Кәсіпкерліктің негізгі белгілері

Кәсіпкерліктің мәні,субъектілері және объеткілері.

Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық өзгерістерді жүзеге асыру көп жағдайда кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болады.Кәсіпкерліктің экономикалық мәнінің мазмұны шаруашылық іс-әрекеттің әртүрлі жақтарын сипаттаудан көрініс алады.

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр.”Кәсіпкер”,”Кәсіпкерлік” ұғымдары ежелгі арабтарда пайда табу,кіріс,мамандық,тіршілік,шаруашылық мағынасында орын алған.Атақты араб ғұламасы Ибн-Халдун кәсіпкерлікті адамдардың өз мүмкіндігі мен адал еңбегі арқылы молшылыққа кенелу іс-әрекеті деп бағалаған.

Кәсіпкерлік мәселесіне экономикалық теория XVIII ғасырлар кезеңінде көңіл аудара бастады .Мәселен,А.Смиттің пікірі бойынша кәсіпкер-ол меншік иесі ретінде пайда алу және бір коммерциялық идеяны жүзеге асыру үшін тәуекелге бара алатын адам,сондай-ақ ол өзі өндірісті жоспарлайды,ұйымдастырады және оның нәтижесіне иелік етеді деп түсінген.Ал Ж.Б.Сэй кәсіпкерді өндіріс факторларын қиыстыра алатын экономикалық агент ретінде қарастырған.

Қазіргі экономикалық ғылым кәсіпкерді жаңа мүмкіншіліктерді іздейтін және оны жүзеге асыратын,жаңа идеяларды,жаңа технология мен өнімдерді меңгеретін,тұтынушыларға қызмет көрсетудің жаңа әдістерін таба алатын,капиталдың қолданылуының жаңа сфераларын іздейтін,істі қалай бастауын және қалай жүргізуін білетін,өз қалауынша тәуекелге бара алатын,иниациативаны толық пайдалатын субъект ретінде қарастырады.Кәсіпкерлік шаруашылық жүргізудің түрі ретінде экономиканың барлық сферасында мемлекеттік секторынан басқа,адамдардың әрекет ету өрісін ,яғни дайын өнім өндіруді немесе қызмет көрсетуді қамтиды.Мысалы,өндірістік сауда,инновациялық және адамдардың басқа әрекет ету өрісі жатады.

Қоғамдағы кәсіпкерліктің табысты болуы келесі экономикалық жағдайларға: күшті жеке меншік секторының,бәсекелестік ортаның,монополияға қарсы заңдардың және салық,валюта,ақша жүйесін реттейтін заңдардың болуына,шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдауына байланысты болады.

Кәсіпкерліктің іс-әрекеті –кәсіпкерліктің субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды сипаттайды,олардың объектісі ретінде өндіріс факторларының бүкіл жүйесі қарастырылады.

Кәсіпкерліктің тұлғалары жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар бола алады.Бұл жерде біз кәсіпкерлік пен меншік субъектілері арасындағы тікелей байланыстардың барын байқауымызға болады. Бірақ та,кәсіпкерді меншіктің субъектісі ретінде қарастырғанда,кез келген меншік иесі кәсіпкер бола алмайтындығын ескеруіміз керек.Іс-әрекетпен шұғылданатын кәсіпкер әрқашанда меншіктің субъектісі болып табылады.Сонымен қатар, меншік иесі кәсіпкер болмаса да табыс алуы мүмкін.

Шаруашылық субъектілердің кәсіпкерлік іс-әрекеті әртүрлі өндіріс факторларын пайдалануы арқылы өнім өндіруіне және табыс табуға бағытталған.

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері

Шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде кәсіпкерліктің бірнеше белгілері бар.Оның негізгі белгісіне шаруашылықпен айналысатын субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігін жатқызуға болады.

Кәсіпкерліктің тәуелсіздік белгісі кәсіпкерге заңдарға қайшы келмейтін іс-әрекет жасауына еркіндік береді. Яғни, ақша қаржысы және бір істі бастайын деген ниеті бар адамдар меншіктің белгілі бір формасына негізделген өз өндірісін ұйымдастыруына құқылары бар. Сондай-ақ,қанша және қандай өндіріс факторларын сатып алатындығын, қанша және қандай мөлшерде өнімдерді өндіретіндігін,кімге және қандай бағаме сататындығын кәсіпкер нарықтың конъюктурасына қарай дербес өзі шешеді.

Кәсіпкерліктің тәуелсіздік белгісін абсолютті түрде түсінуге болмайды.Себебі , экономикада абсолютті еркіндік болмайды . Кәсіпкердің дербестілігі әрқашанда нарық экономикасының заңдарымен шектеліп отырады.

Дербестілік экономикалық ынталық принципімен тікелей байланысты. Кәсіпкерліктің бұл белгісі кәсіпкерді табысты барынша көп алуға ынталандырады және кәсіпкерліктің дамуының негізгі қозғаушы факторы болып табылады.Көп жағдайда осы мол табысты алу үшін өндіріс ұйымдастырылады және оның көлемі ұлғайтылады. Сонымен қатар, кәсіпкер нарықтық экономиканың негізгі субъектісі ретінде өзінің ерекше мүддесі үшін өндірісті ұйымдастыра отырып, ол сондай-ақ түбінде қоғам үшін , қоғамдық мақсатқа жету үшін жұмыс істейді-бұл тауар өендірісінің диалектикасы.Мысалы, Г.Форд кезінде автокөлік шығара бастағанда , ол өзінің жеке мүддесін ,яғни пайда табуды көздеді , бірақ ол бара-бара автокөлік империясын құрғаны бәрімізге мәлім.

Кәсіпкерлікке творчестволық ізденіс, жаңашылдық белгілері тән. Себебі, шиеленіскен бәсеке жағдайында ешнәрсені өзгертпей тек бағаны өсіру есебінен пайда аламын деуге болмайды. Бәсеке күресінде өнімнің сапасына, оның ассортиментіне көп көңіл бөлгендер ғана жеңіп шығады. Ол үшін тауар өндірушінің назарында жаңа технология , өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатардағы әдістері болуы керек.

Кәсіпкерлікткң тағы бір белгісі- шаруашылық тәуекелділік пен жауапкершілік. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, тәуекелділік белгісіздікті білдіреді. Себебі, тәуекелге барған кәсіпкер өз ісін алдын ала болжауға мүмкіншілігі болмайды, өйткені кәсіпкер бір іс-әрекет туралы шешімді тез арада қабылдауы қажет. Мұндай жағдайда кәсіпкер нарықтағы жағдайды қаншалықты мұқият есептегенімен барлық факторларды алдын ала толық ескере алмайды . Сондықтан , көп жағдайда тәуекелдіктің дәрежесін экономикалық бағалау өте қиынға түседі, немесе мүмкін болмайды. Ал жауапкершілік шаруашылық өмірде нақты көрініс алады, оны тиісті көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Кәсіпкерліктің осы белгісі кәсіпкердің іскерлігіне, қиындықтарға қарсы тұра алатындығына , бәсекелесе білетіндігіне негізделген.

Кәсіпкерліктің экономикалық табиғатына толық сипаттама беру үшін , кәсіпкердің экономикалық ойлау қабілетін ескеру керек. Кәсіпкерді өнертапқышпен салыстыруға болады. Кәсіпкер өнертапқышқа қарағанда, ашқан жаңалықпен ғана шектелңп қоймай, ол оны практика жүзінде тез арада пайдалануды және қысқа мерзімде тиісті нәтиже алуға тырысады. Ол үшін кәсіпкердің сол салада тиісті арнайы білімі болуы керек, сондай-ақ нарық экономикасынң заңдылықтары туралы хабары болуы тиіс.

№ 3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

Нарықтық эканомиканың негізгі эканомикалық буыны (агенті) фирма болып табылады. Фирма –иелігіне бір немесе бірнеше кәсіпорындары бар және пайда алу мақсатында қызмет көрсету және тауар өндіру үшін ресурстарды пайдаланатын ұйым. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі белгілер не-гізге алынады. Олар көп жағдайда екі белгі негізінде. Меншіктің әр түрлі формалары кәсіпкерлікт-ің ұйымдық-құқтық формаларының пайда болуының және дамуының негізгі болып табылады. Меншіктің формаларына қарай кәсіпкерліктің келесі ұйымдық құқықтық формаларын көрсетуге болады. Олар мыналар: жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмалар, серіктестік, акционерлік қоғам корпорация.

Жеке меншіктегі кәіпкерлік фирма деп бір адамның иелігіндегі бизнесті айтамыз, яғни фирманың мүлкі бір адамның меншігінде болады. Сондай-ақ, жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмалар жеке-дара кәсіпкерлікпен айналысатын, бизнестен түскен пайданы, табысты толық иемденетін, сонымен бірге оның бар ауыртпашылығын, жауапкершілігі мен тәуекелшілігін өз мойнымен көтеретін жекеленген адам немесе жеке жанұя. Егер фирма нашар жұмыс істесе күйресе, фирма иесі заң талаптарына сәйкес өз міндеттерін өзінің барлық жеке мүлкімен жауап береді. Яғни, мұндай фирмаларда шексіз, толық мүліктік жауапкершілік болады.

Жеке меншіктегі кәсіпкерлік фирмаларды ұйымдастыруға көп қаржы кетпейді. Жеке фирмалардың кемшіліктері қаржы көздерінің шектеулігінде және тез күйреп кетуіне байланысты коммерциялық банктер көп мөлшерде несие бермейді. Олар заңды құқығы бар мекемелерге (заңды тұлға) жатпайды, сондықтан, олар тек табыс салығын төлейді. Корпорация төлейтін салықтарды төлемейді. Бұндай фирмалар көп жағдайда сауда және қызмет көрсету салаларында кеңінен қолданылады.

Кәсіпкерліктің тағы бір түрі серіктестік қоғамдар – бірнеше адамдардың меншігіндегі фирмалар. Олар серіктестік мүшелерінің осы фирмаға қосқан мүліктерінің үлесі негізінде құрылады және пайының (үлесінің) көлеміне байланысты, түскен пайдадан өз үлестерін алып отырады. Егер оның бір мүшесінің пайы(үлесі) бүкіл фирма капиталының 10 пайызын құраса, онда ол фирманың таза пайдасының 10 пайызын иеленуге құқылы. Серіктестіктің міндетті шарттарының бірі олардың мүшелерінің арасында өзара келісімнің болуы.

Серіктестіктердің экономикалық қатынастарына байланысты: жауапкершілігі шектелмеген (толық) және жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бөлінеді.

Толық серіктестік ұжымының барлық мүшелері фирма міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады. Фирманың пайдасы құрылтайшылардың жарғылық капитал үлесіне қарай бөлінеді. Егер толық серіктестік сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, оның мүшелері фирманың барлық қарыздарына өз пайының көлеміне қарамастан бүкіл мүліктерімен жауап береді.

Сонымен қатар, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мүшелері керісінше, өздерінің серіктестіке қосқан мүліктерінің үлесіне байланысты (шеңберінде) ғана жауап береді. Сондықтан да, жауапкершілігі шектеулі серіктестер барлық елдерде кеңінен қолданылады. Серіктестіктің жарғысында серіктестікті басқару органдарының құзыреті, олардың шешімдер қабылдау және серіктестіктер атынан әрекет жасау тәртібі белгіленеді. ЖШС-нің жалпы жиналысының құзыретіне жататындар:

1)серіктестіктің жарғысын өзгеоту;

2)атқарушы органдарын құру және кері шақыру;

3)жылдық есебімен бухгартерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен зиянын бөлу;

4) серіктестікті қайта құру емесе тарату туралы шешім шығару;

5) серіктестікті тексеру комиссиясын құру. Бұл мәселе серіктестіктің атқарушы органының шешуіне берілмейді.

Акционердік қоғамдар – бұлда кәсіпкерлікпен айналысатын, заңды тұлғалардың бірі. Акционерлік қоғамдардың иесі және оны басқарушы, осы фирманың акциясын сатып алған азаматтар болып табылады. Акционерлік қоғамның капиталы-акцияларды шығару мен оны сату арқылы құрылады. Акция иесі осы компанияның пайдасының бір бөлігін дивиденд р етінде алуға құқылы. Әрбір акция оның иесіне акционерлер жиналысында 1 дауыс береді. Акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігін беретін акцияның 51 пайызы бақылау пакеті деп аталады. Акционерлік қоғам басшылығы жыл сайын алынған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде, ал бір бөлігін өндірісті кеңейтуге жұмсайды. Дивидендтер акцияның құнына байланысты процент түрінде беріледі. Мысалы, номиналды құны 100 теңге дивиденд 5 пайыз мөлшерінде болса, онда акция иесі акцияға 50теңге алады. Егер акционерлік қоғам жыл аяғында шығынмен шықса, онда дивидендтер төленбейді. Акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі компаниялардың қатарына жатады. Акционерлік қоғамның мүшелерінің жауапкершілігі акционерлік қоғамға кіру үшін салынған қаражат шеңберімен шектеледі.

Акционерлік қоғамның акционері кез-келген уақытта өз акциясын басқа біреуге атып, қоғамнан шығуға болады.

Ұйымдық форма жағынан акционерлік қоғамдар ашық немесе жабық түрде болуы мүмкін. ”Жабық” акционерлік қоғамда – акциялар бірнеше құрылтайшылардың иелігінде болады, қор биржасында сатылмайды. Ал «ашық» акционерлік қоғвмның акциялары қор биржасында еркін түрінде сатылады және сатып алынады.

Кәсіпкерлік салада қызмет ететін фирмалар, сондай-ақ көлемі (үлкендігі) боынша жіктеледі. Соған байланысты фирмалар шағын, орта және ірі болып бөлінеді.

Фирманың көлемі, оның технологиялық ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, кейбір салаларда капитал сыйымдыоығы жоғары болғандықтан, онда өндіріс көлеміде ірі болады. Ал экономиканың басқа салалары үшін фирманың көлемінің үлкен болғанынан гөрі шағын болғаны ел экономикасының дамуына едәуір маңызды ықпал етеді.

Қазіргі кезде шағын жіне орта бизнес саласында фирмалар көоемі жағынан әр түрлі көрсеткіштер негізінде жіктеледі. Мұндай көрсеткіштер қатарына: фирмалар жұмы істейтін адамдар саны, жарғылық капитал көлемі, активтер мөлшері фирманың табыстарының мөлшері жатады. Осылардың ішіндегі ең басты көрсеткіш – фирмадағы жұмыс істейтін адамдардың саны мен жылдық капитал айналымы болып табылады.

Қазіргі экономикада шағын және орта бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды, рнда еңбекке жарамдылардың 50 пайыздан астамы жұмыс істейді. Шағын бизнестің әдеттегі формаларына франчпйзинг (жеңілдік) және венчурлық (тәуеккелділік) фирма.

Франчайзинг – шағын жекеменшік фирмалар жүйесі. Олар тиісті сферада және территорияда ірі фирмалардың фабрика маркасын пайдалану туралы келісім негізінде сол компаниялардың өнімдерін сатумен шұғылданады. Бұндай келісім шарттар екі жаққа да тиімді болады.Бір жағынан шағын фирмалар ірі компаниялардан тиісті көмек, несие ала алады, екіншілері өз өнімдерін сатуға ақша шығармайды, нәтижесінде ақшаларын үнемдейді.

Венчурлық фирмалар – олар ғылыми-зерттеулерді жүзеге асырумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар, яғни ғылыми жаңалықтар негізінде бизнес жасайды. Егер жаңа өнім сатып алушылардың қажеттіліктеріне, нарық талаптарына сай келмесе, онда олар шығынға ұшырауы мүмкін. Сондықтан, венчурлық фирмалар жаңа өнімдедің бірін тез арада өңдеуді аяқтап, өнімнің басқа түрін өңдеуге көшуге тырысады. Венчурлық фирмалар Қазақстанда жаңадан құрылып, дамуда.

4. Фирма қорларының ауыспалы айналымы мен айналысы.

Жоғарыда көрсетілген фирмалар шаруашылықты ұйымдастыра отырып, еңюек құралдары мен еңбек заттарын өндірістік мақсатқа тұтынады, өндірілген өнімді өткізеді, сатады, ал ақша қорларын жаңадан қажетті өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуға, жалақыға, мемлекет алдындағы қарызды өтеуге жұмсайды.

Өндіріс прцесін тікелей қамтамасыз ететін фирмалардың қарамағындағы материалдық жіне ақша қаржылар, осы фирмалардың өндірістік қорларын құрайды.

Өндіріс құрал-жабдықтары осы фирмалардың өндірістік қорларында басты орын алады. Өндіріс құрал-жабдықтарының өқрамытехникалық жағынанан алғанда өндірілген өнімнің және өндіріс технологиясының қасиетімен анықталады. Мысалы, шойынды дайындап шығару домна пешті, темір руданы, коксты пайдаланумен байланысты, аяқ киімді дайындап шығару тігін машиналарды, тері, шеге жіне т.б. қажет етеді.

Фирмалардың қарамағында қызиеткерлердің әлеуметтік-мәдени қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын өндірістік емес қорлары болад. Олар тұрғын үйлерден, емдеу мекемелерінен, санаториялардан және демалыс үйлерінен т.б. тұрады. Өндіріс прцесіне тікелей қатыспағанымен, олар қызметтердің өмірлік қажеттерін қанағаттандыруда үлкен рөл атқарады және сонымен байланысты өндіріске белгілі дәрежеде ықпал етеді.

Өндірістік қорлар фирманың құрал-жабдықтарының тек бір бөлігі, ал қалған бөлігін айналыстағы қорлар құрайды. Айналыстағы қорлар тауарлы формада ( запастағы, өткізілмеген дайын өнімдер) және ақша қорынан тұрады ( шикізат, материалдар, отын сатып алуға, жалақыға арналған ақша қаражаты). Егер өндірістік қорлар тікелей материалдық игіліктерді өндіру саласында болса, ал айналым қорлары өнімдерді сату және ақшалай есеп айырысу саласында болады.

Қорлардың біртіндеп үш формасының (қндңргңш, тауарлы, ақшалай) біп-бірімен алмасуын қамитын үздіксіз қозғалысын қорлардың ауыспалы айналымы дейді. Осы қозғалыста барлық экономикалық заңдардың бір-юірімен байланысын, әрекет ту ерекшеліктерін көруге болады. Ауыспалы айналыс процесінде қорлар 3 сатыны қамтиды, яғниолардың бір формадан екеншісіне ауысып отыруын көрсетеді.

Бұл жерде А-фирманың ақша қоры Қ –құрал-жабдықтары, Ж- жұмыс күші, Ө – өндіріс процесі, Т - тауар қорлары, А – тауарды сатудан түскен ақша. Осы айналымдағы негізгі саты өндіріс, себебі, еңбек прцесінде тұтыну құны мен құн өндіріледі. Қазір нарықтық қатынасына көшуге байланыстығ өндірілген тауарлардың уақытында өткізудің де маңызы өте зор. Өндірістік қорлардың үздіксіз ауыспалы айналымда болуы экономикалық қажеттілік. Фирма қорларының ауыспалы айналымының үнемі қайталанып отыруы олардың айналымы деп аталады. Айналасына қарай өндірістік қорлар негізгі және айналмалы болып екіге бөлінеді. Негізгі қорларға машина-жабдықтар, ұзақ мерзімге пайдаланылатын әр түрлі инструменттер, өндірістік үйлер, станоктар, электр желісі мен құбырлар т.б. еңбек құралдары жатады. Олар өзінің тозуына қарай құнын өндірілген өнімге бірте-бірте бөлшектеп ауыстырып отырады. Айналмалы қорларға шикізат, материалдар, отын, қосалқы материалдар мен әр түрлі ыдыстар т.б. еңбек заттары жатады. Бұл қорлар қндіріс процесінде түгел тұтынылады және құнын даяр өнімге бүтіндей аударады.

Өндірістік қорлар өздерінің үздіксіз айналысында өндіріс және айналыс сатыларынан өтеді. Демек, уақыт бойынша қорлар айналымының құрамы екіге бөлінеді: өндіріс және айналыс уақыттары.

Өндіріс уақытына мыналар жатады: еңбек құраллы мен заттарының өндірістік запастарда болуы; жұмыс кезеңі; еңбек затына табиғи процестердің ықпал ету қажеттілігі және ұйымдастыру мәселелерінен тұратын уақыт мерзімдері.

Айналыс уақыты- өндіріс құрал-жабдықтарын тауып алуға және дайындалған өнімді өткізуге кеткен уақыттарды қамтиды.

Өндіріс процесінде негізгі қорларды пайдалану нәтижесінде, мысалы, айталық машина, өндіріс процесінде ұзақ уақыт қатыса отырып бірте-бірте тозады, өздерінің бастапқы тұтыну қасиеттерін кемітеді. Бұл негізгі қорлардың табиғи тозуы. Ғылыми-техникалық процесс жағдайында негізгі қорлар табиғи тозуға ғана ұшырап қоймайды, сонымен қатар моральдық, сапалық тозуғада ұшырайды. Моральдық тозу мынаған әкеп саяды: жабдықтар, машиналар және басқа негізі қорлар табиғи тозу басталғанға дейін-ақ құнының бір бөлігін жояды.

Негізгі қорлар қай түрде тозса да, олардың құны із-түссіз жоғалып кетпейді, ол өндірілген өнімге бірте-бірте көшіріледі. Негізгі қорлар құнының осындай бірте-бірте жаңа өнімнің құнына көшуі, амортизация деп атайды, бұл тозған негізгі қорлардың орнын толтыруға жұмсалады. Сондай-ақ бұл қорлардың белгілі бір бөлігі тозған қорларды жөндеу мақсатына да пайдалануы мүмкін.

Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары

а) Кәсіпкерлік талант

б) Фирма

в) Жеке кәсіпкерлік

г) Серіктестік

д) Акционерлік қоғам

е) Жауапкершілігі шектелмеген (толық) серіктетік

ж) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

з) Франчайзинг

и) Венчуралық Фирмалар

к) Амортизация

л) Қор жинау

м) Инвестиция

1. Адамның өндірістік рескрстарды тиімді пайдаланатын, жаңа идеяларды, жаңа технология мен өнімдерді меңгере алатын, өз қалауынша тәуекелге бара алатын, инициативаны толық пайдалана алатын қабілеті.

2. Табыс алу үшін ел экономикасында жаңа өндіріс қуаттарын құру мақсатында күрделі қаржыны пайдалану процессі.

3. Негізгі қорлар құнының бірте-бірте жаңа өндірілген өнімнің құнына көшірілу процессі.

4. Мүшелері өздерінің серіктестікке қосқан мүліктерінің үлесі шеңберінде ғана жауап беретін ұйым.

5. Ұжымның барлық мүшелері фирма міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болатын серіктестік.

6. Екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын кәсіпкерліктің түрі.

7. Иелігінде бір немесе бірнеше кәсіпорындары бар және пайда алу мақсатында қызмет көрсету және тауар өндіру үшін ресурстарды пайдаланатын ұйым.

8. Бәр ғана адам айналысатын кәсіпкерліктің түрі.

9.Тиісті сферада және территорияда ірі фирмалардың маркасын пайдалану туралы келісім негізінде, ірі компаниялардың өнімдерін сатумен шұғылданатын шағын бизнестің формасы.

10. Ғылыми-зерттеулерді жүзеге асырумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар, яғни ғылыми жаңалықтар негізінде бизнес жасайтын кәсіпкерліктің формасы.

11. Қоғамдағы барлық шаруашылық субъектілер арасындағы қосымша өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.

12. Акцияларды сату жолымен акша қаражатын орталықтандыру негізінде өндірісті ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының бірі.

Тест сұрақтары

1. Кәсіпкершілікті дамыту жағдайына мыналар жатады

А. Мемлекеттік меншік формасының үстемдігі

В. Орталықтандырылған жоспарлау

С. Ресурстарды мемлекеттік бөлу

Д. Экономикалық еркіндіктің болуы

Е. Дұрыс жауап жоқ

2. Негізгі капитал ұғымына кіретіндер

А. Станоктар,машиналар, құрал-жабдықтар

В. Дайын өнімдер

С. Шикізат, материалдар

Д. Ғимараттар

Е. Еңбек заттары

3. Кәсіпкерліктің қай ұйымдық формасында курделі техниканы өндіру жеңіл болады

А. Жеке кәсіпкерлік

В. Серіктестік

С. Акционерлік қоғам

Д. Мемлекеттік кәсіпорын

Е. Аралас серіктестік

4. Төменде келтірілген мақсаттардың қайсысы фирмаға аса маңызды болады

А. Пайда табу

В. Сату көлемін барынша арттыру

С. Өнім сапасын арттыру

Д. Жұмысшылардың жалақысын арттыру

Е. Тауарлар мен қызметтерді сату нарығын кеңейту

5. Фирма жаңа кәсіпорынды салу үшін банк несиесін алуды жоспарлап отыр. Несиенің жылдық ставкасы 18% деңгейінде анықталған. Осы жағдайларды ескере отырып фирма

А. Жаңа кәсіпорынды салмайды

В. Жаңа кәсіпорынды салады

С. Шығынға қарамастан кәсіпорынды салуға шешім қабылдайды

Д. Берілген ақпарат негізіндегі шешім қабылдау мүмкін емес

Е. Қосымша серіктестіктерді тартады

6. Кәсіпорынның мақсатына пайданы арттыру және іскерлік ауқымын кеңейту кіреді. Берілген сипаттама тән

А. Барлық кәсіпорындарға

В. Тек қана шағын кәсіпорындарға

С. Тек қана ірі кәсіпорындарға

Д. Тек қана ораташа кәсіпорынарға

Е. Тек қана аралас кәсіпорындарға

7. Нарықты экономикада қор жинау қызметін

А. Кәсіпкерлік фирма атқарады

В. Фермерлік шаруашылық атқарады

С. Еңбек ұжымының кеңесі атқарады

Д. Акционерлік қоғамның басқару органы атқарады

Е. Барлық жауаптар дұрыс

8. Инвестициялар мына факторларға байланысты болады

А. Пайда нормасына немесе рентабелділікке

В. Процент ставкасының деңгейіне

С. Сол елдегі салық салу жүйесіне

Д. Инфляцияның деңгейіне

Е. Барлық жауаптар дұрыс

9. Кәсіпкер деп

А. Жаңа мүмкіншіліктерді іздейтін және оны жүзеге асыратын адамды айтамыз

В. Жаңа идеяларды, жаңа технология мен өнімдерді міеңгере алатын адамды айтамыз

С. Тұтынушыларға кызмет көрсетудің жаңа әдістерін таба алатын адамдарды айтамыз

Д. Істі калай бастауын және қалай жүргізуді білетін адамды айтамыз

Е. Барлық жауаптар дұрыс

10. Инвестор дегеніміз

А. Алыпсатар- пайда табу мақсатымен бір жерден тауарды арзанға сатып алып екінші жерге қымбатқа сатушы

В. Саудагер- пайда табу мақсатымен елге немесе шет елге тауар сатушы

С. Делдалшы- пайда табу мақсатымен елге немесе шет елге тауар сатушы адам

Д. Салымшы-пайда табу мақсатымен кәсіпорынға қаржы салушы

Е. Барлық жауаптар дұрыс

Тест сұрақтары

1.Д; 2.А,Д; 3.А; 4.А; 5.В; 6.А; 7.Е; 8. Е: 9. Е; 10. Д.

Наши рекомендации