Мемлекет:оның мәні, белгілерімен функциялары

Мемлекеттің мәні - оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Жәнеде функциялары арқылы нақтыланып көрініс табады. Мемлекеттің функциялары — қоғамдық қатынастарға ықпал ететін мемлекеттің ерекше механизмі. Ол мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешуге негізделген мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары болып табылады. Оның белгілері мынадай:

1. қоғамдық өмірдің басты сферасында тұрақты қалыптасқан мемлекеттің қызметі;

2. мемлекеттің мәні мен оның әлеуметтік бағытының арасындағы тікелей байланыстығы;

3. қоғам дамуының тарихи кезеңдеріндегі пайда болатын ірі нақтылы міндеттері мен мақсаттарын орындауға байланысты мемлекеттің қызметінің бағыттылығы;

4. билік мәжбүрлеу әдістерін қолдануға қажетті белгілі бір нысандағы (көбінесе құқықтық) функциясын іске асыру.

Мемлекеттің функциялары стихиялы түрде емес, белгілі бір мақсатқа бағытталып негізделеді. Айталық, өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекет алдында тұрған міндеттерді (таптық немесе жалпыәлеуметтік) орындау үшін қоғамдық қатынастарға ықпал ете алатын мүмкіншілігіне ие болуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік функция-таптық немесе жалпы-әлеуметтік бағыттағы болып келеді. Бірақ, әр түрлі тарихи кезеңдерде мемлекеттің функцияларының ара – қатынасы әр қилы болуы да мүмкін. Мемлекет алғашқы кезінен бастап, қоғам онсыз дами алмайтын бірқатар қызметтерді, мысалы, қоғамдық қажетті жұмыстарды ұйымдастыру (жол, стихиялық апатқа қарсы қорғаныстар салу), почта ісін, суда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір басқа да қызметтерді орындап келеді. Мемлекеттің басты қам – қарекеті әрдайым өзі орнатқан тәртіпті қалай да болса қорғау болып келеді.

16/Саяси әлеуметтанудың мәні

Қоғамдық әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білудің мәні зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси білікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады. Осындай бір немес бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ д.а. М-ы:шаруа, зейнеткерлер, жұмысшылар, студенттер, ауыл адамдары т.б. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алады, м/ы: студент, қазақ үлкен қаланың тұрғындары.т.б. адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір етекшеліктері, әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін берлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Олар әр түрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.с. ие болу мүмкіншіліктері жатады.

17/Сайлау жүйесінің типтері,олардың сипаттамасы.

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады

Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Сайлау жүйесінің типтері,олардың сипаттамасы.

ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесесаяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);

қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

18/.Қазіргі сайлау үрдісіндегі саяси партиялар. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған,ортақ мүдде,бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы. 2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар,елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси паритялар жиынтығын айтады.Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне,әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына,негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты.Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты,бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық,екіпартиялық ж/е бірпаритялық болып топтастырылады.Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдаланы отырып басқару түрін айтады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады. Екіпартиялық жүйеде басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді.Бұған мысал ретінді АҚШ-тағы республикалық және демократиялық,Ұлыбританияда-консерваторлар мен лейбористер,Германияда-христиандық демократтар мен социалдар жатады.Бірпартиялық жүйе өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ондай партия бұрын КСРО-да болды,қазір Қытай,КХДР,Кубада бар.

Наши рекомендации