Еңбекақы шығындары есебінің ерекшеліктері

Банк қызметінің үдерісінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату жүргізіледі, қызметкерлердің жеке құрамы-ның өзгеруі, жұмыс бабы бойынша ауысулар жүзеге асырылады. Есеп қызметкерлермен жұмыс басқармасында жүргізіледі. Ол барлык қызметкерлердің саны мен кұрамы туралы және оның кұрылымдык бөлімшелері туралы жалпы мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді.

Енбекакы есебі жэне оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шығындарын жэне төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уакытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу корын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары нормативтік кұкыктык актілермен, «Қазақстан Республикасынын еңбек гуралы» занымен, жеке және ұжымдық келісімдермен реттеледі. «Қазакстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес жұмыс уакытыньщ ұзактығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

Жұмысқа қабылдау, жұмысқа алу туралы бұйрықпен немесе еңбек келісімшарты негізінде жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау кезін-де жұмыс беруші жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжат-тарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісімшарты, немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапша, олардың сұрауы бойынша толтырылады.

Қызметкерлермен жұмыс бойынша басқарма жұмысқа қабылдау туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырады. Жұмысшылар-ды жұмыстан шығару кезінде «Еңбек келісімшартын тоқтату туралы бұйрық (өкім)» нысаны қолданылады. Жұмысшыны бір бөлімнен екінші белімге ауыстыру кезінде «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық (окім)» толтырылады. Кезекті демалыс жұмысшыға «Демалыс беру туралы бұйрық (окім)» негізінде беріледі.

Енбекақыны төлеу негізгі және қосымша деп белінеді.1 Негізгі, банк кызметкеріне белгіленген қызметақы бойынша жұмыс істелген уакыт үшін есептеледі. Қосымша еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа телем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытына телем т.б. Еңбекақы құрамына жұмысшыларға дивидент және пайыз түрінде төленетін төлемдер кірмейді.

Негізгі еңбекақы штат кестесінде немесе еңбек келісімшартында белгіленген көлемінде еңбек уақытын есептеу тізімінін негізінде есептеледі. Банктер еңбекақыны төлеу кезінде уақытпен төлеу ны-санын қолданады. Осы нысан бойынша еңбекақыны есептеу күндік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады, еңбекақы көлемі істелген жұмыс уақытын белгіленген тарифтік мөлшерлемеге көбейту арқылы табылады.

Жұмыс уақытын есептеу арнайы табельде жүргізіледі (7.41-қосымша). Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеріліп, одан әрі өңдеуге жіберіледі. Еңбекақыны есептеу үшін банк бухгалтерия-сында еңбекақыға арналған кітап қолданылады? Онда әрбір жұмысшының еңбекақы сомасын, зейнетақы қорына жіберіл-ген сомалар және тағы басқалар көрсетіледід

Еңбекақы бойынша есеп айырысулар еңбекақыны төлеу үшін немесе еңбекақы және телем тізімдемесі бойынша кітапта қолданы-латын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі

Еңбекақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгілен-ген күнде төленедіо Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда алдын ала бір күн бұрын теленеді. Жұмыс берушінің кінәсі бойынша ақшаны беру кешіктірілген кезде, ол міндеттемені орындау күні бойынша Қазақстан Республикасы Үлттық банкінің қайта қаржыландыру мелшерлемесі бойынша эрбір мерзімі өткен күнге өсімпұл толейді.

Еңбекақы мелшері еңбек шартында белгіленеді және зан актіле-рімен белгіленген минимумнан төмен болмауы тиіс.

Негізгі жалақы бойынша есептелген сомадан келесі ұстап қалулар мен аударымдар жүзеге асырылады:

1. Банк есептелген сомадан 10% көлемінде зейнетақы қорына міндетті төлемді төлейді, бірақ банк оны қызметкердің жа-лақысынан ұстап қалады.

2. Әлеуметтік салық әлеуметтік салықты ұстау. Банк шығындарына жатады.

3. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.

Керсетілген және басқа да шығындарды есептеу олардың нақты төлеу уақытына байланыссыз ағымдағы айдың соңында теңгемен теленеді. Жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жерде қызметкерлер жүмыс істеген уақыт аралығында әлеуметтік салықты, әлеуметтік камсыздандыру алымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорына төле-нетін жарналарды, жұмыспен қамту қорына аударымдарды шығын ретінде таниды.

Қызметкерлерге төленетін шығындар қатарына іссапарлық шығындар жатады.

Шетелге кысқа мерзімді іссапарға шыққан қызметкерлерге шы-ғынларды кайтару 29.09.98 жылдан бастап №967 «Шетел валюта-сында іссапар шығындарының орнын толтыру мелшері туралы» Қазакстан Республикасының Үкімет Қаулысымен бекітілген мөлшер шепнде растайтын күжаттарды ұсынған кезде нақты шығындар бойынша жүзеге асырылады.

Заңмен бекітілген мөлшерден асатын іссапар шығындарын өтеу, материалдық және әлеуметтік сипаттағы төлемдер қызметкерлерге төленетін шығындар қатарына жатады. Сонымен қатарсалық заңдылықтарына сәйкес банк төлем көзі сомасынан 15% мөлшерлеме бойынша материалдық және әлеуметтік төлемнен табыс салығын ұстап қалады. Егер қызметкерлерден жеке тұлғалар табыс салығының мөлшерлемесі бойынша жалақымен бірге салық салынса көрсетілген төлемдер банктің жылдық жиынтық табысынан алынады.

Наши рекомендации