Бап.Мемлекеттік қупиялары бар мәліметтержеткізгіштерді жоғалту
1.Адамның өзіне қызмет, жүмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында кәзделген өзге де негіздербойынша сеніп тапсырылган мемлекеттік құпиялары бармәліметтер жеткізгіштерді абайсызда жогалтуы,егер жогалту мемлекеттік қүпияларды қурайтын маліметтер жеткізгіштермен жүмыс істеудің белгіленген қагидаларын бузу салдары болып табылса -
2. Ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
Мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды, мемлекеттік құпиясы бар заттарды, сондай-ақ қызметтік құпиясы бар құжаттарды немесе қызметтік құпияны құрайтын заттарды жоғалтудың да қоғамға қауіптілігі орасан, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186-бабында:
1. Адамның өзіне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сеніп тапсырылған мемлекеттік қріиялары бар мэліметтер жеткізгіштерді абайсызда жоғалтуы, егер жоғалту мемлекеттік құпияларды құрайтын мэліметтер жеткізгіштермен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларын бұзу салдары болып табылса —
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланады.
2. Ірі залал келтіруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына экеп соққан дэл сол іс-эрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір ісьізметпен айналысу куқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыпщл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚК-тің 186-бабы).
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі болып мемлекеттік құпияны жэне қызметтік құпияны сақтаудың завда белгіленген тэртібіне қол сұғу болып табылады. Осы кылмыстық кұкық бұзушылықтың затына, біріншіден - мемлекеттік құпиясы бар құжаттар; екіншіден - мемлекеттік кұпияны құрайтын затгар үшіншіден қызметтік құпиясы бар құжаттар немесе қызметтік құпияны құрайтын заттар жатады. Мемлекеттік құпиясы бар кркаттардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 186-бабын талдағанда толық берілген. Мемлекеттік құпияны құрайтын заттарға - қару-жарақтың, техниканың, құрал-жабдықтардың, шикізаттың жасырын үлгілері т.б. жатады.
Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық құрамы мына белгілер-мен сипатталады: а) мемлекеттік құпиясы бар құжаттармен, сол сияқты олар туралы мэліметтер мемлекеттік кұпияны кұрайтын заттармен, сондай-ақ қызметтік құпиясы бар құжаттармен, осындай құпияны құрайтын заттармен жұмыс істеудің белгіленген ереже-лерін бұзуы жэне, б) егер олардың абайсызда жоғалуына жэне ауыр зардаптарға әкеп соқтырса.
Мемлекеттік құпиясы бар құжаттармен, мемлекеттік кұпияны құрайтын заттар-мен жұмыс істеудің тэртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы» арнаулы заңында жэне басқа да нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген.
Ал қызметтік құлиялар мен қызметтік құпияны кұрайтын заттардың тусінігі арнаулы нормативтік-құкықтық актілермен белгіленеді.
Мемлекеттік құпиясы бар кұжаттарды немесе сондай құпляны құрайтын заттарды, сол сияқты қызметтік құпиясы бар құжаттармен қызметтік купияны құрайтын заттар-ды жоғалту деп мемлекеттік кұпиямен жұмыс істеуге рұқсаты бар адамның иелігінен осы көрсетілген заттардың кінэлі түрде шығып қалуын айтамыз. Көрсетілген құжаттар мен заттарды жою бұл қылмыстың кұрамын түзбейді, өйткені мұндай ретте мемлекеттік қүпиямен бөтеннің танысуы орын алмайды.
Мүндяғы ірі залал немесе ауыр зардаптың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 185-бабында көрсетілген осындай түсінікпен бірдей. Сонда көрсетілген кылмыстық зардаптың түсінігі осы бапқа да қатысты.
Қылмыстык құқық бұзушылық субъективтік жағынан тек абайсыздық арқылы (қылмыстық қүуьтк бұзушылықты менмендік немесе немқұрайдылық) сипатталады. Егер бұл әрекет субъективтік жағынан қасақана түрде істелсе, онда кінэлінің эрекеті іс-эрекеттің нақты жағдайларына байланысты Қылмыстық кодекстің 185-бабымен немесе 175-бабымен сараланады.
Қылмыстың субъектісі — мемлекеттік құпиямен жұмыс істеуге рұқсаты бар 16-ға толған адамдар болып танылады.