Актив – міндеттеме меншікті капитал

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тауардан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тауарында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәәсіпорынның жарғылық қоры, резевтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алынған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелертарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшыар мен қызметкерлерге еңбек ақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі.

Бухгалтерлік шоттардың мәні және құрылымын ашып көрсетіңіз. Активті және пассивті шоттарға сипаттама беріңіз

Шот – бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әртүрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады. Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі. Шоттың сол жақ бөлігі дебет, ал оң жақ бөлігі кредит деп аталады.

Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.

Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет, алғашқы құжаттардың әрқайсысының заңдық күші болуы тиіс.

2. Бухгалтерлік шотты сызба түрінде екі жақты кесте ретінде көрсетуге болады, сол жағын "Дебет" (Дт), ал оң жағын "Кредит" (Кт) деп атайды. Бұл ұғымдар тарихи түрде Италияда дүниеге келген (латын тілінен debet - ол бересі, credit — ол сенеді деген мағыналар береді), бірақ есептің дамуымен олар өздерінің бастапқы мағыналарын жоғалтқандықтан, олардың қолданылуы шартты болып табылады. "Дебет" және "Кредит" ұғымдары шаруашылық әрекеттерін жүргізу барысында әр түрлі бухгалтерлік есепшоттарының өзара байланыстылығын көрсету үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік есепшоттарында қалдықтарды белгілеу үшін "Сальдо (қалдық)" (шот қалдығы) ұғымы қолданылады.

Бухгалтерлік шоттың нысаны мынадай:

Шот

(шоттыңатауы)
дебет кредит

Осы сызбаны пайдалана отырып, шоттарда әрекеттерді жазу үшін оларда тек қана әрекеттердің нөмірі мен сомасын ғана көрсетеміз.

Шоттар шаруашылық құралдары мен олардың құрылу көздерінің жағдайы, яғни қалдығы, кірістелуі мен шығысталуы туралы сипаттама беруге болатындай етіп құрылады.

Барлық шоттардың құрылуы бірдей, бірақ шоттарда дебет пен кредиттің мағыналары мен жазалардың мазмұны әр түрлі болып келеді. Ол шоттардың нені есепке алатындығына байланысты: шаруашылық құрал-дары немесе олардың құрылу көздері.

Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны. Активті және пассивті шоттар. Балансқа қатысы бойынша бухгалтерлік есептің барлық шоттары активті және пассивті болып бөлінеді. Сөйтіп, шоттардағы жазбалардың екі сызбасын көрсетуге болады.

Активтік шоттар - бұл шаруашылық құралдарының құрамы, орналастырылуы және құралдардың пайдаланылуы (құралдар мен шығындар) көрсетілетін шоттар.

Пассивтік шоттар — бұл шаруашылық құралдарының құрылу көздері мен қаражаттардың мақсатты бағытталуы көрсетілетін шоттар (құрылу көздері мен табыстар). Активті шоттардағы жазбалар сызбасы мынадай:

Активтікшот

Шот_______________________

(шоттың атауы)

ДЕБЕТ КРЕДИТ

1.Бқ – бастапқы қалдық Шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде көбеюі (+)     Шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде азаюы (-)
  2. Дебет бойынша айналым (барлық шаруашылық әрекеттерінің сомасы)     3. Кредит бойынша айналым (барлық шаруашылық әрекеттерінің сомасы)
  Сқ – соңғы қалдық  

Активтік шоттардың дебетінде қалдығы мен шаруашылық құралдарының көбеюі (немесе шығындар), ал кредитіңде - есепке алынатын объектілердің азаюы керсетіледі. Бухгалтерлік есепшоттарында жазылған әрекеттер сомасы айналым деп аталады. Шоттың дебеті бойынша сомасы тиісінше дебеттік айналым, ал кредиті бойынша сомасы кредиттік айналым деп аталады. Шаруашылық әрекеттерін жүргізудің соңғы қалдығы мынадай формуламен анықталады:

Сқ = Бқ + Д. айн.-К. айн.,

Мұндағы:

Д. айн.- дебет бойынша айналым;

К. айн.- кредит бойынша айналым.

Активтік шоттағы қалдық тек қана дебеттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

Пассивті шоттағы жазбалар сызбасы:

Шот _____________________________

(шоттың атауы)

ДЕБЕТ КРЕДИТ

  Шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде азаюы (-) 1.Бқ – бастапқы қалдық Шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде көбеюі (+)
  3. Дебет бойынша айналым (барлық шаруашылық әрекеттерінің сомасы)   2.Кредит бойынша айналым (барлық шаруашылық әрекеттерінің сомасы)
  Сқ – соңғы қалдық (1+2-3)

Пассивтік шоттардың кредитінде қалдығы мен объектілердің көбеюі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі.Шаруашылық әрекеттерін жүргізудің соңғы қалдығы келесідей формуламен анықталады:

Сқ = Бқ + К. айн.- Д. айн.,

Пассивтік шоттардағы қалдық тек қана кредиттік немесе нөлге тең болуы мүмкін.

Активтік және пассивтік шоттар бухгалтерлік есепшоттары жүйесінің негізін құрайды.

3. Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талдамалы болып бөлінеді. Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шоттар деп аталады. Осындай шоттармен жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталынады.

Жинақтамалы есептің ерекшелігі – ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады.

Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар – талдамалы шоттар деп аталады, талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуштермен ғана емес, сондай-ақ натуралды өлшеуштермен де жүргізіледі.

Мысалы: «Шикізат пен материалдар» - жинақтамалы шотына жатады, ал «Негізгі материалдар», «Көмекші материалдар», «Қара металдар», «Түсті металдар», «Орман материалдары» - талдамалы шоттарға жатады.

Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары дегеніміз кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін есепке алуға қажетті, экономикалық негізделген шоттардың жүйеленген тізілімі.

Шоттардың Бас жоспары бойынша оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есеп тәуелдігіне, меншік нысанына, қызмет түрлерінің кәсіпорындарында ұйымдастыруға тиіс.

Сызба 2 - Бухгалтерлік есеп шоттарының жіктелінуі

Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша құрылымы және атқаратын қызметі бойынша жіктелуі(негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.)

бухгалтерльік есепті жүргізу үшін пайдаланатын логикалық тізбек түрінде ресімделген щоттардың жүйесі шоттар жоспары деп аталады.

Синтетикалық және аналитикалық шоттар, олардың өзара байланыстарын нақты мысал негізінде ашып көрсетіңіз

Шоттар-ұйымның активтері, капиталы мен міндеттемелерінің есепті кезең басындағы қолда бары, кезең ішіндегі қозғалысы, кезең соңындағы қалдығы жөн. мәлімет беретін бух/к есеп әдісінің элементі. Шот кәсіпорынның шар/қ қызметін басқарып отыру үшін шар/қ құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отырады. Бух шот ашу дегеніміз-есеп объектісінің бастапқы жағдайын сипаттайтын соманы жазу дегенді білдіреді.Белгілі бір есептік кезең аралығында шар-қ қаражаттарында болған өзгерістерді айналым деп атайды. Құрылысы :Шоттың сыртқы түрі «Т» әрпіне ұқсас екі бөліктен тұратын кесте. Сол жақ бөлігі дебет, оң жақ бөлігі кредит д.а. Әрбір шотқа айдың басындағы ж/е соңындағы қалдықтың (сальдоның), дебеті мен кредиті б/ша айналымның болуы тән. Бастапқы қалдық-есепті кезеңнің барысындағы, яғни шоттың ашылу барысындағы қалдық. Соңғы қалдық-есепті кезең соңындағы, яғни шоттың жабылу бар. қалдық. Дебеттік айналым-шоттың дебет жағына жазылған сандардың қосындысы. Кредиттік айналым-шоттың кредит жағына жазылған сандардың қосындысы. Активті шот-ұйымның шар-қ қаражаттарының бар екендігін ж/е ондағы өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналған.Активті шотта Бастапқы ж/е соңғы қалдықтар дебетке жазылады.

Дт шот аты Кт

Бастапқы қалдық

Есептік кезең ішінде ұйым Есептік кезең ішінде ұйым активтерінің көбеюі (+) активтерінің азаюы (-)

 
 

ДтА КтА

 
 

Соңғы қалдық

Соңғы қалдығы былай есептеледі: Сққ+ДТайн – КТайн. Пассивті шот-бұл ұйымның шар-қ қаражаттарының қалыптасу көздерінің(міндеттеме мен капитал) бар екендігін ж/е онда болған өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналған шот.

Дт шот аты Кт

 
 

Бастапқы қалдық

Есептік кезең ішінде ұйым Есептік кезең ішінде ұйым міндеттемелері мен менш. міндеттемелері мен менш капиталдың азаюы (-) капиталдың көбеюі (+)

 
 

ДтА КтА

 
 

Соңғы қалдық

Соңғы қалдығы:Сққ+КТайн – ДТайн. .

Бух. Есеп пайдаланылатын барлық шоттар мәліметтерді топтастыру көлеміне байланысты 2-ге бөлінеді:

1) Синтетикалық шот

2) Аналитикалық шот

С.ш. – шаруашылық қаражаттарын жалпылама түрде көрсетуге ж\е ірі топтарға топтастыруға арналған шоттар. Б.е. типтік шоттар жоспарында көрсетілген барлық шоттар С.Ш. болып табылады. С.Ш. бой\ша жүргізілген есеп Синтетикалық есеп деп аталады. Синтетикалық есеп тек қана ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Ұйым қызметін жедел түрде басқару ж\е бақылау үшін синтетикалық есеп мәліметтері жеткіліксіз б.т.Яғни, мәліметтерді неғұрлым бөлшектеп көрсететін ақпараттар қажет болады. Осы мақсат үшін аналитикалық шоттар пайдаланылады.

А.Ш. – экон. мәні бой\ша бірдей топтарға топтастырылған шоттарды бөлшектеп көрсетуге арналған шоттар. Яғни, А.Ш. С.Ш.-ды неғұрлым бөлшектеп көрсетуге арналған. А.Ш. бой\ша жүргізілетін есеп А.Е. деп атаалады.А.Е. есептік өлшемдердің 3 түрі де пайдаланылады.

Кейбір С.Ш. үшін ұйымда субшоттар пайдаланылады. Субшоттар – синтетикалық ж\е аналитикалық шоттар арасындағы аралық шоттар. Субшоттар белгілі бір С.Ш. көлемінде А.Ш.-ды қосымша топтастыруға арналған, соған байланысты, бірнеше А.Ш. бір субшотты, ал бірнеше субшоттар бір С.Ш. құрайды.Мысалы

Шикізаттар мен материалдар - Синт.Шот

(1310)

Цемент(1311) Кірпіш(1312) Ағаш(1313) - Субшоттар

                   
 
   
       
 
 
 

М400 М700 қызыл силикат ДСП ДВП – Анал.Шот

Бір синтеткалық шот бой\ша ашылатын субшоттар мен аналитикалық шоттар саны ұйым ұызметінің күрделігіне ж\е б.е. міндеттеріне байл.анықталады. С.ш. ж\е а.ш. арасында өзара байланыс сақталуы қажет. Яғни, с.ш. бой\ша БҚ,айналымдар ж\е СҚ, а.ш. бой\ша БҚ, айналымдар ж\е СҚ сомаларына тең болуы қажет.

Есеп саясатының мәнін ашып көрсетіңіз. Ұйымда есеп саясатын құрастыру тәртіптеріне тоқталыңыз

ҚР-дағы Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есептілік туралы заңға сәйкес есеп саяты бұл ҚР-ң заңнамалық талаптарына, Бух.есеп стандарттарына , БЕ-тің типтік шоттар жоспарына сәйкес ұйым қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып БЕ-ні жүргізу және Қаржылық есептілікті құрастыру бойынша қабылданған қағидалар, шарттар, ережелер мен тәжірибесі ескерілген белгілі бір әдістердің жиынтығы.

Есеп саясатын құрастырудың негізгі базасы шаруашылық операцияларын, активтерді, капиталды, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды көрсетудің альтернативті әдістері ұсынылатын Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, Қар.Ес.Ұлт.стандарттары ( №1, ,№2 )

Ұйымның есеп саясаты БЕ-ң қағидаларына және сапалық сипаттамаларына сәйкес 1 жылдан артық мерзімге құрастырылады.

Ұйымда қабылданған есеп саясаты мынандай жағдайларда өзгертулері мүмкін:

1. Мемлекеттік өкілетті ұйымның талабы бойынша.

2. Егер өзгерту қаржылық есептіліктегі ақпараттық шынайы ұсынылуына жағдай туғызатын болса.

3. ҚР-ң заңдылықтарына өзгерістер енгізілген жағдайда.

4. Бух.есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруіне сәйкес.

Ұйымның есеп саясатына енгізілген өзгертулер қандай да бір құжаттармен яғни ұйым басшысының бұйрығымен, өкімімен немесе қаулысымен рәсімделуі тиіс.

Ұйымда қабылданған есеп саясаты сол ұймның қызмет етуі барысында қолданылуы керек.

Есеп саясаты ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелеріне олардың орналасқан жерлеріне қарамастан қолданылады.

Яғни ұйым филиалдарының басқа есеп саясатын жасауына құқығы жоқ. Бас ұйым есеп саясатында болған өзгерістер туралы барлық құрылымдық бөлімшелеріне хабарлауы тиіс.

Есеп саясатын құрастыру жауапкершілігі ұйым басшылығына беріледі. Сондықтан есеп саясаты мен оған енгізілген барлық өзгерістер ҚР-ң заңдылықтарында және ұйым жарғысында көрсетілген тәртіпке сәйкес бекітілуі қажет.

Ұйымның есеп саясатында бекітілуі тиісті тарауларға мыналар жатады:

1. БЕ-ң типтік шоттар жоспары негізінде жасалған жұмыс шоттар жоспары.

2. Ұйым қызметінің ерекшелігінің ескере отырып дайындалған алғашқы есеп құжаттарының нысандары.

3. Ұйым активтері мен міндеттемелерін түгендеу тәртіптері.

4. Ұйым активтері мен міндеттемелерін бағалау әдістері.

5. Ұйымдағы құжат айналысын ұйымдастыру тәртібі.

6. Жүргізілген бухгалтерлік операцияларды бақылау тәртібі.

7. Есепті ұйымдастыруға қатысты басқа да шешімдер.

Аудиттің пайда болуы және оның даму тарихына сипаттама беріңіз
Бухгалтерлік есептің типтік және жұмыс шоттар жоспарына сипаттама беріңіз
Екі жақты жазудың мәнін нақты мысал негізінде ашып көрсетіңіз. Бухгалтерлік жазба түсінігіне анықтама беріңіз, оның түрлерін атаңыз

Екі жақты жазу әдісі - шар\қ операцияларын бух\к есеп шоттарында тіркеу әдісі.Мәні-әрбір шар\қ операциясы екі рет тең сомамен бір шот дебитінде ж\е басқа шот кредитінде жазылады. Екі жақты жазу шар\қ операцияларының нәтижесінде бух\к есеп объектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді. Шар\қ операциясын екіжақты көрсетудің мәні-ол бір шоттың дебеті б\ша ж\е екінші шот кредиті б\ша бірдей сомамен жазылуы тиіс. Екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі к\о-ң мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды. Кәсіпорынның бух\к шоттары сол ұйымның бух\к балансы баптарының негізінде жасалады. Сондықтан бух\к шот аттары баланс баптарының атына сәйкес болуы тиіс. Бух\к шотты бастапқы қалдығы балансты есепті кезеңнің басындағы сомасы деп аталатын бағаналардан алынады да,керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстың есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады. Бух\к баланстың актив баптарына сәйкес ашылатын шотты, яғни мүліктерді, ақшаны ж\е т.б есептеуге арналған шотты активті шот,ал пассив баптарына сәйкес ашылатын шотты,яғни кәсіпорынның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған шотты пассивті шот д\а.Бух\к есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс б\ды. Бұған дәлел ретінде ұйымның шар\қ құралдары мен оның құрылу көздерінің ж\е шар\қ процестерінің осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шар\қ операциясын екі жақты эк\қ құбылысқа алып келетіндігін ж\е олардың өзгерістерінің міндетті түрде баланстың екі бабына да бірдей сомада көрсетілуін келтіруге б\ды.

Екі жақты жазудың қажеттілігі экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығынан туындайды. Бухгалтерлік есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс болады. Бұған дәлел ретінде ұйымның шаруашылық құралдары мен оның құрылу көздерінің және шаруашылық процестерінің осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шаруашылық операциясын екі жақты экономикалы құбылысқа алып келетіндігін және олардың өзгерістерінің міндетті түрде баланстың екі бабында да бірдей сомада көрсетілуін келтіруге болады. Екі жақты жазу шаруашылық операцияларының нәтижесінде

Бастапқы есеп құжаттарындағы ақпаратты бухгалтерлік есепшоттарында тіркеу қолмен жазу немесе автоматтандырылған құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Есеп құжаттарындағы опреацияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері: карточкалар, кітаптар, тізімдемелер (ведомостар) мен журнал-ордерлер және тағы басқа түріндегі есептік тіркелімдер қолданылады.Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге арналған карточкаларды қалың қағаздан немесе картоннан дайындайды. Олар негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды сақталу орны бойынша талдамалық есептеуге арналған. Әрбір карточкаға реттік нөмір беріліп және оларда карточканың ашылған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Бұл карточкалар арнайы картотекалық-ж1шіктерде сақталған.

Есеп жазбалары тіркелім түрлері бойынша хронологиялық, жүйелік және біріктірілген болып бөлінеді.

Хронологиялық тіркелімдер шаруашылық операцияларын жұмыстардың орындалуы мен құжаттардың бухгалтерияға түсуіне қарай жазу үшін қаолданылады. Мұндай тіркелімдер құжаттардың түгел сақталуы мен бухгалтерлік жазбалардың жоғалып кетпеуін бақылауды қамтамасыз етеді. Хронологиялық тіркелімге тіркеу журналын (регистрациялық), шаруашылық операцияларды есептеу кітабын және тағы да басқаладрыд жатқызуға болады.

Жұйелік тіркелімдер шаруашылық операцияларын мазмұны бойынша топтан және бәрыңғайлығын анықтау үшін қолданады. Бұларды бухгалтерлік шоттарды жүргізу тіркелімдері деп те атауға болады. Жүйелік тіркелімге бас кітапты жатқызуға болады. Пайдалануы барысында әрбір синтетикалық шот үшін оның ішінен жеке бет ашылады.

Біріктірілген тіркелімдерде хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп қолданылады. Мысалы: бухгалтерлік есепте кеңінен қолданылатын журнал-ордерлердегі жазбалар синтетикалық шоттар бойынша хронологиялық ретпен жүргізіледі.

Шаруашылық операцияларының әсерінен баланста болатын типтік өзгерістерді нақты мысал негізінде көрсетіңіз.

Кез келген кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы операциялардың орындалуы ұйымның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сомалар өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив пен пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорындарда әрбір орындалған операциялардан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін де емес. Осыған байланысты бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төрт түрге бөліп қарастырады. I тип:баланстың актив жағында ғана өзгерістер тудырады.Яғни активтің 1бабы жүргізілген шаруашылық операциясының сомасына азаяды,ал екінші бабы дәл сол сомаға көбейеді.Нәтижесінде баланс валютасы өзгермейді(-А;+А) IIтип:баланстың пассив жағында ғана өзгерістер тудырады.Яғни жүргізілген шаруашылық операцияларының соммасында бір бап азаяды,екінші бабы көбейеді.Нәтижесінде баланс валютаc өзгермейді. (+П;-П) 3-тип: баланстың актив жіне пассив баптарының бір мезгілде көбеюін көрсетеді.Нәтижесінде баланс валютасы жүргізілген шар опер-ң сомасына көбейеді (+А;+П) 4-тип: баланстың актив ж пассив баптарының бір мезгілде бірдей соммаағ азаюын көрсетеді.Нәтижесінде юбаланс валютасы жүргізілген шар оп сомасына азаяды (-А;-П)

Бухгалтерлік баланстың түрлері.

1)Кіріспе-Ұйымның жаңадан құрылған уақытында жасалған бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі.

2)Жойылу-Ұйым өз қызметін тоқтатып, таратылар кезде жойылу балансы жасалады. Бухгалтерлік есеп және аудит мамандары жойылу балансын екі түрге бөледі, бірінші – ұйымның жабылуына байланысты, екінші – ұйымның жабылғанын қорытындылау

3)Бөлу-ірі ұйымды бірнеше ұсақ бірліктерге бөлу барысында немесе осы ұйымның құрылымдық бөлімшелерін басқа ұйымға беру барысында құрастырылады

4)Біріктіру-Біріктіру балансы бірнеше ұйымдардың бірігуі барысында құрастырылады.

5)Шоғырландыру-Шоғырландырылған баланс бір заңды тұлғаның балансындай құрастырылған ұйымның және оның барлық еншілес ұйымдарының жеке баланстары.

6)Баланс-Нетто-бұл валютаында реттеуші баптардың сомалары қосылмайтын баланс

7)Баланс-Брутто-бұл валютасында реттеуші шоттар қосылған баланс

8)Қалдықтық баланс- шоттарда соңғы қалдық сомасын есептеу арқылы құрастырылады

9)Айналым балансы- ұйым мүліктері мен олардың қорлану көздерінің қалдықтары мен қатар олардың қозғалысы жөніндегі ақпаратты қамтиды.

10)Қорытынды баланс – бұл өндірістік қызмет бойынша белгілі бір уақытқа қатысты есептік құжат.

11)Провизорлық баланс – бұл бастапқы баланс.Ол алдын ала жыл соңыны құрастырылады,әдетте 9айлық баланс

Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру тәртіптеріне тоқталыңыз

Қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау, беру үшін ұйымда касса болады. Касса- қолма-қол ақшаларды ж/е өзге де құндылықтарды қабылдауға, беруге ж/е уақытша сақтауға арналған арнайы жабдықталған бөлме. Кассалық операцияларды жүргізу кассирге жүктеледі. Ол кассадағы барлық құндылықтардың сақталуына толық жауапкершілік алады. Кассалық операцияларды жүргізу кезінде алғашқы құжат ретінде кіріс ж/е шығыс ордерлері қолд/ды. Кіріс кассалық ордер кассаға АҚ-ын қабылдау кезінде толтырылады. Ондағы барлық реквизиттер толтырылып қолдар мен ұйым мөрі басылғаннан кейін құжат заңдық күшке ие болады, осы құжаттың бір бөлігі квитанция АҚ өткізген тұлғаға беріледі. Шығыс кассалық ордері ұйым кассасынан АҚ беру кезінде қолданылатын алғашқы құжат. Кассада Ақ-н беру кезінде міндетті түрде ұйым басшысының рұқсаты беріледі. АҚ-ын ашушы адамның жеке басын куаландыратын құжат көрсетуін талап етеді. Кіріс ж/е шығыс кассалық ордерлеріне ешқандай түзетулер енгізуге болмайды. Осы алғашқы құжаттағы мәліметтер арнайы тіркеу журналдарында тіркеледі. Кассадағы операциялар б/ша айналымдарды есептеу үшін кассалық кітап пайдаланылады. Кассадағы операциялар есебін жүргізу үшін 1010 шоты қолд/ды ж/е мына жазбалар пайд/ды:

1) сатылған тауарлар үшін АҚ кассаға түсті

ДТ 1010, КТ 1210

2) банкетгі е.а шотынан қолма-қол ақшалар кассаға алынды Дт 1010, Кт 1030

3) ұйымның жарғылық капиталына қолма-қол ақша түрінде үлес қосылды- Дт 1010, Кт 5030

4) кассадан жалақы берілді- Дт 3350, Кт 1010

5) іс-сапар шығындары үшін қызметкерлерге аванс берілді- Дт 1250, Кт 1010.

Сонымен кассалық операциялар есебін жүргізу үшін 1010 активті синтетикалық шоты пайдаланылады.ДтА бойынша кассаға ақша қаражаттар соммасы келіп түскенін, ал КтА б-а кассадан ақша берілген ақша қаражаттары көрсетіледі.

Банктегі ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру тәртіптеріне тоқталыңыз

Заңды тұлғалар банктен мынадай шоттар аша алады:

· ағымдық,

· депозиттік,

· валюталық.

ҚР-ғы барлық заңды тұлғалар өз есеп айырысуларын банктен ашылған ағымдық шот арқылы жүргізуге міндетті. Банктік шоттар арқылы е.а жүргізу кезінде қолма- қолсыз ақша арқылы е.а-ларды жүргізудің 1 формасы пайд/ды:

- төлем тапсырмасы,

- төлем талап тапсырмасы,

- инкассалық үкім,

- аккредитив,

- чек.

Ағымдағы банктік шоттағы АҚ-ның есебін жүргізу үшін 1030, жинақ шоттарындағы АҚ-ның есебін жүргізу үшін 1050, өзге де АҚ-ның есебін жүргізу үшін 1060 пайд/ды. Аталған шоттардың барлығы активті. Е.а шоты б/ша АҚ-ын аудару кезінде сатушы мен сатып алушы арасында бекітілген келісімшартта көрсетілген есеп айырысу құжаттарының біреуі пайдаланылады ж/е есеп айырысу шотында ақша қаражаттары жеткілікті болған жағдайда ғана е.а жүргізіледі. Е.а б/ша жүргізілген операциялардың тізімі көрсетілген көшірме ұйымға беріліп отырады. 1030 шоты б/ша жүргізілген шаруашылық операцияларына жасалатын бухгалтерлік жазбалар:

1) ұйым кассасындағы артық ақша қаражаттарын е.а шотына өткізді- Дт 1030, Кт 1010

2) е.а шотындағы ақша қаражаттарының белгілі бір салада жинақ шоттарын ашуға аударылды- Дт 1050, Кт 1030

3) бюджетке салықтар аударылды- Дт 3110,3130, 3160 Кт 1030

4) банткен алынған несие есеп айырысу шотына аударылды Дт 1030, Кт 3010.

Банктік ашылған шоттар мынадай жағдайларда жабылуы мүмкін:

1) ұйым басшысының өтініші негізінде

2) ұйым таратылған өтініш негізінде

3) 3 ай бойы шотта қозғалыста болмаған жағдайда.

Қорлар, олардың түрлеріне сипаттама беріңіз. Қорларды түгендеу тәртіптеріне тоқталыңыз

Қорлар бұл- 1)қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, 2) сату үшін өндіру процесіндегі, 3) өндірістік процесте пайдалануға арналған шикізат пен материал нысанындағы активтер. Ұйымдағы қорлардың қозғалысын яғни кіріс ж/е шығыс оепрацияларын ұйымдастыру арнайы есептеу карточкаларында жіктеледі. Карточкалар номенклатуралық номер б/ша қорлардың әр түріне жеке ашылады. Осы карточкалар бухгалтериядан материалды жауапты тұлғаға қолхат арқылы беріледі. Осы карточкаға жазбаларды қойма меңгерушісі кіріс/ шығыс құжаттары негізінде жазады. Бухгалтерия белгіленген мерзімде карточкалардағы жазбаларды тексереді ж/е онда көрсетліген қалдықтарды БЕ мәліметтерімен салыстырады.қоларды қабылдау н/е сату кезінде қоймадағы қолрады қабылдау, тапсыру реестрі толтыруы қажет. Ай соңында қоймадағы қорлар қалдығы карточкалардан «қорлар қалдығы кітабына» көшіріледі. Сондықтан қоймадағы есеп натуралды түрде, ал бухгалтерияда олар ақшалай өлшем түрінде көрсетіледі. Кез келген ұйымда қорларды белгілі бір кезең б/ша түгендеп отыруға көңіл бөлінеді. Қорларды түгендеу олардың өз орындарында ж/е барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеру ж/е нақты мәліметтерді есептік мәліметтермен салыстыру болып табылады. Сол арқылы олардың өндірісте қолданылуына бақылау жасалынады, артық н/е кем қорларды дер кезінде анықтауға толық жеткізіледі. Түгендеу жауапты тұлғаның қатысуымен міндетті түрде қайта есептеу, өлшеу, санау жолдарымен жүргізіледі. Түгендеу нәтижесі б/ша түгендеу актісі ж/е салыстыру ведомосі толтырылады. Түгендеу кезінде ұйымға қорлар кеп түссе оларды материалды жауапты тұлға түгендеу комиссиясының қатысуымен қабылдайды ж/е түгендеу жүргізілген күннен кейінгі тізімге кіріске алады.

Негізгі құралдардың мәнін ашып көрсетіңіз, олардың жіктелінуіне және бағалануына сипаттама беріңіз

НҚ - өнімдерді шығаруда (қызмет көрсетуде), басқа тұлғаларға жалға беруге не әкімшілік мақсаттарға арналатын және бір жылдан артық уақытқа пайдаланылатын материалдық активтер.

Б.Е.те НҚ – бұл бір жылдан артық уақытқа пайдаланылатын, өзінің бастапқы құнын дайын болған өнімге, орындалған жұмысқа не көрсетілген қызметке амортизация есептеу жолымен біртіндеп өткізетін материалдық активтер.

Пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын барлық өндіріс құралдары бағасына қарамастан негізгі құралдарға жатқызылмайды. Сонымен бірге ұйым қоймасындағы дайын өнім болып саналатын Н.Қ. да сол ұйымның Н.Қ.на жатқызылмайды.

Н.Қ. мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

1) өндіріске қатысуына қарай:

· өндірістік Н.Қ. - өндірісте қызмет ететін, өнімді өндіру барысында пайд.н Н.Қ.

· өндірістік емес Н.Қ. - өндірістік процесске тікелей қатыспайтын, бірақ ұйым қызметіне мәдени тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамсыз ететін Н.Қ.

2) кімнің меншігінде екендігінде байланысты:

· меншікті Н.Қ. – ұйым иелігіндегі және оның балансында көрініс тапқан Н.Қ.

· жалға алынған Н.Қ. – бұл алдын-ала белгіленген мерзімге келісімшарт б/ша басқа ұйымнан алынған Н.Қ. олардың есебіжалға берушінің балансында есептеледі.

3) пайдалану сипатына қарай

· жұмыс істеп тұрған Н.Қ.

· жұмыс істемей Н.Қ. – бұл әр түрлі жағдайларға байланысты өндіріс процессінде пайд.н құралдар.

4) заттық құрамына байланысты:

· мүліктік Н.Қ. – санауға және өлшеуге болатын Н.Қ.

· мүліктік емес Н.Қ. – пайдаланылатын жер, орман алқаптары және су ресурстарына жұмсалатын күрделі шығындар.

Н.Қ. есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңыздылығы жоғары. Түрлері:

· бастапқы құн – Н.Қ. салуға, сатып алуға, тасымалдауға, орнатуға кеткен шығындар, сонымен бірге сатып алу кезінде төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленген пайыз сомаларынан және осы Н.Қ. пайдалану үшін жағдайына келтірумен тікелей байланысты барлық шығындардың жиынтығынан тұрады.

· ағымдық құн – Н.Қ. белгілі бір уақыттағы нарықтық бағасы.

· баланстық құн – Н.Қ. бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құн.

· сату құны – бұл келісімге дайын бір-біріне тәуелсіз жақтардың Н.Қ. сатуына мүмкіндік беретін құн.

· жойылу құны – тиімді қызмет ету мерзімі аяқталған Н.Қ. істен шығару кезінде пайдалануға жарамды кейбір бөліктердің құны. Бұл құнды Н.Қ. кіріске алу кезінде ұйымда құрылған комиссия анықтайды.

· амортизациялық құны – Н.Қ. бастапқы құны мен жойылу құнынынң арасындағы айырмашылық.

Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістеріне нақты мысалдар негізінде сипаттама беріңіз

НҚ өндіріс процессіне қатысуына, табиғи күштердің әсер етуіне байланысты біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі бар:

· табиғи тозу

· моральдық тозу

НҚ бойынша міндетті түрде амортизация есептеледі. Амортизация – тозудың құндық көрінісі. Амортизациялық аударымдар әрбәр есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады. Тоқтап тұрған НҚ бойынша амортизация есептелмейді.

Мынадай НҚ б/ша амортизация есептелмейді:

· жер

· кітапхана қорлары

· мұражай құндылықтары

· ескерткіштер

· өнер туындылары

НҚ б/ша амортизация есептеудің әдістері:

· құнды бірдей етіп бөлу әдісі

· өндірістік әдіс

· жеделдетіп аудару әдісі:

а) кумулятивті

б) қалдықты азайту әдісі

Құнды бірдей етіп бөлу әдісі – НҚ құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына бірдей сома бойынша жатқызылатын әдіс. Бұл әдіс б/ша амортизация сомасы келесі әдіс анықталады:

(бастапқы құн – жойылу құны)/пайдалану мерзімі

Кейбір жағдайда осы әдіс бойынша амортизация сомасы амортизация нормасы арқылы анықталады. Амортизация нормасы былай анықталады:100%/пайдалану мерзімі

Өндірістік әдіс– амортизация сомасын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі. Бұл әдіс бойынша амортизация сомасын есептеу кезінде пайдалану мерзімі ескерілмейді, яғни НҚ өндірістік қуаттылығы арқылы есептеледі:

(бастапқы құн – жойылу құны)/орындалатын жұмыс көлемі

Жеделдетіп аудару әдісі – бұл әдіс моральдық жағынан тез тозатын НҚ б/ша амортизация есептеу үшін пайд.ды. бұл әдіс бойынша амортизациялық аударымдар сомасы НҚ пайд.ң алғашқы жылдарында неғұрлым көп болды.

Кумулятивті әдіс б/ша амортизация сомасын есептеу үшін ең алдымен кумулятивті санды анықтау керек. Бұл сан НҚ қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын бір біріне қосу арқылы анықталады немесе келесі формула бойынша анықталады:

S=N(N+1)/2

S – кумулятивті сан, N – пайдалану мерзімі

Кумулятивті сан анық.н кейін, есептік коэф.ті анықтау керек: есептік коэф.ң бөлімінде кумулятивті сан, ал алымында НҚ пайдалану мерзімі кері тәртіппен көрсетіледі. НҚ пайдаланған жылдар үшін есептік коэф.т әр түрлі болады. Кумулятивті әдіс б/ша амортизация сомасын есептеу үшін формула:

(бастапқы құн – жойылу құны)/есептік коэффициент

Қалдықты азайту әдісі – екі еселенген амортизация нормасын пайдалану арқылы есептеледі, яғни құнды бірдей етіп бөлу әдісі негізінде пайд.н амортизация сомасын екі еселейміз: (100%/5 жыл)*2=40%

Бұл әдісті пайдалану кезінде НҚ жойылу құны, оны пайдаланудың ең соңғы жылында ғана ескеріледі, ал қалған жылдарда НҚ қалдық құнына амортизация есептеліп отырады.

Еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелер есебін ұйымдастыру тәртіптеріне тоқталыңыз

Міндеттеме-бұрынғы оқиғалар негізінде пайда болған ұйымның қазіргі қарызы.Міндеттемені өтеу ұйым ресурстарының азаюына әкеледі.Міндеттемелер 2 бөлінеді:

1)Қысқы м (1 жылға дейін)

2)Ұзақ м (1 ж көп)

Еңбекақы-қызметкердің көрсеткен қызметтері үшін ұйымның айырбас ретінде төлейтін төлемдері.Еңбекақы төлеу б\ша міндеттемелер мынадай баптардан тұрады.

ü Еңбекақы

ü Сыйақы

ü Еңбек демалысына төленетін төлем

ü Жұмысқа уақытша жарамсыз болған жағдайда

ü Ақшалай емес төлемдер

Еңбекақымен есеп айырысуды ұйымдастыру 3 кезеңнен тұрады.

1 кезең.Жұмыс уақытын алғашқы рәсімдеу және еңбекақы есептеу

2 кезең.Есептелінген еңбекақыдан үст\н ұсталымдарды көрсету және әрбір қызметтерге төленетін ақыны анықтау

3 кезең.Еңбекақы төлеу,оған салықтар мен міндетті төлемдерді аудару

Еңбекақы б\ша аналитикалық есебі бух-да кадр бөлімінен бұйрық келген күннен басталады,яғни әрбір қызметкерге арнайы кортотека ашылады.ҚР еңбекақы түріндегі кірістердің ең жоғарғы мөлшері есептелмеген 01.01.13 ең төменгі мөлшері 18660 тг

Есептелген еңбекақыдан ҚР заңнамасына сәйкес ұсталымдар жасалады.Олар;

· Міндетті зейнетақы аударымдары 10%

· Жеке табыс салығы 10%

· Соттық шешімі б\ша үстінен аллимент

· Қызмет\ң өзінің келісімі б\ша үстінен ұсталымдар( несие,қарыз)

Зейнетақы қорына жасалатын аударымды есептеу және оны аудару үшін 3220 шоты п\ды. Міндетті зейнетақы ауд\ы есептлаген жағдайда:Дт 3350 Кт3220;Міндетті зейнетақы аудару зейнетақы қорына аударған жағдайда Дт 3220 Кт 1030;

Жеке табыс салығы-ол девидент түрінде табыс алсақ 5% ,мөлшерде белгіленген ЖТС есептеу үшін есептелінген еңбекақыдан мынандай шегерімдер жасалады:зейнетақы аударымдары ,ең төменгі еңбекақы мөлшері,ерікті зейнатақы аударымдары.Қаз\н тұрғын үй құрылыс банкісінен несие алынған жағдайда есептелген % соммасы б.т.ЖТС-ң есептеген жағдайда:Дт 3350 Кт3120;Ұйымның есептелінген еңбекақы қорынан ҚР салық кодексі б\ша әрбір қызметтер еңбекақы есептелген әлеуметтік салық ау\ды.Оны жұмыс беруші төлейді әлеуметтік салықтық мөлшері 11% әлеуметтік салықтар есептеу үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін

(есептелінген жалақы - міндетті зейнетақы аударымдары)*5%

әлеуметтік салық=есептелінген еңбекақы-міндетті зайымды аударымдар)*11%-әлеуметтік аударым соммасы

Есебі 3150 шотта көрсетеді.Дт 8110,8310,7110,7210 Кт 3150

Есептелінген әлеуметтік салық бюджетке а\ды.Дт 3150 Кт 1030

Әлеуметтік салық ұйымның еңбекақы қорынан ау\ды.Кейбір жағдайларда,яғни сатылық шешімі б\ша сонымен бірге даусыз түрде өндіріп өшу туралы әкімшіліктің қабылдаған қаулымдарына сәйкес берілетін атқару құжаттары б\ша есептелінген еңбекақыдан ұсталымдар жасалады.Бұл жағдайда ай сайынғы ұсталымдардың жалпы мөлшері есептелінген еңбекақының 50% аспауы қажет.Атқару парақтары б\ша есептелінген еңбекақыдан ұсталымдар жағдайда келесідей бух жазба ж\ды.Дт 3150 Кт3390

Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:

1-нысаны – мерзімдік;

2-нысаны – кесімді;

Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:

1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды;

2. Ксімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;

3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;

4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;

5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;

Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:

- Сағаттық;

- Күндік ақы;

- Айлық ақы;

Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).

Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:

1. Тікелей кесімді жүйе;

2. Кесімді- сыйақылақ жүйе;

3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;

4. Жанама – кесімді жүйе;

5. Аккордық жүйе;

Аудиттің мазмұнына, оның атқаратын қызметтері мен түрлерінің жіктелуіне сипаттама беріңіз

Нарық экономикасына көшу кәсіпорын қызметінде жаңа ғылыми саланың дамуына мүмкіндік туғызды.Аудит сөзі лат.тілінен аударғанда “ол естиді” деген мағына береді. Бастапқыда ол “бір нәрсені тыңдаушы” дегенді білдірді, содан барып аудитор сөзі ,яғни аудармасында “ол тыңдаушы” деген мағына береді. Бухгалтер аудитор маманы бастапқыда акционерлік қоғамдарда пaйда болған,себебі акционерлер ,кредиторлар және салық органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті баға беретін мамандарды іздеген. Аудиттің дамуына ең басты себеп болған 1862 жылы Ұлыбританияда қабылданған аудит туралы заң болып табылады. Бұл заңда жылына 1 рет міндетті түрде ұйымдардың немесе компанияның қаржы жағдайы тексерілуі тиіс деп көрсетілген. Нарық экономикасы кезінде акционерлердің, кредиторлардың, салық органдарының , ұйымның қаржылық есептіліктерін зерттеу немесе оған аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде, сенім туғызу нәтижесінде бухгалтер аудиторлардың пайда болуына әкеліп соғады. Олар ұйымдардың бухгалтерлік есебін зерттеу мен қаржылық есептілікті талдау және оның дұрыстығы жөнінде мамандырылған қорытынды беру болды. Сөйтіп тәуелсіз аудиторлар және аудиторлық фирмалар кәсіпорынның қаржы жағдайының дұрыстығы туралы кепілдік. Сондықтан қаржылық есептілік мәліметтерін пайдаланушылар өздеріне серіктестер тауып немесе ондай серіктестермен жұмыс істеуше болама жоқпа сондай сұрақтарға тура жауап беруі керек . Аудит қызметі ең бірінші нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде пайда болып, яғни Англияда міндетті аудит жүргізу негізінде алғашқы заң қабылданған соң 5 жылдан кейін ондай заң Францияда пайда болды. Кәсіби бухгалтерлік ұйымдар көптеген мемлекеттерде пайда бола бастады, оның ішінде Ұлыбританияда 1880 жылы “Алқалы бух.институты” , 1887 жылы Америка Құрама Штатында “Мамандандырылған бух.институты” , Францияда “Эксперттер бухг.палатасы” құрылды. Аудиторлық қызмет дамуы ірі трансұлттық аудиторлық фирмалар құрылуына септігін тигізіп және олардың филиалдары мен өкілділіктері оңдаған мемлекеттерінде өз істерін жүзеге асыруда. Қазіргі кезде дүниежүзінде бухг. сферасында әйгілі, ірі аудиторлық фирмалар жұмыс істейді. Олар “ЭРНСТ ЭНД ЯНГ” оның өкілдігі 178 мемлекетте, “Прайст Отерхауст” 110 мемлекетте өкілідгі бар, сонымен қатар “Делойт энд Туш” көптеген мемлекеттерде қызмет атқаруда. ҚР 1ші аудиторлық фирма 15 ақпан 1990ж Қазақ СССР министрлер советінің қаулысы бойынша Республиканың қаржы министрлігі жанында аудиторлық орталық, Қазақстан аудит құрылды. 1992жылдан бастап бұл жеке өз алдына ірі акционерлік компания болып құрылып,Қазақстандағы барлық кәсіпорындарға аудиторлық қызмет көрсетеді. ҚР-да аудиторлық қызметтің дамуына қабылданған аудит туралы заңның рөлі өте жоғары. 18 қазан 1993 жылы жоғары кеңестің мақұлдауымен бірінші аудиторлық қызмет туралы заң қабылданды. Бұл заң аудиторлық қызметті жүзеге асыруына байланысты барлық қатынастарды реттейді. Қазіргі кезде ҚРда дүниежүзіне белгілі төрт фирма өздерінің жұмыстарын жүзеге асырып және офистері Алматы, Астанада өз қызметтерін жүзеге асыруда. Олардың бас директорлары мен орынбасарлары ҚР азаматтары. ҚРдағы бұл фирма клиенттері ірі халықаралық бірлескен компаниялар мен банктер. Мысалы, Янгтың клиенті Филип Морис пен Тенгиз Шеврон.Прайст Отерхауст ірі 6 мұнай компаниясы, КПМЖ – жекешелендіру процесін жүргізуге көмектесетін фирма.Делойт энд Туш бұл ірі ұлттық және коммерциялық банктерге қызмет көрсететін фирма.

Аудиторлар мен аудиттелінетін субъектілердің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін ашып көрсетіңіз

Аудиторлар:

1) аудиттелетiн субъектiнiң аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;

2) аудиттелетiн субъектiнiң лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсiндiрме алуға;

3) кәсiби ұйымдардың шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

2. Аудиторлар:

1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауға;

2) үш жылда кемiнде бiр рет кәсiби ұйымдарда бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өтуге;

3) бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен қаржылық есептiлiк жасауда анықталған елеулi кемшiлiктер туралы ақпаратты аудиттелетiн субъектiге беруге;

4) "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiн алғаннан кейiн үш ай iшiнде кәсiби ұйымға кiруге және өзiнiң кiргенi туралы Бiлiктiлiк комиссиясына хабарлауға мiндеттi.

Наши рекомендации