Тапсырма. Етістіктердің ауыспалы осы шағын бұрынғы өткен шаққа ауыстырыңыздар.

Үлгі: марапаттайды - марапаттаған

ауыспалы осы шақбұрынғы өткен шақ

Тапсырма. Етістіктердің ауыспалы осы шағын бұрынғы өткен шаққа ауыстырыңыздар. - student2.ru сыйлайды

шақырады

білдіреді

сөйлейді

тыңдайды

санайды

айтады

дайындайды

Екінші сабақ

Тапсырма. Үш топқа бөлініп, төменде айтылған мәселелер бойынша ой бөлісіңіздер.

Тапсырма. Етістіктердің ауыспалы осы шағын бұрынғы өткен шаққа ауыстырыңыздар. - student2.ru Ең басты мәселе – атмосфералық ауаның бұзылуы.

Тапсырма. Етістіктердің ауыспалы осы шағын бұрынғы өткен шаққа ауыстырыңыздар. - student2.ru Екінші бір күрделі мәселе – су ресурстарының ластану жағдайы.

Тапсырма. Етістіктердің ауыспалы осы шағын бұрынғы өткен шаққа ауыстырыңыздар. - student2.ru Үшінші күрделі экологиялық мәселе – тұрмыс қалдықтарының жағдайы және оны орналастыру мәселесі.

Тапсырма. Мәтінді тыңдаңыздар.

Эколог-ғалымдардың айтуынша, тамақтың қалдығы бұзылған кезде, одан метан деген газ шығады. Ол көмірқышқыл газдан жиырма есе зиян.

Эколог-ғалымдар қалдық су мәселесіне де көңіл аударып отыр. Біздің еліміздің аймақтарында қалдық су жинайтын қоймалар бар. Мұндай қалдық сулар табиғатқа, адам өміріне қауіпті.

Ауыз су мәселесі – бүгінгі күнгі проблемалардың бірі. Қазақстанның эколог-ғалымдары осындай көлемді мәселелерді шешу жолдарын ұсынып отыр.

Біріншіден, көліктерді азотпен жүргізу керек деген ұсыныс айтылды. Екіншіден, қала ішінде трамвайлар мен троллейбустардың жолын көбейту керек. Үшіншіден, велосипед жолдарын жасауды да қолға алған жөн. Бұл – өте жақсы бастама. Жастардың барлығы велосипедпен жүретін болса, олардың денсаулығы мықты болады.

Таулы жерлерде ғана таза ауамен демалуға болады. Бірақ адамдар демалысқа шыққан кезде, табиғатты ластап, ағаштарды сындырып, өзен- сулардың бойына қоқыстар тастап кетеді. Мұндай мәселелерді болдырмау, әр адамның өзінің жауапкершілігіне байланысты.

(«Қазақ тілі» кітабынан)

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тамақ қалдығы адам өміріне қаншалықты қауіпті?

2. Эколог-ғалымдар ауаны тазартудың қандай жолдарын ұсынуда?

Тапсырма. Топтық жұмыс. «Қоршаған ортаны қалай қорғайсың?» Пікірталас жүргізіңіздер.

Тапсырма. «Адамның табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Тапсырма. Хабарламаны оқыңыздар. Сіздер салауатты өмір салтына байланысты қандай шаралар жүргізіп жатырсыздар? Әңгімелеңіздер.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына арналған «ҚазҰУ-дың №18 Студенттер үйінде өткізілген акциясына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары және №18 Студенттер үйінде тұрып жатқан студенттердің барлығы қатысты. Акция барысында студенттер өздерінің тұрып жатқан бөлмелерін тазалап, қоқыстарды шығарып, барлығын салауатты өмір салтына шақырды.

Үшінші сабақ

Тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер.

1.Көзің ауырса қолыңды ... .

2. ... қайда, сұлулық сонда.

3.Денсаулық – ... байлық.

4 Бірінші ... – денсаулық.

5. ... адам – кіршіл.

6.Ыдыс таза болса, ... дәмді.

7. ... түбі – дерт.

Тапсырма. Етістіктердің ауыспалы осы шағын бұрынғы өткен шаққа ауыстырыңыздар. - student2.ru

Наши рекомендации