Ағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.

Бағдарламаны орындау iс-шаралар жоспарын және салалық, өңiрлiк ақпараттандыру бағдарламаларын iске асыру жолымен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Yкiметінiң тиiстi қаулысымен құрылған ведомствоаралық комиссия жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаны бақылау мен iске асыруды ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілеттi орган, ал салалық және өңiрлiк ақпараттандыру бағдарламаларын бақылау мен iске асыруды тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаның iс-шараларын орындау кезiнде бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторға e-Үкiмет инфрақұрылымының жүйелiк ықпалдастырушысының функциялары, сондай-ақ ведомствоаралық ақпараттық жүйелер, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы жобаларын басқару және техникалық сүйемелдеу функциялары жүктелетiн болады.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлетті органның жанында ұйымдастыру мен әдiстемелiк мiндеттердiң шешiлуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық қызметтерi басшыларының кеңесi ұйымдастырылатын болады.
Жеке ақпараттандыру қызметтерi жоқ мемлекеттiк органдарда АКТ-ны енгізу процестерiнiң сапалы түрде жоспарлануын қамтамасыз ету үшiн ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператордың өкiлдерiнен тұратын тиiсті бөлiмшелер құрылатын болады. Бұл бөлiмшелердiң негiзгi мiндетi мемлекеттік органды ақпараттандыру кезiнде бiрыңғай техникалық саясатты жүргiзу, ал қажет болған жағдайда қолданыстағы жүйелердi әкiмшілендiру және жүйелiк-техникалық қызмет көрсету болып табылады.

«Электронды үкімет»- бұл Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көрсетілетін қызметтер ақпараттық және коммуникациялық технологияның көмегімен, ішкі үрдістерді қалыптастыруда және мемлекетті басқарудағы сұрақтар қоғмның қатысуымен болатын мемлекеттік ұйымдардың ішкі және сыртқы қатынастарының жаңа жүйесі.

"Электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымы азаматтарды осы ресурстарға регламентпен кіре алатын ақпаратты қызметтер жүйесі мен мемлекеттік ақпараттар ресурсының бірігуі.

Электронды үкіметті қалыптастыру концепциясы келесі негізгі есептермен шешіледі:

1. Интернетте арнайы сайттар құру және оны өзекті арнайы ақпараттар мен толтыру. Міндетті ақпараттарға (кейбір мемлекеттердің осындай сайттарының мазмұны сияқты) жалпы, мемлекеттік мекемелердің анықтамалық және байланыс ақпараттары, статистика, мемлекеттегі болып жатқан оқиғалар, заңдар және нормативті актілер, үіметтің есе,бі, мемлекеттік мұрағат мазмұны болады. Сайтта сонымен қатар мыналар болуы мүмкін:

¨ жоғарыда тұрған мекемелердің құжаттарына құжаттар немесе сілтемелер;

¨ жарияланған мекемелер мен оның функцияларына сәйкес өзекті материалдар;

¨ типтік жағдайларына байланысты жеке және заңды тұлғаларға рекомендация беру;

2. Мемлекеттік мекемелерге қатысты сұрақтарға тез және жылдам жауап алуға, мемлекет пен азаматтар арасында өзара қарым-қатынасты қысқартуға қатысты интерактивті қызметтер құру. Көп мемлекетте дамыған осындай қызметтердің біріне салық декларацияларын құру және беру, өтініштер беру, мемлекеттік сатып алулар үшін электронды сауда алаңдарын құру болып табылады.

Келесі қызметтер ұйымдастырылуы мүмкін:

¨ мемлекеттік басқару ұйымдары мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына қатысты туындайтын әртүрлі жағдайларға қажетті құжаттардың үлгілерін беру;

¨ айыппұл төлеу;

¨ әлеуметтік жеңілдіктерге қатысты анықтамалар;

¨ мемлекеттік мекемелерден жұмыс іздеу;

¨ сертификаттар мен келісімдерді беру,

¨ дәрігердің қабылдауына жазылу;

¨ қашықтан оқыту қызметтерін беру,

¨ сайлаушыларды тіркеу.

Азаматтармен кері байланыспен тиімді жүйе құру. Бұл азаматтар үшін құрылған электронды пошталық жәшіктер деп аталады, ашық және жабық интернет-форумдар, дауыс беру жүйесі және әлеуметтік сұраныстар.

Электронды үкіметті қалыптастыру үшін келесі қағидаларды орындау қажет:

ü Интернетте орналастырылған, кез келген санаттағы азаматтар кіріп оқи алатындай жоғары сапалы ақпараттар;

ü жоғары деңгейдегі компьютерлік дайындықтағы мемлекеттік қызметкерлер;

ü мемлекеттік басқару ұйымдарының, мекемелердің қағидаларының қарапайымдылығымен бір-бірімен өзара қарым-қатынасы. Сондықтан да ведомствоаралық қарым-қатынас және ақпараттық алмасу үшін жалпы ұлттық стандарттар құрылуы керек.

7.Бақылау

сұрақтары:

1. ҚР «Электронды үкіметті» қалыптастырудағы Мемлекеттік бағдарламаның негізгі

Наши рекомендации