Он бесінші тақырып: Бұзақылықтың алдын алу және криминологиялық сипаттамасы. 9 страница

Есептелінбеген валюттік айналымның маңызды бөлігі де шет елге тауардың заңсыз өтуіне орай пайда болады. Оған қоса, қажетті кедендік жиналымдарды төлеуден құтылу мақсатында және шет елге жіберілетін тауардың бағасы мен нақтылы көлеміне салықты төлеу, тәртіп бойынша төмендейді. Есепке алынбаған тауарлар көлеңкелі құрылымдармен жүзеге асырылады.

Валюталық құрамның басым бөлігінің қарастырылған заңнамалардағы мерзіммен түспеуі табиғи газды, ломдарды және қара метал шығындыларын, түрлі түсті және жер астылық сирек металдар, мұнай өнімдері мен шикі мұнай, газдық қосындылармен бірге жеткізілуіне байланысты болып отыр.

Көлеңкелі экономиканының сыртқы экономикалық салада пайда болуының анықтамалық формасы салық салудан бас тартатын «челнок» аталынатын сала болып табылады.

Ұйымдаспаған сауда-саттықтың жалпы алғанда Қазақстандық сыртқы саудалық айналымдағы үлесі мысалмен 10-12% құрайды. Ұйымдастырылмаған тауар айналымы ТМД елдеріндегі үлесіне шамамен 30%. Алыс шет елдерде қазақстандық сатып алынатын «челноктың» үштен екісі жүзеге асырылады. Ұйымдастырылмаған шетке тауар шығарудың негізгі көлемі Түркия, Италия, Қытай, Сирия, БАЭ, Тайланд, Польша, сонымен қатар Ресейден, Украйнадан, Қызғызстаннан, Өзбекстаннан келіп түседі. Мысал ретінде табактық жасалымдарды контрабандалық жолмен өткізу – акциз астылық тауар тобына жатады. Контрабандалық Қазақстандағы табактық өнім отандық табак өнімінің индустриясына тиімді бақталасуға ықпал етеді және арзан контрабандалық өнімді сатуда мәнді шығындар жіберуіне орай республикалық бюджетті толтыруға әсері болады.

Табактық өнімді контрабандалық өткізудің нәтижесінде республикада жергілікті темекіні өткізуді жүзеге асырудың көлемі 15-20% төмендейді, республиканың бюджеті салықтық түсімнің маңызды бөлігін жоғалтады (акциздер – 2 евро, ҚҚС - 20%, кедендік салым – 3евро) [237].

Біз жүргізген зерттеу барысында «сіз валютаны қайтармаған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізілген жұмысты қанағаттанарлық деп есептейсіз бе?» деген сауалымызға 17% - иә, 54,5 % - жоқ деп жауап берсе, ал 28,5 % жауап беруге қиналған. Егер жоқ десеңіз себебін көрсетіңіз: 60,5 % заңнамалық базаның жетілмеуі, 21 % шет елдік валюталарды шет елден қайтармаушы тұлғалардың сомдалған конспиративтілігі және икемділігі; 3 % экспорттық-импорттық операцияларға валюталық бақылаудың тиімділігінің жеткіліксіздігі; 5,5 % жекелеген қызметкерлер, өздерінің қызметтері арқылы сыртқы экономикалық қызметтерді іске асырушылардан шет елдік валюталарды шет елден қайтармайтын тұлғалардың әрекеттеріне қатысты қызметтік жағдайын пайдалануы және пара алуы; 10 % басқаша жайттарды көрсеткен.

Қылмыстылық себептерімен қоса сол қылмыстарды жасауға ықпал беретін қылмыстылықтың жағдайлары деген ұғым қатар өмір сүреді, яғни, олардың қатарына табиғи және әлеуметтік не техникалық факторларды жатқызуға болады. Бұл факторлар өздігінен қылмыстылықтарды тудырмайды, олардың өмір сүруіне көмектеседі. Алайда, кейбір жағдайларда себептер мен жағдайлар өз орындарын ауыстырулары мүмкін немесе қоғамда болған бір құбылыс бір жағынан жаңа қылмыстылықтың тууына әкеп соқтырса, екінші жағынан орын алып қойған қылмыстылықтың дамуына қолғабыс етуі мүмкін. Бұл көбінесе экономика саласындағы қылмыстардың пайда болуындағы құбылыстардан байқалады.

Жағдайлар – бұл қылмыстарды тудырмайтын, алайда Адам санасына оны қылмыс жасауға ықпал беретін ойлар тастайтын фактілер. Бұл дегеніміз жағдайлардың қоғамдағы мынадай бірқатар кемшіліктермен байланысын көрсетеді.

Мемлекеттің ұйымдастырушылық-техникалық аясындағы, жалпы құқықтық тәртіпті қорғау аясындағы кемшіліктер. Өтпелі кезеңдегі экономикалық саясат – экономикалық қылмыстылықтың алғашқы факторларының бірі. Экономикалық базадағы ретсіздік, жедел шараларды қолданудағы кешігулер өндірістің тоқырауына, тұрғындардың тұрмыстық деңгейінің нашарлауына әкеп соқтыратын бірден бір жағдайлар. Бұл кезеңде нарық тауарға, қызмет көрсетулерге деген бағаны сұраныс пен ұсыныс арақатысына қарап өзі белгілейді. Ресми түрде тек оның кішігірім түрлеріне қатысты ғана белгіленеді. Монополистердің бағаға қатысты қойған шегін белгілеу бойынша келісушіліктердің қашанда жай тұтынушылар пайдасына шешілмейтіні анық [221].

В.Д. Ларичев және Н.С. Гильмутдинованың көзқарастарынша кедендік төлемдер мен алымдардан жалтартудың қазіргі таңда криминологиялық жағдайы келесідей:

- салық салу саласындағы қылмыстарды, сонын ішінде кедендік төлемдер және алымдардан жалтартуды соттық статистикада көрсететін жиынтығымен;

- МКК және ІІМ-не белгісіз, жасырын қылмыстардың болуымен;

- федералдық биліктің кеден саласындағы тәртіп орнатуына жасаған әрекеттеріне жауап ретінде кедендік төлемдер және алымдардан жалтартудың жаңа тәсілдерінің ойлап табуымен;

- қылмыстық топтар экономикалық қылмыстармен күресетін ведомствалардың жемқор қызметкерлерін өздеріне тартып бірге қылмыс жасауымен;

- кедендік төлемдер мен алымдардан жалтартудың қасақана ниетпен жасалуымен [13].

Біз жүргізген зерттеуімізде еліміздің облыстарында кеден саласында жасалатын қылмыстармен күрес жүргiзiп отырған құқыққорғау органдары қызметкерлерiне «адамдарды кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруға не себептер итермелейді?» деген сауалымызға: 60,5 % - материалдық пайда көру; 21 % - жоғарғы көлемдегі кедендік төлемдер мен алымдардың орнатылуы; 3 % - кеден және салық заңдарындағы кемшіліктер; 5,5 % - кеден қызметкерлерінің пара алуы; 10 % - қылмыстық заң бойынша жазаның қатал болмауын айтқан.

4.3 Кедендік қылмыстарды жасайтын адамдардың криминологиялық сипаттамасы

Қылмыскердiң жеке тұлғасының сипаты криминологиядағы алдыңғы қатардағы, сонымен бiрге өте күрделi мәселелердiң бiрi болып саналады. Қылмыскердiң, заңға бас имейтiн барша азаматтардың жеке басын оқып-танудағы психологиялық және социологиялық талдау төмендегiдей шешiм шығаруымызға мүмкiндiк бередi: қылмыскер дегенiмiз асқынған алақызумен және тiптi өзiне-өзi сенбейтiн керi тартпа күдiкшiлдiк iс-әрекеттерiмен қоғамдық орта мен адамдық қасиеттерден алшақтаған жеке тұлға [232, 80б.].

Криминологияда тұлғаны ең әуелi қылмысқа байланысты заңдар тұрғысынан және қылмыстың шығу себебi, сондай-ақ оның алдын алу мәселелерiне байланысты талдау қажет [238, 13б.].

Кейбiр қылмыстардың алдын-алу мына жағдайларда мүмкiн: егерде барлық ынта қылмыскердiң жеке тұлғасына бағытталса, адамның жеке басы осы қылмыстардың жасалу себептерiне ықпал етiп, барлық қылмыстық қылықтар механизмiнiң негiзгi маңызды звеносы болып шығады. Осы қылықтарды пайда қылатын ерекшелiктер алдын-алу шараларының тiкелей обьектiсi болуы керек [232, 79б.].

Бiз қылмыс жасаған адамның тұлғасын анықтау барысында профессор Е.Қайыржановтың «личность преступника» деген терминдi қазақ тiлiнде «қылмыскер тұлғасы» деу дұрыс деген көзқарасын бөлiсе отырып [238, 12б.], өз мақаламызда кедендік қылмыстарды жасаған тұлғалардың сипаттамасының кейбір аспектілерін қарастырамыз.

Кедендік қылмыстарды, соның iшiнде, экономикалық контрабанда, шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару, айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасын жасаған адамдардың криминологиялық сипаттамасын анықтау, осы қылмыстарға қарсы күрестiң белсендiлiгiн арттырады. Бiз жүргiзген зерттеу осы кедендік қылмыстарды жасаған адамның жеке басының ерекшелiктерiн танып-бiлуге арналған. Бұл қылмыстарды зертеу обьектiсi ретiнде таңдап алғанымыз жайдан жай емес, себебі бұл кедендік қылмыстар еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей нұқсан келтіреді.

Профессор И.И. Роговтың көзқарасынша, экономикалық қылмыстарды (соның ішінде кедендік қылмыстарды) жасайтын адамдар өздерінің өнегелі- психологиялық тұлғалық сипаттамасында заңды тыңдайтын азаматтардан басқа категориядағы қылмыскерлерге қарағанда айырмашылығы аз дәрежеде байқалады. Сондай-ақ, оның пікірінше, кеден саласында заңға қарсы әрекеттермен айналысуға итермелейтін себептер пайдақорлық және материалдық әл - ауқатын арттыруға деген ұмтылыста. Оның куәсі экономикалық қылмыстарды қасақана жасағандардың 53 % жоғарылатылған тұтыну стандарттарына бейім болып келуі [239].

Адам туғаннан қылмыскер болып тумайтыны анық. Ол әлеуметтiк жеке тұлғаның өмiр жолындағы жағдайларға, өскен ортасына, сол ор­тадағы қарым-қатынастарына, психологиялық немесе тағы басқа да өмiрлiк ерекшелiктерiне байланысты. Сол секiлдi қылмыскер де кездейсоқ пайда болып, «аспаннан түспейдi». Ондай қылмыскердi сол ортадағы қоғамдық қатынастардан, өмiр жағдайынан бөлiп қарауға болмайды. Дегенмен, әрбiр адам қандай жағымды немесе жағымсыз жағынан көрiнгенмен, ол барлық уақытта да жеке тұлға болып қала бередi. Бұл тұста әрбiр қылмыскердiң тұлғасын зерттегенде әуелi сол адамның жеке басының адамгершiлiк, демографиялық, психологиялық және сол сияқты тағы басқа да ерекшелiктерiне назар аудару қажет.

Кедендік қылмыстарды жасағаны үшiн сотталған адамдарды сипаттай отырып, бiз көпшiлiкке айқын құрылымдарды бетке ұстаймыз. Олар үш тұрғыдан бағалайтын сипаттамалар: әлеуметтiк-демографиялық, әлеуметтiк-психологиялық және әлеуметтiк-құқықтық.

Сонымен бiздiң зерттеуiмiз осы кедендік қылмыстарды жасағандардың жеке тұлғаларын танып-бiлуге бағытталып отыр. Осы қылмысты жасағандарға және сотталғандарға сипаттама беру барысында жеке тұлғаға жалпылама сипаттама беруде ұстанатын құрылымға сүйендiк.

Соттық статистиканың анықтамаларын ескере отырып, жүргiзген зерттеуiмiздегi кедендік қылмыстарды жасаған адамдардың жасы туралы мәлiметтер:

4 кесте - Сотталғандарды жасына байланысты бөлу

  Жасы   Адамдардың саны Қарастырылып отырған қылмыс үшiн сотталғандардың жалпы санына қатысты %
16 дан 18-ге дейiн 25-ке дейiн 30-ға дейiн 40-қа дейiн 50-ге дейiн 50-ден жоғары Барлығы 0 % 11 % 32 % 36 % 21 % 100%

Бiздiң зерттеуiмiзде, 4 кестеде көрсетiлгендей, қарастырылып отырған қылмысты 25-ке дейiнгi жастағылар (11 %) онша көп жасамаған. Басқаша айтқанда, кедендік қылмыстарды көбiнесе 25-тен асқан жастағы адамдар жасаған (89 %), олардың iшiнде ең көбi жастары 30-40-қа дейiнгiлер (36 %), екiншi орында 25-30-қа дейiнгi жастағылар (32 %), үшiншi орында 50-ге дейінгі және 50-ден асқан жастағылар (21 %), ең соңында 16-18 жастағылар (0 %). Зерттеу жұмыстарының нәтижесi негiзiнде, кедендік қылмыстар 25-50-ден жоғары жастағылар арасындағы мәселеге айналып отыр деп тұжырымдауға болады.

Жан-жақты жүргiзiлген криминологиялық зерттеу жұмыстары, статистикалық мәлiметтер, сотталғандарды арнайы санау материалдары қылмыскерлер арасында әйелдерге қарағанда ер адамдар едәуiр көп екендiгiн (90 %) дәлелдейдi [240, 61]. Кейбір зерттеулерде кедендік төлемдерден жалтартумен байланысты қылмыстарды жасаған тұлғалардың 11 пайызын әйел адамдар, ал 89 пайызын ер адамдар құраған [13, 232].

Біздің зерттеуімізде кедендік қылмыстарға байланысты қылмыстық iстердi оқып зерттеуде байқағанымыз — аталмыш қылмыстарды негiзiнде ер адамдар жасаған. Осы қылмыс үшiн сотталғандардың 87,33 %-iн ер адамдар құраса, 12,67 %-iн әйелдер құрайды. Егер барлық сотталған ер адамдар мен әйелдердiң әрқайсысын 100 % деп алсақ, олардың әрқайсысының жастарын топтап бөлу төмендегi 4-кестеде берiлген:

5 кесте - Сотталғандарды жынысына, жасына байланысты бөлу (пайыздық көрсеткiшпен)

  16-18 жас 19-25 жас 26-30 жас 31-40 жас 41-50 жас 50-ден жоғары Нәтижеде
Еркектер 100%
Әйелдер - 100%

5-кестеде келтiрiлген мәлiметтердi талдау барысында, кедендік қылмыстарды жасаған ер адамдардың саны 19 дан 25 жасқа дейiн кеміп, 26 мен 30 жас аралығында көбейген, ал сонан соң 31-40-қа дейiн одан да жоғары күрт көбейетiндiгiн, келесi 41 мен 50 жас аралығында азайғанын байқауға болады. Сондай-ақ, қарастырылып отырған қылмысты жасауда әйелдер 19-25 жас аралығында еркектерге қарағанда көп болып, 26-30, 31-40 жастар аралығында үлес салмағы төмендей келiп, ересек жастарда қылмысқа бармайтындығын көруге болады.

Егер әрбiр жас тобындағы адамдардың санын шартты түрде 100 % деп алсақ, онда еркектер мен әйелдердiң үлестiк салмағы 5-кестеде былайша көрiнедi:

6 кесте – Әр жас санаттарындағы ер адамдардың әйелдерге қатынастылығы

  16-18 жас 19-25 жас 26-30 жас 31-40 жас 41-50 жас 50-ден жоғары Нәтижеде
Еркектер 0% 38,1% 80,5% 90,8% 98,6 % - 100%
Әйелдер 0% 61,9% 19,5% 9,2% 1,4% - -

(4, 5 және 6 кестелерде) келтiрiлген көрсеткiштердi салыстыру барысында мына жағдайды байқауға болады: жастың ұлғаюына байланысты әйелдердiң абсолюттiк саны көбейген сайын олардың бұл топтардағы үлестiк салмағы азаяды; еркектерде жас ұлғайған сайын қылмыс жасағандардың абсолюттiк саны да, үлестiк салмағы да өсiп отыр. Соңғы жағдайды мынамен түсiндiруге болады: зерттеу жұмыстарының мәлiметтерi бойынша 31-40 жастағылар арасындағы әйелдердiң үлес салмағы азая келiп, 41-50 жастағылар тобында қылмыскер әйелдер жоқтың қасы, сондай-ақ, жастары 31-40-тан жоғары топтағы еркектердiң абсолюттiк саны 19-25 жастағыларға қарағанда 2,5 есе көп.

Бiздiң көзқарасымызша, адамдардың белгiлi бiр тобының әлеуметтiк сипаттамасын анықтағанда олардың бiлiмдiлiгiнiң деңгейiне де көңiл аудару керек. Кейбір ғалымдардың зерттеуінде кеден саласында жасалатын кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарын жасайтын тұлғалар жоғары білімділік дәрежесімен сипатталады [13, 232б.].

Бiздiң зерттеуiмiзде кедендік қылмыстарды жасап сотталғандар бiлiмдiлiгiнiң деңгейi қылмыс жасаған мезеттерiнде мынандай: толық емес орта бiлiмi 8-9 сынып 0,2 %; орта бiлiм /мектеп гимназия/ 2,4 %; орта-техникалық /техникум, лицей/ 6 %; толық емес жоғары бiлiмi барлар 8 %; жоғары бiлiмдiлер 83,4 %, зерттеуде бастауыш бiлiмi барлар /1-4 сынып/, орташа мамандығы барлар /СПТУ, ГПТУ/, ешқандай бiлiмi жоқтар кездескен жоқ.

7 кесте - Әртүрлi жастағы сотталғандарды бiлiм деңгейi бойынша бөлу

Жасы Жоғары Аяқталмаған жоғары Орта тех-лық колледж орта арн. ПТУ 10-11 сынып 8-9 сынып 1-4 сынып бiлiмi жоқ
               
43,89% 40,11% 12%   4%      
85%   10%   5%      
93% 1,5% 3,5%   1% 1%    
96,8%   1,2%   2 %      
50-ден жоғары 98 % - 2% - - - - -

Әрбiр жас тобындағы адамдардың санын шартты түрде 100 % деп алып, онда көрсетiлген жас топтарында бiлiм деңгейiнiң үлестiк салмағын жоғарыдағы 7 кестеден көрiп отырмыз.

Сонымен, қарастырылып отырған қылмысты iстеген адамдардың iшiнде қай топта да білімнің едәуір жоғары деңгейi көрiнiп отыр.

В.Д. Ларичев пен Н.С. Гильмутдинованың пікірлерінше, пайда болған жағдайдың себебі, көрсетілген қылмыстың тұлғасы болып тану үшін адам материалды жауапты қызметте болуы қажет. Материалды жауапкершілігі бар қызметкерлер, яғни, коммерциялық құрылымның басшысы, бас бухгалтері және т.с.с., бұларға қойылатын жоғары білімділік және интеллектуалдық дәрежелі талаптар болып табылады.

Кеден төлемдерінен және салықтардан жалтартудың 82 пайызында бастамашы мекеменің басшысы, басқаша айтқанда, иесі болып табылады. Осы жағдайда мекеме басшысы бухгалтерін шаруашылық-қаржылық операцияларды жүргізгені туралы хабардар етпейді. Бухгалтер еңбек шарты немесе қоса атқарушылық негізінде жұмыс істейді, ол мекеменің табысын бөлісуде қатыспайды, соған байланысты кедендік салық салу объектісін жасыруға аз қызығушылық білдіреді [13, 232б.].

Кез-келген адамның, сонымен қатар, қылмыскердiң де әлеуметтiк бейнесi елеулi деңгейде оның жанұялық жағдайымен анықталады. Жанұя мәселесi - қазiргi таңда ең көкейкестi әлеуметтiк мәселе. Адамның қоғамға деген дұрыс көзқарасы, ең алдымен, жанұяда қалыптасады. Жүргiзген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесiнiң негiзiнде, кедендік қылмыстарды жасағаны үшiн сотталғандардың жанұялық жағдайын былайша сипаттауға болады: үйленгендер (тұрмыстағылар) — 14,67 %, бойдақтар (тұрмыс құрмағандар) — 73,22 %, ажырасқандар мен жесiрлер әрқайсысы — 12,11 %-ды құрайды. Сотталғандардың жанұялық жағдайын талдау барысында 30 жасқа дейiнгiлердiң 87,5 %-ы қылмыс жасаған мезетте тiркелген некеде немесе бiреумен бiрге тұрмағаны анықталды.

Бiздiң көзқарасымызша, ерекше көңіл аударатын мәселе - бас бостандығынан айырылған адамдардың қандай отбасында тәрбиеленiп өскендiгi. Сұралғандардың 85,6 %-ы әке шешесi бар толық жанұяда тәрбиеленген. Алаңдатарлық жағдай — сотталғандардың көбісі (14,4 %) толық емес жанұяда өсiп тәрбиеленген, соның iшiнде 65,6 % - жанұяда әкесiз. Әрине, бұның өзi жеке тұлға болып қалыптасу кезеңiнде керi әсерiн тигiзедi. Мәселен, жанұяда жалғыз болып, баланы тәрбиелеу қиындыққа түседi. Жалғыз басты аналарға өмiрдiң қиыншылықтарына қарсы тұру өте қиын. Олардың көбi жанұясын асырау мақсатында күн демей, түн демей жұмыс iстейдi, ал бос уақыттарын үй шаруасымен айналысуға арнайды. Соның салдарынан балалары өздерiмен өздерi, бақылаусыз қалып отырады. Осының нәтижесiнде олар көшедегi жат қылықтардың құрбаны болады. Артынан басқа балаларды да өздерiнiң қатарына тарта бастайды. Сондықтан қазiргi күнi жанұя мәселесi алдымызда тұрған көкейтестi әлеуметтiк мәселелердiң бiрi болып саналады. Мәселен, адамның жеке тұлға болып қалыптасуына да осы жанұяның ықпалы бар. Дегенмен, толық жанұяларда да бәрi қарық болып жатыр деп ұйғарым жасауға болмайды.

Профессор Е.Қ. Қайыржанов былай дейдi: «Отбасы тәрбиесi адам тәрбиелеу процесiнiң бiрден-бiр негiзгi ұясы. Әуелi отбасында, ата-ананың аузынан баланың қоғамдық тәртiптi бұзғандығының салдарын бiлу қажет. Осыдан барып болашақ азаматтың елiмiзде құқықтық тәрбиеге қатысы, құқықтық сана-сезiмге көзқарасы қалыптасады. Отбасы бала тәрбиелеудiң ең басты ошағы бола тұрса да, барлық ата-ана қазiргi жағдайда өскелең тәрбие жұмысын жүргiзе алмауы мүмкiн. Сондықтан да баланы дұрыс тәрбиелеу жұмысында отбасына бiрiншi көмекшi болып мектеп және қоғамдық ұйымдар есептеледi. Азаматтар, әсiресе жастар арасында әлi де кездесiп отырған қылмыстылық - қынжылтарлық көрiнiс. Егер көпшiлiк қоғамдасса, оның алдын алуға болады [241, 17б.].

Қылмыскердiң жеке тұлғалық ең маңызы бар құрылымдық элементi - әлеуметтiк-құқықтық сипаттамасын қарастырғанымызда, қылмыстық-құқықтық белгiлерiне баса назар аударуды қажет етедi. Яғни, жасалған қылмыстың түрi, оның мақсаты және ниетi, қылмыскердiң жалпы және арнайы рецидивтiк рөлi, тағайындалған жазаның түрi және мөлшерi т. б. Зерттеу жүргізу барысында анықталғандай, әрбiр бесiншi қылмыс топтасып жасалынған. Жалпы қылмыстың 61,11 %-ын жалғыз адам, 27,78 %-ын екi адамнан тұратын топтар, 11,11 %-ын үш және одан да көп адамдардан тұратын қылмыстық топтар жасаған.

В.Д. Ларичев пен Н.С. Гильмутдинованың келтірген мәліметтерінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды жасаған адамдардың жалпы санының ішінен 28 пайызы бір топ адаммен жасалған [13].

Бір топ адам болып жасаудың ерекшелігі қатысушылардың арасында қылмыстық бір әрекеттер жасауға деген алдын ала келісуіне алып келеді. Бұл жерде топтың әр адамы өздерінің келісілген көлемінде бірігіп жасайтын әрекеттерінің сипаттамасын түсініп жартылай немесе толықтай қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттерді жасайды [242].

Жеке тұлғаның қоғамға қарсы бағытталған жағымсыз тұрақтылық дәрежесiн сипаттау, келесi мән-жайларды анықтауға мүмкiндiк бередi. Кедендік қылмыстарды жасап сотталған адамдардың iшiнде бұрын сотталмаған адамдардың үлесі 81,11 %, ал қалған 18,89 %-ы бұрын әртүрлi қылмыстары үшiн сотталғандар, оның 12,22 %-ын бiр рет сотталғандар, 4,11 %-ын екi рет сотталғандар, 2,56 %-ын екiден көп рет сотталғандар құрайды. Сондай-ақ, осы бұрын сотталғандардың 61,7%-ы бұрын басқа қылмыстары үшiн сотталған болса, ал 38,3 %-ы бұрын кеден саласында жасаған қылмыстары үшiн сотталғандар. Ал В.Д. Ларичев пен Н.С. Гильмутдинованың жүргізген зерттеулерінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды жасаған адамдардың бұрын сотталған тұлғалармен аз жасалуы, олар 3 пайызын ғана құрады [13, 232б.].

Наши рекомендации