Тақырып 15. Жазаның жүйесі мен түрлері.
Жазалар жүйесінің ұғымы мен мәні. Қылмыстық заңнама тарихындағы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексіндегі жазалар жүйесі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіндегі жазалар түрі.
Қылмыстық теріс қылықтар үшін тағайындалатын негізгі жазалар, олардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.
Қылмыстар үшін тағайындалатын негізгі жазалар, олардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.
Қосымша жазалардың түрлері және қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.
Қылмыстылықпен күресті жүзеге асырудағы жазалардың жеке түрлерінің рөлі және мәні.
Тақырып 16. Жаза тағайындау.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау үшін қылмыстық заңнаманың Жалпы бөлімнің нұсқауларының мәні. Жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңнаманың Ерекше бөлімі баптарының санкцияларын; жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесін және мінездемесін; кінәлінің тұлғасын, оның ішінде оның қылмыстық құқық бұзушылыққа дейінгі және кейінгі мінез-қылығын; қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды; тағайындалған жазаның айыпкердің түзелуіне, отбасының өмірлік жағдайына ықпал етуін ескеру. Жазаны жекешелендірудің оның мақсатын жүзеге асару үшін мәні.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, олардың түрлері. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау; үкімдердің жиынтығы бойынша, қайталануы жағдайында жаза тағайындау. Аяқталмаған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза тағайындау, қатысушылықпен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза тағайындау.
Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі.
Жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу.
Тақырып 17. Қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату ұғымы мен мәні. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың тиімділігі. Қылмыстық жауаптылықтан босату және қылмыстық заңнаманың міндеттерін жүзеге асару.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері мен тәртібі.
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері, олардың сипаттамасы.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың қылмыстық-құқықтық салдары.
Тақырып 18. Жазадан босату. Соттылықты өтеу және алып тастау.
Жазадан босатудың ұғымы. Бұл институттың негіздері мен әлеуметтік-құқықтық мәні.
Жазадан босатудың түрлері. Оларды қолдану негіздері және тәртібі.
Сотталғандық қылмыстық құқық институты ретінде. Сотталғандықтың заңи және әлеуметтік мәні. Сотталғандық жою және алып тастау. Сотталғандық мерзімінен бұрын алып тастау.
Құқыққорғау және сот органдары қызметіндегі қылмыстық-құқықтық институты сотталғандықтың мәні.
Тақырып 19. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
Он сегіз жасқа толмаған қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сұрақтары. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік сипаттамасы.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар түрлері.
Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың ерекшеліктері.
18 жасқа толмаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.
Кәмелетке толмағандарға қолданылатын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары. Бұл мәжбүрлеу шараларының қылмыстық жазадан айырмашылығы.
Кәмелетке толмағандармен қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезіндегі сотталғандық.
Тақырып 20. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы, қолдану мақсаты және құқықтық табиғаты. Бұл мәжбүрлеу шараларының қылмыстық жазадан айырмашылықтары.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері. Емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу. Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу, психиатриялық стационарлар түрлері.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза тағайындау.
Жазаны атқарумен біріккен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
Тарау. Ерекше бөлім