Йымдағы шешім қабылдау процесі
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез-келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерлерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Проблеманы жедел шешудің кең тараған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау – “ми шабуылы” тәсілі. Мұның мәнісі эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескерте отырып, проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру. Мұндайда мынадай қағиданы басшылыққа алады. Әуелі бір проблемаға назар аударады. Содан кейін кез келген идеяны, оның орынды-орынсыздығына немесе практикалық құндылығы күмәнді болып тұрса да қарастырады.
Ұсынылғын ұсынысты сынауға немесе бағалауға тыйым салынады. “ми шабуылы” нәтижесі бойынша секцияға қатысушылар анкета толтарады және “мақсат тармағы” жасалады. Қызмет көрсету тәсілі: секцияға қатысушылар проблемаларды шешудін ұсынылған варианттарын талқылайды, “жақтаушылар” мен “қарсылық” білдірушілердің пікірін таразылап ең қолайлысын таңдауға тырысады. Артықшылығы: әр алуан ой-пікірлер проблемаларды неғұрлым терең түсінуге ықпал етеді. Кемшілігі: секцияға қатысушылардың барлығы бірдей проблеманы жеке түсінбеуі және толық таныспауы, сол себептен олар оны шешуге өз үлестерін қоса алмауы мүмкін.
Пікір жинау тәсілі. Проблемалар жекелеген міндеттерге жіктеледі. Эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуді тапсырады. Артықшылығы: эксперттер қолайлы жағдайды міндетті шешумен шұғылдана алады. Кемшілігі: ұсыныс талқыланбайды, проблеманы шешу көзқарасы субъективті. “Дельфа тәсілі” (көне Греция мифологиясы бойынша кеңес алу үшін дельфийлік оракулге жүгінетін болған). Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұрайды. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауын, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.
Стратегиялық жоспарлау - басқару функциясының негізі.
Басқару функциясы – бұл арнайы әдістер және тәсіілдермен жүзеге асырылатын басқару қызметінің нақты түрі және жұмысты сәйкесінше ұйымдастыру.
Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:
— ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
— алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
— міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Стратегиялық жоспарлау (жоғары деңгей) – бұл ұйымның негізін құрайтындарға ұзақ мерзімдік перспективада қарау. Бұл деңгейдегі жоспарлаудың басты міндеті ұйым нарықтық ортада өзін қалай ұстау керек, соны анықтау.
Стратегиялық жоспарлау – бұл ұйым миссиясы мен мақсатын тұжырымдау, келешекте ұйымның тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қажетті ресурстарды анықтау және алу, оларды таратуда өзіндік стратегия таңдау процесі.
Стратегиялық жоспарлау процесі басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Стратегиялық жоспарлау процесі оны іске асыруда ресми, сондай-ақ +бейресми процедураларды қажет етеді. Стратегиялық жоспарлау процесінің моделі жеке кезеңдердің агрегирование және дезагрегирование дәрежесін көрсетеді.
Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығына жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті дамуы қажетті бағыттары, олардың іске асу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді.
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынды.