Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері

Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады. Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым. Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады. Басқару катынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы баскару процесіңдегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзара байланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау — маңызды баскару кызметінің бірі болып саналады. Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері беліп көрсетіледі. Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады. Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатыңдықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды. Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты — неғүрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады. Пайда алуға ұмтылу — менеджменттің жаңғыз ғана мақсаты емес. Казіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту — кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады. Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды: • нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін бағыттау; • мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі; • өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешеңділігі; • үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бір тұтастығы; • жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау; • бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысқа жетуі үшін шығармашылық белсеңділікті материалдық және моралдық ынталандыру; • мүмкіндігін барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу; • әрбір кызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, кызмет аясында жаңа білім игеру мен тұрақты окуға деген қызығушылығы; • ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану; • қызметтік және басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі. Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооперативтердегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет. Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міңдеттері банктерге де тән болып саналады. Банктік менеджментті тұтастай түрдегі "менеджмент" түсінігінен жеке түрғыда зерттеуге болмайды. "Менеджмент" - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл - адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы. "Банктік менеджмент" - жетекшінің, жауапты қызметкерлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қарастыру көзделеді. Адам — басты түлға. Машықтанған — жетекші немесе жетекші — кәсіби шебердің дұрыс екеңдігін түсіну маңызды болып табылады. Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиенттермен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп. Егер менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар болады. Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне тән өзгешеліктері бар. Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға сенім, өзара тиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады. Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік мақсаттарын айқындайды: • ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъекті ретіндегі банктің • несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақталуы мен банк сенімділігінің кепілі ретіңде банк балансының өтімдігін камтамасыз ету; •іскерлік байланыстардың ұзактығы мен тұрақтылығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылы-мына және сапасына деген клиенттердің қахеттіліктерін жо-гары деңгейде қанағаттандыру; • аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық жөне әлеуметтік проблемаларын табысты шешудің үйлесімі; • олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудын, қайта даярлаудың жөне орналастырудың тиімді жүйесін жасау.

Наши рекомендации