Тақырып 3. Қазақстан жаңа экономикалық саясат (нэп) жылдарында
1. 1920 жылдардың басындағы әлеуметтік жағдай. Елдегі ауыр дағдарыс себептері.
2. Коммунистік партияның Х съезі (1921 ж. 20 наурыз)
3. Жаңа экономикалық саясатақа өту.
Азамат соғысында Қызыл Армия жеңіске жетіп, қарсыластарын тізе бүктірді. Біріншә дүниежүзілік соғыс жылдарынан басталған экономикалық қарама-қайшылықтар тереңдей түсті. аймақтардағы экономикалық байланыстар үзілді. Ауыл шаруашылығы экстенсивті сипатта болды. ОНың бағыттары: көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік болды. ауыл шаруашылық аудандарының даму дәрежесі өте төмен болды. Шетелдердің әскери интервенциясы мен азамат соғысы жағдайында елде экономикалық саясат енгізілген еді. Ол тарихтан белгілі «әскери коммунизм» саясаты деп аталды. «Әскери коммунизм» саясаты өнеркәсіпті толығымен орталықтандырып билікті мемлекеттің қолына берді, мақсат елдің қорғанысын қамтамасыз ету болғандықтан тамақ, шикізат және басқа да өнімдерді қалай пайдалану мәселесін мемлекеттің өзі шешті. Бұл «Әскери коммунизм» саясаты ауыл шаруашылығына өнім дайындаудың бөліп өлшеу жүйесін енгізді. «Продармия» дегендер пайда болды. Олар мемлекет үшін шаруашылық өнімдерін жинады. Өнім дайындаушыларға күн көрістері үшін ең төмен нормамен өнім қалдырып, көнбегендерден күшпен тартып алынды.
Қазақстанда 300-ден астам ірі өнеркәсіп орындары национализацияяланды. Азамат соғысы жылдарында енгізілген «әскери коммунизм» саясатының жеке кәсіпкерлік пен саудаға тыйым салуы экономикаға тиімсіз болды. Бұрынғы шаруашылық байланыстары үзілді, жаңа шаруашылық жүйесі қарқын ала алмады. Национализацияланған өнеркәсіпті басқарудың жаңа жүйесі бірден шектен тыс орталықтандырылған, бюрократтық сипат алды. маман жұмысшылардың жетіспеуі, азаматтардың соғыста болуы, енді бір бөлігінің әкімшілік жұмыстан босамауы, шикізаттың жеткіліксіздігі кей жағдайларда саяси және әскери органдардың өнеркәсіп саласына араласуына алып келді.
Соғыстың салдарлары, табиғи апат (қуаңшылық, астықтың шықпауы т.т.), иррационалды экономикалық саясат ауыл шаруашылығында дағдарысты жағдай қалыптастырды. Мал шаруашылығы да өте ауыр жағдайда қалды. 1914-1922 жылдар аралығында мүйізді қара -2,1 миллион басқа, жылқы – 2 миллионға, ұсақ мал – 6,5 миллионға, түйе – 300 басқа қысқарды.Осы жылдары барлық мал басы 10,5 миллионға азайды. Ауыл мен деревняларда мемлекеттің күштеу саясатына наразылық өрістеді.
Қалыптасқан жағдай елдегі шаруашылық саласына жаңа өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетті. Оның негізгі өзегі қалыпты экономикалық қатынастар қалыптастыру болуы тиіс еді. шаруашылық күйзеліс, азамат соғысы және шетелдік соғыс интервенциясы жағдайында азық-түлік салғырты азық-түлікпен қамтамасыз етудің мәжбүрлі құралы болды. Мұны Халық комиссарлар кеңесі «соғыс коммунизм» кезінде ірі саяси және экономикалық маңызы бар шара ретінде 1919 жылы 11 қаңтарда енгізді. Уақытша енгізілген «әскери коммунизм» саясаты, азамат соғысы жағдайында бірден-бір мүмкін әрі қажетті шара болды.
«Әскери коммунизм» саясатының салдарлары:
Шаруалардың «антикоммунистік» көтерілістер ұйымдастыруы, соңында большевиктердің салғырттан, «соғыс коммунизмі» саясатынан бас тартуына алып келді;
Өнеркәсіп саласын анархия жайлады. Шаруашылық жүйесі еркін даму мүмкіндігінен айралды;
Еңбекті тотальді милитаризациялау орнықты;
Еңбекшілерді өз еңбегінің нәтижесінен шеттетті;
«Идеяға» еңбек ету қажеттігін түсіну қалыптасты.
Соцаилизмнің экономикалық іргетасын қалау үшін, ірі өнеркәсіп саласын жаңа техникалық база негізінде қалпына келтіру және қайта құру қажет болатын.
1921 жылы 8-16 наурыз аралығында РКП(б) Х съезі болды. Съезден кейін Бүкіл Одақтық Орталық Атқару Комитеті (ВЦИК) жаңа экономикалық саясатқа көшу курсын бекітті.
«Әскери коммунизм» саясатының қатал шектеулерінен босату шаруалар мен кәсіпкерлердің белсенділігін оятып, халық шаруашылығының еңсесін көтеруіне әсер етті. Азық-түлік салғырытының орнына азық-түлік салығы енгізілді.
Жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында мына мәселелерге мән беру ұсынылды:
саяси-идеологиялық салада – қатал бір партиялық жүйе, кез келген оқшау ойлау мен оқшау әрекетке жол бермеу. Партия кадрларына коммунистік тәрбие беру, жат «буржуазиялық» идеологиядан сақтандыру мақсатында В.Ленин «Жауынгер материализмнің маңызы туралы» мақаласын жазды. Бұл мақала партия саясатына басқа бағытта ойлаушыларға қарсы күреске жұмылдырылды;
экономика саласында - әкімшіл-нарықтық (административно-рыночную) шаруашылық жүйесін құру мақсат етілді. Азық-түлік салығын енгізу дегеніміз капитализмнің кейбір көріністерін жандандырып, жеке меншіктегі ұсақ кәсіпорындардың ашылуына жағдай жасайтын еді.
Жаңа экономикалық саясатты енгізумен мынадай мәселелер шешімін тапты: жерді жалға беру және алу, жалдамалы еңбек күшін пайдалану, ауыл шаруашылық, кредиттік, тұтыну, кооперациялары кеңейіп дамыды. «Әскери коммунизм» кезінде енгізілген еңбек етуге міндеттілік және еңбекке жұмылдыру тоқтатылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке тұлғалар немесе кооперативтерге жалға берілді.
Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру қиын жағдайда жүргізілді: шикізат пен отын, маман жұмысшы қолы жеткііксіз болды. Қабылданған жаңа экономикалық саясат жағдайында ел еңсесі біртіндеп көтерілгені байқалды. Республиканың ауыл шарушылығы саласы да ілгеріледі.
1921-1925 жылдары Қазақстанда Кеңестер жүзеге асырған экономикалық саясаттың қарама-қайшылықты жақтары да болды. Төңкерістің алғашқы жылдары ұлттық аймақтарға, алыс аудандарға көмек көрсету жөнінде көп айтылғанымен, орнығып келе жатқан жаңа жүйе бар мүмкіндіктерді Мәскеу қаласы мен Ресейдің егінді аудандарында Кеңес билігін нығайтуға жұмылдырды. Ұлттық аудандар мемлекеттің шет аймақтары саналды да, орыс емес ұлттардың мұң-мұқтажына сөз жүзінде болмаса, іс жүзінде айтарлықтай көңіл бөлмеді.
Негізгі әдебиет: [2, 5, 7, 9, 10].
Қосымша әдебиет: [17, 20, 22, 24, 30, 31, 32, 37].