Азақ халқының құрылуының тарихи алғышарттары.Қазақ халқының этникалық құрамы.
Қазақ халқының құрылуына Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі елеулі әсер етті.Қыпшақтар ХІ-ХІІ ғасырларда Ертістен Еділге (Волгаға) дейінгі жерді алып жатты.Осы бірлестікке енген көптеген түркі тайпалары мен рулары өздерін қыпшақпыз деп атап кетті.
Қазақ халқының құрамына енген туыстық топтардың бірі қоңыраттар болды.
Қоңыраттар XIV-XV ғасырларда Түркістан мен Қаратау маңында тұрды. XIV-XV ғасырларда қазақ халқының құрылуына ықпал еткен Ертістен Батысқа қарай Орталық Қазақстанды,ішінара Сырдария мен Жетісуды мекендеген арғындар еді.Халық аңызы арғындарды қыпшақтармен туысқан деп есептейді.Қазақтардың халық болып қалыптасуына Қазақстанның оңтүстік-шығысында тұратын дулат,керей,қарлұқ тайпаларының әсері де басым болды.VII-VIII ғасырларда дулаттар Жетісуда өз бірлестігін құрған. Кейін дулаттар бірлестігі Қарлұқ қағанаты мен Қарахан мемлекетінің құрамына енген.
Көшпелі өзбектер арасында қыпшақтар,үйсіндер,қаңлылар,т.б. тайпа лар көп еді.Біртіндеп Шайбани ханның қазақ далаларындағы ықпалы бәсеңси бастады.Оған қарсы сұлтандар бас көтерді.Шайбани хан өлген соң Өзбек хандығының аумағында билік бірте-бірте қазақ хандары мен сұлтандарының қолына көшті.Қазақ хандары Жетісудан батысқа қайта келді.Бұдан елу жыл бұрын Жәнібек пен Керей сол батыстан көшіп кеткен еді.Қазақ хандары өз қол астына өзбектерді,қыпшақтарды,наймандарды,қаңлыларды,үйсіндерді,
керейлерді,т.б. ру мен тайпалардың бір бөлігін бағындырып алды.Осының нәтижесінде өзбек-қазақ деп аталған тайпалар,негізінен алғанда,бірікті.
Әрі осымен бірге «өзбек», «қазақ» деген терминдер біржолата даралан ды. «Өзбек» деген термин Мәуереннахрға ауып келген халыққа ауысты.Ол енді бірте-бірте өзбек халқы ұғымын білдіре бастады.Бұрынғы өзбек хандығының байтақ далалары мен оған жақын жатқан аудандардың халқы қазақтар деп аталды.
Қазақ хандықтарының құрылуы қазақ халқының қалыптасу жүйесін қорытындылады.Қазақ хандығы аумағында қандас,бауырлас,туыстас халықтарды біріктірді.Қазақ халқының құрамына үйсін,қаңлы,қыпшақ,арғын, найман,дулат,керей,алшын,қоңырат,т.б. тайпалар кірді.Бұлардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы еді.Барлығы да бір-бірінен айырмасы аз, біріне-бірі жақын,өзара түсінікті,азын-аулақ қана өзіндік диалектілері бар түркі тілінде сөйледі.Нәсілдік белгілері жағынан бұл тайпалар монғолоидтық типке жатады.Бұлардың барлығында да қоғамдық қатынастар патриархтық-феодалдық сипатта болды.Осының бәрі бұларды тұтас халық болып қалыптасуға алып келді.
XVI ғасырда ноғай халқы және Көшім хан билеген Сібір хандығы
мен Шығыс Жетісу тайпалары қазақ халқы құрамына қосылып,ел іргесі әрі кеңейе,әрі беки түсті.
Азақ хандығының құрылуы: XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының аңды нәтижесі.
Ортағасырлық қазақстан аймағында қзақ мемлекетінің өмірге келіп,дамуы қазақ этносының өркен жаюындағы ұзақ жолында оның бірегей құрылып қалыптасуы мен бірігіп нығаюы тұтастығын сақтап қалуы үшін аса зор маңызы болды.
Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың ж/е Түркістанның кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық ж/е этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Әр текті экономикасы,көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілікті, сауда-қолөнер кәсібі бағытындағы қала шаруашылығы бар облыстардың табиғи интеграциясы негізінде XIV-XV ғғ. Біріңғай экономикалық аймақтың қырылуы сол аймақтың барлық жерін саяси құрылымға біріктіруге жағдай әзірледі.
Қазақ қоғамы билеуші топтарының мүдделерін бейнелегендіктен алғашқы қазақ рулары мен тайпаларының ақсүйектері тарапынан қолдау тауып отырды. Қазақстанның оңтүстык аудандарындағы-Қаратау қойнауларындағы, Сырдария сағаларындағы, Түркістанның солтүстік бөлігіндегі олардың едәуір бөлігі 40-50 жылдардың өзінде-ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. Әбілқайыр хан даладағы өз билігін нығату жолындағы күреспен айналысып жүргенде Ақ Орда хандарының мұрагарлері Қазақстанның оңтүстігінде өздерінің күшті билігін қаматамасыз ете алды. Рулар мен тайпалардың Әбілхайырға наразы көптеген көсемдері өздерінің қол астындағыларымен бірге бұларға ағылып келіп жатты. XV ғ.осыдан былайғы онжылдықтары мен XVI ғ.басында Қазақ хандығы экономикалық жағынан нығайып, қазақтардың этникалық аймақтарының едәуір бөлігін өзіне қосып алу арқылы жер көлемін кеңейте түсті. Қазақ хандығының нығаюы XV ғ. Соңғы онжылдықтарында соғыстарға , өзара тартыстарға, Қазақстан-ортаазиялық аймақ шегіндегі халықтардың ірілі-ұсақты орын ауыстырулығына толы қиыншылықты жағдайда өтті. Шығыс Дешті Қыпшақта Шайбани Әбілхайыр ханның хандық құруы тарих сахнасынан түсті.
Қазақ хандығы өзінің ең жоғары қуаттылығына XVIғ. Бірінші ширегінде, әсіресе Қасым хан (1512-1521жж.) тұсында жетті. Іс жүзінде ол елді Мұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Оның басқаруынан бастап билік жүргізу Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Мұрындық пен Қасымнаң өзара қарсыласуының кезінде-ақ Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне бірнеше жорықтар жасады. Қазақ сұлтандары да Түркістанның оңтүстік өңірінің қалалары мен Маураннахрға шапқыншылықтар жасап отырды.
Қасым қайтыс болғаннан кейін,20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары Қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады. Өзара тартыста Қасымның мирасқоры Мамаш хан қазаға ұшырады. Хандық тыныс-тіршілігінің қолайсыз факторына өзбек ж/е моғол әкімдерінің қазақтарға қарсы одағын да жатқызуға болады. Сырдария бойының қалалары қолдан кетті, Түркістан уәлаяты Шайбани Убайдаллах сұлтанның қол астына өтті. Қазақ ханы Таһир(1523-33жж.) Ноғай Ордасымен шайқаста сәтсіздікке ұшырады, Сырдария бойы қалаларын қайтарып алмақ болған оның әрекетінен түк шықпады.Сөйтіп, хандықтың шекаралары хандардың тек әскери ж/е дипломатиялық қабілетіне н/е соғыстағы жеңістері мен жеңілістеріне ғана емес, сонымен бірге, негізінен алғанда,сыртқы саяси ахуалға да байланысты өзгеріп отырды. Оның үстіне қазақтардың бір бөлігі қалып қойып, көрші мемлекеттер мен солардың әкімдеріне бағынышты болды. Түркістан аймағында тұрған қазақтар өзбек ханы Бараққа, оның ұлы Баба сұлтанға бағынды. Өзге басқарушылардың билеп-төстеуіне, әсіресе, далалық кеңістіктердің көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халқы жиі өтіп тұрды.
Тәуке хан билік еткен кезеңде (1680-1718) Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен ж/е қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Олардың 1680ж. Оңт. Қазақсатанға шабуылдаған уақытында тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылығынан аман қалды. Өйткені онда әскерлерімен Тәуке хан болған еді.Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте-бірте сөнуінің басты себептерінің бірі болды. Жоңғарлардың шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бейбіт халықтың шаруашылығына үлкен зиянын тигізді.
Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды.
Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (XV-XVI ғасырларда) 7 сатыдан тұрды.
1. Ауыл. Басшысы – ауылбасы, бірнеше жанұядан тұрады.
2. Ата-аймақ. Басшысы – ақсақал, жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрады.
3. Ру. Басшысы – рубасы, 15 аймақтан құрылады.
4. Арыс. Басшысы – би, бірнеше рудан құралған.
5. Ұлыс. Басшысы – сұлтан, бірнеше арыстан құрылады.
6. Жүз. Басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құрылады.
7. Хандық. Басшысы – хан, үш жүзден құралған.
26. Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушілер тұсында нығаюы.Бұрындық (1480-1511)және Қасым хан (1511-1523). Қазақ хандығы (16-17 ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Бұрындық хан (1480-1511 ж.ж. билік құрған) — Керей ханның үш ұлының бірі.Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады. Қасым хан – Керей ханның немере інісі Жәнібектің ортаншы ұлы. Қазақ хандығы Қасым ханның билігі кезінде шарықтай түсті. Алғашында Керей ханның баласы, тақ иесі Бұрындық ханның атты әскеріне қолбасшылық етті. Қан майданда асқан ерлігімен көзге түсті. Бұрындық хан көз жұмғаннан кейін таққа Қасым хан отырды. Қасымның хан сайлануымен билік Жәнібек ұрпағына ауысады. Қасым көптеген шайқастарда ерлігімен көзге түскен батыр, тапқыр қолбасшы болды. Ол хандық құрған 1511-1523 жылдары қазақ қоғамы жоғары сатыға көтеріліп, ең қуатты мемлекетке айналды. Ханның басты мақсаты бейбіт өмір кешу болатын.
27. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. «Қазақ»этнонимі.Жүздер және олардың жер аумағы. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы
халқының үш рулық-тайпалық болғаны белгілі. Жүз — орда, қазақ бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды. Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды.