтың жүйешесін білдіреді. Бұл елдер арасындағы материалдық,қаржы және зияткерлік ресурстары жылжуының түрлі бағыттары,нысандары,әдістері мен құралдарының тұтас кешені.Сыртқы экономикалық байланыстар(СЭБ) оның дүниежүзілік ғылым мен техникаға,өнеркәсіп пен мәдениетке қосылуын қамтамасыз ететін кез келген ел экономикасының барынша күрделі өрістерінің бірі болып табылады.

СЭБ маңызды нысандарының ішінен мыналарды ажыратады:сыртқы сауда,несиелік қарым-қатынас,шетелдік мемлекеттермен ғылыми-техникалық ынтымқтастық,қызмет көрсету өрісіндегі мемлекетаралық байланыстар,валюта-қаржылық операциялар.

Соңғы уақытта бүкіл әлемде шоғырландырушылық үдерістердің дамуы байқалады.Олар объективтік,заңдылық сипатта болып ,белгілікті шарттық-құқықтық негізі болады.

Халықаралық экономикалық шоғырлану түрлі деңгейлер мен түрлі нысандарға олардың ұдайы өндірістік құрылымдарының әрекеттесуі мен сіңісуі,терең,тұрақты өзара байланыстар мен еңбек бөлінісі негізінде жекелеген ұлттық шаруашылықтардың жақындасуы мен өзара түснісу үдерісін білдіреді.

Дүниежүзілік экономикаға шоғырланудың екі маңызды бағыты қалыптасты: халықаралық сауда мен өндірісті интернационалдандыру(шетелдік инвестициаларды қатыстыра отырып).

Аталмыш мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзге елдермен экономикалық байланыстарды іс жүзінде жүзеге асыруы СЭҚ ретінде сипатталады.

Наши рекомендации