Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың динамикасы, криминологиялық сипаты, құрылымы

Осы тақырытың қылмыстық-құқықтық жағын сипаттау барысында айтып кеткеніміздей Қазақстан Республикасы жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өткеннен кейін бізге бұрындары беймәлім болып кеген көптеген кәсіптер мен қызметтер туындады. Бұрындары қылмыс деп саналатын кәсіпкерлік қызмет саласы заңдастырылып, жеке тұлғаларға осы қызметпен айналысу үшін жағдайлар жасалып, заңдар қабылданды.

Жаңа қызмет түрімен қатар жаңа қылмыс түрлері де туындай бастады. Сол жаңа қымыс түрлерінің қатарына кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар да жатады.

Осы бөлімде біз кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың криминологиялық тараптарын көрсететін боламыз.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтеріне қарағанда 2015 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңде жалпы 108856 қылмыс тіркелген боса ал экономика қызметі саласындағы тіркелген қылмыстардың үлесі 1805 болып отыр [20].

«Қылмыстылық» түсінігін анықтап алмай тұрып біз көрсеткішке де сипаттамаға да жеке – жеке тоқталып өте алмаймыз. «Қылмыстылық» түсінігі – криминологияның ең маңызды түсінігі.

Қазақ қылмыстық заң ғылымының атасына айналған Е.И. Қайыржанов пайымдауы бойынша қылмыстылық дегеніміз – белгілі бір аумақта, белгілі бір уақыт аралығында таптық қоғам тарапынан жасалған барша қылмыстарының жиынтығы ретінде көрсетіген тарихи өзгермелі, теріс,обьективті, әлеуметтік жағдайы екенін айтып кеткен [175. Б. 19---1].

Жоғарыдағы анықтаманы ашып көрсеткенде былай түсіндіруге болады. Қазақстан Республикасында 2015 жыл аралығындағы жеке – жеке жасалған барша қылмыстардың жиынтығын қылмыстылық деп қарастырамыз.

Осы анықтаманы отандық ғалым Жұмағаи Амас біршама толықтырып кеткен. Оның пайымдауы бойынша « Қылмыстылық – бұл саыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі, әлеуметтік, қымыстық – құқықтық сипатқа ие, белгіі бір мемлекеттте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы», - деген анықтаманы беріп кеткен [21. Б. 25].

Ендігі кезекте көрсеткішке келер болсақ , қылмыстылықтың мынандай көрсеткіштері бар: деңгейі, қарқындылығы, құрылымы, динамикасы. Деңгейі дегеніміз белгілі бір мемекетте белгілі бір уақытта жасалған қылмыстардың түпкілікті жиынтығы. Мысалыға, 2008 жылы Қазақстан Республикасында жасалған қымыстардың жапы деігейі 1277478 қымыс болса,ал 2009 жылы ол деңгей 131548-ге көтеріген, 2010 жылы деңгейі 132183 қылмыс тіркелген. Осы жердегі 1322183 ол 2010 жылғы Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың деңгеі болып табылады.

Ал Қылмыстың қарқындылығын коэфициент арқылы анықтауға болады. Оның өзін өзін қылмыс фактісіне қатысты, қымыс жасаған тұлғаға қатысты, сотталғандарға қатысты деп үшке бөліп қарастыруға болады.

Қылмыс құрылымы дегеніміз – бұл белгілі бір уақытта бегілі бір аумақта жасалған барша қылмыстардың ішіндегі нақты қымыстылық түрінің үлес салмағы және қылмыстар санының ара қатынасы.

Қылмыстылықтың динамикасы – белгілі бір кезеңдегі қылмыстардың деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетіндегі көрсетілген мәліметтерге сүйенсек экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша 2008 жылы Қазақстан республикасы бойынша 5485 қылмыс тіркелген боса оның ішіндегі 489 қылмыс заңсыз кәсіпкерлік қызметіне қатысты тіркелген, ал 368 қылмыс жалған кәсіпкерлік саласында тіркеліп отыр. Ал заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысы бойынша (189-бап) 1 қылмыс тіркелген болса кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу қылмысы бойынша 8 қылмыс тіркелген. жалпы 5485 қылмыстың ішіндегі кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстардың үлес салмағы 15,7% құрып отыр. Ал келген метериялдық шығынға келетін болсақ жалпы экономика саласындағы материялдық шығынның үлесі 58325416,027 теңге болса оның ішіндегі заңсыз кәсіпкерліктен келген материялдық шығын 8957833,705 тенгені құраса ал жалған кәсіпкерлік бойынша материялдық шығын 18813240,2 теңгені құрып отыр [22].

Ал бұл көрсеткіш 2009 жылғы мәлімет бойынша жалпы тіркеген қылмыс саны 131548 қылмысты құрап отыр. Оның ішіндегі экономика саласындағы қылмыстардың үлесі 5404 қылмысты құрап отыр. 2009 жылғы қылмыстылықтың деңгейі 2008 жылмен салыстырғанда 81 қылмысқа азайып отыр деген сөз. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысы бойынша 1 қылмыс тіркелген, ал заңсыз кәсіпкерлік қылмысы бойынша 679 қылмыс тіркелген 2008 жылғы көрсеткішке қарағанда 2009 жыы заңсыз кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстылық деңгейі 190 қылмысқа артқанын байқауға боады. Ал жалған кәсіпкерлік қылмысы бойынша 565 қылмыс тіркеген. Яғни 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 197 қылмыс артық жасалынғаны байқалып отыр. Ал кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша 2009 жылы 8 қылмыс тіркелген. Жалпы қылмыстылық пен экономика саласындағы қылмыстылық деңгейі 2009 жылы төмендегенімен, кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылық деңгейі керісінше артып отыр деген сөз. 2009 жылы экономикалық қызмет саласы бойынша 5404 қылмыстық оқиға тіркелген болса кәсіпкерлік саласында тіркелген қылмыстың құрылымы экономикалық қызмет саласының құрамында 23,1 % құрап отыр. Демек 2009 жылы экономикалық қызмет саласында тіркелген қылмыстардың тең жартысына жуығы кәсіпкерлік қызмет саласының үлесіне тиесілі болып отыр. Ал материялдық шығын бойынша 2009 жылы кәсіпкерлік қызмет саласы бойынша 74769203,579 теңгені құрып отыр.

Бұл жерден байқауға болатыны 2008 – 2009 жылдар аралығында жалпы қылмыстылық деңгейі азайғанымен экономика саласындағы қылмыстылық деңгейінің өсіп отырғанын байқауға әбден болады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу комитетінің берген ақпаратына сүйенер болсақ жалпы алғанда 2010 жылы Республикамызда 131896 қылмыс тіркелген. 2009 жылғы көрсеткішпен салыстығанда 338 қылмыс артық тіркелген. 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2% қылмыстың артып отырғанын байқауға болады.

Ал экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылық деңгейі 5054 қылмысты құрап отыр. 2009 жылғы қылмыстылық деңгейімен салыстырғанда 350 қылмысқа төмендеген.

Ал кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау бабы бойынша 4 қылмыс оқиғасы тіркелген. 2009 жылмен салыстырғанда 3 қылмысқа артық жасаған.

Ал заңсыз кәсіпкерлік бабы бойынша 530 қылмыс тіркелген. 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда қылмыстылық деңгейі 149 қылмысқа төмендеген. Заңсыз кәсіпкерік қылмысы бойынша қылмыстылық көрсеткіші 21,8% төмендеген.

Ал жалған кәсіпкерлік қылмысы бойынша 730 қылмыс тіркелген. 2009 жылғы қылмыстылық деңгейімен салыстырғанда 2010 жылы 165 қылмысқа артық жасалынған. 2010 жылы жалған кәсіпкерлік қылмысының құрылымы 22,6 % артқаны байқалып отыр.

Ал кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу қылмысы бойынша 2010 жылы 6 қылмыс тіркелген.2009 жылғы деңгейге қарағанда 2 қылмысқа кем жасалынған.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылық деңгеінің ішіндегі кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстылық құрылымы 2010 жылы 25 % құрап отыр.

Жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметке қарасақ жалған кәсіпкерлік саласндағы қылмыстылық деңгейі бірден 165 қылмысқа артқан. Қылмыстылықтың артуына 2010 жылы болған бүкіл әлемдік дағдарыстың да үлесі зор.

Материялдық зардапқа келер болсақ экономикалық қызмет саласында мемлекет экономикасына 165007385,449 теңге зардап келтірілген.

Ал заңсыз кәсіпкерлік қылмысы бойынша 14576325,270 теңге зардап келтірілген.

Жалған кәсіпкерлік қылмысы бойынша 68286808,368 теңге зардап келтірілген.

Келтірілген материялдық зардап 2009 жымен салыстырғанда өсіп отырғанын байқауымызға болады.

Ал келесі кезекте 2011 жылғы қылмыстылық деңгейін келетін болсақ бұл жылы Қазақстан Республикасының аумағында 206801 қылмыс жасалынған. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылғы қылмыстылық деңгейі 74905 қылмысқа артық болып отыр. Қылмыстылықтың құрылымы 2010 жылмен салыстырғанда 36,2 % артық. Қылмыстылық деңгейі күрт өсуі байқалады. Бұл әрине кері көрсеткіш болып отыр.

Ал экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылық деңгейі 3481 қылмысты құрап отыр. 2010 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1573 қылмысқа азайған. 2011 жылғы қылмыстылық деңгейі жоғарыдағы 2008,2009,2010 жылғы қылмыстылық деңгейімен салыстырғанда әлде қайда азайып отырғанын байқауымызға болады.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау бабы бойынша 7 қылмыс тіркелген

Ал заңсыз кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылық деңгейі 221 қылмысты құраған. 2010 жылғы заңсыз кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылық деңгейіне қарағанда 309 қылмысқа кемейген. Қылмыстылық құрылымы 58% қысқарған.

Ал жалған кәсіпкерліктің қылмыстылық деңгейі 438 қылмысты құраған. 2010 жылғы қылмыстылық деңгеімен салыстырғанда 2011 жылы 292 қылмысқа кемейген. Қылмыстылық құрылымы 40% төмендеген.

Ал кәсіпкерік қызметке заңсыз қатысу қылмысы бйынша 2011 жылы 5 қылмыс тіркелген.

Ал экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықтың құрамындағы кәсіпкерлік саласындағы қымыстылықтың құрылымы 19% құрап отыр.

2011 жылы жапы қылмыстылық деңгейі күрт өскенімен кәсіпкерлік саасындағы қылмыстылық деңгейі төмендегенін байқауымызға болады.

Материядық зардаптарға келер болсақ 2011 жылы экономика саласындағы зардап 111922478,575 теңгені құраған.

Заңды кәсіпкерік қызметке кедергі жасау бабы бойыша тіркелген зардап 4382,5 теңгені құраған.

Ал заңсыз кәсіпкерлік бойынша тіркелген материялдық шығын 190 - баптағы заңсыз кәсіпкерліктің бірінші бқлімі бойынша 1246827,893 теңге тіркелген болса ал екінші болімі бойынша 1215646,207 теңге материялдық зардап тіркелген.

Жалған кәсіпкерлік бойынша 27738702,134 теңге материядық зардап тіркелінген.

Бір айта кетергік жағдай 2008,2009,2010 жылдарда заңды кәсіпкерлік қыжметке кедергі жасау қылмысы бойында материйлдық зардап тіркелмеген болса 2011 осы бап бойынша материялдық зардап 4382,5 теңгеге жеткен.

2012 жылғы Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық деңгейі 287681 қылмысқа жеткен. 2012 жылғы жалпы қылмыстылық деңгейі 2011 жылғы қылмыстылық деңгейінен 80880 қылмысқа артық болып отыр. Қылмыстылық құрылымы 2011 жымен салыстырғанда 39% артқанын байқауға болады.

Ал экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылық даңгейі 4934 қылмысты құраған. 2011 жылғы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылық деңгейімен салыстырғанда 2011 жылғы қылмыстылық деңгейі 1453 қылмысқа көп жасалынып отыр. Ал қылмыстылық көрсеткіші 2011 жылғы қылмыстылық көрсеткішімен салыстырғанда 41,7 % артқанын байқауымызға болады. Демек экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықтың деңгейі де 2011 жылмен салыстырғанда әлдеқайда артып отырғанын байқауымызға болады.

Ескі Қылмыстық кодекс бойынша 190-бапта көрсетілген заңсыз кәсіпкерлік бабы бойынша 2012 жылы 62 қылмыс тіркелген. 2011 жылғы деңгеймен салыстырғанда 159 қылмысқа төмендеген. Қылмыстылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда азайған. Қылмыстылық құрылымы 71,9% төмендеген. Бұл көрсеткіш алдағы жылмен салыстырғанда әлде қайда төмендегенін байқауымызға болады.

Ал жалған кәсіпкерлік бойынша 218 қымыс тіркелген. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 220 қылмысқа азайған. Ал пайызбен есептегенде 50,2% төмендеген.

310-бапта көрсетілген кәсіпкерлік қызметке заісыз қатысу бойынша Республикамызда 2012 жылы 1 қылмыс тіркелгенғ 310,1 бапта көрсетілген заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактісі бойынша 4 қылмыс тіркелінген.

Жалпы алғанда экономикалық қызмет саласындағы кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстардың құрылымы 5,7% құраған. Өткен жылдармен салыстырғанда кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылық дәңгейі әлде қайда төмендегенін байқауымызға болады.

2012 жылы экономикалық қызмет саласындағы материялдық зардап 73064002,301 теңгені құраған.

Ал заңсыз кәсіпкерлік бойынша 434735,323 теңге материялдық зардап келтірілген.

Жалған кәсіпкерлік бойынша келтірілген материялдық шығынның үлесі 14137276,206 теңгені құраған.

Ал заңды кәсіпкерлікке кедергі жасау бабы бойынша 5585 теңге материялдық зардап келтірілген.

2012 жылы жалпы барлық қылмыстың деңгеі бойынша өткен жылдармен салыстырғанда әлде қайда көп, бірақ кәсіпкерлік саасындағы қылмыстылық деңгейі әлдеқайда төмендегенін байқауымызға болады [22].

Қазақстан Республикасында 2013 жылы жалпы барлық қылмыстылықтың деңгейі 359844 қылмысты құраған. Бұл көрсеткіш 2012 жылғы жалпы қылмыстылық деңгейімен салыстырғагда 72163 қылмысқа артық екенін байқауымызға болады.

Ал экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылық деңгейі 4914 қылмысты құраған. 2012 жылғы қылмыс деңгейімен салыстырғанда 20 қылмысқа төмендеген.

Заңсыз кәсіпкерлік бойынша 72 қылмыс тіркеген. 2010 жылғы көрсеткішке қарағанда 10 қылмысқа артқан.

2013 жылы жалған кәсіпкерлік бойынша 742 қылмыс тіркелген. Жалған кәсіпкерлік бойынша тіркелген қылмыстар 2012 жылмен салыстырғанда 240% артып кеткен.

Ал кәсіпкерік қызметке заңсыз қатысу бабы бойынша 10 қылмыс тіркелген. заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау бабы бойынша 5 қылмыс тіркелген. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылық деңгейі ішіндегі кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстылық деңгейінің құрылымы 16,8% құраған. 2012 жылғы қылмыстылық құрылымымен салыстырғанда 11% өсу байқалған.

2013 жылғы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықтан кетірілген жалпы материялдық зардап 131746843,717 теңгені құраған.

Ал заңсыз кәсіпкерлік саласында келтірілген материялдық зардаптың үлесі 62667,909 теңгені құраған.

Ал жалған кәсіпкерліктен келтірілген материялдық зардап 41352846,44 теңгені құраған.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау бабы бойынша тіркелген материялдық зардап 416 теңгені құраған [23].

Бір байқағанымыз жылдан жылға қылмыстылықтың даңгейінің күрт өсуі байқалып отыр. Бұл тенденцияны әртүрлі себептермен түсіндіруімізге болады. Бұл жайы келесі сшығу себептеріне келгенімізде толығырақ жазып өтетін боламыз.

Ал 2014 жылы жағарыда келтірілген өсім байқалмайды керісінше жалпы қылмыстылық деңгейінің біршама 2013 жылмен салыстырғанда төмендегенін байқауға болады.

2014 жылғы қымыстылықтың жалпы деңгейі 341291 қылмысты құраған. Бұл көрсеткіш 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 18553 қымысқа аз жасалынған. Біршама қылмыстылықтың деңгейінің төмендеуі байқалады.

Ал экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылық деңгейі 3880 қылмысты құраған. Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1034 қымысқа төмендеген.

Ал заңсыз кәсіпкерлік бойынша тіркелген қылмыстардың саны 47 қылмысты құраған. 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25 қылмысқа төмендеу байқалады. Пайызға шаққанда 34,7% төмендеген.

Ал жалған кәсіпкерлік бойынша 311 қылмыс тіркелген. 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 431 қылмысқа аз жасалынған, пайызға шаққанда 58% төмендеген.

Ал Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу бабы бойынша 8 қылмыс тіркелсе, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау бабы бойынша 4 қымыс тіркелген.

Экономикалық қызмет саласындағы қымыстардың ішіндегі кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстардың қылмыстылық құрылымы 9,2% құрап отыр. 2013 жылмен салыстырғанда қылмыстылық құрылымы 7% төмендеген.

Ал ендігі кезек ағымдағы 2015 жылға келеді екен. Бұл жердегі өзгерістерге қысқаша тоқталып өткеніміз жөн болады.

2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ қабылданған Қазақсан Республикасының жаңа қылмыстық кодексінде экономикалық қызмет саласындағы құықық бұзушылықтар тарауы 8- тарауда орналасқан. Ал Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет қылмысы 214-бапта орналасқан, жалған кәсіпкерлік 215-бапта орналасқан [23].

Сонымен қатар Қылмыстық кодекске жаңа кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзуышылық енгізілген. Ол 216-бапта орналасқан «Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар жөнетілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау қылмысы» [23].

Сонымен қатар Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу қылмысы 264-бапта орналасқан. Ал Заңды кәсіпкерліқ қызметке кедергі жасау қылмысы 265-бапта орналасқан [23].

Ағымдағы 2015 жыл әлі аяқтала қоймағандықтан осы уақытқа дейін тіркелген қымыстар бойынша сараптама жүргізгенді жөн көрдік.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің жеке сайтында көрсетілген мәліметтерге сүйенетін болсақ 2015 жылдың Наурыз айына дейін тіркелген 3 айлық статистикалық мәліметтерге сәйкес 108856 қылмыстық оқиға тіркелген.осыған орай біздің лайымдауымызша салыстыруды 2014 жылдың наурыз айына дейінгі тіркеген қылмыстармен салыстыра отырғанымыз әдңлетті болады деген тұжырымға келіп отырмыз. 2014 жылдың наурыз айына дейінгң тіркелген жалпы қылмыстылық деңгейі 79565 қылмыс боған. Демек 2015 жылғы ұылмыс деңгейі 2014 жылғы қылмыс деңгейіне қарағанда 29321 қылмысқа артық болып отыр. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36,8% артқанын көруге болады.

Ал экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құықық бұзушылықтарға байланысты 2014 жылдың наурыз айына дейін 1159 қылмыс тіркелсе 2015 жылдың Наурыз айына дейін экономикалық қызмет саласында 1805 қылмыс тіркеген. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 646 қылмысқа артық жасалынған. Қылмыстылық 55,7% артқан.

Ал заңсыз кәсіпкерлік бойынша 2014 жылдың Наурыз айына дейін 13 қылмыс тіркелген болса, 2015 жылдың Наурыз айына дейін тіркелген заңсы кәсіпкерлі бойынша жасалған қылмытар 64 қымысты құрап отыр. Бұл көрсеткіште өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 51 қылмысқа артық жасалынған.

Ал жалған кәсіпкерлік қылмысы бойынша 2014 жылдың Наурыз айына дейін 120 қылмыс тіркелсе,ал 2015 жылдың Наурыз айындағы көрсеткішкішке сәйкес жалған кәсіпкерлік бойынша 261 қылмыс тіркелінген. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 141 қылмысқа артқан. Жалған кәсіпкерлік 117,5% артқан.

Ал жаңада енгізілген 216-баптағы Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар жөнетілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау қылмысы бойынша ағымдағы жылдың наурыз айына дейін 70 қылмыс тіркелген.

Ал Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу бойынша 2014 жылы 7 қылмыс тіркелсе, 2015 жылы 4 қылмыс тіркелген.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау бабы бойынша 2014 жылы 6 қылмыс тіркелінсе, 2015 жылы 6 қылмыс тіркелінген.

.

Наши рекомендации