Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан қандай табыстар алып тасталады?

1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;

5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар;

7) бiр мезгiлде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;

заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан көп процентi дивидендтердi төлеу күнi жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.

Бұл ережелер резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қол­хаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

заңды тұлғаның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табысының бiр бөлiгi;

заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынатын дивидендтерге ғана қолданылады;

8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерінің белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;

9) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай ұтыстарды есептеу күнi қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

10) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;

11) гранттар қаражаты есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

11-1) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағыт­тал­ған, Қазақстан Республикасы қатысушысы бо­лып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;

12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін төлемдер;

13) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың; I, II, III топтардағы мүгедектердiң; мүгедек баланың; «мүгедек бала» деген санаты бар адам он сегiз жасқа толғанға дейiн - мұндай адамның ата-анасының бiрiнiң; «бала кезiнен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмiр бойына – оның ата-анасының бiрiнiң республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар.

Егер көрсетілген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;

15) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;

16) бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбегіне ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

17) күнтізбелік жыл ішінде әрбір төлем түрі бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегінде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшін, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.

Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады;

18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

19) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметіндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдіктердің ресми табыстары;

20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерінде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;

21) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақысы);

23) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде осы қызметкердiң қызметтiк iссапарын ресiмдемей жасалған жұмыс берушiнiң шығыстары:

оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстары мөлшерiнде;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстар;

оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуға жұмсалған нақты шығыстары жатады;

жұмыс беруші:

қызметкердің Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жы­лының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

қызметкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жы­лының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде қызметкерге төлеуге арналған ақша сомасы жатады;

23-1) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатында басқа жерге жiберген кезде жұмыс берушiнiң осы қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшiн төлеуге нақты жұмсаған шығыстары;

24) жеке тұлғаны оқытуға бағытталған шығыстар;

25) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

26) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мөлшерде төленетін стипендиялар;

27) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру мақсатында алған мүлкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;

28) қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;

29) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;

30) шарттың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін сақтандыру төлемдері;

31) жұмыс беруші өз қызметкерлеріне міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықақылары;

32) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;

33) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары;

34) сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысы;

35) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

36) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;

37) ислам банкінде орналастырылған инвести­ция­лық депозит бойынша табыс.

Наши рекомендации