Кәсіптік практиканың жиынтық мәліметтері 18 страница

Оқыту түрі: күндізгі
нормативтік оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай
жалпы орта білім базасында

Пән циклінің қысқаша атауы (коды) Пәндер мен кәсіптік модульдердің оқу циклдері Кәсіптік модульдердің бөлімдері мен пәндер атауы Қалыптасу құзыретінің коды
ЖГП 00 Жалпы гуманитарлық пәндер
ЖГП 01 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - «ҚР Тіл туралы» заңын; - тілдін қолдану аясы туралы, Қазақстанның экономикалық жағдайы, сөздерін жазылуын, грамматикалық ерекшеліктерін, дыбысталуын; - кәсіптік тақырып бойынша әңгімелей білу; жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; - экономикалық терминдерді білу істеуі керек: - кәсіптік тақырыбына байланысты әңгімелеу; - жаңа сөздермен сөз тіркестіру; диктант жазу; - лексика, грамматикалық жаттығуларды орындау, экономикалық терминдермен әңгіме құру Кәсіби қазақ (орыс) тілі: қазақ тілі – мемлекеттік тіл; Қазақстан экономикасы; қаржы жүйесі; ақша туралы; қаржыгерлер және оның қызметі; бюджет туралы тіл ұстарту БҚ 1,2,3, 4,5,6,7 ,8
ЖГП 02 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - «ҚР Тіл туралы» заңын; - тілдін қолдану аясы туралы, Қазақстанның экономикалық жағдайы, сөздерін жазылуын, грамматикалық ерекшеліктерін, дыбысталуын; - кәсіптік тақырып бойынша әңгімелей білу; жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; - экономикалық терминдерді білу істеу керек: - кәсіптік тақырыбына байланысты әңгімелеу; - жаңа сөздермен сөз тіркестіру; диктант жазу; - лексика, грамматикалық жаттығуларды орындау, экономикалық терминдермен әңгіме құру Кәсіби шетел тілі: қазақ тілі – мемлекеттік тіл; Қазақстан экономикасы; қаржы жүйесі; ақша туралы; қаржыгерлер және оның қызметі; бюджет туралы тіл ұстарту БҚ 1,2,3,4 ,5,6,7, 8
ЖГП 03 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - Қазақстанның тарихи кезеңдерінің негізгі хронологиясын; - Қазақстан тарихы Дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі болып табылуын; - көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихтағы ролі мен қосқан үлесін; - Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің бастауын, құрылуын және дамуын; - Қазақстанның Ресей империясына қосылуын, жаулап алуын, отарлау үрдісін; - Ұлт-азаттық көтеріліс пен қозғалыстардың себептерін; - XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың бағдарламасының мәнін; - 20-30 жылдардағы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіптің жағдайын; - 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен салдарын; - 30-шы жылдардағы жаппай қуғын-сүргін саясатының салдарын; - Қазақстанның көпұлттылығының себебін; - КСРО-ның дағдарыс кезеңі мен құлауының себептерін; - Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық саяси реформаларын және олардың нәтижелерін; Қазақстан 2030 даму бағдарламасын істеуі керек: - қысқаша тарихи әңгіме құрастыруды; - картамен жұмыс істеуді; - көшпелі мал шаруашылығының шығу себебін ашуды; - Қазақстан территориясындағы мемлекеттік бірлестіктерді сипаттау; - Қазақ халқының этникалық тарихының дамуын, эволюциялық қосылуын сипаттау; - капиталистік және социалистік құрылыстың айырмашылығын дәлелдеу; - рухани және материалдық мәдениеттің үлгісін сипаттау: - тарихи кезеңдерді ерекшелеу және дәуірлерге қысқаша сипаттама беру; - қазіргі кезеңдегі тарихи деректерді жан-жақты және сыни талдау; - көтерілістердің жеңілу себептерін талдау; - жаңа экономикалық саясат, ұжымдастыру, индустрияландыру саясаттарының мәнін ашу; - 20-30 жылдардағы этно-демографиялық жағдайды талдау; - Қазақ диаспорасының пайда болуының себептерін ашу; - Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның ролі мен қосқан үлесі; - XX ғасырдың басындағы саяси партиялар мен ағымдардың мәнін ашу; капиталистік және социалистік құрылыстың ерекшеліктерін анықтау Қазақстан тарихы: қазақ халқының тарихи және мәдени даму жолдары; көшпенділер өркениеті; көшпенділер мемлекетінің шығу жолдары; көшпенділердің рухани мәдениеті; Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы ішкі саясаты және Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы; ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстар; XX ғасырдың басындағы саяси партиялар ағымы; XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай; Қазақ диаспорасының қалыптасуы; Қазақстанның Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңіндегі атқарған ролі; 50-80 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы; Қазақстан тоқырау және КСРО-ның құлауы кезеңінде; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық және саяси өзгерістер БҚ 1,2,3, 4,5,6, 7,8
ЖГП 04 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңын; денсаулықты нығайтудағы дене тәрбиесі мен спорттың ролін; қимыл-қозғалыс әрекеттерінің түрлерін; дене шынықтырудағы жүктеме мен оларды реттеу әдістері (мөлшерлеу) туралы; дене шынықтыру жаттығуларын жасау кезіндегі зақымданудың пайда болу себептерін, зақымданудың алдын-алу туралы; салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын; жеңіл атлетикалық жаттығулардың орындалу техникасын; шаңғымен жүру тәсілдерін; жүзу техникасын; туристке қажетті құрал-жабдықтар мен туристік дағдыларды; қазақтың ұлттық қолданбалы спорттық ойындарының түрлері мен ойын ережесін; спорттық гигиена талаптарын; Президенттік тестің нормативтерін істеуі керек: жеңіл атлетикалық жаттығулардың жасалу техникасын; қысқа, орта, ұзақ қашықтыққа жүгіруді; диск, граната лақтыруды, бір орыннан және жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді; допты енгізу және лақтыру әдістері; шаңғымен қимылдау әдістерін білуді; жүзу әдістерін; спорттық гигиеналық талаптарын орындауды; туристік дағдылар мен іскерліктерді көрсетуді; жеңіл жарақат, сүріп алу кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету өзін-өзі тексеру күнделігін жүргізуді Дене тәрбиесі: дене тәрбиесінің теориясы; дене тәрбиесі қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі ретінде; салауатты өмір салтын ұйымдастырудың негізгі талаптары; салауатты өмір салтындағы өзін-өзі тәрбиелеу және өзін жетілдіру; салауатты өмір салтының тиімділігі; қозғалыс қызметі және түрлі ішкі орта жағдайына адам ағзасының төзімділігінің жоғарылауы; денсаулыққа салауатты өмір салтын қалыптастырудың шарты ретіндегі тұлғаның қатынасы; көзқарастағы жеке қатынас; салауатты өмір салтын ұйымдастырудың негізгі талаптары; тазалық мәдениеті, зақымдануды ескерту, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету түрлері; қозғалыс белсенділігінің режимі; жеңіл атлетика; гимнастика; шаңғы тебу дайындығы; жүзу; туризм; спорт және қозғалыс ойындары; қазақ ұлттық қозғалыс ойындарының түрлері мен спорттық ойындар БҚ 6
КМ 00 Кәсіптік модульдер
ЖКП 00 Жалпы кәсіптік пәндер
ЖКП 01 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: іс қағаздарын жүргізу және хат-хабар туралы түсінігін, курстың мақсаты мен міндеттерін; құжаттарды құрастыру тәсілдері мен қызметін; құжаттардың топтастырылуын, рәсімдеу ережелерін; ұйымдық-өкімдік құжаттар туралы (ҰӨҚ) түсінікті, сипаттамасы мен рәсімдеу ерекшеліктерін; жеке тектік құжаттардың рәсімдеу ерекшеліктерін; іс жүргізуді компьютерлендірудің мағынасын, тапсырмаларын; болашақ жоспары, негізгі қағидаларын істеуі керек: ұйымдық-өкімдік құжаттардың жүйесін бір ізге келтіруді; ұйымдық-өкімдік құжаттарды (ҰӨҚ) рәсімдеуді; жеке тектік, жеке құрамы бойынша құжаттарды рәсімдеуін; құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру; құжаттарды тіркеу, есепке алу, сақтау және орындалуын бақылауды; құжаттарды дербес компьютерде рәсімдеуді Мемлекеттік тілде іс жүргізу: пәннің мақсаты, міндеттері; құжаттарды құрастыру тәсілдері мен қызметтері; құжаттарды топтастыру, рәсімдеу ережелері; ұйымдық-өкімдік құжаттардың сипаттамасы, құрамы және рәсімдеу тәсілдері; жеке тектік құжаттардың рәсімдеу ерекшеліктері; жеке құрамы бойынша құжаттардың сипаттамасы мен рәсімдеу ерекшеліктері; мемлекеттік жүйені басқаруды құжаттамамен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (БҚҚМЖ); құжаттармен жұмысты ұйымдастыру: құжат айналымы, құжат ағымы; құжаттарды тіркеу, есепке алу, сақтау және орындалуын бақылау; іс жүргізуді компьютерлендіру: мағынасы, мақсаты, болашақ жоспары, негізгі қағидалары, ұйымдастырылуы; құжаттарды дербес компьютерде рәсімдеу БҚ4,5
ЖКП 02 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - экономикалық ой дамуының тарихы; - экономикалық теорияның әдістері мен қызметтері; - өндірістің даму сатылары, еңбек құралының категориялары, еңбек күші, қоғамның өндірістік күші; - өндірістің факторларының және экономикалық ресурстарының түрлері; - экономиканың негізгі сұрақтары, басты экономикалық мәселелер; - экономикалық қатынастар және құқықтық жүйе ретінде меншік мәні, меншік түрлері мен типтері, меншіктік қатынастардың қалыптасуы; - өндірісті ұйымдастырудың формалары, натуралды және тауарлық өндіріс мәні, тауарлық өндірістің қалыптасуыныңдағы шарттары, құн заңы және оның функциялары; - нарық ұғымы, түрлері мен қызметтері, нарық конъюнктурасы және инфрақұрылымы, нарыққа өту шарттары; - сұраныс пен ұсыныстың теориясының негіздері, сұраныс пен ұсыныс заңы және қисықтары, сұранысқа әсер етуші бағалық емес факторлар; - сұраныс пен ұсыныс икемділігінің мәні, сұраныстың табыс бойынша икемділігі, сұраныстың қиылысан икемділігі және оны есептеу; - тұтынушы іс-әрекетінің теориясын және пайдалылықты арттыру ережесі, немқұрайлылық қисығы және бюджеттік сызық графигі; - өндірістік функциялар, өндірістің тұрақты және айнымалы факторлары; - шығындардың әр түрінің мазмұны, қысқа және ұзақ мерзімде шығындарды төмендету жолдары; - жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтары, монополияның, монополиялық бәсекенің және олигополияның ерекшеліктері; - өндіріс факторларының және ресурстарының нарықтарының ерекшеліктері, факторлық табыс түрлері; - экономиканы мемлекеттік реттеудің жүйесі, оның мақсаттары және қызметтері, әдістері мен қағидалары; - ұлттық экономика мәні, ұлттық шоттар жүйесі және оның сипаттамасы, ЖҰӨ, ЖІӨ және ҰЩЖ басқа да көрсеткіштерінің өзара байланысы; - нарықты реттеудің алғы шарттары және мемлекеттің нарықтық процестерге араласуының формалары; - халықтың табыстарының көздері, табыс пен мемлекеттің әлеуметтік саясатының тепе-теңсіздігінің өзара байланысы; - экономикалық цикл мазмұны және оның түрлері; - экономикалық өсудің факторлары және негізгі типтері, экономикалық өсу деңгейін анықтау; - жұмыссыздық мәні және оның түрлері, ҚР еңбек Кодексі; - инфляция мәні және ҚР антиинфляциялық саясаты; - жиынтық сұраныс және ұсыныс, олардың құраушылары; - қаржылық жүйе құрылымы, оның негізгі элементтері, мемлекеттің фискалды саясатының жүзеге асырудың негізгі бағыттары; - ақша жүйесінің типтері, ақша ұсынысының құраушылары, мультипликатор ұғымы, ақша теориясы; - ақша-несие жүйесінің мәні, ҚР Ұлттық Банкінің реттеушілік ролі; - әлемдік нарық және шаруашылық мәні, ЕХБ, еңбек ресурстарының халықаралық миграциясы, халықаралық сауда теориясы; - әлемдік валюталық жүйенің даму эволюциясының сатылары; - валюталық курс; - халықаралық экономикалық интеграция мәні; - ХХІ ғ. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері; істеуі керек: - экономикалық талдаудың негізгі әдістерін қолдану; - қоғамдық өндірістің құрылымына сипаттама беру, қарапайым және кеңейтілген қайта өндіріс; - факторлық табыстардың түрлерін ажырату; - меншік құқықтарына, түрлеріне, формаларына сипаттама беру; - экономикалық жүйенің негізгі типтері; - натуралды және тауарлық өндірісті салыстыру, тауардың тұтыну және ұсыну бағасы; - нарықты жіктеу, нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау; - сұраныс пен ұсыныстың қисықтарын сызу және талдау жасау; - тепе-теңдік бағасын анықтау; - икемділік көрсеткіштерін есептеу, икемсіз сұраныстан икемді сұранысты ажырата білу; - жалпы және шекті пайдалылықты анықтау, тұтынушының нақты табысы; - немқұрайлылық қисықтары мен тұтынушының бюджет сызығын сызу; - өндіріс шығындарын анықтау; - фирманың әртүрлі табыстарының деңгейін анықтау, өнім көлемін анықтау; - нарықтық құрылымдар қызметінің нәтижесін салыстыру; - макроэкономикалық негізгі көрсеткіштерді есептеу; - экономикалық өсудің негізгі үлгілерн ажырату, берілген мемлекет үшін экономикалық өсу факторларының ішінде ең маңызды факторларды көрсету; - халықаралық сауда теориясына талдау жасау; - қарыз капиталының халықаралық нарығына сипаттама беру, халықаралық валюталық жүйе; - қазіргі әлемдік экономикада интеграциялық топтастыру; - бәсекеге қабілетті мемлекет экономикасына жаһандық мәселелердің әсерінің салдарына талдау жасау Экономикалық теория негіздері: экономикалық теория пәні, әдістері мен қызметтері; өндіріс мәні және өндірістік процестің негізгі мезеттері, өндіріс процесінде туындайтын экономикалық қатынастар; табиғи және экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары, өндірістік факторлардың табыстары, ресурстардың шектеулілік мәселелері және экономиканың негізгі сұрақтары; меншік қатынастары, олардың құқықтық және экономикалық мазмұны, меншік формалары және типтері, ҚР меншік қатынастарының қалыптасуы; натуралды және тауарлық өндіріс, олардың мәні және сипаттамасы, тауар ұғымы, оның қасиеттері, құн заңы және оның қызметтерінің нарықтық экономикада көрініс табуы; нарықтық экономика әні, артықшылықтары мен кемшіліктері; нарықтық құрылымдардың түрлері және нарықтық экономикаға өту шарттары; сұраныс пен ұсыныс ұғымы, сұраныс пен ұсыныс заңы, сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар, нарықтық тепе-теңдік; өндірістік шығындар, олардың түрлері, шығындарды төмендету; жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтары, жетілген бәсеке жағдайындағы фирма іс әрекеті, монополия және монопсония, монополиялық бәсеке, олигополия және оглигопсония; өндіріс факторларының нарығы және олардың ерекшеліктері; экономиканы мемлекеттік реттеу, антимонополиялық заңдар жүйесі, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық мәселелері және мемлекет; ұлттық экономика, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ); мемлекеттің нарықтық экономикадағы ролі, нарықтық процестерге мемлекеттің араласуының формалары мен шектері; экономикалық цикл және антициклдық реттеу; экономикалық өсудің мәні және факторлары, оны реттеу; халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі, жұмыссыздық мәні, жұмыссыздық түрлері және себептері, «жұмыссыздықтың деңгейі» ұғымы, ҚР еңбек нарығының ерекшеліктері; инфляция, оның себептері және салдары, мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты; жиынтық сұраныс және ұсыныс мәні, оларға әсер етуші факторлар; ақша, оның қызметтері, ақша агрегаттары, ақша-несие саясаты және оның құралдары, несие мәні және қызметтері, несие жүйесінің құрылымы, ҚР Ұлттық банкінің реттеу саясаты; әлемдік экономика мәні, қалыптасу сатылары, еңбектің халықаралық бөлінісі және ҚР ЕХБ жүйесіндегі орны; халықаралық мамандандыру және өндірісті көшіру, ҒТП; әлемдік нарық мәні, оның негізгі сипаттамалары және құрылымы; халықаралық бәсеке, бәсекедегі ҒТП ролі, әлемдік нарықтар, әлемдік нарықтағы ҚР артықшылықтары; адами ресурстар, миграция және әлемдік экономикаға халықтың урбанизациялануы, ҚР еңбек ресурстарының мәселелері; халықаралық экономикалық қатынастар және оның қазіргі даму тенденциялары; дүниежүзілік сауда мәселелері, оның құрылымы және формалары, халықаралық валюталық нарық және әлемдік валюталық жүйе, ақша-несие саясаты, ҚР валюталық саясаты; халықаралық экономикалық интеграция және оның сатылары; қазіргі әлемдік экономиканың жаһандық негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары БҚ 1,4
ЖКП 03 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - қаржы ресурстарының мәні, мазмұны және құрамы; - қаржының басқадай экономикалық категорияларымен (бағалармен, бағалы қағаздармен, несиелермен т.б.) өзара байланыста болу ерекшелігі; - жоғарғы заңнамалық билік (органының) жүйесінің қаржы саласын басқару мен байланысты қызметі; - ҚР қаржы саясатының қағидаттары; - қаржының жедел және стратегиялық басқарудың әдістері; - қаржыландыру пішіндері; - мемлекеттік бюджеттің негізгі қызметі; - мемлекеттік бюджеттік табыстарымен шығындар бойынша қызметі; - бюджет тапшылығының мәні және оны басқару тәсілдері; - бюджеттік құрылым мен бюджеттік үдерістердің қағидаттары; - қарыз капиталы ерекшеліктерінің құралу көздері; - несие түрлері, қызметі және қағидаттары; - инвестициялық қызметтің қағидаттары; - күрделі қаржыны қаржыландырудың тәртібі; - бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері; - сақтандырудың қызметі және оның ерекшеліктері; - ҚР салық жүйесінің қағидаттары және салық салу түрлері; - инфляцияның пайда болу себептері істеуі керек: - қаржы жүйесінің жеке буындарының қызметінің байланысын құру; - қаржы нарығының жағдайын талдай білуі; - бюджет тапшылығының себептерін талдайды; - акцияның құнын және дивиденттердің көлемін есептейді; - ұйымның несие төлеуге қабілеттілігін талдайды; - несие мен байланысты құжаттарды дайындап, несиелік өтінішті және келісім – шартты толтырады; - несиелік пайызды есептейді; - сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін есептейді; - ұйымның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттаушы көрсеткіштерді есептейді; - әр түрлі меншіктілік пішініндегі ұйымдардың табыстары мен шығындарының көлемін анықтайды; - инфляцияның өсу қарқынын есептейді; - сақтандыру мен сақтандыру қызметінің ерекшеліктері; - салық салу түрлері және ҚР-ның салық жүйесінің қағидаттары; - инфляцияның пайда болу себептері Ақша, қаржы, несие: кіріспе; қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың негізі, қызметтері және рөлі; қаржы жүйесін ұйымдастыру; қаржылық саясат және қаржылық механизм; қаржылық бақылау; шаруашылық субъектілер қаржылары; мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы; салықтар және салықтар жүйені ұйымдастыру; мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар; несиенің негізі және қызметтері; мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз; үй шаруашылықтар қаржылары; сақтандыру; экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу; инвестициялық қызмет; экономикалық байланыс жүйесіндегі қаржылар; инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты БҚ 2,4
ЖКП 04 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - статистикалық есепті және есептілікті ұйымдастыру бойынша нормативті-құқықтық актілер мен нұсқаулық материалдарды; - статистикалық заңдылықтар түрінде берілген әлеуметтік-экономикалық фактілердің әдістемесін; - статистикалық қадағалаудың әдістері мен заманауи құралдарын; - статистикалық көрсеткіштердің жүйесін; - әлеуметтік-экономикалық процесстерді талдаудың және өңдеудің әдістемесін; - халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін есептеу әдісін істеуі керек: - статистикалық көрсеткіштерді жинау, өңдеу және қорытындылау үшін статистикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану; - басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін талдау қорытындылар мен ұсыныстарды жасай білу; - құбылыстар мен объектілер арасындағы өзара байланысты оқып үйрену үшін талдамалық жұмыстарды жүргізе білу; - ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне талдау жасап, баға беру; - статистикалық кестелер мен графиктердің көмегімен жинақтау нәтижелерін безендіру; - ұйымның экономикалық өсу қарқынының динамикасын талдай білу; - индексті әдісті қолдана отырып факторлық талдауды жүргізу Статистика: статистика пәні, объектілері және әдістері; нарықтық экономика жағдайында статистиканы ұйымдастыру және оның міндеттері; статистикалық қадағалау; статистикалық қадағалау мәліметтерін жинақтау және топтастыру; статистикалық кестелер мен графиктер; бөлу қатарлары; статистикадағы нақты және қатысты шамалар; орташа шамалар және вариация көрсеткіштері; динамика қатарлары және олардың көрсеткіштері; статистикалық индекстер БҚ4,5
ЖКП 0.5 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: аналитикалық геометрияны және векторлық талдау элементтерiн; сызықтық және матрицалық теңдеулер жүйелерiн шешу әдiстерiн; интегралдық және дифференциалдық есептеудiң негiзгi есептерiн шешу теорияларын; экономикалық есептерді шешуге, математикалық анализ негiздерiн қолдану; ұтымды экономикалық және өндiрiстiк есептердi шешу алгоритмдері мен әдiстерін; сандық мәлiметтерді өңдеудi қабылдаулар мен әдiстерін істеуі керек: экономикалық есептерді шешуге математикалық анализбен модельдеуді, теориялық және эксперименталдi зерттеу әдiстерiн қолдану; экономика-математикалық модельдеу көмегiмен есептерді шешу; ұтымды шешiм негiздемесiн және алған нәтижелерге экономикалық талдау жүргiзу; объекттердiң сандық және сапалы қатынастар өрнегi үшiн математикалық символиканы қолдану; алған білімдерді тәжірибеде қолдану Экономистерге арналған математика: сызықтық және векторлық алгебра элементтерi; аналитикалық геометрия; сызықтық және матрицалық теңдеулер жүйелерi; дифференциалдық есептеулер; шек туралы ұғым; экономикалық жоспарлау үшiн интегралды есептеу; экономикалық процесстердiң дифференциалдық теңдеулерi БҚ 4,5
ЖКП 06 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - экономикалық ақпараттардың түрлері мен мінездемелерін; - Windows операциялық жүйесінің негізгі мінездемесін; - файлдарды архивтеу және антивирустық бағдарламалардың берілуін; - вирустардың анықтамаларын, вирустардың түрлерін; - ақпараттық желілердің құрылу үрдісінің негізін; - желілердің түрлерін; жеке желілердің мінездемелерін; - жергілікті және жалпы желілерде жұмыс істеу тәртібін; - MS Word мәтіндік редакторының берілуін, анықтамалары мен түсініктерін; - Microsoft Excel кестелік процессорының берілуі мен негізгі мүмкіндіктерін, БББЖ-де қолданылатын берілгендер базасындағы негізгі түсініктерді; - операциялардың орындалу ретін істеуі керек: - экономикалық ақпараттардың түрлері мен мінездемелерін анықтай алу; - ОЖ арнаулы командаларымен жұмыс істеу, баптау; - компьютерлерді емдеу және тестілеу, антивирустық бағдарламаларды қолдану; - жергілікті желілермен жұмыс істеу; - жалпы және жергілікті желілерде ақпараттар алмасу; - интернеттен ақпараттар табу; - берілгендер базасының құжаттарын, экранды нысандарын, сұраныстарын және есептерін құруды Экономикалық информатика және ақпараттық технологиялар: экономикалық ақпарат және ақпараттық технологиялар; жүйелік және сервистік бағдарламалармен қамтамасыздандыру; компьютерлік желілер; офистық қолданбалы бағдарламалар ортасының мүмкіндігі; Microsoft Word мәтіндік редакторы; Microsoft Excel кестелік процессоры; Microsoft Access берілгендер базасын басқару жүйесі БҚ 4,5,8
ЖКП 07 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: бухгалтерлік есепті және есеп беруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілерді инструктивтік материалдарды; бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері; бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны; бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұны; шаруашылық операциялардың бухгалтерлік шоттарында бейнеленуі; бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты жазбаның жүргізілу ережесі; шоттарды белгіленуі және құрылымы бойынша жіктеу; есеп регистрларының мәні және мағынасы; түгендеуді жүргізудің тәртібі; қаржылық есепті ұйымдастыру талаптары істеуі керек: - шаруашылық мүліктерін құрамы және орналасуы, пайда болу көзі бойынша топтау; - бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтерін қолдану; бухгалтерлік балансты құру; - бухгалтерлік балансқа әсер ететін шаруашылық операциялардың типін анықтау; - шаруашылық операцияларға шоттар корреспонденциясын құру; - аналитикалық және синтетикалық шоттарды ашу; - айналым ведомосын және баланстық есепті құру; - түгендеу жүргізуді рәсімдеу және есепте олардың нәтижелерін көрсету; - нормативті актілерді және нұсқаулық материалдарды бухгалтерлік есепте және есеп беруде қолдану Бухгалтерлік есеп негіздері: бухгалтерлік есеп оның мәні мен мағынасы; бухгалтерлік есеп пәні және әдістері; ҚР бухгалтерлік есептің нормативті-құқықтық реттеу жүйелері; бухгалтерлік есептің негізгі принциптері; бухгалтерлік баланс және есеп беру; шаруашылық операциялардың әсерінен баланстың өзгеруінің типтері; бухгалтерлік есептің шоттары және екі жақты жазба; синтетикалық және аналитикалық шоттар; бухгалтерлік есептің шот жоспары және жіктелуі; құжаттау және түгендеу; бухгалтерлік есептің есеп регистрлары және нысандары; ҚР-да бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы БҚ 1,2,7
АП 00 Арнайы пәндер
АП 01 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - бухгалтерлік есептің түрін және әдістерін; - ҚР бухгалтерлік есеп жүйесін реттеуші нормативтік – құқықтық базасын; - қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың халықаралық және ұлттық стандарттарының талаптарын; - бухгалтерлік есептің типтік үлгі шот жоспарын; - ұйымның есептік және салықтық саясатын әзірлеу тәртібін; - шаруашылық әрекеттерді құжатпен рәсімдеу тәртібін; - есептік тіркелімдерді құрудың талаптарын; - ұйымның қаржылық есептілігін құрудың тәртібі мен талаптарын; - активтер, капитал және міндеттемелер түсінігі мен жіктелуін; - активтер, капитал және міндеттемелері есебін жүргізудің талаптарын; - өндірістік шығындардың түсінігі, жіктелуі және өндіріс есебінің ерекшеліктері; - негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табысты есептеу тәртібін; істеуі керек: - бухгалтерияның түрлі бөлімдерінің есебін жүргізу; - бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес ұйымның мүлкі, міндеттемелері және капитал есебінің алғашқы құжаттарын рәсімдеу; - бухгалтерлік есептің әр түрлі нысандарының есептік тіркемелерінде алғашқы құжаттар негізінде шоттар сәйкестігін құру; - ұйымның мүлігі, есеп айырысу мен міндеттемелеріне түгендеуді жүргізу; - басқару есебі есепшілерінің қызметін атқару; - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің әдістерін ажырата білу; - өнімнің(жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын есептей білу; - өндіріс шығындарының есебін жүргізе білу; - дайын өнім мен оны сату есебін жүргізе білу; - кезең шығындарының есебін жүргізу; - қаржылық қорытындыны анықтау мен меншікті капитал есебін жүргізу; - қаржылық, статистикалық, салықтық және басқадай есептілікті қағаздық және электрондық нұсқада дайындау Қаржылық есеп: ҚР бухгалтерлік есептің жүйесін нормативтік – құқықтық реттеу; бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жалпы мәселелері; бухгалтерлік есептің мәні, түрі; басқару есебі есеп бөлімі мамандарының қызметтері; меншікті капитал есебі; негізгі құралдардың есебі; материалдық емес активтер мен олардың амортизациясының есебі; инвестициялар есебі; тауарлық–материалдық қорлар есебі; ақшалай қаражаттар есебі; дебиторлық берешектер есебі; шаруашылық субъектісінің міндеттемелер есебі; еңбек және жалақы есебі; дайын өнім мен оны сату шығындарының есебі; негізгі және негізгі емес қызметтердің табысы мен шығындарының есебі; кезең шығындарының есебі; кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің есебі; қаржылық есептілік; баланстан тыс шоттардағы әрекеттердің есебі; өндіріс шығындарының есебі; өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялау; өндірістік кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің ерекшеліктері; өндірістік кәсіпорындарының жалпы табысын анықтау, есебін жүргізу БҚ 1,2,7 КҚ 1,2,3, 4,5,6, 7,8,9 АҚ 1,2,3, 4,5,6, 7,8,9
АП 02 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - есеп пен есептілікті ұйымдастыру сұрақтары бойынша заңдылық және нұсқаулық материалдарын; - аналитикалық көрсеткіштерді есептеу формулаларын; - аналитикалық әрекеттерді жүзеге асыру әдістемесін; - қорытындының құрамдық бөліктерін істеу керек: - аналитикалық әрекеттерді жүзеге асыру; - ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы ғылыми негізделген қорытындылар мен бағалар беру; - басшылық үшін қолайлы басқармашылық шешімдер әзірлеу; - аналитикалық көрсеткіштерді есептеу формулаларын қолдану Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау: экономикалық талдау мазмұны, пәні, міндеттері; экономикалық талдаудың әдісі мен тәсілдері; экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету; экономикалық талдау түрлері; аналитикалық жұмысты ұйымдастыру; өндірістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізгі әдістемелері; ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері; ұйымның қаржылық тұрақсыздығын талдау; ұйымның табыстылығын талдау; ұйым қызметінің тиімділігін және іАҚерлік белсенділігін талдау; кәсіпкерлік, тәуекелдік және ұйымның болашақ банкротқа ұшырауын талдау БҚ 3,4 КҚ 7 АҚ 7,9
АП 03 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - ұғымдар: заңды тұлға, ұйымның қызмет ету механизмі, фирма туралы, бәсекелестік туралы; - кәсіпкерлік қызмет туралы түсінік; - коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, олардың ерекшеліктері; - кәсіпкерліктің түрлері. істеуі керек: - басқарудың өндірістік құрылым мен ұйымдық құрылымдардың жетілу жолдарын іздестіру; - берілген қызмет көлемімен өнеркәсіптік ұйымның өндірістік құрылымын әзірлеу Ұйым экономикасы: нарықтық экономика жағдайындағы ұйым және оның қызметін жоспарлау; ұйым ресурстары және оларды пайдалану көрсеткіштері; ұйымның өндірістік қызметі; еңбек өнімділігі және еңбекақы; ұйым шығындары және оның қаржылық нәтижелері БҚ 6,7,8 КҚ 3,5,6, 7,8,9 АҚ 5,6, 7,8,9
АП 04 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: Қазақстан Республикасының салық қызметінің мәселелерін, салық саясатының қажеттілігін, салық салу механизмін; нарық қатынасы жағдайындағы салық жүйесінің принциптерін және салық функцияларын; Қазақстан Республикасының салық заңнамасын; салық органдарының ұйымдастыру жұмыстарын; әрекеттегі салық түрлерін және бюджетке төленетін басқа да салық төлемдерін; есеп беруді құрастыруды істеуі керек: теориялық білімін практикада қолдана алу; ұйымдарда құжаттық тексерістерді жүргізу; акт жазу және оны іАҚе асыру Салық және салық салу: салықтың экономикалық мәні мен атқаратын қызметі; салық жүйесі; акциздер; қосылған құн салығы; корпорациялық табыс салығы; жеке табыс салығы; жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу; әлеуметтік салық; жер салығы; көлік құралдары салығы; мүлік салығы; арнаулы салық режимдері; басқа да міндетті төлемдер; мемлекеттік салық жүйесін ұйымдастыру және оның функциялары БҚ 8 КҚ 9 АҚ 8,9

2.1 0518000 – Есеп және аудит (салалары бойынша) мамандығы бойынша орта буын маман деңгейіндегі техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу бағдарламаласының құрылымы

Наши рекомендации