Экономикалық талдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері

Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін,тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.

Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысы, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады.

Сонымен қатар экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы алынады.

- өнімнің еңбек сыйымдылығы материалдық өндіріс саласының жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.

мұндағы: Есый – еңбек сыйымдылығы; Т – еңбек саны; Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

Қоғамның еңбектің материал сыйымдылығы шикізат материал отын, энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

мұндағы: Мсый – материал сыйымдылығы деңгейі; Ш – шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары.

Капитал сыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымыдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады.

мұндағы: Ксый - өнімнің капитал сыйымдылығы; К- капиталдың салымдардың жалпы көлемі; - шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

Тиімділік – жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.

Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады.

Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірстік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім вариантарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлылығын көрсетеді.

Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:

- өндірістік іс-әрекетің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдау мүмкіншіліктерін өлшейді;

- өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;

- Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капитталдық құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызмттік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критийге кіретіндер: өнімнің көлемі; кәсіпорынның кеңдігі; экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі; кәсіпорын рупутациясы және т.б.

Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:

- негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;

- кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.

Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы – пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.

Сату рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі пайда өнім өткізуден алынған ақша түсімі х 100 пайыз). Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындар мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін сипаттайды.

Активтер рентабельділігі (есеп беру кезеңдегі таза пайда/ есеп беру кезеңінен соңындағы активтер х 100 пайыз) Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Негізгі капиталдың рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің соңындағы негізгі капитал минус амортизация х 100 пайыз), кәсіпорынның негізгі қорларының қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Меншік капиталының рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы х 100 пайыз). Кәсіпорынның өзінің қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолданылу тиімділгін көрсетеді.

Наши рекомендации