Салықтың міндеттемелерінің проблемалары және олардың әдістемелік негізі
Бұрында өткізген қолма-қол ақша қаражатының амтистиясы және де бұрынғы декларацияларды жою меншікті және кәсіпкерлердің активтерін ашқанмен, бұл тәжірибенің жақсы мен жаман жақтары да білінеді. Оған себеп, соңғы кезде шыққан «Мүлікті ашық деп жариялау», «Шағын бизнес кәсіпкерлігі мен халыққа амнистия беру» туралы заңдар бұл мәселелерді толығымен шешпейді. Оған негізгі себептер:
Біріншіден, бұл заңдардың көмегімен шағын бизнес кәсіпкерлері мен халықтардың өз ақша қорларын және мүлкінің шын бағасын өз еріктерімен көрсетілетіні неғайбыл.
Екіншіден, есепте тұрған мүліктердің өз бағалары мен оларды сатып алғандағы бағаларының айырмашылығы. Сондықтан да бұл мүлік құны салық базасы мен несие алу үшін банктерге және соттарда кепілге қоюға қайшы келеді.
Бұл үшін бұл заңнамаларды қабылдамас бұрын Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек еді. Олар:
Бірінші жағдай,Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-шы бабына сәйкес барлық меншіктегі мүліктер заң алдында бірдей, сондықтан мүлікті жеке меншікке немесе кәсіпкерліктің мүлкі деп бөлу дұрыс емес, оған себеп, кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық базасы 10 есе жоғары.
Осы себептерді ескеріп, Салық кодексіне барлық мүліктерді бірдей ставкамен салық бағасы ретінде қарау керек немесе мұны жеке меншіктің мүлкіне салық салу құнына теңестіру керек. Себебі, 0,5 % салық ставкасы мүлік құны 10,0 миллион теңгеден асқанда ғана қолданылады. Бұл жағдайда мемлекет те, кәсіпкер де ұтыста болмайды.
Басқа жағынан қарасақ, бұл жағдайда кәсіпкердің қызығушылығы артады.
Екінші жағдай, салық салу объектісі ретінде кәсіпкердің мүлкісінің ең төменгі деңгейінен бастап салық салынады. Біздің ойымызша осы төменгі салық салынатын мүлік құнын 200 айлық есептік көрсеткіштен ары қарай алу керек. Себебі, мүлік құнының бағасы 1000 доллардан аспаса, ол мемлекетке де, басқа да мекемелер мен банктерге ешқандай экономикалық қоғам мүдделерін ұсынуға қызықтырмайды.
Мемлекеттің экономикасын белгілі бір нысанға келтіру барысында шағын бизнес негізгі рөлді атқарады.
«Қазақстан –2030» стратегиясында шағын кәсіпкерліктің тұрақтануы мен дамуы, сонымен қатар өнеркәсіп секторының бөлшектенуі өз орнын тапты.
Қай мемлекетті алып қарасақ та, оның құлдырауының болдырмау жағдайын көтерудің негізгі шарты - ол өнеркәсіпті өркендету [46,14б.].
Сондықтан да алдыңғы қатардағы дамыған елдердің тәжірибесіне жүгінсек, әр мемлекеттің дамуы мен өрлеуі негізінен кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Шағын бизнес субъектілері – мемлекеттегі ең оралымды өнеркәсіпті дұрыс жолға қойып, басқа керекті, сұранысы мол тауарлар шығаруға, сонымен қатар бұл салада айналым капиталы әрі жылдам, әрі тез өз айналымына қайтып келеді. Екінші жағынан, шығарған қаржылық инвестициялардың мерзімі өте қысқа.
Шағын бизнес белгілі бір тұтынушыға бейімделген елді тез тауарлармен қамтамасыз етеді, нарық кезінде тауарлар мен қызметтер тез қозғалыста болады және де ірі монополистермен бәсекелестікке түседі.
Барлық мемлекеттерде шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, оларға салық жеңілдіктерін беру арқылы шешіледі. Бұл жерде бірден салық ставкаларын төмендету емес, тек қана салық жүйесін реформалау арқылы осы саладағы экономиканы көтеру.
Шағын бизнес секторындағы ең негізгі проблемалардың бірі, ол бұл саладағы қаржы-несие ресурстарының жеткіліксіздігі. Оған себеп, шағын кәсіпкерліктің алғашқы капиталы аз және де алғашқы шығындарын жабуға жетпейді. Ал коммерциялық банктер негізінен өз қаражаттарын сауда операцияларын қаржыландыруға несиелерін бөледі. Ал шағын кәсіпкерлікті несиелеуге олардың қызығушылығы шамалы, себебі, бұл саланың кепілдікке қоятын капиталы аз.
Келесі бір проблема – ол шағын бизнес саласы кәсіпкерліктің ең бір салықтық бақылауға қиыншылық туғызатын экономикалық салаға жатады, егер де ірі өнеркәсіп кәсіпорындары салық органдарының бақылауында болса, мониторинг объектілері ретінде ылғи көңіл бөлінсе, онда шағын кәсіпорындар бұл бақылаудан тыс қалады [47,173б.].
Бюджетке түсетін салықтардың басым көпшілігі аса ірі немесе орташа кәсіпорындардан түседі, бірақ шағын кәсіпкерлікте жергілікті бюджеттердің түсімдерін көбейтуге өз үлестерін қосады.
Оған себеп, біріншіден, шағын кәсіпорындар мемлекеттің өнім өндіру, қызмет көрсету салаларының негізгі көлемін құрайтын болғандықтан, олардан түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер қомақты болып келеді.
Екіншіден, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және шағын заңды тұлғалар бұрын есепте жоқ, жаңа салық төлеушілер ретінде бюджет жүйесіне қосымша салық түсімдерін әкеледі.
Салықтық тексерулерге талдау жасасақ, онда мынадай фактілерге көз жіберуге болады: өмірде ең көп салықтық құқықты бұзушылық осы шағын кәсіпорындарда байқалады, әсіресе уақытында салық тіркеуіне тұрмау, уақытында салықтық есепті өткізбеу, түскен қолма-қол ақшаны есепке алмау, жымқыру, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу және тағы басқалары.
Сондықтан да салықтық бақылауды күшейту осы салада өзінің еңбегін өтейді деп ойлауға болады. Сонда ғана қосымша салықтар бюджетке көбірек түседі, әсіресе ірі салық төлеушілерден. Себебі, мұндай фирмалар салық төлеуден бұлтару үшін тәжірибеде өтірік шағын кәсіпорындарды ашып, солар арқылы өнім бағаларының арқасында қолмен епті іс жасау арқылы салық базасы болатын таза табыстарын жасырып қалады, сол себептен мемлекет қазынасына көп салықтар көлемі түспей қалады.
Үшіншіден, салық органдары да шағын кәсіпкерлікпен айналысатын салық төлеушілерді тексеру барысында, алдымен оларға мәлімет жинап, қайсысы салық есебіне тұрғанын, қай салада қызметтерін атқаратындарын, барлық құқық қорғау орындарындағы оларға түскен мәліметтерді жинап, содан кейін ғана білікті, әрі сапалы салық тексерулерінің сапасы артып, бюджетке қосымша салықтар түсуіне жол ашылады. Ол үшін:
- әрбір салық төлеушінің, әсіресе шағын кәсіпкерлік саласында тексеру ұйымдары алдымен қолда бар барлық шаруашылық-қаржылық есеп құжаттарына талдау жасау;
- камералдық бақылау барысында негізінен:
- әрбір жеке есеп құжаттарының бір-бірімен байланысын талдап, оның салық базасын шығару,
- есеп беру көрсеткіштерінің салыстырмалығын, олардың салық декларациясында көрсетілгендей табыс көздерінің растығын,
- салық деларациясы мен бухгалтерлік есептің дұрыстығының бағасын, олардың сапасын өздерінде бар мәліметтермен салыстырып, олардың дұрыстығына көз жіберу.
Төртіншіден, осы шағын бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің мәлімет көзін басқа да ұйымдардан, әсіресе қызмет көрсететін банктерден, жол полициясының және кеден органдарының мәліметтерінен жинап, содан кейін ғана сапалы салық тексерулерін өткізу керек.
Салық төлеушілердің ауыртпалығын жеңілдету жолдары – қай салық реформасын алсақ та, мемлекеттің ең негізгі қағидаттарының қатарына жатқызуға болады. Себебі, қай салық жүйесін алсақ та, прогрессивті немесе регрессивті салық төлеушілер үшін салық ставка мөлшері мен салықтардың қайта бөлінуі әр салық төлеушілер арасында және де соңғы салық төлеушілер кімдер екеніне байланысты болады [48,257б.].