Азақстан сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі
Сақтандыру резервтерін және меншік капиталын инвестициялау – сақтандыру компанияларының қаржы — шаруашылық қызметінің маңызды бағыты, жинақтаушы сақтандырудан жиналған сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау – сақтандыру шарттарын орындаудың қажетті элементі және сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру сыйақысының бөлігін инвестициялау, әсіресе мүліктік тәуекелдерді сақтандыру табыстың қосымша және ауқымды көзі болып табылады.
Сақтандыру операцияларынан кейінгі табыстың екінші басым көзі болып табылатын сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі әлі күнге дейін дамып-жетілмей келеді. Соған қарамастан, Қазақстандағы сақтандыру қызметі саласындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік және соның салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлуетті сақтанушылардың тәуекелден сақтанудың баламалы тәсілін таңдауы, сақтандырушының инвестициялық белесенділігінің даму мәселесі ең өзекті мәселелер қатарына жатқызады.
Сақтандырудың инвестициялық қызметінің толыққанды дамымауын бірнеше негізгі себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Қазақстанда қор рыногы әлі де дамымай отыр, ал сенімді қор құралдарының саны шектеулі. Кепілдемелік табыстылық пен өтімділікті тек ғана мемлекеттің борышқорлық міндеттемесі, табиғи монополиялар мен қаржылық институттардың бағалы қағаздары ғана қамтамасыз етеді.
Екіншіден, еліміздегі тұрақсыз инвестициялық жағдай туғызып отырған инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің жеткіліксіздігі көзге айқын көрініп отыр.
Үшіншіден, шетелдік сақтандыру компанияларымен салыстырсақ, қазақстандық сақтандыру ұйымдарында әлі күнге дейін инвестициялық қызмет саласында қажетті қомақты қаражат көлемі жоқ. Өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру және зейнетақыны сақтандырудың аз көлемі инвестициялық қызметтің жоғарылауына септігін тигізбей отыр.
Төртіншіден, осы салада білікті мамандар мен сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, сақтандыру бизнесінің инвестициялық моделінің, инвестициялардың тиімділігін бағалау әдісінің болмауы, сондай- ақ сақтандыру компанияларының инвестициялық саясатын ашу механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде зерттеулердің аздығын және т.б. айтуға болады.
Қазіргі сақтандырудың инвестициялық рыногында қалыптасқан жағдай сақтандырудың жаңа міндетті түрлерін енгізудің тиімділігіне және өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру үдерісінің дамуына да кері әсерін тигізуі мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау тиімділігіне қол жеткізіледі, бірақ бұл жаңа сақтандыру қызметінің түрлерін енгізуден келетін экономикалық тиімділігін күткен нәтижеден әлде қайда төмен болуы мүмкін. Басты себеп – ішкі және сыртқы факторлардың жағымсыз әсерлерін төмендету механизмінің жоқтығымен сипатталатын сақтандыру компанияларының тиімсіз инвестициялық саясаты. Сақтандырушылардың инвестициялық қызметін жеделдету мүмкіндігінің төмендігі сақтандыру маркетингінде сұранымның дамуы және өмірді ұзақ мерзімге сақтандыруды қанағаттандырудағы негізгі кедергі болып табылады.
Көпшілікке мәлім, өмірді ұзақ мерзімге сақтандыру үдерісіндегі келісімшарт жасау кезінде сақтандыру компаниясы төленетін сақтандыру сыйақысына анықталған пайыздық есептеуді өз міндетіне алады. Инвестиция рыногындағы тұрақсыз жағдай өз міндеттемелерін орындамауға, қаржылық тұрақтылықтың төмендеуіне, тіпті сақтандыру компанияларының өтімділігінің жоғалуына әкеп соғады.
Сақтандыру компанияларының инвестициялары ішкі инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, өз елдерінің экономикалық дамуында инвестициялық мәні өте зор болып келеді. Сақтандыру резервтері әр түрлі қаржылық құралдар мен инвестициялық жобаларға ұзақ мерзімге инвестициялау мақсатында орналастырылатындықтан сақтандыру компанияларының инвестицияларының бос ақша ресурстары сақтандыру резерві түрінде жұмыс капиталы ағынына трансформацияланып, капитал рыногында спекулятивтік ойынға жиі қатыспайды. Сондықтан, сақтандыру компанияларындағы портфельдік инвестициялаудың әдістемелік аспектілерін зерттеу көкейкесті болып табылады. Сақтандырудың инвестициялық қызметінің тиімділігін дамыту проблемалары екі бағытта қарастырылған. Бірінші жағынан, экономиканың инвестициялық және сақтандыру секторындағы мемлекеттің реттеуші рөлін нығайту бойынша шаралар. Екінші жағынан, сақтандыру ұйымдарының қаржылық менеджментін жетілдіру сақтандыруды инвестициялау тиімділігін дамытудың маңызды рөлін арттырады және сақтандырушылардың маркетингтік саясатын жаңғырту бағытында ұзақ мерзімді сақтық зейнетақы аннуитеттері сияқты, сақтандыру практикасына жаңа ұзақмерзімді сақтандыру қызметінің түрлерін әзірлеу және енгізу. |
Сақтандыру компаниясы үшін табыс алудың негізгі көзі – сақтандыру қорлары қаражаттарының бір бөлігін коммерциялық мақсатта пайдалану арқылы жүргізілетін инвестициялық қызмет болып табылады. Сақтандыру қызметінің мақсаты үлкен әлеуметтік мәнге ие қызметтер көрсету, ал инвестициялық қызметтің мақсаты табыс табу болғандығына қарамастан, олар өзара етене байланыста. Бір жағынан, инвестициялық қызметтің қаржыландыру көзі сақтандыру резервтері болып табылса, екінші жағынан инвестициялық қызметтен түскен табыс сақтандыру операцияларын (сондай-ақ, шығындарды) қаржыландыруға бағытталуы мүмкін. Осы жерде, сақтандыру қызметінің маңызды бағыты инвестициялық портфельді басқару болып табылады
Билет