Ткізу саясатының мәні және негізгі құрамдастары. Өткізу саясаты облысында шешім қабылдау
Кәсіпорында өнімді өткізу саясаты жоспар - бағдар жасау негізінде жүргізіледі. Оның жүзеге асырылуы бәрінен бұрын кәсіпорын жұмыскерлерінің қызығушылықтарымен ынта-жігерін ұйымдастыруға бағытталған.
Бұл саясаттың мазмұнының негізіне мыналар кіруі керек: болжамданатын, ағымдағы, орта және ұзақ уақыт даму үрдістерін (өндірістің даму қарқыны, өндірілетін өнімдер көлемінің, құрылымдық сәйкестілігі, материалдық және басқа да базалармен жабдықталуы және т.т.б.) айқындау және бағалау; өндірістік-экономикалық және әлеуметтік дамудың стратегиясы мен тактикасын дамыту, экономикалық дамуының негізі реттегіштерінің параметрлерінің және сандық өлшемін анықтау және орнату, шаруашылық етудің экономикалық механизмінің құраушыларын-мемлекеттік және басқа да инвестициялар бағасын, қарыздар, несиелер және т.б.
Кәсіпорында өнімді өткізу саясатының негізгі міндеттері:
өнімді өткізу жүйесінің модификациясы есебінен өткізудің балама желісін құру;
жаңа тауардың артықшылықтары мен жетістіктері жөнінде тұтынушыға ақпарат беру үшін ақпаратты жарнама саясатын белсенді жүргізу;
жаңа тауар мен нарықта бар ұқсас тауар арсындағы функционалды бәсекені анықтау;
жаңа тауардың нарыққа келуіне бәсекелестерді жауапты мінез құлқы мүмкіндіктерін зерттеу;
жаңа тауардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның өсу кезеңінде тұтынушылар тауарды танып осы негізде оны өткізу жылдам көбейіп, тауар модификациясы кеңейеді, өндіріс толық қуаттылыққа жұмыс істейді, алайда кейбір фирмаларда ірі өндіріс сериясына өту есебінен өндіріс қуаттылығы жоқ. Нарықта нақты тауар үлкен көлемде сатылады, бәсеке–тауар пайда бола бастайды.
Бұл кезеңде тауар жұмыс істелінгендіктен және жетілгендіктен оның сапасы өте жоғары. Өсудің жоғарғы қарқыны бағаланады. Кәсіпорын табысы жылдам өседі және кезең аяғына дейін жоғары шамасына жетеді. Себебі бұқаралық нарық осы тауарға төлеуге дайын. Маркетологтар табыс алу басын өнімді өткізу кезеңімен байланыстырады. Барлық мүмкін болатын нарықты қамтуға мүмкіндік беретін жолдарды қарастыру алға шығады. Тауар шығару көлемінің өсуінен шығындар өсіп, бәсекелестер саны көбейеді. Жоғары табысты нарыққа енетін кәсіпорындар пайда болады, енгізу көлемі тез өсіп, тұтынушылар тобы кеңейеді. Бұл жаппай өткізу арналары арқылы жүзеге асады. Сондай ақ жарнама жұмыстарының акценті ақпараттықтан агрессивті, сендіруші, бұқаралық жарнамаға ауысады. Кәсіпорын нарықтағы лидерлігіне, сауда белгісіне және ерекше бәсеке қабілеттілігіне сүйене отырып, тұтынушы өз тауарының жетістіктерне сендіруге тырысады.
Бұл кезеңде кәсіпорынның өнімді өткізудегі саясатының басымды мақсаттары:сұраныс өсуі жағдайында нарықты кеңейту;
тауар модификациясы есебінен тура бәсекелестен арылу;
тауарларды үлкен көлемде сату үшін үлкен өткізу желісін қолдану;
тұтынушылардың жаңа тобын тарту мақсатында бағаны төмендету.
Делдалдардың жіктелуі және функциялары. Тарату арналары: түсінігі, маңызы, функциялары. Тарату арналарының сипаттамалары: деңгейі, ұзындығы, кеңдігі.
Меншік құқығын иемденуші делдалдар көпестер деген атпен бірігуі мүмкін. Олардың арасында : 1. диллер – сауда және қойма бөлмесі бар фирма және ол сатудан кейінгі қызмет көрсетумен де айналысады. 2. джоббер – меншікті қойма бөлмесін иемденбейтін орташа мөлшердегі фирма . 3. тәуекелді делдалдар – тауарларға меншік құқығы жоқ делдалдар комиссиялық ақы үшін жұмыс жасайды және көпестерге қарағанда өз функцияларын қамтамасыз етеді.
1. Биржа нарығында және жылжымайтын мүлік нарығында үлес салмағы
басым брокерлер.
2. Сауда маркерлері.
3. Шарт негізінде басқа тұлға принцпиялының тапсырмасы бойынша
маркетингтік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын сауда агент.
Тауарды өткізу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделі шешімдерді қабылдауды талап етеді, өйткені ол маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін тікелей әсер етеді.
Өткізу арналары дегеніміз - өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.
Өткізу арналарының жұмысы өзінің атқаратын қызметтерімен сипатталады. Маркетингте өткізу арналары көптеген қызметтер атқарады:
• өндірілген өнімді тарату және өткізу қызметі;
• өндіріс процесіне қажет шикізат жөне материалдар сатып алу қызметі;
• маркетингтік зерттеулер жүргізу;
• тұтынушылармен және түпкі сатып алушылармен байланыс құру, келіссөз жүргізу жұмыстары;
• сауда келісімдерін дайындау және жасау, олардың сапалы орындалуын бақылау жұмыстары;
• тауарды тұтынушыға ңарай тезірек жөне тиімді жылжытуды ынталандыру саясатын жүргізу қызметі;
• тауар ассортиментін таңдап белгілеуге қатысу жөне оны жоспарлауға көмектесу жұмыстары;
• тауарды белгілі нарық тұтынушыларының талап деңгейіне жеткізу кезіндегі түрлі қосымша жұмыстар;
• өткізу операциялары шығындарын қаржыландыру жұмыстары;
• тауар сатылғаннан кейін тұтынушыға қызмет көрсету жұмыстары;
• тауарды тұтынушыға жеткізу қызметі;
• тауарды қоймалау және саңтау жұмыстары;
• тауарды сорттау және орау жұмыстары;
• тауардың баға деңгейін белгілеуге қатысып, оны бекіту жұмыстары.
Арна деңгейі тауарды иеленген түпкі тұтынушыға жеткізу жұмысына қатысқан делдалдар санымен анықталады. Арна ұзындығы арадағы деңгей санымен анықталады.
Тарату арналарын баламалы таңдау мәселесі көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде бірінші қатардағылары: тауардың атқаратын қызметіне және сипатына байланысты.
Нөл деңгейлі арна тауарды тікелей тұтынушыға сататын өндірушіден құралады.
Бір деңгейлі арна өндіруші мен тұтынушы арасында бір ғана делдал қызмет жасайды.
Қос деңгейлі арнада екі делдал әрекет жасайды.
Үш деңгейлі арнада үш делдал әрекет жасайды.