Максимальное время – 7 мин

Бекет – Стандартталған пациенттің қатысуымен шағымдар мен анамнез жинаудағы коммуникативті дағдыларын бағалау (емтихан қабылдаушыға арналған).

Максимальдық балл – 10

Максимальдық уақыт – 7 мин

Қадамды бағалау критерийлері Балдық бағасы
1. Екі жақты амандасқан соң науқастың қасына отырып, атын, тегін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. 1,5
2. Жетекші сұрақтарды қойып науқастың шағымдарың анықтады. Білікті сұрастыру арқылы аурудың жетекші синдромын анықтады.
3. Хронологиялық реттілікпен ауру анамнезін анықтады (басталуын, ағымын, қайталануын, олардың ұзақтығын, алған емін және емнің эффективтілігін). Соңғы жағдайының нашарлауына не әкелгендігін сұрады.
4. Өмір анамнезінде өмір сүру шарттары мен балалық шақта дамуын, сонымен қатар қазіргі кездегі социалды экономикалық жағдайын тактикалық түрде анықтады. Хронологиялық реттілікпен болып өткен ауруларын анықтады. Науқастың туған туыстарының денсаулығын сұрап, туберкулез, вирусты гепатитпен ауыратын науқастармен контактта болғандығын анықтады.
5. Жанұялық жағдайын анықтады. Егер науқас әйел болса, онда алғашқы етеккір басталуын, оның тұрақтануын, сипатын (аз мөлшерде, бір қалыпты, көп мөлшерде, ауырсынумен), неше жүктілік болды соның ішінде нешесі босанумен аяқталды. Жүктіліктің ағымы, жасанды, өздігінен, асқынған түсіктер. Климакс, ағымы.      
6. Өмір сүру ерекшеліктерін анықтады, мамандығын және жұмыс жағдайын. Қазіргі кезде және бұрынғы шылым шегуі мен алкоголь қолдануы.
7. Аллергологиялық анамнезін анықтады. 1,5
  Қорытынды:
               

Бекет – Ас қорыту жүйесінің физикалды тексеру әдістері. (емтихан қабылдаушыға арналған).

Максимальдық балл – 10

Максимальдық уақыт – 7 мин

Қадамды бағалау критерийлері Балдық бағасы
1. Өзінің тексеру әдісін түсіндіре отырып, лимфа түйіндерінің пальпациясын жасады. 1,0 1,0
2. Өзінің тексеру әдісін түсіндіре отырып, ауыз қуысын қарады. 1,0 1,0
3. Өзінің тексеру әдісін түсіндіре отырып, іштің беткей және терең пальпациясын жасады. 2,0 1,0
4. Мерфи, Кер, Ортнер, френикус-симптом, Щеткин-Блюмберг, Мейо-Робсон, Грот, Айзенберг I, II симптомдарын бар жоғын анықтады. 2,0 1,0
5. Бауырдың пальпациясы және перкуссиясын жасады. Курлов бойынша өлшемдерін анықтады. 2,0 1,0
6. Көк бауырдыңың пальпациясы және перкуссиясын жасады. 2,0 1,0
  Қорытынды: 5,0

Бекет – Берілген клиникалық жағдайды талдау негізде диагноз қоюда интерн-дәрігер-терапевттің клиникалық ой-өрісін және тәжірибелік дағдыларын бағалау (емтихан қабылдаушыға арналған).

Максимальды бал -10

Максимальды уақыт - 7 минут

Қадамдық әрекеттер Баллдар
Аурудың синдромадарын атап шықты да, жетекші синдромын анықтады. 2,0 1,0
Жетекші синдромы бойынша ұқсас аурулар шеңберін атап шықты. 2,0 1,0
Сенімді, қысқа түрде ұқсас аурулармен ажыратпалы диагноз жүргізіп, негізді түрде оларды жоққа шығарды. 2,0 1,0
Клиникалық диагнозды негіздеді. 2,0 1,0
Аурудың жіктемесі бойынша клиникалық диагнозды қойды 2,0 1,0  
  Қорытынды:

Бекет – Асқазан жуу әдісі.

Максимальды бал -10

Максимальды уақыт - 7 минут

Қадамдық әрекеттер Баллдар
Науқасты орындыққа отырғызыңыз. Басын алға еңкейтіп, алдын алжапқышпен жабыңыз, аяғының жанына ыдыс қойыңыз. 2,0 1,0
Асқазанға зондты еңгізіңіз: зондтың ұшын тілдің түбіріне жеткізіп, жеңіл қозғалыспен науқастың жұтынуымен қатар өңешке қарай жылжытыңыз. 2,0 1,0
Зонд асқазанға енгеннен кейін зондтың ұшына құйғыны орнатып, оны науқастың деңгейінен төмен ұстап суға толтырыңыз. Ауа кетіп қалмауын байқаңыз. Су деңгейі құйғының мойнығына жеткенге дейін құйғыны көтеріп, кейін оны төмен түсіріп, асқазан жуындысын ыдысқа төгіңіз. 2,0 1,0
Осы емшараны бірнеше рет таза су шыққанша қайталаңыз. 2,0 1,0
Аяқтағаннан соң зондты шығарып, науқасқа аузын шаюын ұсыныңыз. 2,0 1,0
  Қорытынды: 5,0

Бекет – Клизма жасау әдісі.

Максимальный балл - 10

Максимальное время – 7 мин

Қадамдық әрекеттер Баллдар
1. Науқаспен сенімді қарым қатынас орнатқан соң, процедураның мақсатын және әдісін түсіндіріп, келісімін алды. Науқастың изоляциясын қамтамассыз етті. 1,0 0,5
2. Дайындады: Резеңке түтікшесі бар Эсмарх кружкасы; Эсмарх кружкасын ілуге арналған штатив; пластмассадан немесе эбониттен жасалған стерильді ұштық; қысқыш; клеенка, дәрет ыдысы; вазелин; резеңке қолғап; бөлме температурасындағы 1,5 - 2,0 л қайнатылған су; су термометрі; «қолданылған ұштықтар» маркировкасымен 3% хлорамин ерітіндісі бар ыдыс; кушетка; тазик. 1,0 0,5
3. Эсмарх кружкасына бөлме температурасындағы 1,5 - 2,0 л суды құйды, 18 - 22 "с, системадын ауаны шығарды, қысқышты орнатты. Кружканы кушеткадан 1,0-1,5 м биіктікке штативке ілді. Резеңке түтіктің бос жағына ұштықты кигізді, оны вазелинмен майлады. 1,0 0,5
4. Кушеткаға клеенканы төседі. Науқасқа сол жағына жатуын өтінді, тізесін бүгіп жатуын сұрады. 1,0 0,5
5. Резеңке қолғапты киіп, сол қолымен жамбасты ашты, анал тесігін қарады және тік ішекке айналмалы қимылмен абайлап ұштықты 3-4 см тереңдікке кіндікке қарай, сонан соң 8-10 см құйымшаққа параллельді енгізді. 2,0 1,0
6. Резеңке түтіктегі қысқышты алып, кружка түбінде аздаған су мөлшерін қалдыра отарып, 1-2 л суды жаймен құйды. Түтүкке қысқышты орнатып, ұштықты шығарды. 2,0 1,0
7. Айналмалы қимылмен абайлап ұштықты шығарды (алдымен құйымшаққа паралельді, кейін кіндікке қарай). Науқасқа арқасына жатып, терең тыныс алуын өтінді. (суды 10 - 15 мин. кідіру үшін). Қолданылған ұштықты 3% хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салып қойды. 2,0 1,0
  Қорытынды:

Наши рекомендации