Санаттары. Өндірістің қауіпсіздік сертификаты.

«Қауіпсіздік сертификаты» - бұл кәсіпорындағы жүргізілген шаралар мен мемлекеттік нормативті талаптарға сай келетінін айғақтайтын құжат, кәсіпорындағы еңбекті қорғау жұмысын сертификаттау міндетті түрде аймақты сертификаттау бойынша органдарымен, ғылыми-методикалық орталықта дайындықтан өткен сарапшы-маманның қатысуымен өтеді. Сертификат кәсіпорындағы еңбекті қорғау жұмысының мемлекеттік нормативті талаптарына сай келетінін растайды.

- кәсіпорындағы еңбек шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушінің қызметін, еңбегі қорғау және комиссияның сәйкес келуі;

- қызметкерлерді оқыту және уақытынды нұсқаулар өткізу;

қызметкерлерді жеке және ұжымды қорғауды қамтамасыз ету.

- объектілерде рұқсат құжаттарының, лицензиялардың, гигиеналық нәтижелердің, сертификаттардың, «қауіпсіздік декларацияның» болуы сертификат үрдісінде орнатылады.

«Еңбекті қорғау бойынша талаптарға сай өндірістік объектілерді сертификаттау тәртібіне» сай үш санатқа бөлінеді – І, ІІ, ІІІ.

І-ші санатты сертификат 90 пайыздың аттестациядан өткен тұрақты жұмыс орнына беріледі, қалған 10 пайыз 6 айдың ішінде сертификаттаудан кейін аттестациялануы керек.

ІІ санатты сертификат өндірісте аттестациядан 75 пайызы өткен, жұмыс орны бар және қалған жұмыс орындарына техникалық-ұйымдастыру шараларының құжаттары, олардың аттестациялары сертификаттаудан кейін екі жылдың ішінде қамтамасыз етіледі.

ІІІ санатты сертификат өндірісте аттестациялаудан өткен 50 пайыз жұмыс орны бар және қалған орындарға техникалық ұйымдастыру шараларының құжаттары бар, сертификат берілгеннен кейін екі жылдың ішінде қалған жұмыс орындары аттестациялануы тиіс.«Қауіпсіздік сертификаты» бар өндірістерде талаптарға сай инспекторлық бақылаулар жүргізіледі, талаптарды бұзушылық жағдайында сертификаттың күші жойылады немесе қайтарып алынады. «Сертификаттың берілуіне дейін еңбекті қорғау бойынша құрылған сарапшы комиссияның өкілі жұмыс орнын аттестациялауды тексеруі мүмкін.Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган биліктері өзінің құқықтарының басқа, «Сертификат» алған кәсіпорындарға салық және басқа жеңілдіктерді жасай алады. Жеңілдіктің мінездемесі және түрі «Сертификат» санатына байланысты және өндірістің қауіп деңгейіне байланысты белгіленеді.Кәсіпорынның еңбекті қорғау жұмысын сертификаттауға кеткен шығынын өндірістегі келеңсіз жағдайларда және кәсіби аурулардан міндетті сақтандыруда төмен бағамен сақтандырылады, осылайша шығын қайтарылады, осылайша шығын қайтарылады.«Қауіпсіздік сертификатын» алған кәсіпорын 5 жыл аралығында жеңілдіктерге құқығы бар. «Қауіпсіздік сертификаты» - кәсіпорынның қоғамдағы престижі мен бәсекеге қабілеттілігі көтереді, сенімді серіктес екенін мойындатады.

Рұқсат етілетін тәуекелдер. Мамандық тәуекелді бағалауды жүргізу және

Йымдастыру.

1990 жылы Кельнде (Германияда) Бүкіләлемдік қауіпсіздік қызметі жайында конгресс, «Өмір-қауіпсізде» деген атаумен өтті. Әр елдің мамандары өздерінің қауіпсіздік мәселелеріне арнаған баяндамаларында, «тәуекел» деген сөздің мағынасын «Тәуекел қауіпті жүзеге асырудың жиілілігі» және тәуекел-қауіптің сандық бағалауы дегенмен ұғындырды. Қауіп дегеніміз – біз қаламайтын нәтижелерге жеткізетін құбылыс.Қауіптің мынадай белгілері бар, қирау, көліктің, жабдықтардың, ғимараттың, құрал-сайманның сынуы. Қауіп – адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді. Қауіпті «Ықтималдылықтың теориясы» тұжырымдамасы ретінде қолдануға болады. Оқиға немесе кенеттен болған оқиға деп кез-келген деректі атайды, ол нәтижесінде болуы да немесе болмауы да мүмкін. Оқиғаның ықтималдылығы сандық мөлшер деңгейін атайды.Еңбек шарттары бойынша жұмыс орнын аттестациялау мәліметтері қызметкерлердің денсаулығы үшін кәсіби тәуекелдің заңмен талап етілетін бағалауын өткізуге мүмкіндік береді.Кәсіби тәуекелділікті бағалауды ұйымдастыру және өткізу.Тәуекелділікті және экономикалық пайданы салыстыру үшін көптеген мамандар адам өмірін ақша түріндегі нақты бағасын жүргізуді ұсынуда. Мұндай тәсіл белгілі ортада адамдардың қарсылығын тудыруда, олар адам өмірі өте қымбат және ақшалай келісімдерге жатпайтындығын айтуда.Алайда іс жүзінде адамдардың қауіпсіздігі мақсатында мұндай бағалаудың қажеттілігі туындайды. Сұрақты былайша қойса: "Адам өмірін сақтап қалу үшін, қанша қаражат жұмсау керек?».Шетел деректері бойынша, адам өмірі 650 мыңнан 7 млн АҚШ доллары мен бағаланады.Айта кету керек тәуекелділікті анықтау рәсімі шамамен алғандай.А оқиғасының ықтималдығы Р(А) болып белгіленіп, мұндағы А – оқиға, Р – ықтималдық болып табылады. Оқиғалар ақиқат және жалған болып жіктеледі. Ақиқат оқиғалар U, мұнда міндетті түрде Р(U) =1 орын алады. Жалған оқиға V, Р(V) =0 шарты мүмкін болмайды.Кез-келген оқиғаның болуының ықтималдығы 0≤ Р(А) ≤1 болады. Ол Р(А) =m/n формуласы арқылы анықталады. Мұндағы, m – А оқиғасына оң әсер беретін оқиғалар саны. R тәуекелі А оқиғасы жағдайында, R (А) =0 – шексіз қауіпсіздік болып саналады. Шексіз қауіпсіздік әрқашан экономикалық тұрғыдан қол жетімді болып табылмайды. Қауіптің пайда болу салалары: тұрмыстық, спорт, жол-құрылысы, өндірістік, әскери және басқа да салаларда.

Наши рекомендации